Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы


Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара



бет6/13
Дата25.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#21531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы істерді сот тәртібімен қарау

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс қозғау тәртiбi

1. Банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу сотта осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер болған кезде - борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда - прокурордың, осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайда оңалтушы басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.

2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар - жеке және заңды тұлғалар ие болады.

3. Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 4-бабында көзделген негіздер бар болған кезде борышкердің өтініші негізінде сотта қозғалады.



Борышкердің банкроттық туралы іс қозғалғандығы туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзім ішінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жолдауға да құқығы бар.

4. Сот борышкердi банкрот деп тану туралы немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiштi iс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалды деп есептеледi.

5. Банкрот деп тану туралы борышкер, оңалтушы басқарушы берген өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз кері қайтарып алынбайды. Осы Заңның 53-бабында көзделген негіздер бойынша өтініш берілген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiшiн ол (олар) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді



16-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы іске қатысушы тұлғалар

Мыналар банкроттық немесе оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады:

1) борышкер;

2) кредиторлар;

3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;

4) прокурор;

5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;

6) уәкiлеттi орган;

7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді

17-бап. Борышкердiң өтiнiшi

1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:

1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;

2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуге мiндеттi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді



18-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны

1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Борышкердiң өтiнiшi:

1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;

2) кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкін еместігінің негіздемесін;

3) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепіл ауыртпалығы салынған, жалдауда және лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақша туралы мәлiметтерді; шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлардың тұрған жерi мен берешек сомасы көрсетiлген тiзбесiн;

4) борышкердiң орындалу мерзімі басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтерді;

5) борышкер қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердің тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;

6) қоса берілетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.

Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарауға қажет болса өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар қолдаухаттар көрсетiлуi мүмкiн.

Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берілетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берілетiн құжаттар

1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртіппен және мөлшерде төленгенiн;

2) берешектің бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін;

3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледi.

2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:



1) борышкердiң өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болған, меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;

2) соңғы үш жылдағы және өтініш берген кезге қаржылық есептілік, көрсетілген кезең үшін борышкердің барлық міндеттемелері бойынша салықтық есептілік, тиісті берешектің сомасы мен түзілу күнін көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (салық төлеушінің тіркелу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, заңды мекенжайы);

3) борышкер еңбек ұжымының (қызметкерлерiнің) банкроттық туралы iске қатысу үшiн өкілі жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;

4) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;

6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;

7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі жүргізілсе, сырттай байқау әкімшісінің қорытындысы;

8) борышкерге қойылған, соттар іс жүргізуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер де қоса беріледі.

3. Оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы оңалтушы басқарушының өтініші, осы баптың 2-тармағының 1), 3) және



7) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген мәліметтер мен құжаттарды қамтуға тиіс.

4. Борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне:



1) мемлекеттік баждың белгіленген тәртіппен және мөлшерде төленгенін;

2) берешектің бар-жоғын, сондай-ақ борышкердің кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін не ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу он екі айда басталған кезде оған оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатерінің төнгенін;

3) борышкердің өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.

5. Борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне:



1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болған, борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттілік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешімі;

2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күнін көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, заңды мекенжайы), сондай-ақ өтініш берілген кездегі активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал туралы мәліметтерді қамтитын қаржылық жағдай туралы мәліметтер;

3) борышкерге қойылған, соттар іс жүргізуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер;

4) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің төлемге қабілеттікті қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы;

5) құрылтай құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 20-бап өзгертілді

20-бап. 2006.10.01 № 115-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

21-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы



2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Борышкердің банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы, осы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.

2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртібімен сот сұратып алады.

11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді



22-бап. Кредиторлардың (кредиторлардың) өтiнiшi

1. Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.

2. Кредитордың өтініші сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпы ережелер бойынша беріледі.

3. Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;

2) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;

3) кредитордың - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе кредитордың - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;

4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;

5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;

6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);

7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);

8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;

9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;

10) борышкерге талаптар қою айғағы;

11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер.

4. Кредитор борышкерге және уәкілетті органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.

5. кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.

11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді



23-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар

Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттік баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;

2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге және уәкілетті органға жiберiлгенiн;

3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;

4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);

5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

24-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру

1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.

2. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 25-бап өзгертілді

25-бап.. 2006.10.01 № 115-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді



26-бап. Прокурордың мәлiмдемесi

1. Прокурор:

1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;

2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерiн көздеп;

3) жоқ борышкердiң кредиторлардың мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау

1. Борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келіп түскеннен кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

2. Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықты тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де органдардың осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану туралы міндетін қамтуға тиіс.

3. Сот іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмелерін борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де органдарға, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және борышкердің тұрған жері бойынша аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына жібереді.

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет