Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет26/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   348
18.08.2023 dis

 
Бірінші тарау бойынша қорытынды 
Бұл тарауда «Мінез» ұғымының, «мінез ерекшелігі», «мінез белгілері» 
семантикалық өрісінің шекарасы анықталып, егжей-тегжейлі қарастырылды. 
Және ол ерекше мәнге ие екенін атап өткен жөн. Өйткені, осы уақытқа дейін бұл 
сөздің шекарасын айқындаудың критерийлері нақты тұжырымдалмаған. 
Мінез-құлық адамға жүктелген іске және өзгелермен қарым-қатынастан 
көрінеді. Адамда тірек болатын негізгі басым мінез сипаты болады, қалған мінез 
сол тірек мінездің айналасына үйлесе толығады. Адамның негізгі мінезі 
жағымды болса, барлық өзге жағымсыз қасиеттері тірек мінездің ортасында 
көрінбей қалады.
Мұсылман діні бойынша көркем мінез түрлері қазақ халқы бағалаған біраз 
мінез түрлеріне сәйкес келеді. Олар тәубашылдық, ғибадатшылдық, 
сабырлылық, шүкіршілік. Ал қазіргі қазақ мәдениетінде және қазақ тілінде 
айтылып жүрген көркем мінез атаулары мынадай: кешірімшіл болу, әділ болу, 
әдепті болу, менменсімеу, адамшылығы жоғары болу, кекшіл болмау, кішіпейіл, 
қарапайым болу, ірі болу, жалақор, бәлеқұмар болмау, жарқын ойлы болу, 
ғайбатшыл болмау. 
Мінез атауларының лингвомәдениттанымдық негіздерін қарастыруда 
шетелдік және отандық ғалымдардың анықтаған негізгі тұжырымдары мен 
пікірлеріне тоқтала келе, профессор Маслованың негізгі мақсат адам туралы 
оның өз тілінен қалай көбірек білуге болатындығын көрсету деген, тіл тек қарым-
қатынас, ойды жеткізу және білдіру құралы ғана еместігін, тілде әлемнің 
тұжырымдамалық бейнесі көрінеді деген тұжырымы басшылыққа алынды.


52
Мінез атауларының пайда болуындағы лингвомәдениеттанымның 
бірліктері немесе нысаны болып табылатын тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, 
атаулар, прецедентті мәтіндер мен атаулар, мифологемалар мен архетиптер 
зерттеудің негізгі нысаны болуы керек делінгенмен, басты мақсат мінез 
сипаттарының бағалануы, яғни атауға ие болуы, атаулардың көптігі және жиілігі 
де атау берудегі мәдени негіз болады деп айта аламыз. 
Қазақ мінез атауларының жасалуына түстердің символдық мағынасы 
кіріктірілген. Қазақ мәдениеті үшін ақ сөзі денотаттық семасынан өзге әділдік, 
тазалық, ашықтық: ақ көйлек адам, ақниет, ақжарқын, ақжарқын, ақжелең, 
ақжүрек, ақжүрек, ақкөкірек, ақкөңіл, ақпейіл; берекесіздік ала түсімен 
байланысты атауға ие болады: алауыз, аузы ала, ала жылан, аш бақа, алабүлік, 
алагүлік, алағұс, алакөңіл, алақарға, алақол, алақұйын, алақұс, алақызба, 
аланиет, аласот; көк түсі: көк жалқау, көкауыз, көкбет, көкезу, көкжал бөрідей, 
көкмылжың, көксоққан; қара түс: қаралықты, бар нәрсенің көлеңкелі жағы: 
жүрегі қара, қаны қара, қара желін, қара қамшы, қарабауыр, қарабет, 
қаражүзді, қаражүрек, қараниет, қарапейіл сөздерімен байланысты
Қазақ халқының мінез сипатын бағалауда өзге ұлт пен өз ұлтының 
арасында аса үлкен айырмашылық болмайды: өзге ұлт өкілі ең бірінші қазақ 
халқының мінез ерекшелгіне қонақжайлық пен әділдікті атаса, қазақ тілінде 
жағымды мінезді таңбалайтын бірліктер саны жағынан да ақкөңілділік 
концептісінің тілдік репрезанттары саны жағынан жоғары болып отыр. Одан 
кейін 
батырлық, 
ақылдылық, 
момындық, 
байсалдылық, 
әдептілік, 
білімқұмарлық, 
шешендік, 
қайырымдылық, 
пысықтық, 
бауырмалдық, 
жомарттық, ұқыптылық, алғырлық, намысқойлық, ағайыншылдық, әсершілдік, 
әзілқойлық, имандылық, шыншылдық, жайлылық, сыйымдылық, шыдамдылық, 
жақсы, кеңпейілділік, бірсөзділік, қонақжайлылық, еңбекқорлық жатады. Қазақ 
мәдениетіндегі бағаланған мінез концептілері адамның руханани дүниесін, 
әсіресе ақылға, сабырға, жомарттыққа, кеңпейілдікке байланысты болып келеді. 
Қазақ өзін сипатағанда қонақжайлықты атайтын мінез атаулары соңғы орын 
алады. Бұған қарағанда адам өзінің бойында бар, табиғатынан біріге туған 
сапаларға атау беріп, айырмауы мүмкін. Керісінше ерекше көзге түскен 
сапаларды өзгелерден айыру үшін атау беруі мүмкін.  
Қазақ психологтарының анықтауы бойынша, қазақы мінез сабырлылық, 
кеңпейілділік, бауырмалдық сапаларының айналасына шоғырланады. Бұл орыс 
ұлтының мінезіне тән құбылмалылыққа (ең басты қасиет) қарама-қарсы болып 
табылады.  


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет