Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін



бет88/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Дәрістер мазмұны

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін мынадай құрауыштар құрайды:
- әлеуметтік педагогиканың өзінің әдіснамасы - ғылымтану ұстанымы тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін тану деңгейі: гносеологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды тану); логикалық-гносеологиялық (таным логикасын танып-білу және технологиялық әлеуметтік-педагогикалық шындықты қалай танып-білу);
- әлеуметтік педагогиканы танып-білу және қайта құру әдіснамасы – субъекті (әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекеттің және әлеуметтік-педагогикалық қызметті және оны бағалауды атқаратын маманның) ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмыстың сапасын танып-білу және бағалау деңгейлері: аксиологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білуге, қайта құруға және бағалауға қажетті) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу, қайта құру және бағалау технологияларын іске асыру тәсілдері).
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдер құрамындағы әдіснамалық ұстанымдар И.А. Липскийдің ғылыми еңбектерінде кеңінен талданған.
Әлеуметтік педагогикада ұстанымдар әлеуметтік оқыту және тәрбиенің негізгі заңдылықтарын көрсетеді, солардан туындайды және сондықтан, өзінің өмір сүруі мен әрекеттерінің обьективтік табиғатын құрайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогтің теориялық негіздемелері мен практикалық қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады. Ұстаным нормативтік-реттеуші қызметті атқарады, белгілі бір заңдылықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын және белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады. Сондай-ақ, И.А. Липский әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мәселелік алаңының дамуына болжау жасап, осы саладағы зерттеулердің деңгейлерінің иерархиясын құрастырып, ізденіс бағыттарының матрицасын ұсынған
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамасын зерттеушілер қатарында Мардахаев Лев Владимирович ерекше құрметке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет