Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет86/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127
Дәрістер мазмұны

Зерттейтін мәселелері: білім беру философиясы, теориялық педагогика, ғылым тарихы, гуманитарлық зерттеу әдіснамасы, отандық және шетелдік гуманитарлық ойдың тарихы, педагогиканың әдіснамалық бағдарлары; құрастыру логикасы [116; 117].


В ершинина Надежда Александровна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалым педагогика әдіснамасы, педагогикалық ғылымтану, бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мәселелерін зерттейді.
Ғалым «Педагогиканың құрылымын зерттеу әдіснамасы» атты монографиясында педагогиканың дамуындағы түрлі ғылыми мектептердің, тұғырлардың, ағымдардың, бағыттардың бірнеше нақты педагогикалық пәндердің болуы педагогиканың құрылымын зерттеуді қажет етеді деп тұжырымдайды.
Н.А. Вершинина өз зерттеуінде жүйелік тұғыр негізінде педагогиканың ғылымдар жүйесіндегі кіші жүйе ретінде қарастырады, педагогиканың пәндік деңгейде ұйымдастырылуының ерекшеліктерін анықтады, педагогиканың жан-жақты дамуын талдауға мүмкіндік беретін ғылымтанудың теориялық қағидаларын басшылыққа алды.
Ғылымтанулық теориялық білімге жататындар:

  1. Нақты педагогикалық пәнді зерттеудің пәндік тұғырын мектепке дейінгі жастағы балаларды бейнелеу өнеріне үйрету әдістемесін зерттеуге пайдаланды, осы әдістеменің даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырды.

  2. Әдістеменің пәндік мәртебесінің когнитивтік стратегиясы әдістемені жеке пән ретінде тануға негіз береді.

Н.А. Вершинина педагогиканың құрылымына педагогика, педагогика тарихы, педагогика әдіснамасы, педагогикалық ғылымтану, педагогикалық ғылыми метрияны енгізді.
Бордовская Нина Валентиновна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Санк-Петербург мемлекеттік университетінің тұлғалық және кәсіби өсу психологиясы мен педагогикасы кафедрасының меңгерушісі. Ғалым жалпы педагогика мен педагогикалық зерттеу әдіснамасы саласындағы танымал ғалым. Ол педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзіндік дамуы, педагогиканың әдіснамалық мәдениеті, педагогикалық модельдеу және жобалау, педагогикалық фактология және праксеология, феноменология және терминология мәселелерін зерттейді.
Сонымен қатар Н.В. Бордовская оқулықтар, авторлық бағдарламалар, оқу құралдарын жазып даярлады. Солардың ішінде «Педагог-зерттеушілерді көпдеңгейлі дайындау бағдарламасы», «Педагог-зерттеушінің ғылыми ізденісінің әдіснамасы» атты кітаптары магистранттарға педагогикалық зерттеу логикасын меңгеру үшін қажет болып табылады.
Н.В. Бордовская «Педагогикалық системология» атты монографиясында педагогикалық жүйетанудың даму көздері мен қалыптасуының алғышарттары, педагогиканың жүйелік қызметін талдау мақсаты, міндеттері, пәні және педагогикалық білімдерді жүйелеу деңгейлері қарастырылды. Педагогикалық жүйетанудың теориялық негіздеріне ғылыми аппарат, семантика мен прагматика алынды. Педагогикада жүйелілік тұғырмен қатар системологиялық тұғырды педагогика әдіснамасы, теория мен практика деңгейінде ашып көрсетті.
Педагогикалық системология педагогикалық шынайылықты практикалық, теориялық, әдіснамалық, ғылымтанулық деңгейде талдауға күрделі жүйелердің тиімді қызмет жасауының жалпыы заңдылықтары тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытты педагогика тарихы саласында әдіснаманы зерттеуші жетекші ғалымдардың бірі Богусла́вский Михаи́л Ви́кторович болып табылады.
М.В.Богуславкий – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының корреспондент мүшесі. Ресей білім академиясының педагогиканың теориясы мен тарихи институтының білім беру мен педагогика тарихы бөлімінің меңгерушісі. М.В. Богуславкий білім беру әдіснамасы, теориясы мен тарихы саласындағы жетекші маман. Профессор педагогика тарихын зерттеудің әдіснамалық тұғырларының жүйесін (парагдималық, өркениеттік, аксиологиялық) жасады, тарихи-педагогикалық материал негізінде эксперимент жүргізудің әдіснамасы мен технологиясын алғаш рет ұсынды, білім беру философиясы саласында ірі зерттеулерді жүргізді.
Дидактикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін жасаушылардың алдыңғы лебінде В.И. Загвязинскийдің орны ерекше.
Загвязинский Владимир Ильич - көрнекті ғалым педагог, ғылыми зерттеуші ұжымды ұйымдастырушы, РБА академигі (1992), педагогика ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975), 1930 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1952 жылы Тюмень пединститутын бітірген, мектептерде және Ишим пединститутында сабақ берді, (1966-1970 жылдары – проректор). 1973 жылдан Тюмень университетінде педагогика жзәне психология кафедрасының меңгерушісі. 1994 жылдан бері РБА Сибирь бөлімі аймақтық орталығының төрағасы. В.И. Загвязинскийдің еңбектерінде педагогтың зертеуін оның еңбегінің жинақталған сапасы, әрі әрекетіне шығармашылық сипат беруші ретінде қарастырады. 1990 жылдан педагогикалық жобалау және инновациялық үдерістер, жоғары мектеп педагогикасы, аймақтық білім беру мәселелерімен айналысады.
В.И. Загвязинский педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері, оқыту үдерісінің кіріккен бөліктері туралы тұжырымдаманы негіздеп, жоғары мектептің дидактикасы мен әдістемесіне зор үлес қосты.
Академик В.И. Загязинский «Методология и методы дидактических исследований», «Противоречия процесса обучения», «Педагогическое предвидение» және басқа да еңбектерінде педагогиканың теориялы іргелі ғылым екендігін негіздеді. Ол 2000 жылдардан бастап Төмен облысы үшін мақсатты бағдарлы білім беру бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға, балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәжірибелік орталық тарын құруға көңіл бөлуде. Педагогика әдіснамасы мәселелерін талқылауғ үнемі қатысып, өз пайымдауларын ортаға салып, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер әдіснамасын жасады.
В.И. Загвязинский педагогика әдіснамасын педагогикалық таным, оны табу үдерісі, түсіндіру тәсілдері (тұжырымдама түзу) және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру мен жетілдіру үшін практикада қолдану туралы, педагогикалық білімнің функциялары мен құрылымы туралы, педагогикалық зерттеудің логикасы мен әдістері туралы, алған білімді практикада қолдану мен жетілдіру әдістері туралы ілім деп есептейді.
Әдіснамалық білімнің құрылымы ретінде В.И. Загвязинский әрекет кезінде нақты іске асатын заңдар мен заңдылықтар, зерттеу амалдарынан тұратын ұстанымдар мен талаптарды қарастырады. Оның ойынша, ұстанымның терең ғылыми негізі және зерттеудің барлық жағдайлары мен нұсқаларында қолданылатындай жалпы сипаты болу керек. В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады.
Ол педагогикалық зерттеудің негізгі ұстанымдары ретінде ғылымилық, логикалық және тарихи бірлік, тұжырымдамалық бірлік, нақтылық пен болуға тиістінің ара қатынасы, оқу – тәрбие жұмысының зерттеушілік және практикалық бірлігін атайды. Автор зерттеудің тұжырымдық бірлігі ұстанымының құрылымында педагогикалық үдерісті зерттеуге жүйелілік және тұтастық тұрғысынан келудің мәнін ашады.
Дидактикалық зерттеудің әдістері мәселесі В.И. Загвязинскийдің монографиясында қарастырылған. Ол дидактикалық зерттеулерде логикалық ойлаудың индукция мен дедукция, анализ бен синтез, моделдеу, салыстыру, жіктеу және жалпылау, абстракциялау және нақтылау, нақтыдан абстрактіге, абтрактіден нақтыға сияқты формаларын қарастырады. В.И. Загвязинский әдістерді жіктеуде оларды эмпирикалық және теориялық зерттеулер әдістері деп бөлуге мүмкін болатынын айтады. Эмпирикалық зерттеу әдістеріне ол әдебиеттерді, құжаттарды және әрекет нәтижелерін зерделеуді, байқау, сұрақ- жауап, бағалау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар, дидактикалық экспериментті жатқызса, теориялық зерттеулер әдістеріне – теориялық анализ бен синтез, абстракциялау – нақтылау және идеализация, модельдеу, теориялық білімді нақтылауды жатқызады. Зерттеу әдістерін іріктеудің өлшемдерінің негізіне мынадай қағидалар ұсынылады: әдістердің объектіге, пәнге, зерттеудің жалпы міндеттеріне, жинақталған материалдарға бара-бар болуы; ғылыми зерттеудің қазіргі ұстанымдарына сәйкестігі; ғылыми болашағы, яғни таңдалған әдістің жаңа, сенімді нәтиже беретінінің негізделуі; зерттеудің логикалық құрылымына сәйкестігі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет