Негізгі бөлім I бөлім. СӨз мағынасы (семасиология)


Көркем шығармадағы метафоралық қолданыстар



бет6/9
Дата14.06.2023
өлшемі216.79 Kb.
#475061
1   2   3   4   5   6   7   8   9
слайд

2.2. Көркем шығармадағы метафоралық қолданыстар
Т.Әбдіковтің суреткерлік ерекшелігі көрінетін тағы бір тұс – туындыны баяндау амалы. Шығармадағы оқиғаны қаламгер өз атынан немесе кейіпкер атынан суреттейді. Осы мәселені зерттеуші Б.Шалабаев көркем туындыда оқиғаны баяндаушының 3 түрін анықтайды:
  • ІІІ жақтан («ол» формасында) әңгімелеуші автор;
  • «арнайы» әңгімелеуші (бұл не шығарманың кейіпкері немесе белгілі бір атқа ие әңгімелеуші адам болуы мүмкін);
  • І жақтан әңгімелеуші; [24, 3].

Мысалы, «Жат перзент» әңгімесінде автор оқиғаны бірінші жақтан, яғни бас кейіпкер атынан баяндайды. Сол сияқты «Әке» повесі Сайлау атынан «Оралу» повесі Әбдікәрім атынан суреттеледі. Психиатриялық аурухана дәрігері атынан жеткізілетін «Оң қол» әңгімесі де баяндаудың бірінші жақтық тәсіліне негізделіп жазылған.
Төлен Әбдіков шығармаларындағы көркемдегіш құралдар көп кездеседі. Халық тілінің байлығын жете меңгерген Төлен Әбдіков бейнелі де астарлы көркем құралдарды пайдалана отырып, әдебиетімізді өңдендіріп, ерекше бір реңк берді. Өзінің осындай ажарлау тәсілдері арқылы оқырмандарға түсінікті және қызықты етіп жазған повестері мен әңгімелері халқымыздың әдебиетінде ерекше орын алады. Төлен Әбдіковтің шығармаларының өзіндік стилі бар. Стиль – адам. Ендеше, адамды ұзағырақ уақыт бірге тұрып, бірге жүріп, оның мінез-құлқын, ой-арманын, іс-әрекетін неғұрлым молырақ байқасақ, соғұрлым анығырақ танитынымыз сияқты, стильді де жазушы шығармасын неғұрлым толық, неғұрлым терең тексерсек, соғұрлым айқын анықтай аламыз.
Шеберлік әр суреткердің тек өз шығармашылық мүмкіндігі мен ерекшелігіне байланысты; әр суреткер тек өз қабілеті мен талантының жеткен жеріне дейін ғана шебер. Олай болса, біз Төлен Әбдіковтің шығармаларын оқи отыра, оның қаншалықты талантты, дарынды адам екенін түсінеміз. Бұдан жазушының жаңа қырынан, шеберлігінен танимыз.
Жазушы Т.Әбдіктің шығармаларында көркемдегіш құралдардың түрлері көбірек кездеседі. Соның ішінде метафоралардың қолданыс ерекшелігі:
1. « - Қоян жылы азғантай малымыз қырылып қалды да, туыстары сағалап, жер аяғы құрғасымен Жылындыға көшіп кеттік, - деп бастар еді көп әңгімесінің бірін». ("Әке” повесі, 8 бет). Мұндағы метафора «жер аяғы» автордың тілдің ерекше философиялық белгілеріне тән ойлау қабілетін танытып отыр. Философиялық ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы дүниені танумен байланысты. Автор қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар өзгешелігімен оқырман қауымға әсерлі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет