1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#128298
1   2   3

Уақытша жұмыссыздық.

Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде “ жұмысаралық ” жағдайда қалады . Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп , олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді .Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады

( мысалы , құрылыстағы қолайсыз жағдайы ) . Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады .

Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде , олардың орнын басқа жұмассыздар басады . Сондықтан , әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де , осы жұмыссыздық типі қала береді . Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер « уақытша жұмыссыздар » деген термин қолданылады ( Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты )

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді : еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасындағы сәикестілік орындалмайды . Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын

« білімдері » бар деп есептелінеді .

Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып белінеді . Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі , олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары жалақылы жұмысқа араластырады . Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді . Яғни , жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы .
Құрылымдық жұмыссыздық .

Уақытша жұмыссыздық ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық ” деп аталатын екінші санатқа ауысады . Экономистер “ құрылымдық ” терминін құрамдық деген мағанада қолданды. Уақыт өте келе технология мен

-сұраныс құрылымында өзгерістер болды , олар өзалдына еңбек күштеріне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді . Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады . Басқа мамандықтарға , соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді . Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады . Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтіндігіне көздері жетеді ; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп , керексіз болып қалады . сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады . Бұдан соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының “қысқы белдеуден ” - “ жазғы белдеуге ” миграциясы мысал бола алады .

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес . Уақытша жұмыссыздар да “ сатуға болатын ” тәжірибе бар , ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек , ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек . Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді , ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді , сондықтан ол қауіпті болып снылады .



Циклдік жұмыссыздық .

Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде , яғни жалры немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңдепайда болады . Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда , жұмысбастылық төмендейді , жұмыссыздық өседі . Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “ сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық ” деп атайды .

2 Қазақстан Республикасыдағы жұмыссыздықты талдау

2,1. Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық .

Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төменднту көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады . Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама тарады . Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуге бағытталған . Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкідік туғызса , соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді .

Керісінше жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын ұлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады . Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мумкін . Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақа төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады .

Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын жеңілдетіп , бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді . Жәрдем алатын жұмыссыздар жұмасты белсенді іздемейді және олар көбінесе жалдау қарқанының көрсеткішін түсіретін көзқарасы бойынша ұнамсыз ұсыныстарды қабылдамайды . Одан кейін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшыларды жұмыстан шығару шешімін тез қабылдануына әсер етеді , ал ол жұмыстан босату қарқыны көрсеткішінің өсуіне әкеледі .

Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілуі туралы факт , бұл саясаттың қажеттігін білдірмейді . Осының жағымды жағы – жұмысшылардың нақты табыс алатындығына сенім тудырады . Осыдан кейін жұмысшылардың ұнамсыз жұмысқа қарсы болуына жағдай жасап , бұл саясат мүмкін жұмыс күші мен жұмыс орындары құрылымының сипаттамасы арасындағы тура сәйкестікті орнатуға жағдай тудырады . Салыстырмалы нәтижелік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема

Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономистер , көбінесе жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады . Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлеуді ұсынады . Бұндай жүйе жүз пайыздық өтем жүйесі деп аталады , себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді . Қолданыстағы боғдарламалардың көбіішінараөтем жүйесіне негізделген .Осығансәкес жұмысшыны - жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін демінің тек бір бөлігі ғана алынады .Фирмаға жұмыстан босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен , оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшалардан құтылу пайдалы . Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады .



Нақты жалақының қатаңдығы және жұмыссыздықты күту .

Жұмыссыздықтың екінші себебі – жалақының қатаңдығы , яғни оның икемді өзгере алмайтандығынан . Тепе – теңдік еңбек нарығының үлгісіндегі нақты жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады . Бірақ шын мәнінде жанақы әрқашан икемді болмайды . Кейде нақты жалақы тепе – теңдіктен жоғары деңгейде болады .

Бұл мысал жалақы қатаңдығы не себептен жұмыссыздыққа әкелетінін көрсетеді . Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда , нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады . Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады . Сондықтан , нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады .

Жалақының қатаңдығы салдарынан болатын жұмассыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады . Жұмысшылар жұмыссыз болуының себебі олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен емес , берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек сұранысы артық болғандығанан . Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді .

Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін , ең алдымен еңбек нарығы неге тепе – теңдік жағдайға келмейтінін білу керек . Жалақының нақты деңгейі тепе – теңдік нүктесінен жоғары болғанда , ал еңбек ұсынысы сұраныстан көп болса , жұмыс берушілердің жалақы төмендетулерін күтуге болатын еді .Жұмыссыздықты күту болуының себебі , еңбек ұсынысы артық болса да , фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауын айтады

Жұмысқа жалданған жұмысшылар саны .

Ендігі жалақы қатаңдығының үш есебін қарастырайық : ең төменгі жалақы туралы заң қабылдау , кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы .

Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауды , оны тепе – теңдік деңгейге дейін түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғызады . Ең төменгі жалақы туралы заң барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді .

Мысал : 1938 жылы әділетті еңбек жағдайлары заң қабылданған кезде , АҚШ – тың федеральді үкіметі өнеркәсіптегі орташа жалақының 30 бен 50 пайыз шекарасында болатын жалақының ең төменгі деңгейін тағайындайды . Көп жұмысшыларға бұл деңгей проактикалық мағына бермейді , себебі олар белгіленген төменгі шектен анағұрлым көп табады . дегенмен кейбір жұмысшыларға , әсіресе мамандығы және

тәжірибесі жоқтарға белгіленген төменгі шек тепе – теңдік нүктесінен жалақыны көтереді , ал ол фирмалардың осындай еңбекке суранысын қысқартады .

Есеп бойынша , жалақының шегін белгілеу жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздыққа әсер етеді , өйткені әдетте жасөспірімдер жалақысының тепе – теңдік деңгейі өте төмен . Оған екі себеп бар :

Біріншіден , жасөспірімдер ең аз маманданған және тәжірибесі аз жұмыс күшіне жататындықтан , олардың еңбегінің шекті өнімі де үлкен болмайды .

Екіншіден , жасөспірімдерге көбінесе ақшалай түрде емес, белгілі бір « өтем » түрінде өзінің жұмыс орнында мамандықты тегін оқып - үйренуге мүмкіндік беріледі . Оқыту жүйесі классикалық мысал болып келеді . Сондықтан жасөспірімдер үшін жалақының тепе – теңдік деңгейі төмен болып келеді және жалақының шегін белгілеудің жұмысшылардың осы тобы үшін үлкен мәні бар .

Көптеген экономистер жасөспірімдер арасындағы жұмысбастылыққа төмен жалақының әсерін зерттеген . Зертеушілер жұмысқа орналасқан жасөспірімдер санының белгілі уақыт аралығында өзгеруі мен ең төмен жалақының өзгеруін салыстырған . Бұл зерттеулер ең төмен жалақының 10 пайызға өсуінен жасөспірімдер арсындағы жұмысбастылық шамамен 1 – 3 пайызға төмендегенін көрсетеді .

Жасөспірімдік жұмыссыздыққа төмен жалақы туралы заңның әсерінен жеңілдету үшін кейбір экрномистер мен саясатшылар ол заңның жас жұмысшылардың еңбек төлеміне таратылуына қарсы шығады . Бүл жасөспірімдер арасында жұмыссыздықты қысқартуға және оларға оқып – үйренуге және еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік береді . Осындай түрдегі шектелген вариантта ең төмен жалақы туралы заңға түзету 1990 жылы шықты . Алайда бұл шараның қарсыластарға оның мамандандырылмаған ересек жұмысшыларды жасөспірімдермен ауыстыруды туғызатындығын , соның салдарынан халықтың басқа топтары арасында жұмыссыздықтың көбеюіне әкелетінін айтты .

Енді жұмыссыздықты сипаттайтын кейбір қосымша мәліметтерге жүгінейік . Олар жоғарыда қарастырылған жұмыссыздық теориясын және оны қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың шараларын бағалауға көмектеседі .

Айталық , сіз жұмыстыңыз деп есептейік , сіздің ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болуыңыздың ықтималдылығы қанша ? Жауабы өте маңызды , өйткені ол жұмыссыздық себептетін және мемлекеттік саясаттың лайықты шараларын көрсетеді . Бір жағынан егер жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болса , оның уақытша және мүмкін шарасыз болуын болжауға болады . Адамдарға мамандығына және тілегіне жоғары дәрежеде сай келетін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді . Басқа жағынан , ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық - өзге құбылыс , себебі лайықты -жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек . Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады . Осыдан , жұмыссыздық

ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін

Өткен жылдың соңғы көрсеткішітері бойынша 15–24 жас аралығындағы жұмыссыздардың жалпы саны 19.106 мың адамды ( 29 % ) құрады . Бұл көрсеткіш 2003 жылмен салыстырсақ 3 мың адамға , яғни 1,6 % - ға аттық екенін көрсетті . Жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 14,3 % - ды құрап отыр , яғни бұл мемлекет бойынша жұмыссыздықтың орташа 5 – 9 % - ын құрады .

Жұмыссыздықтың деңгейі жылдан жылға әр түрлі көрсекіштермен сипатталады . 2004 жылдың жұмыссыздық деңгейі 8,4 % - ға дейін жетті , егер бұл көрсеткішті 2000 жылмен салыстырар болсақ , мұнда жұмыссыздық деңгейінің 4,4 % - ға төмендегенін байқауға болады . Жұмыссыздардың жаппы саны 658,8 мың адам , яғни бұл көрсетілген уақыт аралығында 247,6 мың адамға , яғни 24,3 % - ға және де 13,3 мың адамға 2 % - ға қысқарған . Қалалы жердегі жұмыссыздардың жалпы саны 416,7 мың адам ( 63,3 %) , соның ішінде жұмыссыздар деңгейі 9,4 % , ал ауылды жерлерде сәйкесінше 242,1 мың адам ( 36,7% ) және 7,1 % .

Біздің облысымыздағы статистикалық мәліметтерге қарасақ өткен жылы 11868 жаңа жұмыс орны ашылып,жоспар181,5 пайызғаорындалды. Нақтылай айтсақ , тоқтап тұрған 2 мекеме , 21 жаңа мекеме іске қосылды , 18 кәсіпорын кеңейтіліп , жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды .

Жұмыссыздарға көрсетілетін келесі әлеуметтік көмек – ақылы қоғамдық жұмыстар . Бағдарлама бойынша межелеген 8000 жұмыссызды осы жұмыстарға тартуға облыстық бюджеттен 54,8 млн теңге қаралған . Іс жүзінде 9530 адам жұмысқа тартылып , бөлінген қаржы толығымен игерілді . Қарыз жоқ Бағдарлама көрсеткіші 119,1 пайызға орындалды . Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда тек бюджет қаржысынан ғана емес , жұмыс берушілер есебінен 1000 – нан аса жұмыссыздавр тартылып , 3,6 млн теңгенің қаржысы игерілді .

Қоғамдық жұмыстардың әлеуметтік маңызын арттыру мақсатында 16 пилоттық жоба жүзеге асырылды . ˝ Тәртіп ˝ жобасы бойынша 182 жұмыссыз тәртіпті сақтау шараларына қатысты . Оған 2,2 млн теңге жұмсалды . Екінші әлеуметтік маңызы бар .˝ Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу ˝ жобасының ерекшелігі , нысаналы топтағы 150 жұмыссызды 6 ай көлемінде ақылы қоғамдық жұмыстарға жібере отырып , нәтижесінде тұрақты жұмысқа орналастырылды . Бұл мақсатқа 4,5 млн теңге жіберілді .

Еңбек нарығының мамандарға деген сұраныстың өсуіне сәйкес жұмыссыздардың кәсіби деңгейін арттыру , негізгі бағыттардың бірі . Жұмыссыздарды кәсіби даярлау үшін оқу орындарын іріктеу конкурстық негізінде мемлекттік сатып алу басқармасы арқылы жүргізіліп , 10 оқу орны жеңімпаз деп танылды .



  1. жұмыссыз азаматтар кәсіби біліктілігін 15 мамандық бойынша

оқып шықты . Осы бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылмаған 1247 жұмыссыз жастар ˝ Шынайы өмір ˝ жобасы бойынша еңбек рыногында жұмыс іздеу, оның ішінде интернет арқылы және өзін жұмыспен қамту мақсатында бизнес – жоспарлау негізіне оқытылды . Мониторинг көрсеткендей , курсты бітіргендердің 54 пайызы өздеріне жұмыс тапқан .

Дей тұрсақ та , облысымызда әлі де болса жалпы жұмассыздар санының кему деңгейі ойландырады . Жалпы саны 75000 – ға жуық адам . Жұмыссыздық деңгейі 7,6 пайыз .

Кәсіби оқу бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуы қиынға соғуда . Жыл қорытындысы бойынша оқуға жіберілгендердің 2 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасты .

Оралмандарды тұрақты жұмысқа орналастыру – шешімін күттірмейтін мәселе . Жұмыс іздеген 242 оралманнан 93 – і ғана жұмысқа орналастырылды . Бұған олардың сауатының және кәсіби біліктілігінің төмендігі де әсер етуде .

2,2. ЖҰӨ және Оукен заңы .

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар ? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады , ал жұмыссыздар атқармайды , осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді .Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік , бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші , экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады .

Суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі . Суретте пиктограмма болып табылады , ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады ( бұл жағдайда – белгілі бір жыл бойынша ) . Горизонталь ось бойынша өткен жылмен салыстырған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген , ал вертикаль ось бойынша – пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген . Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген . Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады , яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен , капиталдың жиналуымен және ғылыми – техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп , 30 пайызды құрады . Сонымен қатар , әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1 пайызға , нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2 пайызға төмендетеді . Сол себепті , жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8 пайызға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды : 3 – 2 х ( 8 – 6 ) = - 7 %

Осыған байланысты , Оукен заңы бойынша , экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1 пайызға төмендейді .

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді :

Y – Y * - β (U –U* )

————

Y*

Мұндағы Y - нақты өнім көлемі ;



Y*- потенциалды ЖҰӨ ;

  1. нақты жұмыссыздық деңгейі ;

U*-табиғи жұмыссыздық деңгейі;

β –эмпирикалық коэффициент.






Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы

6-сурет. Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша- нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағыты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді.



2,3. Еңбек нарығы

Енбек нарығы бұл нарықтың ерекше түрі , онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады .Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады . Еңбек нарығы – экономикаға жағдай көрсетудің айнасы , тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын ,

жұмыссыздықтың сала бойынша , кәсіби біліктілік , демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады . Осы құбылыстар АҚШ тағы еңбек рыногында айқын көрінеді . Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады : ауыл шаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясатында артуы . Себебі бұл сала бойынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналды .

Адамзат тарихының тәжірибесі , адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни , талаптануы , тек нарық , оның ішінде еңбек нарығы жайында ғана іске асатындығын көрсетті . Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным . Әрине , бұл тым ерекше , өзгеше нарық . Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға болады . Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі .

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады . Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық , біреқ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды , өмір сүру ресурстарын болуде теңгермешілікке жол берілді , ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді . Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет , жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды . Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды , ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды . Және де , бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды : кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санына тәуелді болды , олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлердің өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді .

Оның есесіне жұмыскерлерге , белгілі жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмайды . Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұстаным еркіндігі қатаң шектеледі . Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды , олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді .

Кадрларды тұрақтандыруда “ жас маман ” институты , белгілі бір кезеңдегі мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер , тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету , бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылады . Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде , елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу , жұмыстан шығаруға кедергілеріне тірелетін . Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырды . Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды . Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеу керек , ал ол , үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді , соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойында әңбек ету нысанын ауыстырып отырады .

Мысалы , аметикандықтар еңбек ететін өмір бойында , есеппен 7,5 рет жұмыс ауыстырды . Жапонияда , бір бөлегі өмір бойы жалдаумен қамтылған жұмысшылар 206 рет жұмысын ауыстырады екен . Батысевропада бұл көрсеткіш Жапонияға қараған жоғары болды , бірақ АҚШ – тағыдан төмен . Бұл процесс , нарықтық принцптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс . Мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады .

Қазірде жұмыспен қамту саласында , өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында еле,улі қайшылық бар . Оның шиеленісуі – кадрлар тұрақсыздығынан көрінеді . Миллиондаған адамдар , өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады . Ол көбінесе 2 айдан 6 айға созылады . Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды , ал бұл құрылымдық , яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді .

Бұл жағдайлар , қазірде нарықтық экономикаға өту кезеңін бастан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады . Атап өту керек – бұл процес өте шиеленіскен жағдайда өтуде . Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда , ал ол , өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде . Кәсіпкерліктің және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы , жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланысының үзілуі , соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың кадырлардағы өндіріс қуатының пайдаланылмауына , көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда . қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады . Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады . Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе немесе кеміп кетсе нарықтық экономикаға залалын келтіреді . Ал қажетті деңгейдк тұрса , онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды .

Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді . Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі . Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер , яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады . Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек . Жұмыс күшінің өндіріс өндіріс құрал – жабдығымен қосылуын нерықтық әдіспен – сатып алу – сату жолы арқылы жүзеге асады .

Егер жұмыс күшін тауар десек , онда оның құны жайлы әңгіме туындайды . Шын мәнінде , жұмыс күші құнын өмір сүру жабдықтары қажетіліктер құнына теңестіруге болады , яғни жұмыскер мен оның отбасының отбасының өмір сүруі осы қажеттіліктер құнына пара пар болады .

Қазіргі кезде діздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстарғанда адамның еңбегі төмен бағалануда . Мысалы , Шветцияда – 30 , Германияда – 28 , Австралияда – 22 , Францияда – 15 долларды құрайды . Ал Қазақстанда 0,10 доллар .

Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда . Қазіргі кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешіруде . Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді . Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады .

Еңбек нарығы нарық түрінің ішіндегі ең жетілмегені болып табылады . Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер , әдетте , олардың еңбегіне сұранымның бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған . Олар өзінің қаласының шеңберіндегі бос жұмыс орнының барлығын толық білмейді . Ал басқа аймақта жұмыс орнының болуы туралы тіпті хабарсыз . Нарық жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады .Оның мәнісі мынада : өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасау керек , ол болса тұрақты жетілдіруді қажет етеді және бүкіл өмір бойы еңбек еткен кезеңде қызмет сапасы түрін өзгерткені абзал .

Мысалы американдықтар өмірінің еңбек еткен жылдарында жұмыс орындарын орташа 7,5 рет , Жапонияда 2,6 рет , ал Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары . Дамыған елдердегі рынок өзінің өзгермелі коньюктурасына қарай , жұмыскерлердің үштен екісін үнемі оқуға итермелейді . Жапонияда мысалы , әрбір екінші жұмысшы әйтеуір бір жерде оқиды . Осы елде сапа үйірмелері , тәжірибемен алмасу тобы , жаңа технология және еңбек тәсілдерін игеру құбылыстары кең тараған . Швецияда еңбекке байланысты арнайы заң қабылданған . Заң талабына сай ,

әрбір жұмыскерге жұмыс уақытының есебінен кез келген курста оқуға құқылы және ешқашан жалақысын жоғалпайды . Сондықтан да жұмыскердің оқуы мен білім дәрежесі жоғары бағаланды . Бұл процес – нарықтық принципке көшетін экономика үшін қажетті құбылыс . Финляндияда , мысалы осындай орташа мерзім кезінде мамандық та өзгертіледі немесе халық шаруашылығында айналысатындардың үштен бір бөлігі басқа жұмысқа ауысады .

Еңбек нарығында тепе – теңдік сұраным мен ұсыным көмегімен бекітіледі . Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады . Жалақы мөлшері көтерілген кезінде фирмалар тарықтық тепе – теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі қажет , ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраным артады . Жұмыс күшіне деген ұстаным нақты байланысқа іс - әрекет етеді .

Американ ғылым экономисі П. Самуэльсонның ойынша , қоғамдағы еңбекке деген ұстаным төмендегідей факторлармен анықталады :


  • тұрғындардың жалпы санымен ;

  • жалпы тұрғындар санындағы өз бетінше тұратындардың үлесімен құралады ;

  • жыл немесе апта бойынша жұмысшының атқаратын орташа

санымен ;

- жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы , саны және біліктілігімен ;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет