Диплом жұмысы корпоративтік бағалы қАҒаздар портфелін басқару



бет14/16
Дата20.05.2022
өлшемі0.91 Mb.
#458299
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
stud.kz-45149

Бәсекені дамыту, бәсекелі ортаны қорғау және табиғи монополиялардың қызметін тиімді реттеу
Мақсаты :Еркін бәсекені одан әрі дамыту, табиғи монополиялардың қызметін реттеу.
Міндеттері:
1. Еркін бәсекелі орта құру және нарықтың барлық субъектілеріне тең жағдай жасау.
2. Инвестицияларды активтерді жаңғыртуға және жаңартуға бағыттауды ынталандыратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру.
3. Бәсекені қорғау жүйесін жетілдіру.
Шешу жолдары: Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
тарифтік және техникалық реттеу функцияларын біріктіретін тәуелсіз салалық реттеуіштерді жасау жолымен реттеуші органдардың рөлін, функциялары мен құрылымын қайта қарау;
экономиканың инфрақұрылымдық салаларында, оның ішінде темір ол саласында, телекоммуникацияда және энергетикада монополияландыруды және келеңсіз экономикалық шоғырландыруды жою, осы салаларда бәсекені дамыту;
жаңа компаниялардың нарыққа, оның ішінде республикаішілік авиатасымалдар нарығына шығуын бөгейтін кедергілерді жою жөніндегі шараларды іске асыру;
үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің міндеттерін заңнамалық деңгейде белгілеу, ашық конкурстар өткізу жолымен монополиялық түрде сатылатын тауарлардың (жұмыстардың және қызмет көрсетулердің) өзіндік құнына елеулі әсер ететін тауарларды (жұмыстарды және қызмет көрсетулерді) сатып алуды жүргізу;
ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға сәйкес тексеріс жүргізу және оны жетілдіру;
монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін барабар шаралар мен айыппұл санкцияларын енгізу;
мұнай өнімдерінің айналымы және газбен жабдықтау, электр энергетикасы саласында халыққа коммуналдық қызметтер көрсету аясында бәсекені дамытуға келеңсіз әсер ететін артық делдал құрылымдарды алып тастау;
тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін, оларда сатылатын тауарлардың бағасын қалыптастырудың айқын тетігін, биржа саудасына қатысушылар арасында адал бәсекені қамтамасыз ететін «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдау;
бәсекені қорғау жөніндегі мемлекеттік органды институционалдық күшейту;
қызметтерді тұтынушылардың бәріне кедергісіз және кемсітпейтін қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің желілері мен қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібін қайта қарау;
табиғи монополиялар субъектілері персоналының санын және олардың шикізат, материалдар, отын, энергияның әр түрлі шығыстарын нормалау тәсілдерін қайта қарау;
мыналарды:
табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін жаңғыртуға салынатын инвестициялық салымдарды ынталандыруға, олардың қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға, менеджментті және қызмет көрсеткіштерін жақсартуға;
табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерді көрсету шығындарын және технологияларын ұтымды етуге;
табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін нормативтік техникалық шығындарының деңгейлерін төмендетуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.
Нәтижелері: Республиканың тауар нарықтарында еркін және адал бәсекені дамыту, нарықтарды монополияландыру дәрежесін төмендету, бәсеке үшін тең жағдай жасау, табиғи монополиялар салаларын қысқарту, реттелетін тауарларға (жұмыстар мен қызметтер көрсетуге) бағаны қалыптастыру тетігінің айқындылығын қамтамасыз ету.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тарифтер деңгейінің айқындылығын, негізділігін және алдын ала белгілі болуын, табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі өндірістік қорларын жаңартуға және жаңғыртуға инвестициялардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруды және оларды өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кешенді жүйесі қалыптастырылатын болады.
Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Мақсаты: Кәсіпкерлікті тиімді дамыту үшін заңнамалық және институционалдық сипатта қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, шағын және орта бизнесті, оның ішінде мемлекеттік холдингтердің қолдауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет