Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптары 1 – тарау. Жалпы талаптар



бет8/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#132689
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2 - параграф. Шөктіру машиналары
683. Ауысымды қабылдау кезінде келесілер тексеріледі:

1) жүйеде судың болуы;

2) машинының технологиялық карта бойынша жұмыс режімі;

3) жасанды төсеніштің күйі, сонымен қатар оның биіктігі.

684. Диафрагмалық шөктіру машинасын іске қосу алдында төменгілер орындалады:

1) торлардың бекітілуін тексеру;

2) тор астылық материалдың ірілігіне сәйкес тесіктері бар тиеу құрылғысының қондырғысын орнату;

3) тиегіштердің ақаусыздығын және тиеу шанабында материалдың болуын тексеру.

685. Поршенсіз шөктіру машинасын іске қосу алдында қосымша тексеріледі:

1) су мен ауа беруді реттеу жапқыштарының жұмыстық күйі;

2) жылдамдық қорабы тұтқасының орналасу күйі.

686. Қозғалыс кезінде жылдамдық қорабы тұтқасын ауыстырып қосуға тыйым салынады.

687. Диафрагмалық шөктіру машинасын (әрі қарай - МОД) іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) машина камераларын төгу табалдырығы деңгейіне дейін сумен толтыруды жүргізу;

2) пульстік механизмнің электрлік қозғалтқышын іске қосу;

3) материалды машина торына беру.

688. Поршенсіз шөктіру машинасын іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) машинаны сумен толтыру;

2) пульсатордың электрлік қозғалтқышын іске қосу;

3) машинаға жүктеме беру және машинаның ауа жинағышына ауа беру қақпағын ¾-ке ашу;

4) шөктіру торындағы бастапқы материалдың қалыңдығы 250-300 мм болған кезде ауа және су қақпақтарын машинаны оңтайлы режімге жөндеу кезінде белгіленген мәнге дейін ашу.

689. Шөктіру машинасын тоқтату осы Талаптың 685-686 тармақтарында көрсетілгендерге кері ретте жүргізіледі.

690. Шөктіру машинасы жұмыс істеген кезде қызмет көрсетуші келесілерді қадағалайды:

1) материалдың машинаға бірқалыпты түсуі және оның камераның барлық ені бойынша бірқалыпты бөлінуін;

2) машиналар механизмдерінің артық жүктемеде болмауын және манжеттердің жыртылуын болдырмас үшін торастылық өнімнің камераның астыңғы бөлігінде жинақталмай үздіксіз түсіріліп отырылуын;

3) жасанды төсеніштің күйін және төсеніштің торды бұзбай, онда бірқалыпты бөлінуін;

4) тордың (елеуіштің) берік бекітілуін және олардың ақаусыздығын, елендіастылық өнімде ірі материал түйіршіктерінің немесе жасанды тордың пайда болуын жол берілмеуін.

691. Қызмет көрсетушілердің міндеттеріне ұсақ ақауларды жөндеу, соның ішінде торды (елеуішті) және қондырғыларды ауысым барысында ауыстыру кіреді.

692. Материалдың жұмыстық қабатының оңтайлы қалыңдығы ірі кластардың ең үлкен түйіршігінің өлшемінен 6-12 есе үлкен және ұсақ материалдың (3-5 мм кіші) ең ірі түйіршігінің өлшемінен 20- 40 есе үлкен болады.

693. 4 мм-ден ұсақ класты кендерді шөктіру жасанды төсенішпен жүргізіледі. Осы кен үшін төсеніш материалын таңдау кезінде келесі ережелер есепке алынады: төсеніштік материалдың тығыздығын төсеніш жүзгіндерінің тығыздығы жеңіл фракцияның тығыздығынан айтарлықтай үлкен және тең немесе концентрат тығыздығынан біршама үлкен болатындай етіп таңдалады.

694. Ірі материалды шөктіру кезінде төсеніштің қалыңдығын (биіктігі) материалдың ең ірі түйіршіктерінің 5-10 диаметріне тең болатындай шамада қабылдайды.

695. Соңғы камерадан анағұрлым бай концентрат алу мақсатында, соңғы камерадағы төсеніштің биіктігін алдыңғыларға қарағанда 10-20 мм биік алуға кеңес беріледі.

696. Жасанды төсеніш сапасында сәйкес тығыздықтағы, ірілігі бойынша жіктелген кендік концентрат, ұсақ болат шарлар және басқа материалдар қолданылады.

697. Жасанды төсеніш түйіршіктерінің ірілігі байытылатын кен түйіршіктерінің ірілігінен 3-6 есе үлкен, ал тығыздығы – ауыр фракция концентратының тығыздығынан төмен болмайды.

Шөктіру машинасы төсеніштерінің параметрлері кестеде келтірілген.

Шөктіру машиналарының төсенішінің биіктігі және материалдың ірілігі


Материал

Ірілігі, мм

Төсеніштің жалпы биіктігі, мм

Жасанды төсеніш

ірілігі, мм

биіктігі, мм

материал

1

2

3

4

5

6

Марганец кендері

-50+8(10)

-8(10)+ +3(2) -3(2)+0



150-300

100-200


120-150

қолданылмайды

15-10


Қолда-нылмай-ды

60-70


Бай концент-раттар немесе марганец кені

Алтыны бар құмдар (шашырандылар)

-8(10)+ +3(2) -3(2)+0



16—10(12) 3-2,5

80—100

Бай гематит кені

Металдық бытыра



Қалайы кендері

-8(10) + +3(2)

-3(2)+0

100-401

130-180



18-12

6 - 4

60-70

50-80


Шекемтасталған гематит кені.

Бұрғылау бытырасы



Қалайысы бар құмдар (шашырандылар





18-12(16)

50

Гематит

кені

698. Жасанды төсенішпен жұмыс істейтін шөктіру машинасына тиеуді аяқтаған соң машина дереу тоқтатылады.

699. Ауыстыру кезінде штампыланған тор болмаған жағдайда, ұяшықтарының өлшемдері сәйкес болатын сымнан тоқылған торды пайдалануға рұқсат беріледі.

700. Торастылық және торүстілік рамаларды ауыстыру кезінде соңғылар, камера қабырғаларынан бірдей саңылаулармен орнатылады және ағаш сыналардың көмегімен берік қысылған болады.

701. МОД-4 машиналарының манжеттерін 2000 сағаттық жұмыстан сирек емес уақыттан кейін 80° бұрышқа бұрылып отырылады (манжетті бекітудің екі тесігіне).

702. Манжеттерді ауыстыру немесе МОД-4 машинасындағы редукторды шешіп алу кезінде алдыңғы траверстері осы мақсатта арнайы қарастырылған ілмекке іледі.

703. Машинаға тартылған торастылық судың қысымы тұрақты болады, бұл мақсатта, су беруді сукернеуіш бактан немесе тұрақты қысымды редуктор арқылы жүргізеді.

704. Торастылық судың қозғалу жылдамдығын реттеу кезінде камерадан торастылық өнімдерді түсіруге арналған қондырғылардың ең кіші өлшемді болуы қадағаланады.

Әртүрлі кендерді шөктіру кезіндегі судың шығыны бойынша орташа мәліметтер кестеде келтірілген.


Кенді шөктіруге жұмсалатын судың шығыны


Материал

Ірілігі, мм

Судың шығыны, м3

Торастылық судың қозғалу жылдамдығы, см/с

жалпы

қосымша

1

2

3

4

5

Марганец кені

-50+8 (10)

-8(10)+3(2)

-3 (2)+0


3,5-4,5

4- 5 (до 6— 8) 4-6



3,5—4,5

4—5


3—4

-

Алтыны бар құмдар (шашырандылар)

-8+3 (2)

-

1,8—2,3

0,3-0,6

Қалайы кені

-8(10)+3<2)

-3 (2)+0


-

2,4—3,6 4,5

0,2-0,4

0,3


705. Пластиналар штокқа және (МОД-1, МОД-2 және МОД-3 машиналарының) шайбаларға соғылып тұруы жағдайында резіңке пластиналар ауыстырылып отырылады.

706. Түптік жүрістің санын ауыстыру (МОД-1, МОД-2, МОД-3 машиналарының) кестесіне сәйкес электрлік қозғағыш тегершігін ауыстыру арқылы жүргізіледі.



Шөктіру машиналарын реттеу параметрлері


Шкивтің диаметрі, мм

100

125

150

180

224

265

Минуттық жүріс саны

130

164

197

236

294

348

707. Траверс жүрісінің санын ауыстыру (МОД-4) жетектің тісті дөңгелектерін ауыстыру арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі кендерді шөктіру кезінде диафрагманың жүрістік санын және шамасын реттеу бойынша орташа мәліметтер кестеде келтірілген.

Кенді шөктіру кезіндегі мәндер және диафрагмалар саны


Материал

Ірілігі,

мм


Амплитудасы,

мм


Минуттық тербеліс саны

1

2

3

4

Марганец кендері

-2+0

3

600

Алтыны бар құмдар

-1+1

-1+0


15-30

5-7*



125-180

180-250


Амальгамдаудың жатқан қалдықтары

-15+8

-8+4


-0,2

50-60

30-40


3-4

120-140

220-240


350

Қалайы және қалайылы-вольфрамды шашыранды кендер

-16+8

-8+4


-1,5

50-70

30-40


10-15

140-190

200-240


240-285

Қалайы кені

-15+0

-3+0


-2+0

-1+0


12-14

10-12


5-8

8-9


250

250-280


350

280-300


*- концентратты қайта тазалау
708. Шөктіру машиналарын жөндеу және техникалық қарап, тексерулердің мерзімділігі және ұзақтығы ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша белгіленеді.

709. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес болуы мүмкін ақауларды, олардың туу себептерін және жою жолдарын біледі.



3 – параграф. Шоғырлауыш үстелдер
710. Осы талап тіректі және аспалы шоғырлауыш үстелдерге таралады.

711. Ауысымды қабылдаған кезде келесілер тексеріледі:

1) қозғалыстағы бөлшектердің қоршауларының ақаусыздығы;

2) қойыртпақтың дұрыс түсуі және байыту өнімдерін тасымалдау;

3) декаларда және жетекте тік дірілдің болуы.

712. Шоғырлауыш үстелді іске қосу алдында келесілер орындалады:

1) үстелде немесе оған тікелей жақын маңда бөгде заттардың болмауына көз жеткізу;

2) үстелдің қозғалыстағы бөлігінің оның қозғалмайтын бөлігіне тимейтінін тексеру;

3) аспалы үстелдердің жетектік механизмінің тісті дөңгелегі түрегішінің күйін (тірегіш тістерімен жоғары қарай орналасады) тексеру;

4) жүйеде судың болуын тексеру;

5) келесі аппараттардың шоғырлауыш үстелдің өнімдерін қабылдауға дайын екендігін тексеру.

713. Үстелді іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

жетектің электрлік қозғағышын, декалардың жарықтандырылуын іске қосу;

жуатын суды беру, материалды тиеу.

Үстелді тоқтатуды кері ретте жүргізеді.

714. Үстелді қысқа уақытқа тоқтатқан кездерде жуатын суды беруді тоқтатпайды.

715. Шоғырлауыш үстелдің жұмысы кезінде қызмет көрсетушілер келесілерді қадағалайды:

1) жетектік механизмнің мойынтіректерінің температурасын;

2) байыту өнімдерінің веерлік күйін;

3) декалардың жұмыстық беттерінің күйін.

716. Деканың жұмыстық бетінде ауданы 100 мм2-тан, биіктігі немесе тереңдігі 0,5 мм-ден үлкен үлкен тегіс емес жерлердің болуына рұқсаттама берілмейді. Тегіс емес жерлердің саны 1 м2-қа 3-тен аспайды.

717. Үстел декасының 2 мм-ден артық емес, ал жетектік механизмнің 0,5 мм-ден артық емес тік бағытта діріліне рұқсаттама беріледі.

718. Шоғырлауыш үстелі жұмысының параметрлері өңделетін материалдың ірілігіне кестеде келтірілген мәндерге сәйкес келеді.

Шоғырлауыш үстелдерін реттеу параметрлері

Кеннің ірілігі, мм

Декалардың минуттық жүріс саны. м

Дека жүрісінің ұзындығы, мм

Көлденең қисаю бұрышы, градус

1

2

3

4

–3+1

–1+0,2


–0,2

280-230

330-290


350-320

20-26

16-20


16-15

6-10

2-6


0-2

719. Берілетін судың шығыны 3,5-4 м3 болады, ал жуатын су 1 т өңделетін кенге 1-2 м3.

720. Шоғырлауыш үстелдерді пайдалану кезінде келесілерге рұқсаттама берілмейді:

1) зақымдалған немесе босап кеткен арқындарды қолдануға (аспалы үстелдер үшін);

2) деканың тиелетін бұрышына тұруға;

3) декалар немесе жетектік механизмдер астында болуға;

4) үстел жұмыс істеп тұрғанда декалармен жүріге немесе оларда тұруға;

5) үстелге бөгде заттарды, құрал-саймандарды, бөлшектерді қоюға, дебаланстық жүктерді шешіп алуға немесе тісті дөңгелектері тіреуіштерге қойылмаған жетектік механизм корпусының ішінде жұмыстар жүргізуге.

721. Жөндеу кезінде үстелдің қозғалыстық салмағын ұлғайтуға рұқсат берілмейді.

722. Шоғырлауыш үстелдерді жөндеу және техникалық қарап тексерулер жүргізудің ұзақтығы және мерзімділігі ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестемен белгіленеді.

723. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес болуы мүмкін ақауларды, олардың туу себептерін және жою жолдарын біледі.

4 - параграф. Қоюлатқыштар
724. Осы талап өте сұйытылған суспензияны қатты түйіршіктерді ауырлық күшінің әсерімен шөктіру әдісімен алдын-ала сусыздандыру үшін қолданылатын орталық және шеткі жетектері бар қоюлатқыштарға таралады.

725. Ауысымды қабылдау кезінде келесілер тексеріледі:

1) күбіде және түсіру құрылғысының жалғасқан жерлерінде ағулардың болмауы;

2) қоюлатқыштың жұмыстық режімі.

726. Жаңадан монтаждалған қоюлатқышты немесе оны жөндеген соң келесілер тексеріледі:

1) күбіде бөтен заттардың болмауы;

2) қырғыштар мен күбі қабырғасының арасында саңылаудың болуы;

3) көтеру механизмінің ұштық сөндіргіштерінің ақаусыздығы;

4) жетекті және қозғалмалы фермаларды жетекті қолмен бұру арқылы айналдыру мүмкіндігі.

727. Қоюлатқышты іске қосу жүктемесіз (қоюлатылған өнім әкетілген жағдайда), ал қысқа уақыттық тоқтаулар кезінде – қыра айналу қондырғылары көтеріліп жүргізіледі.

728. Тоқтап қалған жетегі шеткі аймағында орналасқан қоюлатқышты жетектің рамасымен қозғалмалы ферманы күштеп айналдыру арқылы іске қосуға тыйым салынады.

Қоюлатқышты сынамалық іске қосу кезінде егер қосымша жүк орнату ферманы орнынан қозғалтуға әкелмесе онда қоюлатқышты тоқтатып, күбіден қойыртпақ пен тұнба айдап шығарылады және тек осыдан соң іске қосылады. Негізгі және қосымша жүктің салмағы 20 т артық болмайды. Қоюлатқыштың дұрыс жұмысы қалыпқа келтірілген соң қосымша жүк алынып тасталады.

729. Қыра айналу қондырғысын көтеру алдында қысқа уақытқа тырмауыш қырғылары кері бағытта айналдырылады.

730. Қоюлатқышқа материал беру тек қыра айналу қондырғысының механизмі жұмыс істеп тұрған жағдайда рұқсат етіледі.

731. Қоюлатқышты тоқтату келесі ретте жүргізіледі:

1) қоюлатқышқа материал беру тоқтатылады;

2) қоюлатылған өнім толық айдалып шығарылады;

3) қыра айналу құрылғысының механизмі сөндіріледі.

732. Қоюлатқыштың жұмысы кезінде қызмет көрсетушілер келесілерді қадағалайды:

1) қоюлатқыштың жұмыс режімін (қоюлатқыштың қалыпты режімі технологиялық регламентке сәйкес болады);

2) қоюлатылған өнім және төгіндінің сапасын;

3) өнімді аққыштық қабілетін жоғалтатын тығыздыққа дейін қоюлатуға жол берілмеуін;

4) бақылау-өлшеу және дабылдама аспаптарының ақаусыздығын;

5) жағар майдың қоюлатқыштағы қойыртпаққа түсуін болдырмас үшін мойынтіректердің тығыздағыштарының жарамдылық күйін;

6) жетегі шетіндегі қоюлатқыштарды айнала орналасқан рельстің күйін, оның тоқтауына әкелуі мүмкін майлағыштың тимеуін.

733. Күбіге бөтен заттардың түсіп кетуіне жол берілмейді.

734. Артық жүктеме болуы нәтижесінде қоюлатқыштың тоқтап қалуына жол берілмейді, ол үшін дабылдағыш құрылғыларды қадағалау және артық жүктемені жою үшін уақытылы шаралар қабылдау талап етіледі.

735. Қыра айналу қондырғысы көтеріліп тұрған жағдайда қоюлатқыштың ұзақ жұмыс істеуіне жол берілмейді.

736. Түсіру құйғысы, крестовина және сорғы құбыры кептелістерін жою үшін қоюлатқыштың шығару тесіктері уақытылы сумен жуылып тұрады.

Жуу қажетті тиімділікті бермесе қоюлатылған өнімді апаттық құбырға төгуге рұқсаттама беріледі.

737. Көбікті сөндіру жүйесін іске қосу мерзімділігі технологиялық регламентке сәйкес белгіленеді.

738. Қыра айналдыру құрылғысын көтерген жағдайда маховикке түсірілетін күш 16 кг-нан артпайды (бір жұмысшының салатын күші).

739. Қыра айналдыру құрылғысын көтеру және түсіруді айналдыру механизмінің қозғағышын тоқтатпай жүргізуге рұқсат беріледі.

740. Қыра айналдыру құрылғысын көтерген қолмен көтеру алдында жетектің электрлік сұлбасын ағытады және «Қоспа – адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді.

741. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес болуы мүмкін ақаулар, олардың туу себептерін және оларды жою әдістерін біледі.

742. Қоюлатқыштарды жөндеу және техникалық қарап тексеру ұзақтығы және мерзімділігі ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестемен белгіленеді.



5 - параграф. Вакуум-сүзгіштер
743. Осы талап сыртқы сүзгіш беті бар дискілік және барабандық вакуум-сүзгіштерге таралады.

744. Ауысымды қабылдау және тапсыру сүзгішті тоқтатпай жүргізіледі, қосымша келесілер тексеріледі:

1) сүзгіш матаның күйі;

2) вакуумның мәнін және сығылған ауаның қысымы;

3) сүзгіш матаның бетінде шөгіндінің бірқалыпты түзілуі;

4) тиелудің режімдік картаға сәйкестігі;

5) қосалқы жабдықтардың және сүзу құрылғысының вакуумдық ауа магистральінің күйі.

745. Ақаулар аңғарылған жағдайда ауысымды қабылдаушы оларды жою шараларын қабылдайды.

746. Ұзақ тоқтаудан кейін сүзгішті жұмысқа қосу алдында келесілер тексеріледі:

1) барабанның немесе дисктің айналу бағыты, олар шөгіндіні түсіру жағына айналады;

2) сүзгіш матаның күйі;

3) шөгіндіні қырып алуға арналған қырғыш-пышақтың сүзгіш бетке қатысты орналасу күйі;

4) сүзгіштің араластырғыштары және жетегінің күйі;

5) бөлгіш бастардың білікке жанасу қысылу дәрежесі;

6) вакуум-сорғылардың, сүзілген сұйықты әкету сорғылардың жұмысқа дайындығы, вакуумдық жіне ауа магистральдары ысырмаларының, сонымен қатар сүзгіш қондырғының басқа да құрылғыларының күйі.

747. Сүзгішті іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) араластырғыштың және сүзгіш құрылғының жетектерін іске қосу;

2) астауды қойыртпақпен толтыру;

3) сүзілген сұйықты айдап әкету сорғысын іске қосу;

4) вакуум-сорғыны және ауа үрлегішті іске қосу немесе вакуумдық және ауа магистральдарының ысырмаларын ашу.

Сүзгіштің жұмысы кезінде келесілер орындалады:

1) қойыртпақты астау табалдырығынан аз шамада асып төгілетін деңгейде ұстау;

2) вакуумметра мен манометрдің көрсеткіштерін қадағалау;

3) қатты түйіршіктердің астауда шөгуіне және оның ұйыққа айналуына жол бермеу;

4) шөгіндінің түзілу сипатын және оның сүзгіш матадан толық бөліп алынуын қадағалау;

5) үйкелістегі бөлшектерді майлауды жүргізу;

6) сүзілген сұйықты айдап әкету сорғыларының және вакуумдық желінің гидравликалық тықпа қақпағының жұмысын қадағалау.

748. Сүзгіштің техникалық күйі берілген жұмыс өнімділігін және технологиялық регламентке сәйкес шөгіндінің ылғылдылығын қамтамасыз етеді.

749. Сүзгіште келесі жағдайларда жұмыс істеуге тыйым салынады:

1) вакуумның 350 мм су. бағ. төмен мәнге төмендеуін;

2) сүзгіш матаның зақымданғанын немесе оның бекітілуінің босауын;

3) үйкеліс тораптарында майлағыштың болмауы;

4) астаудың айтарлықтай ұйықталуы;

5) гидравликалық тықпа қақпағы жарамсыз болса.

750. Сүзгішті ұзақ уақытқа тоқтату келесі ретте жүргізіледі:

1) астауға қойыртпақтың түсуін тоқтату;

2) қойыртпақты соңына дейін өңдеу және қалдығын астаудан төгу;

3) сүзгіштің және араластырғыштың жетегін, вакуум-сорғыны және ауа үрлегішті тоқтату және вакуумдық және ауа магистральдарындағы жапқыштарды жабу;

4) сүзгіш матаның бетін және астауды шөккен материал толық әкетілгенше сумен жуу.

751. Сүзгішті қысқа уақытқа тоқтатуды тиеу тоқтатылып, астаудың лайлануына қарсы шаралар қабылданған соң жүргізеді.

752. Сүзгіштерге әр ауысымдық техникалық қызмет көрсету ағымдағы пайдалану ретінде жүргізіледі.

753. Сүзгіштерді күрделі және ағымдық жөндеу, техникалық қарап тексерулердің ұзақтығы ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестемен жүргізіледі.

754. Сүзгіш мата барабанның немесе дискінің бетіне тығыз жанасып жатады.

755. Секторлардың өзара ығысуы 4 мм-ден, дискінің шеттеріндегі тербеліс 6 мм-ден артық болмайды.

756. Сүзгіш барабанының цилиндрлік бетінің радиальдық тербелуі барабан диаметрінің 0,1 %-нан артық болмайды.

757. Барабандағы сүзгіш матаны бекітетін сымның диаметрі 2-3 мм болады.

758. Пышақ жүзінің сүзгіш мата бетіне қатысты параллельдік еместігі пышақтың ұзындығына 2 мм-ден артпайды.

759. Бөлу басының бөлу және ұяшықты шайбаларының түйісу беттерінде жанасу нүктелері 25х25 мм ауданға 20 – дан кем болмайды.

760. Бөлу басының тығыздағыш шайбалары бастапқы қалыңдығының 1/3 тозған жағдайда ауыстырылады.

761. Барабан цапфаларының тіректік мойынтіректері және дисктер біліктерінің үйкелістегі беттерінің кедір-бұдырлығы ҚНжЕ 2789-73. Беттердің кедір-бұдырлығы. Параметрлері және сипаттамалары бойынша 8-ші кластан төмен болмайды.

762. Вакуум-сүзгіш тораптарының конструкцияларын өзгертуге және бөлшектерінің материалдарын ауыстыруға олардың технологиялылығы және пайдалану сенімділігі, параметрлері сақталып немесе жақсартылатын жағдайда рұқсаттама беріледі.

763. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес болуы мүмкін ақауларды, олардың туу себептерін және оларды жою әдістерін біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет