Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет20/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
кабель

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.1. сурет OSІ үлгісіне коммуникациялық жабдықтардың функцияларының сәйкестігі 
Маршруттаушы өзіне жүктелген функцияларды орындай алуы үшін оған көпірге рұқсат етілгенге 
қарағанда, желі туралы көбірек ақпарат қолжетімді болуы керек. Желілік деңгейдегі дестенің тақырыбында 
желілік адрестен басқа, мысалы, маршрутты таңдау кезінде қолданылуы керек критерийлер туралы, дестенің 
өмірінің уақыты туралы, дестенің қандай жоғарғы деңгейдегі хаттамаға тиісті екендігі туралы деректер бар.
Қосымша ақпаратты қолданудың арқасында, маршруттаушы көпірге қарағанда дестелермен көбірек 
операциялар жасай алады.
3.1 суретте коммутациялық құрылғылардың тағы бір түрі – шлюз көрсетілген – ол OSI үлгісінің кез-
келген деңгейінде жұмыс істей алады. Шлюз (gateway) – хаттамалардың трансляциясын орындайтын 
құрылғы. Шлюз өзара әрекеттесуші желілердің арасында орналасады және бір желіден келіп түскен 
хабарламаларды екінші желінің форматына аударатын делдал ретінде қызмет етеді. Хаттамалардың бір 
стегін екіншіге трансляциялау желі туралы барынша толық ақпаратты талап ететін күрделі 
интеллектуалдық міндет болып табылады, сондықтан шлюз барлық трансляцияланатын хаттамалардың 
тақырыптарын қолданады.
Беттері көрсетілген негізгі әдебиет 
1. [с.54-57. 267-274]
2. [с.85-87, 109-178] 
Бақылау сұрақтары: 
1. Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі қандай. 


2. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функцинальды аттары қандай. 
3. Байланыс желілері дегеніміз не. 
4. Тораптық адаптерлер дегеніміз не. 
5. Қайталағыштар мен конденсаторлар дегеніміз не. 
6. Көпірлер мен конденсаторлар дегеніміз не. 
7. Маршрутизаторлар дегеніміз не. 
8. Шлюздер дегеніміз не. 
9. OSI үлгілерінің желілер деңгейлерінің коммуникациялық жабдықтарымен сәйкестігін анықтаңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет