«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет31/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

шешендік сөз өнері пәнінің мұғалімі Жарқын Сәленұлының ұсынуымен жалпы білім 
беру ұйымдарының оқушыларына қазақ тілінің қадірін ұқтырып, сүбелі сөздің тереңіне 
сүңгітіп, шешендерден қалған құдіретті өнерді дәріптеу мақсатында Абай атындағы мектеп-
интернат пен «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет» қорының ұйымдастыруымен 2 жыл 
қатарынан 
республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізіліп келеді. Байқауға 
алғашқы жылы республиканың әр түкпірінен 27 оқушы қатысса, былтырғы жылы 38 оқушы 
бақ сынады. Қатысушылар алғашқы кезеңде би-шешендер сөзін, оның ішінде Абай мен 
Құнанбайдың шешендігін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде тұрақты сөз тіркестері, 
бүгінде санамыздан өше бастаған көнерген сөздерден сауатты сөйлем құрап, ой 
ұшқырлықтарын танытты. Екінші деңгей бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы 
теориялық білімдері байқалды.
Бітпес дауын бидің бір ауыз сөзімен тоқтатып, тентегін түзу сөзбен түзге салып отырған 
қазақ үшін сөздің қадірі ерек. Бұл ата дәстүр, ұлттық таным бүгінгі жас шешендердің ойында 
қылаң беріп, тілінде көрініс тапты. «Өнер алды – қызыл тіл» деп ұрандатып, ата-баба мұрасы 
мен ана тілдің абыройын асқақтатқан бұл игі шара дәстүрге айналып, жалғасын табары сөзсіз. 
Бүгінгі заман талабының бірі – көшбасшы оқушыны, ертеңгі елдің тізгінін қорықпай 
ұстар тұлғаны тәрбиелеу. Осы орайда оқушының әлеуметтік дарынын дамытып, көшбасшы 
ұрпақ тәрбиелеу мақсатында және ата-аналардың жоғарғы сұранысының нәтижесінде 
мектепке 
дебат пәні енгізілді. Түрлі тақырыпта пікір таластырып, өз ұстанымының 
дұрыстығын дәлелдеуде жан-жақты ізденіп, әлемдік мәселелерді көтеретін, бүгінгі қоғамның 
олқы тұстары мен жақсы жақтарын талқыға салып, дүниеге көзқарасын қалыптастыратын бұл 
пән – оқушының жан-жақты білімді, көзі ашық, әлемдік ақпараттар легінен хабардар, сауатты, 
ұйымдастырушылық қабілеті мол, әрі өз позициясын мықтап ұстар көшбасшы болуына үлкен 
ықпал жасайды. Дебат пәнінің мұғалімі Ахметова Рысхан жетекшілік ететін «Жас дарын» 
дебат клубы соңғы үш жылда С.Демирел атындағы университеттің, «Тұран» университетінің 
«SIRIUS
» интеллектуалды-пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен халықаралық және 
респбуликалық пікірсайыс турнирлерінде үздік ойын көрсетіп, Аргумент 3 турнирінің кубогін 
жеңіп алды. Бүгінгі күні де оқушылар арасында дебат сайысына деген қызығушылық өте 
жоғары. Сонымен бірге, оқушылардың отаншылдық сезімдерін арттырып, жауапкершілікке 
үйрететін «Туған жерге тағзым» жобасы, «Бірлік» басқару ұйымы, «Елтұтқа» ұлдар ұйымы 
және «Инабат» қыздар ұйымы жұмыс жасайды. Ұл мен қыз тәрбиесінен бастау алатын ұлт 
болашағын қалыптастыруда мұндай ұйымдардың жұмыс жасауы – керек іс. Бала санасына 
мектепке дейінгі алғашқы тәрбиені беретін – ата-ана, отбасы. Осы орайда, «мектеп – оқушы – 
ата-ана» үштік одағының бірлікте болуы үшін «Шаңырақ» жобасы жүзеге асырылады. Бұл 


64 
жобаның аясында түрлі жиындар, қызықты сайыстар мен сұхбаттар ұйымдастырылып, бала 
мен ата-ананың, ұстаздың арасындағы сенімнің, ынтымақтың дамуына септігін тигізеді. 
«Егеменді елдің ертеңі – дені сау ұрпақ», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, 
шәкірт бойындағы қабілетті шыңдауда спорттық дарындылықты да естен шығармаған жөн. 
Қазақ – дана халық. Сондықтан да бірінші байлыққа денсаулықты атайды. Осы орайда, 
мектепте алыс ауылдардан келген қазақтың қара домалақ балаларына арнап ұлттық спорт түрі 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет