Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет58/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65

Мақсаты

5. Арнайы мүдделі құрылымдарға сәйкес тағайындалған қаржылық есептеулердің аудитінде АХС-ті қолданғанда, аудитордың мақсаты келесі мәселелерге қатысты нақты түсініктерді дұрыс Сілтеу:

(a) Келісімнің қабылдануы;

(b) Сол келісімнің жоспарлануы мен орындалуы; және

(c) Қаржылық есептеулерге байланысты пікір қалыптастыру мен есептеу.

Анықтамалар

6. АХС-тің мақсаттары аясында келесі терминдер төменде берілген мағыналарға ие:

(a) Арнайы мүдделі қаржылық есептеулер – арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған қаржылық есептеулер (Сілтеме: А4 тарау);

(b) Арнайы мүдделі құрылым – нақты қолданушылардың қаржылық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында



құрылған қаржылық есеп беруші құрылым. Қаржылық есеп беруші құрылым анық немесе шектеулі ақпарат көзі болуы мүмкін.573 (Сілт: A1-A4 тараулары);

7. Осы АХС-тегі «қаржылық есептерге» Сілтеме «сәйкес ескертпелерді қосқанда арнайы мүдделі қаржылық есептердің толық жинағын» білдіреді. Сәйкес ескертпелер әдетте маңызды есептеу саясаттары мен басқа түсініктеме ақпараттардың қысқаша мазмұнын қамтиды. Қолдануға жарамды қаржылық есеп беруші құрылымның талаптары қаржылық есептердің түрі мен мазмұнын, сонымен қатар қаржылық есептердің толық жинағын не құрайтынын анықтайды.



Талаптар

Келісімді Қабылдау Кезіндегі Түсініктер

Қаржылық есеп беру құрылымының тиімділігі

8. АХС 210 аудиторға қаржылық есептерді дайындау барысында қолданылған қаржылық есеп беруші құрылымның тиімділігін анықтауды міндеттейді.574 Арнайы мүдделі қаржылық есептерді аудиттеуде, аудитор келесілердің ұғынылуына қол жеткізуі керек (Сілт: A5-A8 тараулары):

(a) Қаржылық есептердің тағайындалу мақсаттарын;

(b) Арнайы қолданушылар; және

(c) Басқарманың қолдануға жарамды қаржылық есеп беруші құрылымның нақты жағдайларда қолжетімді екенін анықтау мақсатында қолға алған шаралары.

Аудитті Жоспарлау және Орындау Кезіндегі Түсініктер

9. АХС 200 аудитордан аудитке қатысты барлық АХС-ті орындауды талап етеді.575 Арнайы мүдделі қаржылық есептер бойынша аудитті жоспарлау және орындау кезінде аудитор келісімдер жағдайында АХС-тің қолданылуы арнайы түсінікті қажет ете ме, жоқ па анықтап алуы керек. (Сілт: A9-A12 тараулары).

10. АХС 315 аудитордан субъекттің таңдауына және есептеу саясаттарының қолданылуына түсіністікпен қарауды талап етеді.576 Келісімнің ережелеріне сәйкес тағайындалған қаржылық есептердің жағдайында, аудитор басқарманың осы қаржылық есептерді дайындау барысында жасаған келісімнің кез-келген маңызды талдауларына түсіністікпен қарауы қажет. Басқа негізді талдаудың бекітілуі қаржылық есептерде берілген ақпаратқа елеулі өзгерістер әкелген кезде, талдау маңызды болып саналады.
Пікір қалыптастыру және есептерді қарастыру

11. Пікір қалыптастыру және арнайы мүдделі қаржылық есептерді жүргізу кезінде аудитор АХС 700-дегі талаптарды орындауы керек.577 (Сілт: A13 тарау).



Қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымының сипаты

12. АХС 700 аудитордан қаржылық есептердің қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымына жеткілікті дәрежеде қатыстылығын немесе сипаттайтындығын анықтап алуды талап етеді.578 Келісімнің ережелеріне сәйкес тағайындалған қаржылық есептердің жағдайында, аудитор қаржылық есептердің келісімнің (осы қаржылық есептер негізделген келісім) кез келген маңызды талдауларын жеткілікті сипаттайтынын анықтап алуы қажет.

13. АХС 700 аудитордың есебінің түрі (формасы) мен мазмұнын қарастырады. Аудитор арнайы мүдделі қаржылық есептер жүргізген кезде:

(a) Аудитордың есебі қаржылық есептердің дайындалу мақсатын, қажет болған жағдайда арнайы қолданушыларды да көрсетуі қажет немесе осы ақпарат берілген арнайымүдделі қаржылық құрылымдардағы Сілтемеге жүгінуі керек; және

(b) осындай қаржылық құрылымдарды дайындау барысында басқарманың қаржылық есеп беру құрылымдарын таңдау мүмкіндігі болса, басқарманың579 қаржылық құрылымдарға деген жауапкершілігінің түсініктемесі жарамды қаржылық есеп беру құрылымының осы жағдайда тиімді екенін анықтау кезіндегі жауапкершілігіне де қатысты болады.

Оқырмандарға қаржылық құрылымдардың арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалғанын хабарлау

14. Аудитордың арнайы мүдделі қаржылық есебінде осы есепті пайдаланушыларды қаржылық есептердің арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалғаны және соның нәтижесінде қаржылық есептеулер басқа мақсаттарда қолданылуы мүмкін еместігі туралы хабарландыратын «Аса маңызды мәселелер» атты тарауы болуы керек. Аудитор осы тарауды тиісті атаумен енгізуі керек.(Сілт: A14-A15 тараулары).

***
Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Арнайы мүдделі құрылымның анықтамасы (Сілт: 6 тарау)

А1. Арнайы мүдделі құрылымның мысалдары мыналар:

• Субъекттің салық декларациясын сүйемелдейтін қаржылық есептердің жинағы үшін арналған есептеудің салықтық базасы;

• Кредиторлар заңды тұлғалардан сұрайтын ақша ағымдары жайлы мәлімет үшін арналған есептеудің ақшалай түсімдер мен шығындар базасы;

• Өзге реттеушінің талаптарына сәйкес келу мақсатында реттеуші белгілеген қаржылық есеп беру ережелері; немесе

• Борышкерлік міндеттемелер бойынша келісім, қарыз беру шарты немесе жобаны іске асыруға берілетін грант сияқты келісімнің қаржылық есеп беру ережелері.

A2. Арнайы мүдделі құрылым өкілетті немесе құқықты стандарттарды қою ұйымымен немесе заңмен немесе реттеумен бекітілген қаржылық есеп беру құрылымына негізделген, бірақ сол құрылымның барлық талаптарын орындамайтын жағдайлар да болуы мүмкін. Оған мысал – қаржылық құрылымдардың Х заңды құзырлы аймақтың қаржылық есеп беру стандарттарының барлығына емес, алайда көп бөлігіне сәйкестендіріліп тағайындалуын қажет ететін келісім. Келісімнің жағдайында бұл нәрселер тиімді болғанда, арнайы мүдделі қаржылық құрылымдардағы жарамды қаржылық есеп беру құрылымының сипаты өкілетті немесе құқықты стандарттарды қою ұйымымен немесе заңмен немесе реттеумен бекітілген қаржылық есеп беру құрылымына тура сәйкес келуі мүмкін емес. Жоғарыда берілген келісімнің мысалында жарамды қаржылық есеп берудің құрылымының сипаты Х Юрисдикцияның қаржылық есеп беру стандарттарынан гөрі келісімнің қаржылық есеп беру ережелеріне қатысты болуы мүмкін.

A3. А2 тарауында берілген жағдайларда арнайы мүдделі құрылым тіпті ол негізделген қаржылық есеп беру құрылымы анық сипатталған құрылым болса да, анық сипатталған құрылым болмауы мүмкін. Себебі арнайы мүдделі құрылым өкілетті немесе құқықты стандарттарды қою ұйымымен немесе заңмен немесе реттеумен бекітілген қаржылық есеп беру құрылымының барлық талаптарына сәйкес болмауы мүмкін. Ал бұлар қаржылық есептеулердің анық берілуі үшін қажетті талаптар болып саналады.

A4. Арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған қаржылық есептеулер тұлға дайындайтын жалғыз ғана қаржылық есептеулер болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қаржылық есептеулерді қаржылық есеп беру

құрылымын арнайы қолданатындардан басқа адамдар да пайдалана алады. Осы жағдайларда қаржылық есептеулердің кең ауқымда пайдаланылуына қарамастан, қаржылық есептеулер әлі де АХС-тің мүддесі үшін арнайы мүдделі қаржылық есептеулер болып саналады. 13-14 тараулардағы талаптар қаржылық есептеулердің дайындалу мақсатын бұрыс түсінушіліктің алдын алу үшін тағайындалған.



Келісімді қабылдау кезіндегі түсініктер

Қаржылық есеп беру құрылымының тиімділігі (Сілт: 8 тарау)

A5. Арнайы мүдделі қаржылық есептеулер жағдайында арнайы қолданушылардың қаржылық ақпаратқа деген қажеттілігі қаржылық есептеулерді дайындау кезінде қолданылатын қаржылық есеп беру құрылымының тиімділігін анықтаудағы шешуші фактор болып табылады.

A6. Қолданысқа жарамды қаржылық есеп беру құрылымы арнайы мүдделі қаржылық есептеулер бойынша стандарттарды бекітуге уәкілі немесе құқығы бар ұйыммен бекітілген қаржылық есеп беру стандарттарын қамти алады.

Мұндай жағдайда осы стандарттар, ұйым бекітілген және шынайы процесс бойынша қызығушылық танытқан жақтардың пікірлерінің талқылануы мен қаралуын қосып әрекет етсе, осы мақсатқа тиімді болып есептеледі. Кейбір юрисдикцияларда заң немесе реттеулер қаржылық есеп беру құрылымын субъектінің нақты бір түріне арналған арнайы мүдделі қаржылық есептеулерді дайындау үшін басқармамен қолданылады деп жазуы мүмкін.

Мысалы, реттеуші басқа реттеушінің талаптарына сәйкес болу үшін қаржылық есеп беру ережелерін бекітуі мүмкін. Белгілер жоқ болған кезде, керісінше, осындай қаржылық есеп беру құрылымы осындай субъект (заңды тұлға) дайындаған арнайы мүдделі қаржылық есептеулер үшін тиімді болып саналады.

A7. А6 тарауда берілген қаржылық есеп беру стандарттары заңды немесе реттеуші талаптармен толықтырылған жерде АХС 210 аудитордан қаржылық есеп беру стандарттары мен қосымша талаптардың арасында шиеленістердің бар-жоқтығын анықтауды талап етеді, және егер осындай шиеленістер бар болатын болса аудиторға оларды шешудің жолдарын көрсетеді.580

A8. Қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымы келісімнің қаржылық есеп беру ережелерін немесе А6 және А7 тарауларында берілген деректерден басқа деректерді қамти алады. Демек, келісім жағдайындағы қаржылық есеп беру құрылымының тиімділігі құрылым әдетте АХС 210-ның 2 Қосымшасында бейнеленгендей жарамды қаржылық есеп беру құрылымдары ұсынатын сипаттарды беру-бермеуімен анықталады.

Арнайы мүдделі құрылым жағдайында әдетте әрбір жарамды қаржылық есеп беру құрылымдарымен берілетін сипаттардың нақты келісімге қатысты маңыздылығы кәсіби бағалаудың еншісінде. Мысалы, субъекттің нетто-активтерінің сатылған күніндегі құндылығын анықтау мақсатында, сатушы және сатып алушы жиналмайтын қарыздар үшін жәрдемақылардың құны олардың қажеттіліктері үшін тиімді екеніне келісті, дегенмен де осындай қаржылық ақпарат жалпы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған қаржылық ақпаратпен салыстырғанда белгісіз емес.



Аудитті Жоспарлау және Орындау Кезіндегі Түсініктер (Сілт: 9 параграф)

A9. АХС 200 аудитордан (а) дербестікке қатысты талаптарды, қаржылық есептеулерді және аудит келісімдерін қосқанда сәйкес әдеп талаптарын және (b) аудитке қатысты барлық АХС-ті сақтауды талап етеді. Аудиттің жағдайында барлық АХС сәйкес емес немесе шартты болғандықтан және шарт болмағандықтан талаптар сәйкес емес деп табылған жағдайдан басқа жағдайларда, аудитордан АХС-тің барлық талаптарын сақтау талап етіледі. Ерекше жағдайларда аудитор талаптардың мақсатына жетуге арналған таңдаулы аудит процедураларын қолдана отырып АХС-тегі сәйкес талаптан шегінуді қажет деп санауы мүмкін.581

A10. Арнайы мүдделі қаржылық есептерді аудиттеу кезінде АХС-тің кейбір талаптарын қолдану аудитордың арнайы түсінігін қажет етуі мүмкін. Мысалы, 320 АХС-те, қаржылық есептеулерді қолданушыларға маңызды болып келетін мәселелер туралы ой-пікірлер топ тәрізді қолданушылардың жалпы қаржылық ақпаратқа деген қажеттілігінің түсінігіне негізделген.582 Дегенмен де арнайы мүдделі қаржылық есептерді аудиттеу жағдайында бұл ой-пікірлер арнайы қолданушылардың қаржылық ақпаратқа деген қажеттіліктерінің түсінігіне негізделген.

А11. Келісімнің талаптарына сәйкес тағайындалған есептер тәрізді арнайы мүдделі қаржылық есептердің жағдайында, басқарма арнайы қолданушылармен аудит кезінде байқалған бұрмалаушылықтар түзелмейтіні туралы басында келісуі мүмкін. Осындай бастаманың болуы аудиторды арнайы мүдделі қаржылық есептердің аудитін жоспарлау мен орындау мақсаттарына арналған 320 АХС-ке сәйкес маңыздылықты анықтау талабынан босатпайды.

А12. АХС-ке сәйкес билікпен белгіленген есептермен байланыс сол билікпен белгіленгендер мен аудитке жататын қаржылық есептеулер, соның ішінде билікпен белгіленгендер осы қаржылық есептеулердің дайындалуын қадағалауға жауаптылар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Арнайы мүдделі қаржылық есептеулер жағдайында билікпен белгіленген есептеулердің мұндай жауапкершілігі болмауы мүмкін; мысалы,

қаржылық ақпарат тек басқарманың қолданысы үшін ғана тағайындалған кезде. Мұндай жағдайларда, аудитор субъекттің жалпы мүдделі қаржылық есептеулерінің аудитіне де жауапты болған кезде немесе, мысалы, субъекттің билікпен белгіленгендермен арнайы мүдделі қаржылық есептеулердің аудиті кезінде анықталған қатысты мәселелерді соларға хабарлауға келіскен кездегі жағдайды қоспағанда, 260 АХС-тің583 талаптары арнайы мүдделі қаржылық есептеулердің аудитіне қатысты болмауы мүмкін.



Пікір Қалыптастыру және Есептерді Қарастыру (Сілт: 11 тарау)

A13. Осы АХС-тің Қосымшасында аудитордың арнайы мүдделі қаржылық есептеулерінің үлгілері берілген.



Оқырмандарға қаржылық есептеулердің арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалғанын хабарлау (Сілт: 14 тарау)

A14. Арнайы мүдделі қаржылық есептеулер олар арнайы тағайындалған мақсаттардан басқа мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Мысалы, реттеуші нақты тұлғалардан арнайы мүдделі қаржылық есептеулерді бұқаралық тізілімге енгізуді талап ете алады. Түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында, аудитор аудиторлық есептің қолданушыларына қаржылық есептеулердің арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалғанын және соған сәйкес басқа мақсаттарда жарамсыз болуы мүмкін екендігін хабарлайды.



Таралуына немесе қолданылуына байланысты шектеулер (Сілт: 14 тарау)

A15. 14 тарау талап ететін хабарландыруға қосымша аудитор аудиторлық есептің тек арнайы қолданушылар үшін ғана тағайындалғанын айта кеткенді жөн санауы мүмкін. Нақты юрисдикцияның заңы немесе реттеуіне байланысты, бұған аудиторлық есептің таралуын немесе қолданылуын шектеу арқылы қол жеткізуге болады. Осындай жағдайларда 14 тарауда аталған тарау осы өзге мәселелерді қосу арқылы кеңейтілуі және соған сәйкес тақырыбын да өзгертуі мүмкін.



Қосымша

(Сілт: A13 параграф)


Аудиторлардың арнайы мүдделі қаржылық есептеулері бойынша есептерінің үлгілері

1 мысал: Қаржылық есептеулердің толық жинағы бойынша аудитордың есебі келісімнің қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес тағайындалған (осы мысалдың мақсаттары үшін белгіленген құрылым).

• 2 мысал: Қаржылық есептеулердің толық жинағы бойынша аудитордың есебі Х Юрисдикциядағы есептеудің салықтық базасына сәйкес тағайындалған (осы мысалдың мақсаттары үшін белгіленген құрылым).

• 3 мысал: Қаржылық есептеулердің толық жинағы бойынша аудитордың есебі реттеуші белгілеген қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес тағайындалған (осы мысалдың мақсаттары үшін шынайы ұсынылған құрылым).


1 мысал:

Жағдайлар төмендегілерді қамтиды:

Қаржылық есептеулер өзге келісімнің ережелеріне сәйкес келу мақсатында субъекттің басқармасымен келісімнің (яғни арнайы мүдделі құрылым) қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес тағайындалды. Басқарманың қаржылық есеп беру құрылымдарын таңдау мүмкіндігі жоқ.

Қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымы белгіленген құрылым болып табылады.

Аудиттік келісімнің шарттары басқарманың 210 АХС-тегі қаржылық есептеулерге деген жауапкершілігін сипаттайды.

Аудиторлық есептердің таралуы мен қолданылуы шектеулі.
ДЕРБЕС АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкес адресат]

Біз АВС компаниясының ілеспелі қаржылық есептеулерін аудиттедік. Оның құрамына 20Х1ж. 31 желтоқсандағы баланстық есеп, өткен жылдағы кірістер мен шығындардың есебі, капиталдағы өзгерістер жайлы есеп және ақшалай қаражаттардың қозғалысы жайлы есеп және маңызды есептеу саясаттарының қысқаша мазмұндамасы мен басқа да түсіндірмелі ақпарат кіреді. Қаржылық есептеулер АВС және DEF компаниялары («келісім-шарт») арасындағы 20Х1ж. 1 қаңтарда қабылданған келісім-шарттың Z бөліміндегі қаржылық есеп беру ережелеріне негізделе отырып АВС компаниясының басқармасымен тағайындалды.

Басқарманың584 қаржылық есептеулерге қатысты жауапкершіліктері

Басқарма осы қаржылық есептеулердің келісім-шарттың Z бөліміндегі қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес тағайындалуына және алаяқтық немесе қателіктің себебінен болатын нақты бұрмалаушылықтардан тыс қаржылық есептеулерді тағайындауға мүмкіндік беретін ішкі бақылауларды орнатуға жауапты.



Аудитордың жауапкершілігі

Біздің жауапкершілігіміз осы аудитке негізделген қаржылық есептеулерге қатысты пікірлерімізді білдіру болып табылады. Біз аудитті Аудит бойынша Халықаралық Стандарттарға сәйкес жүргіздік. Бұл стантарттар біздің қаржылық есептеулердің айқын бұрмалаушылықтардан тыс немесе тыс емес екеніне көзімізді жеткізу үшін әдеп талаптарын сақтап, аудитті жоспарлап, орындауды

талап етеді. Аудит қаржылық есептеулерге қатысты сомалар мен ақпараттың жариялануы жайлы аудиттік дәлелдер алу мақсатында жүргізілетін шараларды қамтиды. Іс-шаралар алаяқтық пен қателіктердің себебінен болатын қаржылық есептеулердің бұрмалану қаупін анықтаумен қоса, аудитордың шешіміне қарай таңдалынады. Қауіпті анықтау кезінде, аудитор тұлғаның ішкі бақылауының тиімділігіне қатысты пікір қалыптастыру мақсатында емес, осындай жағдайларда тиімді болатын аудит шараларын анықтау мақсатында, тұлғаның қаржылық есептеулерді тағайындауына қатысты ішкі бақылауды қарастырады. Аудиттің құрамына қолданылатын есептеу саясаттарының сәйкестілігін және басқарма жасайтын бухгалтерлік есептеулердің негізділігін бағалау, сонымен қатар қаржылық есептеулердің жалпы көрінісін бағалау кіреді. Біз алған аудиттік дәлелдер біздің аудиттік ойымыздың негізін қалыптастыруға жеткілікті және тиімді екеніне сенеміз.

Ой-пікір

Біздің ойымызша АВС компаниясының 20Х1ж. 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы қаржылық есептеулері келісім-шарттың Z бөліміндегі қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес тағайындалған.



Есептеудің негізі және таралу мен қолданылуға қатысты шектеулер

Өзіміздің пікірімізді өзгертпестен қаржылық есептеулерге қатысты берілген есептеудің негізін сипаттайтын Х ескертпеге назар аударамыз. Қаржылық есептеулер АВС компаниясына жоғарыда аталған келісім-шарттың қаржылық есеп беру ережелерін орындауға жәрдемдесу үшін тағайындалған.

Соған сәйкес қаржылық есептеулер басқа мақсаттарға жарамды болмауы мүмкін. Біздің есеп тек ABC және DEF компаниялары үшін тағайындалған және ABC немесе DEF компанияларынан басқа жақтарға таралмауы және басқа тұлғалармен қолданылмауы керек.

[Аудитордың қолы]

[Аудитордың есеп берген күні]

[Аудитордың мекен-жайы]


2 мысал:

Жағдайлар төмендегілерді қамтиды:

Қаржылық есептеулер серіктестіктің басқармасымен Х Юрисдикциядағы (яғни арнайы мүдделі құрылым) есептеудің салықтық базасына сәйкес серіктестерге жеке табыс салығы қайтарымдарын дайындауға жәрдемдесу үшін тағайындалды. Басқарманың қаржылық есеп беру құрылымын таңдау құқығы жоқ.

Қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымы белгіленген құрылым болып табылады.

Аудиттік келісімнің шарттары басқарманың 210 АХС-тегі қаржылық есептеулерге деген жауапкершілігін сипаттайды.

Аудиторлық есептердің таралуы шектеулі
ДЕРБЕС АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкес адресат]

Біз АВС серіктестігінің ілеспелі қаржылық есептеулерін аудиттедік. Оның құрамына 20Х1ж. 31 желтоқсандағы баланстық есеп, өткен жылдағы кірістер мен шығындардың есебі және маңызды есептеу саясаттарының қысқаша мазмұндамасы мен басқа да түсіндірмелі ақпарат кіреді. Қаржылық есептеулер басқармамен Х Юрисдикциядағы есептеудің салықтық базасын қолдана отырып тағайындалды.

Басқарманың585 қаржылық есептеулерге қатысты жауапкершіліктері

Басқарма осы қаржылық есептеулердің Х Юрисдикциядағы есептеудің салықтық базасына сәйкес тағайындалуына және алаяқтық немесе қателіктің себебінен болатын нақты бұрмалаушылықтардан тыс қаржылық есептеулерді тағайындауға мүмкіндік беретін ішкі бақылауларды орнатуға жауапты.



Аудитордың жауапкершілігі

Біздің жауапкершілігіміз осы аудитке негізделген қаржылық есептеулерге қатысты пікірлерімізді білдіру болып табылады. Біз аудитті Аудит бойынша Халықаралық Стандарттарға сәйкес жүргіздік. Бұл стантарттар біздің қаржылық есептеулердің айқын бұрмалаушылықтардан тыс немесе тыс емес екеніне көзімізді жеткізу үшін әдеп талаптарын сақтап, аудитті жоспарлап, орындауды талап етеді. Аудит қаржылық есептеулерге қатысты сомалар мен ақпараттың жариялануы жайлы аудиттік дәлелдер алу мақсатында жүргізілетін шараларды қамтиды. Іс-шаралар алаяқтық пен қателіктердің себебінен болатын қаржылық

есептеулердің бұрмалану қаупін анықтаумен қоса, аудитордың шешіміне қарай таңдалынады. Қауіпті анықтау кезінде, аудитор серіктестіктің ішкі бақылауының тиімділігіне қатысты пікір қалыптастыру мақсатында емес, осындай жағдайларда тиімді болатын аудит шараларын анықтау мақсатында, серіктестіктің қаржылық есептеулерді тағайындауына қатысты ішкі бақылауды қарастырады.

Аудиттің құрамына қолданылатын есептеу саясаттарының сәйкестілігін және басқарма жасайтын бухгалтерлік есептеулердің негізділігін бағалау, сонымен қатар қаржылық есептеулердің жалпы көрінісін бағалау кіреді. Біз алған аудиттік дәлелдер біздің аудиттік ойымыздың негізін қалыптастыруға жеткілікті және тиімді екеніне сенеміз.



Ой-пікір

Біздің ойымызша АВС серіктестігінің 20Х1ж. 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы қаржылық есептеулері Х заңды құзырлы аймақтағы [жарамды табыс салығы туралы заңды сипаттаңыз] сәйкес тағайындалған.



Есептеудің негізі және таралуға қатысты шектеулер

Өзіміздің пікірімізді өзгертпестен қаржылық есептеулерге қатысты берілген есептеудің негізін сипаттайтын Х ескертпеге назар аударамыз. Қаржылық есептеулер АВС серіктестігінің серіктестеріне өздерінің жеке табыс салығы қайтарымдарын тағайындауына жәрдемдесу үшін тағайындалған. Соған сәйкес қаржылық есептеулер басқа мақсаттарға жарамды болмауы мүмкін. Біздің есеп тек ABC серіктестігі мен оның серіктестері үшін тағайындалған және ABC серіктестігі немесе оның серіктестерінен басқа жақтарға таралмауы керек.

[Аудитордың қолы]

[Аудитордың есеп берген күні]

[Аудитордың мекен-жайы]
3 мысал:

Жағдайлар төмендегілерді қамтиды:

Қаржылық есептеулер субъекттің басқармасымен реттеуші (яғни арнайы мүдделі құрылым) бекіткен қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес сол реттеушінің талаптарына сәйкес келу мақсатында тағайындалды. Басқарманың қаржылық есеп беру құрылымын таңдау құқығы жоқ.

Қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымы шынайы ұсынылған құрылым болып табылады.

Аудиттік келісімнің шарттары басқарманың 210 АХС-тегі қаржылық есептеулерге деген жауапкершілігін сипаттайды.

Аудиторлық есептердің таралуы немесе қолданылуы шектеусіз.

Басқа мәселелер тарауы аудитордың АВС компаниясымен дәл сол уақытта жалпы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған қаржылық есептеулер бойынша аудитордың есебін де шығарғанына Сілтеме жасайды.


ДЕРБЕС АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкес адресат]

Біз АВС компаниясының ілеспелі қаржылық есептеулерін аудиттедік. Оның құрамына 20Х1ж. 31 желтоқсандағы баланстық есеп, өткен жылдағы кірістер мен шығындардың есебі, капиталдағы өзгерістер жайлы есеп және ақшалай қаражаттардың қозғалысы жайлы есеп және маңызды есептеу саясаттарының қысқаша мазмұндамасы мен басқа да түсіндірмелі ақпарат кіреді. Қаржылық есептеулер Z реттеуінің Y бөліміндегі қаржылық есеп беру ережелеріне негізделе отырып басқармамен тағайындалды.

Басқарманың586 қаржылық есептеулерге қатысты жауапкершіліктері

Басқарма осы қаржылық есептеулердің Z реттеуінің Y бөліміндегі587 қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес тағайындалуына және шынайы ұсынылуына және алаяқтық немесе қателіктің себебінен болатын нақты бұрмалаушылықтардан тыс қаржылық есептеулерді тағайындауға мүмкіндік беретін ішкі бақылауларды орнатуға жауапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет