Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе


Тақырып. Локальды тораптарды құру және қолдану технологиялары



Pdf көрінісі
бет21/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
кабель

4. Тақырып. Локальды тораптарды құру және қолдану технологиялары. 
 
7. Дәріс. Локальды тораптарды құру.
1. Локальды тораптарды құру мақсатында активті және пассивті құралдары таңдау.
2. Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылатын талаптар.
3. Ethernet технологиясы. CSMA/CD қатынас құруды әдісі. Ethernet кадр 
форматтарының сипаттамасы.
4. 10Base – 5, - 2, - T, -F стандарттары. 
 
Ethernet 
Қазіргі кезде беріліс жылдамдығы 10 Мбит/с шамасына дейін жететін салыстырмалы түрде аса көлемді 
емес компьютерлік желілердің ішінен Ethernet желісі өте кең тараған. Бұл желі әртүрлі мекемелік (соның 
ішінде банктік және кеңселік мекемелер) жұмыстық бекеттерді жергілікті желіге қосу үшін арналған. Желі 
құнының төмендігімен, орнату және пайдаланудың қарапайымдылылығы мен сипатталады. Берілген желі 
түрі бағдарламалық және аппараттық құралдардың айтарлықтай ауқымды түрлері әрекет етеді. Ethernet 
желісін пайдалану барысындағы нәтижелі іс тәжірибелер аталмыш желіні баршаға ортақ, берілісті 
бақылайтын және қақтығыстарды айқындайтын магистралдық желілер үшін арналған IEEE 802.3 
стандартын әзірлеуге негіз етіп алуға мүмкіндік берді.
IEEE 802.3 стандарты арқылы физикалық орта ретінде коаксильды кабельдің екі түрлі, өткізгіштердің 
жұбы және оптоталшықты кабельді анықтады. Сәйкесінше, берілісті ортаның төрт түрлі спецификациясын 
ажыратады: 10BASE5, 10BASE2, 10BASE-T және 10BASE-F. Ең алғашқы болып орталық мыс өткізгішінің 
диаметрі 2,17мм жуан коаксиальды кабельді пайдалану қажеттігін анықтайтын 10BASE5 спецификациясы 
пайда болды. 10BASE2 спецификациясы орталық өткізгіш диаметрі 0,89мм жұқа коаксиальды кабельді 
пайдалану тиімділігін анықтайды.
10BASE5 және 10BASE2 жүйелеріне кіретін кабельдердің негізгі электрлік және механикалық 
сипаттамалары 2.2. кестеде келтірілген. Кабельдің сипттамалары желінің қайталамасыз кабель бойымен 
тарату ұзақтығы, бір сегментке қосылатын бекеттердің максимал саны секілді параметрлеріне ықпал ететіні 
анық. Аталмыш түрдегі кабельдер базасында желілерді бір бірінен ажырату үшін, бірінші мысалда жуан 
Ethernet желісі туралы, ал екінші мысалда жіңішке Ethernet желісі турасында әңгіме өрбіген болатын.
2.2 кесте – Ethernet параметрлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет