«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ



Pdf көрінісі
бет33/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
АЯСЫНДА МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
 
Айдарбекова Ж.Ш., Мусабекова И.К. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат
директорының орынбасарлары 
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге 
және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген 
жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән 
бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды. 
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін 
талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп 
әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс. 
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын 
өнер», – деп Жүсіпбек Аймауытов көрегендігімен бір ғасыр бұрын айтып кетсе де, біз, 
ұстаздар қауымы дәстүрлі беріліп жүрген сабақтан әлі де арыла алмай келеміз. 
Сондықтан жаңартылған оқу бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде мұғалімдерге қолдау 
көрсету мектеп басшыларының ең бірінші міндеті деуге болады, себебі мұғалімдер 
оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін 
жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түспек. 
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс 
туғызуға жетелеуге тиіс. «Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым 
қарқынды жүзеге асады» (Hattie, 2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік 
беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат 
«жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол 
сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар 
екенімізді мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен 
айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны 
қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап 
қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып 
табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында 
жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге 
топтық жұмыстар, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойын түрлері 
кіреді. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын «баламалары» шынайы өмірдің 
белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. 
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының 
дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің 
белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарымқатынасының дамуына, танымдық 
белсенділігінің артуына мүмкіндік береді.
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Сыртқы 
уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер 
Б.Ф. Скиннер (Skinner, B.F., 1953) ұсынған бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып 
отырған тәсілдер жағымды мінез-құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету 
мақсатында кері байланысты (соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді. 
Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен 
туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды, 
ізгілікті табыс деп есептеледі. Оқушылар оқудан рахат алып, оны қызықты деп санағандықтан, 
оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге 
болады. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді 


66 
қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған 
жұмысы үшін оқушыларды мақтай алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол 
жұмысты жақсартқанның өзінде, мұндай оқушыны мақтамайды.
Сондықтан, оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін 
үдеріс деп санаған жағдайда, мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда, 
оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған жағдайда оқушы 
оқуға белсенді араласады деп күтуге болады. Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі 
оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен 
мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда 
кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, 
оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. 
Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол 
жеткізуге болады. «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып 
отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, 
өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж.Аймауытұлы, 1929). 
Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға 
болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің 
күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады. 
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы 
мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген 
сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Кез келген мұғалімнің алдында тұрған 
басты міндеттердің бірі оқуға қызығушылығы төмен оқушыларды оқу үдерісіне тартып, 
қолдау көрсету болып табылады.
Оқуға құштары төмен оқушыларды қалай ынталандыруға болады? Осы салада кеңінен 
қолданылатын әдістер негізінен мадақтау және жазалау жүйесін қолдануға негізделуі мүмкін. 
Олар, әдетте, «сыртқы» уәж немесе «оқу керек» деген талаппен байланыстырылады. 
Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын пайдалануға сақтықпен қараған жөн. 
Негізінде, оқушылар оқу керек болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен 
уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, ынталандырушы, қызықты және маңызды 
ету арқылы қол жеткізуге болады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар 
бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің ықпалы, ата-
аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. 
Оқушының шынайы қызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы 
факторлардың барлығын қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын 
қалыптастыру. Төмендегі кестеде мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, 
керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған. 
1-
кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет