Сабақтың тақырыбы Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас


Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің



бет2/2
Дата25.02.2024
өлшемі0.73 Mb.
#493142
түріСабақ
1   2
9-сынып Қазақ тілі Бұқаралық ақпарат құралдары 21.02

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары:

  1. Есімше арқылы:

  2. а) Шығыс септігіндегі -ған тұлғалы есімше арқылы: Үлес үстінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан, Тәкежан енді буның өзінен ішіндегі ниетін сұрады (М. Әуезов);

  • ә) есімшелік тұлғаларға -соң шылауының тіркесуі арқылы: Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді (Б. Майлин).

  1. Көсемше арқылы: Сол кезде бұтақ сынып кетіп, Асылып құзға Қайсар тұра қалды (С. Мұқанов).

  2. Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов).

ЖЖ. Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдердің қызметі мен жасалу жолдарына тоқталу. Тыңдалым мәтінінен алынған сөйлемдер негізінде тақырып бойынша екі себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем құрастыру.

  1. Газетті түгел ресми және саяси мақалалармен толтыруға

болмайды. Газеттің әр санында кем дегенде оқырманды қызықтыратын 3-4 мақала болуы тиіс. Журналистер құр қысқа ақпараттармен, жиналыстарға қатысумен ғана тоқтап қалмауы керек.
2) Қазір интернет-басылымдардың саны, ақпарат тарату жылдамдығы артты. Бүгін жазбасаң, ол ақпарат ертең ескіріп қалады. Сондықтан кейбір журналистер алда болу үшін асығып, дәлелденбеген ақпаратты жариялап жібереді. Мақала жазарда, сұхбат аларда сол тақырыпты немесе сұхбат берушіні терең зерттеп барып, іске кіріскен дұрыс.
Дескрипторлар:

  • сұрақтарға нақты жауап береді;

  • мәтіннің негізгі идеясын анықтайды;

  • құрмалалас сөйлемдерді сауатты құрастырады.

Бағалау дескрипторлары бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

http://alashainasy.kz/culture/kazak-jurnalistikasyinyin-alsz-tustaryi-nede

Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс
«3-2-1» әдісі
3 - маңызды ақпарат
2 - қызықты ақпарат
1 - түсініксіз болған жайт
Үйге тапсырма: Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем ереже   оқу. 81-бет,10- тапсырма.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет