Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылғанына 10 жыл толуына арналады



бет17/27
Дата09.06.2016
өлшемі7.75 Mb.
#124270
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Лекеров Әзімбай (1901-1938) – Семей қаласында туған. 1920 ж. Коммунистік партия мүшесі. 1932 ж Қызыл профессура институтының жоспарлы экономикалық факультетін бітірген (Мәскеу қ.). 1920-1921 жж. губерниялық атқару комитетінің нұсқаушысы (Семей қ.). 1921-1923 жж уездік атқару комитетінің төрағасы (Қарқаралы, Павлодар қ-ры) 1923-1926 жж губерниялық ағарту халық комиссариатының саяси ағарту жұмыстары бас басқармасының меңгерушісі, алқа мүшесі (Қызылорда қ.). 1933 ж. Қазақ марксизм-ленинизм ҒЗИ директоры. Қуғындалған. 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 ж желтоқсанда ақталған.

Мангельдин Алдабек – Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі. «Кеңес» астыртын ұйымының мүшесі, заңгер, натариус болып қызмет істеген.

Мұңайтпасұлы (Лапин) Әбдірахман (1901-1963) –Қызылорда, кейін Ташкентте оқыған. 1921 ж. Германияға оқуға жіберілді. 1924 ж. былғары ісі мамандығы бойынша оқуын бітіріп, Мәскеуге оралады. 1920 ж. Түркістанда сырбойлық жалайыр Садық Өтегеновтің қызы Сараға үйленеді. Қуғындалған. 1931 ж. Бутырқа түрмесіне қамалып, кейін Воронежге жер аударылады. Соғыс кезінде әскер қатарына алынған.

Меңдешев Сейтқали (Сейтгали) Меңдешұлы (1882-1938) – Астрахань губерниясы Бөкей ордасында туған. ҚАКСР ОАК алғашқы төрағасы. 1919 ж. Комунистік партияның мүшесі. 1917-1918 жж. Бөкей губерниялық атқару комитетінің мүшесі, кейін төрағасы, әрі Бөкей губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі (Орда қ.). Қамыс-Самар жер басқармасының төрағасы. 1918-1919 жж. Бөкей губерниясының халық ағарту бөлімінің меңгерушісі (Орда қ.). 1919 ж. шілдесінен Қырревком халық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1920 ж қазанынан 1925 ж. сәуіріне дейін ҚырОАК Төрағасы. 1930-1933 жж. ҚАКСР Ағарту Халкомы, 1937 ж. дейін ҚазОАК Ғылым істері комитетінің төрағасы, ҚАКСР ХКК жанындағы қорықтар мен байырғы ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы. Қуғындалған. 1927 ж. ақпанында тұтқындалған, 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген, 1957 ж. желтоқсанда ақталған.

Межлаук К.И. (1891-1938) – Кәсіпқой революционер. 1923-1925жж. Түркістан мақта комитетінің төрағасы, Түркістан Республикасы Халкомкеңесі жанындағы Экономикалық кеңестің төрағасы, РК(б)П ОК Ортаазия бюросының мүшесі. Қуғындалған.

Мұратбаев Ғани (1902-1925) – Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. 1918 ж. Ташкенттегі Қазақ-қырғыз педучилищесіне оқуға қабылданады. «Жас алаш», «Жас қайрат» жастар басылымдарының ұйымдастырушысы және алғашқы редакторы. 1922-1924 жж. РКЖО ОК Орта Азия бюросының мүшесі әрі жауапты хатшысы. 1924-1925 жж. Түркістан КП ОК бюро мүшесі, Жастардың Коммунистік Интернационалы Шығыс елдері жастары арасындағы жұмыс жөніндегі атқару комитетінің бөлім меңгерушісі. Алашордашылармен жақы қарым-қатынаста болған.

Нұрмақов Нығмет Нұрмақұлы (1895-1937) – Семей облысы Қарқаралы уезі Қу болысында туған. 1920 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1919-1921 жж. Қарқаралы уездік революциялық комитетінің және уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісі, Семей губерниялық әскери революциялық комиетіңнің мүшесі, басқарма бөлім меңгерушісінің орынбасары, РК(б)П Семей губерниялық комитетінің аз ұлттар бөлімінің меңгерушісі, Семей губерниялық атқару комитеті президиумының мүшесі және хатшысы, 1922 ж. «Қазақ тілі» газетінің жауапты редакторы. 1921-1923 жж. ҚАКСР Жоғарғы революция трибуналының төрағасы (Орынбор қаласы). 1923 ж. мамырынан 1924 ж. қыркүйегіне дейін ҚАКСР әділет халкомы әрі прокуроры, әрі «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы, сонан кейін БК(б)П Қазөлкеком үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1924 ж. қарашасынан 1929 ж. сәуіріне дейін Төрағасы. 1931-1937 жж. БОАК хатшысының орынбасары және БОАК Төралқасы ұлт істері бөлімінің меңгерушісі. Қуғындалған. 07.09.1937 ж. ату жазасына кесілген, 11.08.1956 ж. ақталған.

Нысанбаев (Хусанбаев) Дүйсенбай (?-?) – Сырдария облысы Перовск уезінде туған. 1918-1919 жж. Түркістан уездік-қалалық комитетінде С.Қожановпен қызметтес болған. Түркістан республикасында қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарған. Түркістан халкомкеңесінің төрағасы П.А.Кобозевпен етене араласқан. Ташқазақ уездік партия комитетінің жауапты хатшысы. В.И.Ленинмен кездескендігі жөнінде естеліктер жазған. 1970 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданында қайтыс болған.

Оразаев Әбдірахман (Ғабдрахманбек) (1888-1937) – Ферғана қаласында туған. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. 1910 ж. гимназияны, 1915 ж. Санкт-Петербург университетің заң факультетін бітірген. Түркістан Мұхтарияты Уақытша халық Кеңесінің мүшесі, Түркістан Мұхтарияты Уақытша үкіметі Ішкі істер министрінің орынбасары, М.Шоқайдың досы, ағайын-жолдасы. М.Шоқаймен Париждегі кезінде хабараласып тұрды. Қуғындалған.

Оспанов (Османов) Сәдуақас (1898-1938 жж.) – О ңтүстік Қазақстан облысы Жаңақорған ауданында туған. 1917-1919 ж.ж. солшыл эсерлер партиясының мүшесі, 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. «Қазақ тілінің сөздігі» еңбегінің авторы. «Ақ жол» газетінің редакторы. 1931 ж. Мәскеу қаласында Сталин атындағы сауда академиясын бітірген. Тұтқындалғанға дейін ОҚО Келес аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызмет істеген. Қуғындалған 1937 ж. 26 тамызда революцияға қарсы ұлтшылдық ұйымының мүшесі ретінде тұтқынға алынып, 1938 ж. 21 ақпанда атылған. 1957 ж. 21 желтоқсанда ақталған.

Өтегенов Садық Қалмұхамедұлы (1874-1937) – О ҚО Түркістан қаласында туған. 1896 ж. Түркістан мұғалімдер семинариясын бітірген. «Кеңес» астыртын ұйымы басшыларының бірі. Алаш партиясы атынан Құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылған. С. Қожановтың ұстазы. Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтының оқытушысы. 1918 ж. қаңтардағы Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі. Қуғындалған. 19.11.1937 ж. ату жазасына кесілген. 17.07.1957 ж. ақталған.

Палмұхамедов Әбду (1895-?). – Перовск уезінде туған, қалалық училищені бітірген. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. Түркістан уездік-қалалық ревкомының хатшысы.

Петерс Я.Х. (1886-1938) – Кәсіпқой революционер. 1904 ж. партия мүшесі. 1920-1922 жж. РК(б)П ОК Түркістан бюросының мүшесі, ВЧК-ның Түркістандағы өкілетті өкілі. 1921 ж. БОАК және РКФСР ХКК Түркістан комиссиясының мүшесі, 1922 ж. ГПУ Шығыс бөлімінің алқа мүшесі және бастығы. 1923 ж. Орталық Бақылау Комиссиясының мүшесі, 1924 ж. Жұмысшы Шаруа Инспекциясы Халкомының алқа мүшесі.

Рахымбаев А.Р. (1896-1938) – 1919 ж. партия мүшесі. 1921 ж. қыркүйектен ТүркОАК төрағасы, Түркістан КП ОК хатшысы, 1921 ж. РКФСР Ағарту Халкомының алқа мүшесі. 1922 ж. Түркістан КП ОК-Өзбекстан КП ОК хатшысы.

Рүстемов Нарзілда (1882-1938) – ОҚО Түркістан ауданы Шоқтас ауылында туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі. Әулиеата уездік-қалалық паритя комитетінің хатшысы, Сырдария облаткомының төрағасы, Түркатком хатшысы, ТүркОАК мүшесі. НКВД құжаттарында алашордашыл ретінде аталады. Қуғындалған. 07.03.1938 ж. ату жазасына кесілген.

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы (1894-1938) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1917 ж. коммунистік партия мүшесі.1919 жылдың наурызынан ТКП Мұсылмандар бюросының төрағасы. 1920 ж. қаңтарда ТүкОАК тқрағалығына сайланған.1-7 қыркүйектегі Шығыс халықтарының І съезіне (Баку қ.) қатысып, делегаттардың коммунистік фракциясын басқарды. РКФСР Ұлт істері халкомының екінші орынбасары, осы халкомның Әзірбайжандағы өкілі, 1922 ж. күзінен 1924 ж. қаңтарына дейін Түркістан АКСР Халкомкеңесінің төрағасы. РК(б)П ОК Саяси бюросының шешімімен Коминтерн Атқару комитетіне қызметке жіберіледі, 1924 ж. жазынан 1925 ж. маусымына дейін Коминтерннің Монғолиядағы өкілі. 1926-1937 жж. РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметінде болды. Ұлт-азаттық қозғалыс тарихына қатысты бірнеше еңбектердің авторы. Қуғындалған. 1938 ж. ақпанында ату жазасына кесілген, 1957 ж. ақталды.

Рудзутак Я.Э. (1877-1938) – Кәсіпқой революционер. 1905 ж. партия мүшесі, 1920-1922 ж.ж. РК(б)П ОК Түркбюросы және БОАК және РКФСР ХКК Түрккомиссиясының, 1922 ж. Орта Азия бюросының төрағасы. 1923-1924 ж. РК(б)П ОК хатшысы. 1920-1937 жж. ОК мүшесі, 1926-1932 жж. Саяси бюро мүшесі. 1923-1926 жж. Саяси бюро мүшелігіне кандидат.

Сарымолдаев Қабылбек (1898-1938) – Сырдария губерниясы Мерке ауданы Ойтал селосында туған. 1918 ж. коммунистік партия мүшесі. Әулиеата, Алматы уездік-қалалық аткомдарының төрағасы. Ақпан 1921 ж. – ақпан 1922 ж. Қырғыз республикасы ішкі істер халкомының орынбасары. 1924 ж. Сырдария облаткомының төрағасы. 1933 ж. ШҚО облатком, кейін Торғай ауаткомының төрағасы, 1937 ж. қыркүйегінен ҚКСР Тамақ өнеркәсібі халкомының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж. ату жазасына кесілген, 27.03.1958 ж. ақталған.

Сатығұлов Нұрғали (1897-1938) – Перовск уезінде туған. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. Перовск қалалық училищесін бітірген. Осы уезде Төтенше комиссияның төрағасы, Жетісу облысында жерге орналастыру бойынша Түркатком мен Халкомкеңестің өкілі. Ішкі істер халкомының алқа мүшесі, әкімшілік басқармасының бастығы. 1933 ж. Алматы облысы Аягөз аупарткомының хатшысы, 1937 ж. мамырынан ҚКСР Алматы облаткомы жергілікті өнеркәсіп бөлімінің бастығы. Қуғындалған. 05.08.1937 ж. ату жазасына кесілген. 05.07.1959 ж. ақталған.

Сафарбеков Садық (Садыбек) Жүнісұлы (1902-1938) – Түркістандағы комсомол жастар қозғалысының өкілі. ОҚО Жаңақорған ауданында туған. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. САГУ рабфагін, Мәкеуде Я. Свердлов атындағы университеттің курсын бітірген. 1922 ж. Ташкентте партия курстары мен мектептерінде оқытушы, 1923 ж. Сырдария облыстық партия комитеті Бақылау комиссиясының мүшесі, облыстық «Қосшы» одағының төрағасы. 1936 ж. Қазсовпроф төрағасы, сәуір айынан ҚКП Қарағанды обкомының екінші хатшысы, тамыз айынан Гурьев округтық парткомының, 1937 ж. сәуір-қазан айы аралығында БҚО Орал қалалық парткомының бірінші хатшысы. Саяси қызметте, алашордашылармен қарым-қатынаста солшылдығымен танылған. Қуғындалған. 18.11.1937 ж. ату жазасына кесілген. 21.01.1958 ж. ақталған.

Сафаров Г.И. (Володин, Егоров) (1891-1942) – Кәсіпқой революционер. 1908 ж. партия мүшесі. 1921 ж. РК(б)П ОК Түркбюросының мүшесі, желтоқсан айынан Коминтерннің Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Комитерн Атқару комитетінің Төралқасының мүшесі. Түркістан Республикасында Түрккомиссияның мүшесі ретінде жауапты қызметтер істеген, алашордашыларды мемлекеттік қызметтерге тартуға ықпал жасаған.

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) 1894-1938 – Ақмола облысы Ақмола уезі Нілді болысында туған. 1918 ж. Коммунистік партияның мүшесі. 1917-1918 жж Ақмола уездік атқару комитетінің төрағасы, Ақмола депутаттары кеңесі президиумының мүшесі және халық ағарту комиссары, 1918-1919 жж Колчак өкіметі кезінде абақтыда отырған, кейін концлагерьге кесілген (Ақмола, Омбы қалалары). 1920-1921 жж ҚырОАК Президиумының мүшесі, Қырғыз (қазақ) автономиялы облысы ХКК төрағасы.. 1922-1923 жж «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (Орынбор қаласы). 1924-1926 жж ҚАКСР Халық ағарту халық комиссариатының Ғылыми комиссиясының төрағасы (Қызылорда қаласы). 1935 ж. «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақстан жазушылар одағы басшыларының бірі. Қуғындалған. 1937 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 ж наурызда ақталған.

Соколов С.М. – 1922 ж. РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі.

Товстуха И.П. – РК(б)П ОК хатшысы И. Сталиннің көмекшісі, хатшысы, РК(б)П ОК Құпия бөлімінің меңгерушісі

Томский М.П. (1880-1936) – Кәсіпқой революционер. 1904 ж. партия мүшесі. 1918-1921 және 1922-1929 жж. ВЦСПС төрағасы, 1922 ж. ВЦСПС хатшысы, 1921 ж. БОАК және РКФСР ХКК Түрккомиссиясының мүшесі.

Төреқұлов Н.Т. (1893-1937) – 1918 ж. партия мүшесі. ТКП ОК хатшысы, Түрккомиссия мүшесі. 1923 ж. Орталық Шығыс баспасының қызметкері. Қазақтан шыққан алғашқы елші. Қуғындалған.

Тоқтыбаев Иса Тоқтыбайұлы (1894-?) – Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында туған. 1916 ж. Ташкент мұғалімдер семинариясын бітірген. Астыртын «Кеңес» ұйымының мүшесі. 1920 ж. дейін Түркістан өлкесі Халық Ағарту Кеңесі алқасының мүшесі, әрі Қазақ ағарту Институтының директоры, 1920 ж. «Ақ жол» газетінің жауапты редакторы, ТүркОАК мүшесі. «Талап» қоғамының мүшесі, «Алғашқы басқыш мектептеріне арналған бастапқы география», «Түркістанның географиялық очерктері» оқулықтарының авторы. 1926 ж. дейін ҚазАКСР Халық ағарту комиссариаты алқасының мүшесі. 1929 ж. Ленинградтағы Ғылыми педагогикалық Мемлекеттік институттың аспирантурасында оқыды. 1932 ж. Кеңестік Шығыс аз ұлттар институтының директоры әрі Томачев атындағы Әскери-саяси академияның оқытушысы. Қуғындалған. 1933 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған, 1935 ж. босанған. 1939 ж. тұтқынға алынып, 1947 ж. босанған. 1949 ж. үшінші рет сотталып, 1954 ж. мерзімінен бұрын босатылған.

Тоғжанов Ғаббас Сәдуақасұлы (1900-1938) – СҚО Қызыл ту ауданында туған. 1935 ж. Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, 1936 ж. шілдесінен ҚКСР ХКК жанындағы Өнер істері Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, кейін «Литературный Казахстан» журналының редакторы. Қуғындалған. 25.02.1938. ату жазасына кесілген. 26.12.1957 ж. ақталған.

Тоқтабаев Кәрім (Ғабдол-Кәрім) Дощанұлы (Досжанұлы) (1892-1936) – «Алаш» партиясының, 1922 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1919-1921 жж. Семей губерниялық халық ағарту бөлімінің қызметкері, Ақмола облыстық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1921-1922 жж. Көкшетау уезінің азық-түлік комиссары, ҚазОАК Қызыл керуенінің уәкілі. 1922 ж. қазанынан 1924 ж. наурызына дейін ҚазКСР ағарту халкомының орынбасары және ҚАКСР Саяси ағарту жұмыстары бас басқармасының бастығы. 1924-1925 жж. ҚАКСР Егін шаруашылығы халық комиссариаты жерге орналастыру бас басқармасының бастығы. 1925-1927 жж. Семей губерниялық атқару комиетінің төрағасы. Қуғындалған. 1933 ж. қазанда тұтқындалған, 1934 ж. сәуірде 5 жылға сотталған. 1934 ж. мамырда үкім Воронеж қаласы жер аудару жазасымен ауыстырылған, 1936 ж. айдауда қайтыс болған. 1958 ж. қаңтарда ақталған.

Шоқаев (Шоқай) Мұстафа (1890-1941) – Сырдария облысы Ақмешіт қаласында туған. Ташкент қаласында гимназия, С-Петербург университетін бітірген, заңгер. 1916 ж. Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылмандар фракциясының хатшысы. Түркістандағы Мұсылмандар Кеңесін (Шура-и-Исламия) ұйымдастырушылардың бірі, Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитетінің мүшесі. Түркістан Мұхтарияты (Қоқан автономиясы) үкіметінің төрағасы, Алаш қозғалысы басшыларының бірі. 1918 ж. ақпанда шет елге мұғажырлыққа кетті. Мұғажырлық жағдайда тәуелсіздік идеясын насихаттап, кеңестік билікке қарсы саяси күрес жүргізген. Түркілік бірлік идеясын негіздеушілердің бірі.

Сарынов Арбаб Нұрымұлы (1899-1962) – Перовск қаласында туған. 1918 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1919-1922 жж. ТК төрағасы, Түркістан майданы айрықша бөлімінің бастығы, Перовск ТК саяси бюросының бастығы, уездік-қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1923-1926 жж. КСРО Халық шаруашылығы орталық кеңесінің Сырдария губерниясы бойынша Шикізат дайындау басқармасының бастығы. 1926-1931 жж. инспекция меңгерушісі, «Қазсауда» тресі директорының орынбасары (Алматы, Қызылорда, Шымкент қалалары). 1931-1934 жж. Бүкілодақтық сыртқы сауда академиясының студенті. 1934-1938 жж. КСРО Халкомкеңесі жанындағы Дайындау комитетінің Қазақстан бойынша уәкілі, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша уәкілінің орынбасары.

Сейдалин Зұлқарнайын – Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі. «Кеңес» астыртын ұйымының мүшесі, хатшысы, революцияның бас кезінде меньшевиктер қатарында болған қайраткер.

Ибрагимов Құсайын – Перовск уезінде туған. Түркістан мұғалімдар семинариясының түлегі. 1918 ж. сәуір айындағы Түркістан Кеңестерінің V съезінде ТАКСР Әділет халкомы болып сайланған. П.А. Кобозевтің жақын жолдасы, онымен бірге қуғындалған.

Жанұзақов – басмашылар жағына өтіп кеткен партия қызметкері.

Қошманбетов Кәрімбай Қошманбетұлы (1897-1930) – Сырдария облысы Әулиеата ауданында туған. 1918 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1918 ж. Әулиеата жоғары бастауыш училищесін бітірген. 1918-1921 жж. уездік атқару комитетінің мүшесі, ТК қызметкері (Әулиета қ.). 1921-1926 жж уездік-қалалық милициясының бастығы, уездік-қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (Әулиеата қ.) 1926-1928 жж. Орал губерниялық атқару комитетінің төрағасы. 1929 ж. ақпаннан мамырына дейін ҚАКСР Сауда халкомының орынбасары. 1929-1930 жж. БК(б)П Іле аудандық комитетінің хатшысы (Алматы округі). ҚазОАК және ТүркОАК мүшелігіне кандидат, мүше.

Тоқжігітов Шаймерден – 1925 ж. «Ақ жол» газетінің редакторы, журналист.

Ходжаев Ф. У. (1896-1937) – 1920 ж. партия мүшесі. 1922 ж. Бұхар халық Республикасы ХКК төрағасы, Сыртқы істер халкомы, 1924 ж түркістан майданы Әскери Революциялық кеңесінің трағасы, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі. 1925-1937 жж. Өзбекстан КСР Халкомкеңесінің төрағасы. Қуғындалған.

Энвер Паша (1881-1922) – Түрік әскерінің генералы. 1921 ж. РКФСР Ұлт істері халкомының Бұхардағы Қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін жасақтау жөніндегі кеңесшісі, кейін Түркістандағы басмашылық қозғалысты басқарды, 1922 ж. жазында Душанбені басып алып, Бұхараға шабуыл жасады. Шайқаста қаза тапқан.

Элиава Ш.З. (1883-1937) – Кәсіпқой революционер.1904 ж. партия мүшесі. 1919 ж. Шығыс және Түркістан майданы Әскери революциялық Кеңесінің мүшесі, Түркістан істері жөніндегі Ерекше комиссияның төрағасы, Түрккомиссия мүшесі.

Ярославский Е.М. (Ильян) (1873-1943) – Кәсіпқой революционер. 1898 ж. партия мүшесі. 1923-1934 ж.ж. Орталық Бақылау комиссиясының мүшесі. 1923 ж. Орталық Бақылау комиссиясы партколлегиясының хатшысы әрі КСРО Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомы алқасының мүшесі.

*** *** ***




ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІН ДАЙЫНДАУДА ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖИНАҚТАР
Азалы кітап-Книга скорби. Атылғандар тізімі: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша. 1998 жыл, Шымкент: «Зерде». -292 б.

Большевистское руководство. Переписка. 1912-1927. Сборник документов /Составити: А.В. Квашонкин...-М.: Российская политическая энциклопедия. (РОСПЭН). 1996.-423 с.

Бөкейханов Ә. Шығармалар.-Алматы: Қазақстан, 1994.-384 б.;

Деятели СССР и революционного движения России: Энциклопедический словарь Гранат. - М.; Сов. Энциклопедия, 1989, - 832 с.

Жизнь и деятельность представителей казахской национальной интеллигенции в Туркестане. (Сборник документов и материалов в двух частях). 1. Ч. /Составители Тилеукулов С., Голованов А.А., Оразымбетов Ш., Тилеукулов Г.С., Косанбаев С., Тилеукулова Г.С.). Шымкент: 2004. -178 с. Красный террор: Политическая история Казахстана (Сборник документальных материалов политической репрессии 20-50-х годов ХХ века). Составители: Койгелдиев М.К., Полулях В.И., Тлеубаев Ш.Б. – Алматы: ТОО «Типография оперативной печати», 2008.-307 с.

Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-1946: Өмірбаяндық анықтамалық. /Ред. М.С. Нәрікбаев (жауапты), Л.Д. Дегітаева және т.б.- Алматы: Қазақ гуманитарлық-заң университетінің баспасы, 2004. -499 б;

Политические репресии в Казахстане в 1937-1938 г.г. Сборник документов. (Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. - Алматы: Казахстан, 1998.-с.336. /Архив Президента РК).

ЦК РКП(б) – ВКП(б) и национальный вопрос. Книга 1. 1918-1933 гг. /Составители Л.С. Гатагова, Л.П. Кошелева, Л.А. Роговая. – М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОСПЭН), 2005. – 784 с.

*** *** ***

ҮШІНШІ БӨЛІМ: ТЕРГЕУДЕГІ СҰРАҚ – ЖАУАПТАР (1937 – 1938)1

(38) ДЕЛО ПО ОБВИНЕНИЮ ЛЕКЕРОВА АЗИМБАЯ (ДЕЛО РЫСКУЛОВА Т.)

(Начато: 20 июля 1937г. стр.51-82.

окончено: 19 ноября 1937г.) Пр. допроса Рыскулова Турара Рыскуловича

№ 05060. от 3 июля 1937 года



Рыскулов Турар Рыскулович, 1884 года рождения, казах, урож. Алма-атинской области, Казахской ССР, бывш. член ВКП (б) с 1917 года, до ареста работал заместителем Председателя СНК СССР.

В.: Вы привлекаетесь к ответственности как один из руководителей пантюркистской Контрреволюционной организации, действовавшей в блоке с центром правых против Советской власти.

Намерены ли Вы дать откровенные показания о всей проводившейся Вами нелегальной контрреволюционной деятельности.



О.: Да, не намереваясь скрывать преступления, совершенные лично мною и другими своими соучастниками по контрреволюционной пантюркистской организации, действовавшей в блоке с центром правых, я хочу дать показания о всем объеме деятельности нашей организации, составе нашего центра, филиалах организации, созданных в Средне-Азиатских республиках Союза ССР, руководителях местных организаций.

Я хочу дать также откровенные показания о блоке, заключенном между центром пантюркистской организации и правыми: Я расскажу также о террористической, диверсионно-повстанческой деятельности панктюркистов, которую мы развили по прямым директивам, центра правых, персонально Рыкова А.И.

Сознавая всю тяжесть совершенного мною преступления, тем не менее, должен заявить, что пришел к выводу, что я должен разоружиться до конца и разоружить всю право-пантюркистскую организацию. Почему я пришел к такому выводу?

Мы, руководители пантюркистской организации считали, что наша пантюркистская организация явится началом широкой тюркской народной партии. На самом деле, как это для меня сейчас совершенно ясно, она никогда не отражала интересов народа и тюркско-татарские массы, своей партией ее не признавали и признавать не будут.

Наша организация, добиваясь капиталистической реставрации, готовила тюркско-татарским народам закабаление, нищету и кровавую расправу.

Я должен признать, что Советская власть, против которой мы боролись, дала тюркско-татарским народам свободную и счастливую жизнь, на которую мы покушались.

Мы формулировали идеи нашей нелегальной организации, как стремление к

созданию независимого тюркско-татарского государства. Фактически дело обстоит

иначе, свободно живущие тюркско-татарские народы на территории СССР, мы хотели отдать во власть Японо-Германского фашизма.

Да, я должен признать себя виновным в том, что, являясь изменником Родины, я на протяжении ряда лет вел контрреволюционную работу.



В.: Переходите к существу. Расскажите подробно, когда и при каких обстоятельствах Вы примкнули к панктюркистскому движению?

О.: Мое сближение с панктюркистами относится к начальному периоду моего пребывания в центре Средней Азии Ташкенте – к концу 1918 года. В 1919-1920 гг. у меня сложились близкие отношения с известным узбекским националистом Мунавар Кары, впоследствии вовлекшим меня в созданную им пантюркистскую организацию "Иттихад-Ва-Таракки" и в числе других я введен был в состав ЦК этой организации. В состав ЦК, "Иттихад-Ва-Таракки" входил также Файзулла Ходжаев.

Еще активнее я был вовлечен в деятельность панктюркистов в к 1920-1921 гг., т.е. после моего ухода с поста Председателя Туркестанского ЦИК-а перехода на работу в Москву в Народный Комиссариат Национальностей.

Прибыв из Москвы в Ташкент за семьей, я встретился с Мунавар-Кары, Низамеддин Ходжаевым и Турсун Ходжаевым Сагдуллай. Последние меня пригласили в дом Турсун Хаджаева на нелегальное совещание и там, в процессе обмена мнений, мы выработали форму связи между собой.

Дело в том, что Мунавр-Кары, Низаметдин Ходжаев, Турсун Ходжаев в то время уже состояли членами ВКЛ(б) и занимали руководящие посты в Туркестанской республике.

Одновременно они являлись основателями нелегальной организации "Иттихад-Ва-Таракки". Поэтому нам следовало договориться о новых формах связи и новых формах нашей тактики.

Содержание разговоров всех нас в квартире Турсун Ходжаева сводилось к тому, что мы верили в победу большевизма, что возможную победу большевизма мы рассматривали как наступление колониальной кабалы над тюркско-татарскими народами. Мы считали, что тюркско-татарские народы обретут свободу только в независимой, созданной по буржуазному национальному принципу республики.

Очередные задачи организации – "Иттихад-Ва-Таракки" мы свели к необходимости добиться во, чтобы то не стало единства действий тюркско-татарских народов, создания мощной вооруженной силы в лице басмаческого движения для организации свержения Советской власти и установления буржуазного порядка во главе с антисоветским правительством.

На этом же совещании я был информирован, что комитеты организации "Иттихад-Ва-Таракки" созданы почти во всех областях Туркестанского края, что установлена связь с басмаческим движением.

К тому времени, мои личные настроения стали еще более резко антисоветскими. Тогдашняя политическая ситуация в стране в моем представлении не предвещала успехов для Советской власти.

Когда я лично анализировал положение внутри страны фронтовую обстановку, соотношение сил, с которыми Советская власть боролась, то приходил к выводу, что свержение Советской власти абсолютно неизбежно. Отсюда я считаю положение советской власти непрочным и безвыходным, я сам начал искать другие силы, которые могли бы, заменить Советы другой властью.

В данном случае, я считаю вполне приемлемым то, что мне было предложено на совещании у Турсун Хаджаева. Признавая организацию "Иттихад-Ва-Таракки" вполне жизненной, я изъявил желание участвовать в ее деятельности, направленной к свержению Советской власти в Туркестанском крае.

Здесь же на совещании у Турсун Хаджаева я был информирован, что членом ЦК "Иттихад-Ва-Таракки" является известный башкирский националист Захи Валидов.

Турсун Хаджаев мне сказал, что Валидов придает большое значение моему участию в данной организации, и хотел бы лично со мной переговорить и что для этого мне следовало бы поехать к нему в Бухару, где он в то время формировал басмаческие кадры.

Будучи ограничен временем, я не мог поехать в Бухару для встречи с Валидовым.

Турсун Ходжаеву я велел снестись с Валидовым и передать о моем согласии активно продолжать участвовать в деятельности "Иттихад-Ва-Таракки".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет