Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Адамдар жасушалары культурасын қолдану



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
2.5 Адамдар жасушалары культурасын қолдану. 
Адамдар жасушаларының барлығы дерлік жасанды ортада өмір сүріп, 
көптеген медициналық және биологиялық зерттеулердің объектісі ретінде 
қызмет ете алады. Алайда, культурадағы жасушалардың артықшылығы – 
оларды тірі кезінде микроскоп арқылы бақылауға болатындығында. Қосып 
айта кету керек, жасушалардың культурасы клиникалық тәжірибелерді тең 
дәрежеде ауыстыра алады. Өйткені, мұндай тәжірибелер үшін тәжірибе 
өткізілетін адамдар қажет болушы еді. Мысалы, белгілі бір сұрақтың 
жауабын табу үшін тәжірибеге 1000 адам қажет, бірақ дәл осы тәжірибені 


66
статистикалық тұрғыда кепілдігі бірдей болатындай етіп 100-ақ заттық 
шыныны қолданып та өткізу мүмкін болады.
Жасушаларды 
жасанды 
ортада 
өсірудің, 
зерттеудің 
және 
диагностикалаудың арқасында зерттеу мүмкіншіліктері шексіз сан есе арта 
түсті, өйткені жасушалардың тек морфологиялық және биохимиялық 
өзгерістерін ғана емес, сонымен қатар жасушалардың әртүрлі агенттердің
соның ішінде дәрілік препараттардың әсеріне байланысты мінез-
құлықтарының өзгерісін де көруге болады. Культурадағы жасушаларға 
жасалатын әртүрлі биохимиялық манипуляцияларға қол жеткізу оңай 
болғандықтан, радиоактивті алғы заттар, улар, гормондар және басқа да 
агенттерді қажет концентрацияда және қажетті уақыт бойы енгізіле алады. 
Сол кезде зерттеліп жатырған қосылыстың бауыр арқылы ыдырап, бүйрек 
арқылы экскрециялану қауіпі жоғалады. Жасушалық культураларды 
қолданған кезде, зерттелуші қосылыстың жасушамен әрекеттесу уақытын 
және оның берілген уақыт ішінде концентрациясының өзгергенін бақылау 
оңайға түседі. Осының барлығы зерттелуші қосылыстың зат айналымына ену 
және ары қарай ыдырауын бақылауға мүмкіндік береді.
Жасуша линияларын дәрілік препараттар, детергенттер, косметикалық 
заттар, инсектицидтер және консерванттар ретінде қолданыла алатын әртүрлі 
қосылыстардың әсер ету механизмі және оларды тестілеу үшін қолданады. 
Алынған нәтижелер бүтін ағзаға да белгілі бір түрде әсер етеді деп айту қате 
саналады, алайда зерттеліп жатырған қосылыстың жасушаның бірнеше 
линиясына зақымдаушы әсері байқалса, осы қосылыстың адам ағзасына да 
кері әсерін тигізуін күтуге болады. 
Оған қоса, егер in vivo жасушаларына тән өзгеріс бірнеше ұрпақ бойы 
байқалса, онда бұл кемшілік ұрпақтан ұрпаққа берілетін кемістік болғаны. 
Гендік инженерияның мүмкіншіліктерінің арқасында жасушалардың 
генотипін өзгерту шындыққа айналды. Осы әдістің арқасында біз ағзадан 
мутантты жасушаларды мүкісі бар гендерді in vitro ауыстырып, гендік 
модификацияланған сау жасуша линиясын алып, оны ағзаға қайта енгізуге 
болады.
Осыған байланысты, фибробласттар культурасы кеңінен тарады. 
Фибробласттарды 
тұқым 
қуалайтын 
аурулардың 
патогенезі 
мен 
диагностикасы үшін қолданылудың кеңінен тараған себебі, оларды өсіру 
оңайлығы ғана емес, басты жасушалық элементі фибробласт болып 
табылатын дәнекер ұлпасы дене массасының басым бөлігіне жататыны да 
болып табылады. Оған қоса, фибробласттар көптеген мүшелердің стромасын 
құрайды, олардың морфогенезіне қатысып, микроайналасын жасауға жағдай 
жасайды және жасушалардың қызмет етуі мен дифференциалануы үшін 
маңызы бар заттар болып табылады. Фибробласттарда белсенділігінің өзгеруі 
кейбір жүйке және психикалық ауруларға тән моноаминооксидаза деп 
аталатын фермент болады. Олардың құрамында глюкокортикоидты 
гормонының, инсулиннің және кейбір нейромедиаторлардың рецепторлары 
бар. 


67
1978 жылы Гринберг өсірілуші фибробласттардан алынған ақпарттарды 
in vivo жағдайға да қолдануға болатынын дәлелдеді.
Біріншіден, олар in vitro жағдайда in vivo жағдайдағы жасушалардың 
қасиеттерін, донор ағзаның онтогенетикалық және индивидуалды генотиптік 
қасиеттерін сақтап қалады. 
Екіншіден, ағза жасушалары қасиеттерін толыққанды көрсете алатын 
басқа жасушалар типі әзірге жоқ. 
Үшіншіден, фибробласттарды культураға енгізген кезде пайда болатын 
өзгерістерді оңай анықтауға болады және олардың әсер ету дәрежесін 
қажетті жағдайларды жасау арқылы азайтуға болады. Жоғарыда 
айтылғандардың барлығы фибробласттарды көптеген аурулардың, соның 
ішінде тұқым қуалайтын жүйке аурулар патогенезінің жасушалық, 
биохимиялық, молекулалық аспекттерін зерттеуге жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет