Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет85/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
Дәрістер мазмұны

Замануи әдіснамашы ғалымдар:


С енько Юрий Васильевич (28.01.1941 ж.) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Оның ғылыми, педагогикалық және қоғамдық жұмысы Алтаймен тығыз байланысты. «Ресей университеттері» бағдарламасы аясында жаңа типті мектепке қажет ғылыми-әдістемелік құжаттар жазып дайындауға жетекшілік етті. Ю.В. Сенько «Лицей-университет», «Гимназия-университет» (1992-1995 жж) атты оқу-педагогикалық кешендер ашылды.
Ю.В. Сенько — жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп дидактикасы, педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы, педагогикалық технология, педагогикалық үдерісті гуманитарландыру мәселелері бойынша 33-ге жуыұ ғылыми еңбектердің авторы. Әсіресе оның «Гуманитарные основы педагогического образования», «Педагогика понимания» (авторлық бірлестікте), «Стиль педагогического мышления» және тағы басқа кітаптары педагогикалық ойлаудың гуманитарлық стилін меңгеруге көмектесті. Бұл еңбектер педагог әлемінің кәсіби бейнесі сұрақтарын қамтыды, педагогикалық үдерісті мәдениеттің гуманитарлық феномені ретінде қарастырды.

Қазіргі заманның көрнекті әдіснамашы ғалымдарының бірі - Лукацкий Михаил Абрамович. Оның педагогиканың әдіснамалық бағдарларын түсіндіріуі педагогиканың пәнаралық байланыстарын, ғылым философиясының тұжырымдарын таңдауды негіздеуде пайдаланылды


Л укацкий Михаил Абрамович – педагогика ғылымдарының докторы, прфессор, Ресей білім академиясының Педагогиканың теориясы және тарихы институтының зертхана меңгерушісі. Ғалым білім беру философиясымен, теориялық педагогикамен, ғылым тарихымен, гуманитарлық зерттеу әдіснамасымен, отандық және шетелдік гуманитарлық ойдың тарыхымен айналысады.
М.А. Лукацкий «Педагогика ғылымының әдіснамалық бағдарламалары» атты монографиясында педагогиканың философиямен, ғылым философиясымен, дидактикамен, психологиямен байланысты жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ ол педагогикалық теорияның қызметтерін гуманитарлық әдіснама тұрғысынан негіздеді, педагогикалық семиологияның қалыптасу кезеңдерін нақтылады, тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырларын қарастырды. Сонымен бірге М.А. Лукацкий жазушы Л.Н.Толстойдың өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан жетілдіру мәселелерін терең зерттеуде. Педагогика тарихынан оқу құралдарын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет