Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Тақырыбы: Өнімнің сапа деңгейін бағалау



бет11/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Квалиметрия

Тақырыбы: Өнімнің сапа деңгейін бағалау

Дәрістің жоспары:


1 Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын (ӨСКН) анықтау.
2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау.
3 Жіктеуші және бағалау көрсеткіштері.
4 Өнім сапасын сараптық бағалау әдістері.

1 Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау кезінде өнімнің сапасының құрамына кіретін және оның техникалық деңгейі мен сапасын бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қасиеттердің сандық сипаттамаларының тізімі белгіленеді.


Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудың маңызы принципиалды, себебі жіберілген қателіктер өнім сапасының шың деңгейі туралы бұрмалаған нәтижесін береді. Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауын дәлелдеу өнімнің белгілену және пайдалану шарттарын, тұтынушылардың талаптарын талдау, өнімнің сапасын басқару мақсаттарын, сипатталатын қасиеттерінің құрамы мен құрылымын, өнімнің сапасына қойылатын талаптарын есепке алуымен жүргізіледі.
Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі келесі: өнімнің түрін (тобын) анықтау; ӨСКН пайдалану мақсатын анықтау; өнімнің сапа көрсеткіштерінің топтарының бастапқы номенклатурасын анықтау; әрбір топ бойынша бастапқы номенклатурасын анықтау; ӨСКН таңдау әдісін анықтау.
Өнімнің түрі (тобы) өнімнің белгілену және пайдалану шарттары бойынша өнімнің классификаторлары (жіктеуіштері) бойынша анықталады.
ӨСКН пайдалану мақсаттары өнімнің сапасын басқару міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
Өнім сапасының көрсеткіштерінің тобының бастапқы номенклатурасы өнімнің жіктеулік топталуына тәуелді көрсеткіштердің қолданулуын есепке алуымен таңдалады.
Өнімнің әрбір тобы бойынша көрсеткіштердің бастапқы номенклатурасы өнім сапасының көрсеткіштерінің жүйесіне нормативтік құжаттар негізінде таңдалады.
ӨСКН таңдау әдісі өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау әдістемелерімен белгіленеді.
2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау әдістемесі МЕСТ 22851 регламенттелген. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау өнімнің сапа көрсеткіштерінің деңгейін тепе-теңдік бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін және оның сапасын құрайтын өнімнің қасиеттерінің сандық сипаттамаларының атауларының тізімін белгілейді. Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дәлелдеу кезінде келесіні есепке алады:
1 өнімді пайдалану жағдайлары мен белгіленуі;
2 тұтынушылардың талаптарын талдау;
3 өнімнің сапасын басқару міндеттерін;
4 сипаттайтын қасиеттерінің құрамы мен құрылымын;
5 өнімнің сапа көрсеткіштеріне қойылатын негізгі талаптарды.
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудың кезеңдері төмендегідей:
өнімнің тобын анықтау;
өнімнің сапа көрсеткіштерінің пайдалану мақсатын анықтау;
өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау әдісін анықтау;
сапа көрсеткіштерінің топтарының тізімін анықтау;
таңдалған топтардың әрбіреуі бойынша сапаның нақты көрсеткіштерінің тізімін анықтау.
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы типтік, айналмалы және нақты болады.
Типті номенклатура сапа көрсеткіштеріне қатысты номенклатура болып есептеледі. Мысалы, кез-келген өнеркәсіпке арналған. Техникалық бұйымдар немесе жалпы қолданысқа арналған өндірістік бұйымға қатысты барлық топтардың толық аралығы. Мысалы, машина және ақпараттардың сапа көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы.
Айналмалы номенклатура бір атауға, не бірдей немесе жақын функцияға иеленетін және параметр құрамы жағынан ұқсас нақты бұйым топтарын бағалау кезінде қолданылатын номенклатура.
Нақты номенклатура өнімнің нақты түрі мен типінің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Бұның көмегімен барлық өнім сипаттамаларын қолданып өнімге толық баға беруге болады.
3 Бақылау кезіндегі рөліне тәуелді нысанның сапасының жіктеуші және бағалау көрсеткіштері болады.
Сапаның жіктеуші көрсеткіштері нысанның жіктеуішінің таңдалған жүйесіндегі жіктеуші топталуына жатуын сипаттайды және типтің белгіленуін, өлшемін, нысанның қолдану саласы мен пайдалану шарттарын анықтайды.
Жіктеуші көрсеткіштерге келесі көрсеткіштер жатады:
1 Өнімнің параметрлік немесе типтік өлшемдік тегін белгілеу үшін қызмет ететін көрсеткіштер (мысалы, вольтметрдің өлшеуінің дәлдігі мен шегі);
2 Өнімнің қолдану саласы мен шарттарын анықтайтын өнімнің орындау көрсеткіштері (мысалы, газ ортасында пайдалану үшін);
3 Өнімнің оның функционалдық мүмкіншіліктерін анықтайтын қосымша құрылғылары немесе қасиеттерінің бар болу көрсеткіштері (мысалы, суға тұраќты).
Бағалау көрсеткіштер нысанның сапасын өндіру және пайдалану процесінде түзейтін қасиеттерін сандық сипаттайды. Олар нысанның сапасын нормалау, оның технологиялық деңгейін бағалау, нысанның сапасын тексеру, бақылау, сынау және сертификаттау үшін пайдаланады.
4 Сараптық әдіс - өнімнің сапасының көрсеткіштерінің мәнін сарапшылармен алу.
Сарапшы – берілген мәселені шешуге құзыретті маман. Зерттеу нысанына қатысты сарапшының құзыреттілігі – кәсіби құзыреттілік, ал зерттелетін мәселені сараптық шешімін қабылдау әдістемесіне қатысты – сараптық құзыреттілік болып бөлінеді.
Сараптық әдіс – сарапшы-мамандардың тәжірибесін және интуициясын пайдалануға негізделген есептерді шешу әдісі.
Сараптық әдіс сапа көрсеткіштерін өлшеу және көрсеткіштердің салмақтық коэффициенттерін анықтау үшін қажет.
Өнімнің сапа деңгейін бағалаудың сараптық әдісі сапа көрсеткіштерінің мәнін анықтауының басқадай объективті әдістерін қолдануѓа мүмкіншілік болмаған жағдайда пайдалануға болады.
Сараптық әдісті келесі жағдайларда қолданады:
өнімнің сапасын жалпы бағалау кезінде;
бағаланатын өнімді жіктеу кезінде;
бағаланатын өнімнің қасиеттерінің көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтаған кезде;
өнімнің қасиеттерінің көрсеткіштерінің салмақтық коэффициентін анықтау кезінде;
өнімнің сапа көрсеткіштерін органолептикалық әдіспен бағалау кезінде;
базалық үлгілерді және сапаның базалық көрсеткіштерінің өлшемсіз мәнін таңдау кезінде;
жекеленген және кешенді көрсеткіштердің жиынтығынын негізінде сапаның қорытынды кешенді көрсеткішін анықтау кезінде;
өнімді аттестациялау және сертификаттау кезінде.
өнімнің сапасын сараптау кезінде балдық бағаларды кең қолданады.
Балдық бағалар сарапшылармен тікелей қойылады немесе бағалау процесін қорытындылау нәтижесінде алынады. Балдық бағаларды тікелей белгілеу сарапшылармен бір-бірінен тәуелсіз немесе талқылау процесінде іске асырылады.
Қабылданған балдық шкалада балдардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Сапа көрсеткіштерін бағалау үшін 5-балдық, 7-балдық және 10-балдық шкалаларды пайдаланады.
Сапаның талдап қорытылған көрсеткішін барлық сарапшылармен қойылған бағаларының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
Сараптық әдісті бірнеше кәсіпорындарымен тендерлік сайысқа ұсынған техниканы таңдау кезінде жиі қолданады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын қалай анықтау керек?
2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауын қалай жүргізеді?
3 Жіктеуші және бағалау көрсеткіштерін атаңыз?
4 Өнім сапасын сараптық бағалау әдістерін қалай қолданады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с.
2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с.
3 Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособие. М.: Издательство МГИ, 1991.-84 с.

№ 8-9 дәрістер (2 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет