Бөж тақырыбы: Философияның бағыттары мен әдістері



бет3/3
Дата16.03.2022
өлшемі98.98 Kb.
#456320
1   2   3
Б ж та ырыбы Философияны ба ыттары мен дістері (1)

Қорытынды
Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.
Философия жастарға не береді? Ол практикалы ма? Келешек менеджерге, банкирге, бағдарламашыға, дәрігерге, заңгерге, инженерге, мұғалімге, философияны оқу қажет пе? Олар оны өмірлік қызметіне пайдалана ма? Бұл сұрақтарға жауап ретінде ежелгі грек философы Эпикурдің (біздің заманымызға дейінгі 341—270 жастарға айтқан ғасырлар қойнауынан келе жатқан үндеуін еске түсіруге әбден болады. Ол былай деген екен: "Кім болса да, әзірге жас кезінде, философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын". Философия адамға:
— өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз емірінің мақсатын ажыратуға;
— дүние түзілімнің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға;
— шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге;
— кез келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге;
— философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға;
— өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.


Әбішев Қ., «Философия». -Алматы – 2001,264бет
Балшикеев С.Б. «Қазақ философиясы». –Қарағанды - 2011 .
Байсакова М.С. «Философия негіздері». –Алматы -1992, 271 бет
Абдрасилова Г.З. «Философия». – Алматы -2008. 376 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет