Білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші кешендік мемлекеттік емтихан сұрақтары 3-ші пән «Генетика»


Гомологиялық өзгергіштік болуының негізіндегі себептерді анықтаңыз



бет9/23
Дата03.09.2023
өлшемі94.55 Kb.
#476435
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Генетика гос

Гомологиялық өзгергіштік болуының негізіндегі себептерді анықтаңыз.

Гомологиялық өзгергіштік болуының негізінде екі себеп жатыр:



    1. Жақын түрлер мен туыстардың генетикалық қүрылымының

Ұқсастығы жэне олардың шығу тегінің бір екендігі;





    1. Белгілі бір сыртқы орта жағдайларында жүргізілетін

Сүрыптаулардың әсері.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологиялық қатарлар заңы Селекцияда кеңінен қолданылады. Ол көптеген тұқым қуалайтын Өзгергіштіктердің ішінен кажеттілерін дүрыс таңдап алуға, бір түрде Болатын мутациялық өзгергіштікті тауып, анықтау арқылы соған Жақын тұрған екінші түрде дэл сондай мутацияны қолдан жасауға Мүмкіндік туғызады. Мысалы, XX ғасырдың 20- жылдарына дейін Қатты бидайдың тек қылтанақты түрлерінің ғана бар екендігі белгілі болып келген. Ал жұмсақ бидайдың қылтанақсыз түрлерінің


болатындығы қатты бидайдың да сондай қылтанақсыз түрлерін алуға
мумкіндік туғызды.Н.И.Вавилов Абиссинаға барған сапарында қатты бидайдың сондай түрлерін тапты, ал белгілі селекционер А.П.Шехурдин қатты бидайдың қылтанақты сортын қылтанақсыз жұмсақ бидаймен будандастыру жолымен қатты жаздық бидайдың қылтанақсыз сортын шығарды.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологиялық қатарлары Жануарларда да кездеседі. Мысалы, альбиностар (түстің ақ болуы) Теңіз шошқасында, қоянда т.б. кемірушілердің барлығында да Болады. Әртүрлі мироорганизмдерден де үқсас, тұқым қуалайтын Биохимиялық өзгерістер байқалған.Гомологиялық қатарлар заңы түрлердің пайда болуында Мутациялық процестің ролі жалпыға бірдей екендігін көрсетеді. Ол Белгілі бір мақсат қойып, қажетті деген түқым қуалайтын Өзгергіштікті алу эдістерін ойластырудың биологиялық негізі болып Есептеледі.

  1. Адам генетикасын зерттеудің генеалогиялық әдісіне толық түсінік беріңіз.

Генеологиялық əдіс. Бұл əдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін белгі бойынша əкесі жəне шешесі жағынан бірнеше буын бойымəліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Оларға: полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы жəне т.б. жатады. Генеологиялық əдіспен адамның кейбір қабілеттерінің, мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі жəне т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, музыкаға қабілеттілік əйгілі композитор Бахтардың əулетінде болған. Генеологиялық əдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі – гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория əулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған. Виктория мен оның зайыбы мұндай аурумен ауырмаған. Олардың арғы тегінде де ешкім гемофилиядан зардап шекпеген. Бірақ Викторияның ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында мутация пайда болған болуы керек. Осыған орай королева Виктория гемофилияның генін тасымалдаушы болып, өзінің көптеген ұрпақтарына таратқан, яғни Викториядан мутантты гені бар Х хромосоманы алған барлық ер жынысты ұрпақ гемофилиямен ауырған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет