Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


БОПАЙ сын. жерг. Бос, болбыр. Ботай да бір бопай бала екен (Қаз. тілі. диалек. сөздігі)



Pdf көрінісі
бет226/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   348
18.08.2023 dis

БОПАЙ сын. жерг. Бос, болбыр. Ботай да бір бопай бала екен (Қаз. тілі. диалек. сөздігі). 
219. 
БОПАУ сын. Болбыр, бос, болжыраған. Кейбіреулер ұшып-қонған дегбірсіз
ашуланшақ, тағы біреулері бопау, жалқау болады («Халық мұғ.»). Патшада бар арғымақ, 
Алтын тұрман зер түлік, Май тойында шаба алмас, Майқарын, бопау қан жілік 
(I.Жансүгіров, Шығ.). Ала қап, боз қап, ақ қанар, Кең қарын, Бопау жолақ бар (Қ.Дәрібаев, 
Серт). 
220. 
БОПСАСЫЗ сын. Жігерсіз, көңілшек. Кісінің шекесінен шықса, оның батыр болғаны, 
ал табанынан көрінсе, бопсасыз қорқақ болғаны, екінің бірі екен (Д.Досжанов, Жібек.).  
221. 
БОРКЕМІК ауыс. Осал, жасық, ез, бос. Бізге қиындықтан қорқатын боркемік 
жасықтардың керегі жоқ (Т.Ахтанов, Дала сыры). Иә, мұндайда сабыр сақтаған жақсы. 
Боркемік боп езіле бергеннен ештеңе шықпайды (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Бой түзеген, 
боркемік. Күлкігөй, күйшіл, көңілшек! Қарт басқанның белгісі – Жексұрын саған көрінсек. 
Аларманың алтау-ақ Алпысқа болдың берімсек (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы). 
222. 
БОС ауыс. Ынжық, болбыр, жасық, нашар. Бос, босаң, жасық туған бозбала көп 
Киіздей шала басып қарпылмаған (Базар жырау, Шығ.). Бақтығұлдың ойына Сәлменнің 
Қоқай дейтін бойы еңгезердей, бірақ адамның бос ы, қорқақ жылқышысы сап ете түсті 
(М.Әуезов, Қараш.). Жүнінде шайыры өте көп қой бос, нашар келеді (М.Ермеков, Қазақст. 
биязы.). Баланы ауруға бос, қорқақ етіп тәрбиелемеу керек («Қазақст. мұғ.»).  
223. 
БОСБЕЛБЕУ сын. Ширақ, пысық емес, ештеңеге ебі жоқ, болбыр. Тықылдап, құр 
пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп, үшкір атша қарқындаған. Босбелбеу, босаң туған 
бозбала көп, Киіздей шала басып, қарпымаған (А.Байтұрсынов, Шығ. жин.). Атының 
басын алып жүре алмайтын босбелбеудің маған керегі жоқ, тоғызы да жетеді, – деді 
Жалмұқан (X.Есенжанов, Тар кезең). Бүгін бізге ертеңгі күнімізге деген нық сенім керек. 
Үрейленуге, «жау шапты» деп босбелбеу болуға жол жоқ! (О.Сәрсенбаев, Сағым).  
224. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет