Дәріс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы


Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік-аумақтық бөлінуі және экономикалық-географиялық аудандастырылуы



бет2/3
Дата14.03.2022
өлшемі35.06 Kb.
#456221
1   2   3
Дәріс тезистері

1.3 Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік-аумақтық бөлінуі және экономикалық-географиялық аудандастырылуы
Қазақстан Республикасы–тұрақты жұмыс істейтін екі палаталы кәсіби парламенті бар Президент басқаратын президенттік-парламенттік унитарлы мемлекет. Негізгі құқықтық құжат 1995 жылы бүкіл халықтық референдум нәтижесінде қабылданған. Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституциясы болып табылады. Қазақстанды егеменді ел ретінде әлемдік қауымдастыққа енетін барлық елдер танып, олармен дипломатиялық қатынас орнатқан. Бүгінгі таңда БҰҰ, ЮНЕСКО (ғылым және білім, мәдеиет) ФАО (азық-түлік және ауыл шаруашылығы) БДДҰ, ХВҚ, сияқты салалық ұйымдарына, сонымен қатар Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесі, (ОБСЕ), БДРДБ, ЕРДБ, АДБ, Ислам конференциясы, Шанхай ынтымақтастығы, Азиядағы өзара сенім және ынтымақтастық басқада аймақ аралық ұйымдарға мүше. Сыртқы сауда байланыстарының Еуропа мен Азия елдерi арасындағы жүк тасымалының артуы Қазақстан темiр жол транспортық дәлiздерiн қалыптастыруда. Қазақстан үшiн мына көлiк дәлiздерi: “Шығыс-Батыс” (Қытай – Қазақстан – Ресей - Еуропа),“Солтүстiк-Оңтүстiк” Ресей (Санкт-Петербург)-Қазақстан (Ақтау)-Иран-Парсы шығанағы- Үндiстан), “Еуропа-Кавказ-Азия” (Еуропа- Әзербайжан (Баку)- Қазақстан (Ақтау порты-Достық- Қытай) басымдыққа ие болып отыр. Бұрыннан қалыптасқан тарихи-экономикалық байланыстары бар Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерiмен шектесуi, Еуразиялық көлiк күре жолында орналасуы егемендiк алғанан кейiн, 120-дан астам елдермен экономикалық байланыстар орнатуы Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түстi.


Дәріс 2. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру

2.1 Қазақстанның экономикалық потенциалының құрамдас бөліктері;


2.2 Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары;
2.3 Қазақстан Республикасының су байлықтары, жер қоры, агроклиматтық және орман байлықтары.



2.1 Қазақстанның экономикалық потенциалы. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге негіз болатын жағдайларды, қолданылатын табиғат байлықтары мен қаржы көздерін елдің экономикалық потенциалы дейміз. Оған табиғи ресурстық, еңбек қорлары, өндірістік, ғылыми-техникалық әлеует жатады. Табиғи ресурстық әлеуетке ел аумағы мен оның қойнауынан өндірілетін минералдық, жер-су, орман байлықтары сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті өркендетуге негіз болатын жер бедері, климат және басқада орта жағдайлары жатады. Тұрғын халық немесе еңбек әлеуетіне саны, сапасы, тұрмыс деңгейі, ұлт денсаулығы, білімі мен мамандық деңгейі т.б жатады. Өндірістік әлеуетке тұтынушыларға сапалы өнім ұсыныға мүмкіндік беретін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, көлік және коммуникация кешенің даму деңгейі, өндірісті қаржыландыратын бак жүйесі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет