Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асыру барысын зерттеу» 5B051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»


Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар негізінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласын басқару тиімділігін бағалау



бет5/7
Дата23.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Алтайханова-А.-Диплом

2.2 Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар негізінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласын басқару тиімділігін бағалау


Жергілікті билік органдарының еңбек және жұмыспен қамту саласын басқарудың тиімділігін бағалау үшін біз Алматы облысы жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметін талдаймыз.
"Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" орталығы қызметі мекеменің Жарғысына негізделеді, онда жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары айқындалған.
Жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеттері [32]:

  1. халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан, еңбек көші-қонынан қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

  3. баламалы азаматтық қызметті ұйымдастыруға қатысу.

Жұмыспен қамту орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. лайықты жұмыс іздеу мақсатында азаматтарды және жұмыссыз

азаматтарды тіркейді;

  1. келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  • азаматтарға лайықты жұмыс іздеуге, ал жұмыс берушілерге қажетті қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу;

  • еңбек нарығындағы жағдай туралы хабардар ету;

  • қызмет (кәсіп) саласын таңдау, жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту мақсатында азаматтарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру;

  • жұмыссыз азаматтарды психологиялық қолдау, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

  • белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру;

  • ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

  • жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыз азаматтарды, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері қатарындағы 18-ден 20 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды, оқудан бос уақытында 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру;

  • жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына әлеуметтік бейімдеу;

  • жұмыссыз азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына жәрдемдесу;

  • жұмыс берушілердің шетелдік жұмыскерлерді тартудың және пайдаланудың орындылығы туралы қорытындылар алуы үшін ұсыныстар беру;

  • азаматтардың ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін қоныс аударуына жәрдемдесу;

  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды көздейтін бағдарламаларды қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады;

  • жұмыспен қамту орталығын ұстауға және оған жүктелген функцияларды іске асыруға көзделген республикалық бюджет қаражатын алушының функцияларын жүзеге асырады;

  • жұмыспен қамту орталығының кірістер мен шығыстар сметасының жобасын жасайды және аумақтық органға бекітуге ұсынады;

  • жұмыспен қамту, баламалы азаматтық қызмет, еңбек көші-қоны туралы заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, баламалы азаматтық қызмет, Жұмыспен қамту орталығын ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

  • Кәсіптік оқыту үшін бос жұмыс орындары (лауазымдар) мен бос оқу орындарының болуы туралы деректер банкін қалыптастырады, жүргізеді және пайдаланады;

  • жұмыспен қамту орталығының қызметі туралы статистикалық және қаржылық есептілік нысандарын дайындайды және белгіленген мерзімде аумақтық органға ұсынады;

  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;

  • азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, азаматтардың өтініштерін уақтылы және толық қарауды қамтамасыз етеді, олар бойынша шешімдер қабылдайды және өтініш берушілерге жауаптар жібереді;

  • жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерін кәсіби даярлауды, оларды қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және тағылымдаманы жүзеге асырады;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамту орталығының қызметі барысында пайда болған мұрағаттық құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Жұмыспен қамту саласындағы мониторинг бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еңбек нарығындағы жағдайды талдау және болжау болып табылады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және басқарманың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді, ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшыларын жұмысқа қабылдауға, ауыстыруға, демалысқа, іссапарға және жұмыстан босатуға байланысты бұйрықтарды, сондай-ақ негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды рәсімдейді.
Басқарма бөлімшелерінде еңбек тәртібінің жай-күйіне және қызметкерлердің еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген есептілікті жасайды және жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді.

Сурет 13. Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімшелері.
Ескерту-[25] әдебиет лймбойыншав автормен құрастырылған
Ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басты міндеті: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруде ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу.
Бөлімнің басты функциялары:

  • халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді енгізеді;

  • халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруді және (немесе) ұзартуды, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;

  • Алматы облысының әкімдігі, жұмыскерлердің облыстық бірлестіктері және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арасындағы Үшжақты келісім бойынша шараларды жүзеге асырады.

  • жұмыскерлердің облыстық бірлестіктері және Алматы облысының

Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өңірлік келісімдерді бекітуге қатысады;

  • Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аймақтық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады.

Әлеуметтіккөмек және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімі

  • Басқалардың көмегіне мұқтаж қарттарға, ардагерлер, соғыс және еңбек мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерге қажетті кресло-арбалардың, таяқтардың, балдақтардың, тифло және сурдоқұралдардың, протезді-ортопедиялық көмек түрлерінің және санаторлы-курорттық емделудің техникалық мінездемесінің дайындалуын қадағалайды;

  • Мүгедектерді оңалтуды және оларды қажетті техникалық көмекші және арнаулы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету, санаторлы-курорттық емделу жұмыстарын үйлестіреді;

  • Протезді - ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;

«Е-Собес» деректер қорымен жұмыс жасауды ұйымдастырады
Халықты жұмыспен қамту бөлімі
Халықты жұмыспен қамту бөлімі
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады;
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлейтін және жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын үйлестіреді,
Жыл сайын «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспарын әзірлейді;

Сурет 14. Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызмет бағыттары бойынша.
Ескерту-[26] әдебиет лймкөзінен алынған
Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының негізгі қызметтері төрт бағытқа бөлінген, олар:

  • Мүгедектерді әлеуметтік қолдау;

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер; - Шетелдік жұмыс күшін тарту; - Халықты жұмыспен қамту.

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді:
біріншіден, бұл ақшалай төлем;
екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру; үшіншіден, мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, заң кеңесін өткізу, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін алуға жәрдемдесу, тұрғын үй беру үшін және балабақшаларға кезекке қою, сондай-ақ әйелдер консультацияларында есепке алу және өзге де шаралар (секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және мектеп жасындағы балалар үшін тегін тамақтану) төртіншіден, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық- түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек- жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну).
АӘК 2 түрге жіктеледі : шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесі объективті себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға беріледі (үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарды күтуді жүзеге асырады).
Шартсыз ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек өз құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға арналған және әлеуметтік келісімшарт жасалған және адал орындаған жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 3 ай.
Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді.
АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс.
Көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау кезінде әңгімелесу өткізіледі, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету негіздері айқындалады:
- шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу үшін; - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қажеттілігі; - әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігі.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.
Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2020 жылдың 1 тоқсанына орта есеппен 21 302 теңге болып белгіленді .
Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен өңірлерде отбасының әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
2.3 Алматы облысы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижелерін бағалау
2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Алматы облысына 16,1 млрд. теңге қаралды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 3907 адамды кәсіптік оқытуға 2259,3 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1779,4 млн.теңге;

  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2372 адамға 479,9 млн.теңге. 2020 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2536 адам жіберілді. Оқуды 2408 адам аяқтап, оның 2272-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6200,5 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 1094 адамға 4791,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарланған.
2021 жылдың 1 қаңтарына ауылдық жерлерде 1064 адамға 4552,0 млн.теңге, қалада 24 адамға 239,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді. Сонымен қатар, 187 адамға 730,3 млн.теңге қайтарылған қаржы есебінен берілді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3677 адам қамтылды (жоспар 2900 адам).
2021 жылдың 1 қаңтарына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2403 адамға 1331,0 млн. теңге грант берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 7684,6 млн. тенге бөлінді.
Оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына - 217,4 млн.тенгеге 1010 адамға; - жастар практикасына - 598,5 млн.тенгеге 1541 адамға;

  • қоғамдық жұмысқа - 6868,7 млн.тенгеге 18087 адамға.

  1. жылдың қортындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 1375 адам, жастар практикасына 1932 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 19972 жұмыссыз азамат жолданды.

Электрондық еңбек биржасына тікелей жұмысқа 15783 адам орналастырылды.
Кесте 4.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 2021 жылдың 1 ақпанына мәлімет.

жыл

Құрылған жұмыс орыны

Тұрақты жұмыс

Уақытша жұмыс

2021

3289

1010

2279

Ескерту-[25] әдебиет лймбойыншав автормен құрастырылған





  1. жылдың 1 ақпанына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3289 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 1010 тұрақты және 2279 уақытша.

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінушілердің санынан, Бағдарламаға қатысқандардың үлесі 47,8%. құрайды.
Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 5,3% құрайды.
Кесте 5.
«Еңбек» бағдарламасы құрамы бойынша.



Атауы

Саны

1

Әйелдердің үлесі

904

2

29 жасқа дейінгі жастар

2022

3

Жастар практикасына қосылғандар

30

4

Тіркелген үміткерлер

797

5

Тіркелген жұмыс берушілер

416

Ескерту-[25] әдебиет лймбойыншав автормен құрастырылған




Бағдарлама қатысушыларының құрамына кіруге өтініш берген әйелдердің үлесі 27,5% құрайды.
Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген, 29 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 61,5% құрайды. Оның 34,4% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.
Жастар практикасына қатысушылардың саны 30 адам. Тіркелген үміткерлер саны 797 адамды құрайды.
Тіркелген жұмыс берушілер саны 416 адамды құрайды
2020 жылы 48999 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 47988 (97,9%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 23199 тұрақты орындар (48,3 %). Кесте 6. Бағдарламаның бағыттары бойынша.



Бағдарламалар




Жұмыс орны

1

«Индустриялық-инновациялық бағдарламасы шеңберінде

дамыту»

406

2

«Нұрлы жер» бағдарламасы




2243

3

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы

410,

4

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» бағдарламасы

584

5

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша

1226

6

«Аймақты дамыту» бағдарламасы

1187

7

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»

21369

8

жеке бастамалар арқылы

20136.

Ескерту-[25] әдебиет лймбойыншав автормен құрастырылған

Бірінші бағыт –Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:

  1. еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1535 адам оқыту жоспарланып отыр.

  2. жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер (шаштараз, тігінші, визажист, маникюр, кондитер және т.б.) бойынша қысқа мерзімді оқытуға 1965 адам жолданды (жоспар - 2505 адам).

Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2900 адам жоспарлануда,

  1. ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 1094 адамға шағын несие беріледі. Бүгінгі күнге ауылдық жерлерде 567 адамға 2308,9 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

  2. жаңа бизнес – идеялардыіскеасыруға 2142 адамға 1299,2 млн. теңгеге мемлекеттік грант беріліп, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беріледі.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 1233 адамға грант берілді.
Үшінші бағыт Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 20474 адам қамтылды: бос жұмыс орындарына - 8444 адам;

  • әлеуметтікжұмысорындарына - 1306 адам (жоспар – 1058),

  • жастар тәжірибесіне - 1646 адам (жоспар 1564),

  • қоғамдықжұмыстарға – 17522 адам (жоспар – 17529),

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне Солтүстік-шығыс өңірлерге өз бетімен 400 адамнан тұратын 124 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде келесі аймақтар бойынша кестеде көрстелген
Кесте 7.
Солтүстік-шығыс өңірлер бойынша қоныс аударған және жұмыспен қамтылғандар, адам саны.

Қоныс аударғандар


Аймақтар

Адам саны

1

Солтүстік-Қазақстан

109 адам

2

Павлодар облысына

157 адам

3

Қостанай облысына

50 адам

4

Шығыс Қазақстан

84 адам

Тұрақты жұмыспен қамтылғандар

1

Солтүстік-Қазақстан

23 адам

2

Павлодар облысына

80 адам

3

Қостанай облысына

19 адам

4

Шығыс Қазақстан

19 адам

Ескерту-[25] әдебиет лймбойыншав автормен құрастырылған


  • Солтүстік-Қазақстан облысына – 27 отбасы (109 адам);

  • Павлодар облысына - 49 отбасы (157 адам);

  • Қостанай облысына – 16 отбасы (50 адам);

  • Шығыс Қазақстан облысына – 32 отбасы (84 адам).

Қоныс аударған отбасылардың ішінде 141 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде:

  • Солтүстік-Қазақстан - 23 адам;

  • Павлодар – 80 адам;

  • Қостанай – 19 адам;

  • Шығыс Қазақстан - 19 адам.

  • Жұмыспен қамтудың жол картасы

Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде 1040 жоба іске асырылды. Оның 2021 жылдың 1 қаңтарына 982 объектісінде жұмыстар аяқталды(93,9%, 1046), 58 жоба 2021 жылға көшті.
Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы іске асырылған кезден бастап 19565 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 9524 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы.
Жұмыспен қамту жол картасы жобаларына жұмысқа орналасқандардың орташа жалақысы - 89 280 теңге. Материалдық көмек басқа қаладан келген 38 жұмыскерге 3,2 млн. теңге төленді.

  • Әлеуметтік көмек

2020 жылы облыс бойынша аз қамтылған 38,4 мың астам азаматтарға 9 млрд 799,2 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:

  • 4265 отбасына 162,8 млн. теңгегетұрғын үй көмегі төленді;

  • үйде тәрбиеленетін және оқитын 1814 мүгедек балаға 93,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;

-әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез) ауыратын 1300 азаматқа 140,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;

  • 68 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет

өтемақысына 5,6 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;

  • 12550 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға мерекелік және атаулы күндерге 706,3 млн. теңгеге бір жолғы көмек төленді;

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 8,8 млрд.теңге бөлінді, іс жүзінде 18465 отбасына 8 млрд. 691 млн. теңгеге АӘК төленді.
– Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Облыс бойынша 67 мыңнан астам мүгедек тіркелген. 2020 жылы мүгедектерді оңалтуға 5,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:
-5602 адамды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 558,7 млн. теңге;

  • арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге 2121 адам 1029,7 млн. теңге;

  • 4306 протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге 303,9 млн. теңге;

  • 1972 тифлотехникалық құрал сатып алуға 436,5 млн. теңге;

  • 1560 сурдотехникалық құрал сатып алуға 123,1 млн. теңге;

  • 5115 гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 671,7 млн. теңге;

  • 3416 адамды жеке көмекшілер қызметімен қамтамасыз етуге 1767,7 млн. теңге;

  • 453 адамды ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етуге

159,9 млн. теңге бөлінді;

  • оңалтудың техникалық құралдарын сатып алуға 123,8 мың теңге;

  • кохлеарлық импланттарға 33 адамды сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етуге 161,7 млн.теңге. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.

– Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қаңтарына орталықтар қызметімен 2219 адам қамтылды.
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 46 бөлімшеде 4446 адам қызмет алды.
13 ҮЕҰ арқылы 389 адам арнайы әлеуметтік қызмет алды.
МЖӘ шеңберінде күндізгі болу орталығы арқылы 30 мүгедек бала қызметтермен қамтылды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де 93 адам қызмет алды.
«Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ - де 203 адам қызмет алды. – Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызмет www.egov.kz, www.elіcense "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат облысқа бөлінген квота шегінде беріледі.
2021 жылғы 1 қаңтарына берілген, ұзартылған, қайта рәсімделген рұқсаттардың саны - 880, оның ішінде І санат бойынша - 31, ІІ санат бойынша – 157, ІІІ санат бойынша - 368, ІV санат бойынша - 13, маусымдық жұмыстарға - 102 бірлік, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде-209 бірлік.
Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 308,2 млн. теңгені құрады.
2021 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 69 мекеме мен кәсіпорында 751 шетелдік және 13167 қазақстандық азамат еңбек етуде.
– Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы арқылы көрсетіледі. Қызметті алған азаматтарға «Оралман куәлігі» беріледі.

Сурет 15. Оралман куәлігі.

  1. жылы 6695 этникалық қазаққа (3259 отбасына) «қандас» мәртебесі берілді және 503 этникалық қазаққа «қандас» мәртебесі ұзартылды.

«Оралман мәртебесін беру және ұзарту».

  1. жылдың 1 қаңтарына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 7557; оның ішінде : «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға

рұқсат беру және (немесе) ұзарту» -874
«Оралман мәртебесін беру және ұзарту» - 6683
Мемлекеттік қызмет « Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік Даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы негізінде реттеледі.
2020 жылдың 29 желтоқсанына дейін көрсетілген мемлекеттік кызметтің саны – 874, оның ішінде берілген рұқсаттар - 407, рұқсатты ұзарту - 427, қайта рәсімдеу – 40,
4 тоқсанда берілген рұқсаттар саңы - 208. Ал, 2020 жылы барлығы 880 мемлекеттік кызмет көрсетілді(берілген рұқсаттар - 412, рұқсатты ұзарту - 428, қайта рәсімдеу – 40)


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет