Циклограмма



бет5/26
Дата21.06.2023
өлшемі96.29 Kb.
#475281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2 жас маусым

Серуенге дайындық



Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.өзіне-өзі қызмет ету дағдылары

Күндізгі серуен



Аула сыпырушының жұмысын бақылау
Мақсаты:
Аула сыпырушының көктем кезіндегі еңбегі, оның жұмысы туралы балалардың түсінігін толықтыру.
Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тапсырма «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа әңгімелесу.
Көркем сөз
Жақсы бала еңбекшіл, 
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады. 
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым-ай.
Еңбекке баулу:
Аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпыруға көмектесу.
Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдау; еңбекке баулу.
Қимылды ойын: «Затты абайла» қимылды ойыны
Мақсаты:  
Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: сыпырғыш, қалақша, шелек, ойыншықтар.

Өсімдіктер мен бұталарды бақылау
Мақсаты:
-Гүлзар туралы түсініктерін кеңейту.

  • Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау.

  • Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет