Дипломдық ЖҰмыс тақырып кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау «Қаржы және есеп» факультеті «Қаржы» кафедрасы



бет2/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#141498
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Қызмет көрсету спектрі. Желінің техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Интернет желісіне кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп делдалдық қызмет көрсетуге дейін телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру.

Тарату өрісі. Қазақстан республикасының бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде телекоммуникациялар қызметін көрсетуді тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік экономикаға шоғырландыру, сыртқы рынокқа шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай телекоммуникациялық рыноктарында Қоғам тұғырларын енгізу және нығайту. Қазақстанның транзиттік әлеует мүмкіндіктерін тұтастай іске асыру.

Телекоммуникациялар қызметін тұтынушылар. Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет көрсетудің кең көлемді спектрін және жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз ету.

Қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Дәстүрлі арналар (телефондар, факстар, ұтымды аппараттар, Сервис-бюро, Call-орталықтар және т.б.) бойынша да, Парасаттық желі негізінде де телекоммуникациялар қызмет көрсетулеріне қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Абоненттермен өзара әрекет жасаудың интерактивтік түрлерін енгізу (Интернет арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету, оның ішінде ұжымдық қатынау орындары, Интернет-кафе, аударымдық төлем түрлері, CRM-шешімдер және т.б. арқылы).

Сапа. Технологиялық пайдаланудың, тұтынушыларға қызмет етудің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен сапа менеджментінің ISO 9001:2000 жүйесін енгізу.

Кесте 1

"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ – ның КІРІСТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ* (ЕТК – СЫЗ)*

Бабтардың атауы

Кірістер, млн. тенге

2004 жыл

2005 жыл

2006жыл

Операторлық сегмент

21 687

30 174

29 016

Жергілікті байланыс

13 196

15 680

17 212

Шет операторлар абоненттерімен байланыс, ұялы байланыс операторларын қосқанда

12 439

16 009

17 277

Қалааралық байланыс

13 479

13 602

15 151

Халықаралық байланыс

11 416

10 886

12 619

Мәліметтерді тасымалдау жүйесі

4 207

6 237

9 635

Басқа да

3 159

3 343

3 525

Өнімді өткізеден түскен түсімнің барлығы

79 582

95 931

104 434

Ауылдық жерлердегі байланыс операторларының шағандалуы бойынша субсидилер

515

3 627

3 351

Негізгі қызметтен түскен түсімнің барлығы

80 096

99 558

107 785



1- ші кестенің жалғасы

Бабтардың атауы

Кірістер, %

Өсу %

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Операторлық сегмент

27

31

28

139

96

Жергілікті байланыс

17

16

16

119

110

Шет операторлар абоненттерімен байланыс, ұялы байланыс операторларын қосқанда

16

17

17

129

108

Қалааралық байланыс

17

14

15

101

111

Халықаралық байланыс

14

11

12

95

116

Мәліметтерді тасымалдау жүйесі

5

7

9

148

154

Басқа да

4

3

3

106

105

Өнімді өткізеден түскен түсімнің барлығы

100

100

100

121

109

Ауылдық жерлердегі байланыс операторларының шағандалуы бойынша субсидилер

n/a

n/a

n/a

705

92

Негізгі қызметтен түскен түсімнің

барлығы

n/a

n/a

n/a

124

108

* «Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметі бойынша

* Еншілес, тәуелді компанияларсыз





  1. Операторлық сегмент

  2. Жергілікті байланыс

  3. Шет операторлар абоненттерімен байланыс,

  4. ұялы байланыс операторларын қосқанда

  5. Қалааралық байланыс

  6. Халықаралық байланыс

  7. Мәліметтерді тасымалдау жүйесі

Сурет 3. 2004-2006 жылдар аралығындағы « Қазақтелеком » АҚ – ның кірістерінің құрамы.

* «Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметі бойынша


Саланы ырықтандыру факторының әсерінен пайда болған, 2004 - 2005 жылдармен салыстырғанда, 2006ж сала құрамында кейбір өзгерістер пайда болды.

Тікелей қосылу арқылы, «Қазақтелеком» АҚ – ның желісін жанап, ұялы байланыс операторларының желіаралық тасымалдау трафигінің кетуі, кірістер құрамында операциялық сегменттің үлес салмағының азюы өз көрінісің тапты. Егер ол 2005 ж. 31% құраса 2006 ж. ол 28% дейін төмендеді.

2006 жылдың 1- ші қарашасынан бастап 10 секундтық тарификация қадамына өту, шет оператор абоненттерімен байланысынан түсетің табыстың азаюында байқалады ( 2006 ж. бұл бап бойынша үлес салмақ 2005 ж. деңгеде сақталды, яғни 17% құрайды).

Мәліметтерді тасымалдау жүйесі қызметінен түсетін кірістердің үлес салмағы 2005 жылы 7% - дан 2006 жылы 9% - ға дейін өсті.




Кесте 2

"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ – ның ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ* (ЕТК – СЫЗ)*


Бабтардың атауы

2005 жыл,
нақты


2006 жыл,
жоспар б/ша 


2006 жыл,
нақты


Өзіңдік құн :




 

 

Материалдар

3 577 329

3 890 932

3 938 989

Басқа

9 444 438

9 569 834

9 202 227

Амортизация

9 634 932

11 780 818

11 624 564

Шет операторлармен келісу бойынша

19 352 098

16 705 651

16 572 942

Негізгі өндіріс персоналының еңбек ақысын төлеу

15 202 519

16 188 095

18 231 098

Өзіңдік құн барлығы

57 211 316

58 135 330

59 569 820

 




 

 

Кезең шығындары:

 

 

 

Өткізу бойынша шығындар.

1 394 984

1 495 773

1 775 643

Проценттерді төлеу бойынша шығындар

1 782 550

1 810 000

3 127 520

Әкімшілік персоналының еңбекақысын төлеу шығындары.

6 781 314

8 964 496

6 977 108

Басқа жалпы және әкімшілік шығындар.

5 721 616

7 326 869

8 950 130

Кезең шығындарының барлығы

15 680 464

19 597 138

20 830 401

 

 

 

 

Операциондық қызметтің барлық шығындары.

72 891 780

77 732 468

80 400 221

2 – ші кестенің жалғасы

Бабтардың атауы

өсім

2006н к
2006ж, %


2006н к
2005н, %


Өзіңдік құн :

 

 

Материалдар

101%

110%

Басқа

96%

97%

Амортизация

99%

121%

Шет операторлармен келісу бойынша

99%

86%

Негізгі өндіріс персоналының еңбек ақысын төлеу

113%

120%

Өзіңдік құн барлығы

102%

104%

 

 

 

Кезең шығындары:

 

 

Өткізу бойынша шығындар.

119%

127%

Проценттерді төлеу бойынша шығындар

173%

175%

Әкімшілік персоналының еңбекақысын төлеу шығындары.

78%

103%

Басқа жалпы және әкімшілік шығындар.

122%

156%

Кезең шығындарының барлығы

106%

133%

 

 

 

Операциондық қызметтің барлық шығындары.

103%

110%

*Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметі бойынша

* Еншілес, тәуелді компанияларсыз
2006 ж. «Қазақтелеком» АҚ – ның операциялық қызметтен шығындары 2005 жылмен салыстырғанда 10 % - ға өсті. Оған келесі себебтер өз әсерін тигізді:

2006 ж. 1 – ші мамыр айынан бастап, еңбекақы көлемінің өсуі

Есептелген табысты жоспсрлы көлемінен асырғаны үшін, қосымша еңбекақы қорынан, ыңталандыру төлемдерінің өсуі.

«GSM» Қазақстан ЖШС – тің, 2006 ж. қорытындысы бойынша төленген дивиденттерден есептелген табыс салығының ұсталынып қалуы (961,6 млн. теңгеге асуы)

Компанияның корпоративті атағын ұстап тұруға бағытталған шығындардың өсуі ( 148 млн. теңгеге асуы)

Орта және шағын бизнес субъектілеріне коммисиондық сыйақы төлемдерінің ұлғаюы.

Қоғамның басқа ұйымдардың қызметіне қатысу туралы, 2006 жылдың 31 қаңтарында жалпы акционерлер жиналысында қабылданған шешімді іске асыру мақсатында қарыз көлемінің ұлғаюы (бірнеше Қазақстандық телекоммуникация компанияларында қатысу үлесін сатып алу шығыны 1318,0 млн. теңгеге асып түсуі).7

2.2. «Қазақтелеком” АҚ-ның қаржылық жай – күйін талдау
Қаржы менеджментінде қаржылық жай – күйді талдау кезіңде қаржылық коэффициенттердің келесі топтары ең маңызды деп саналады.

1) Өтімділік коэффициенті.

2) Іскерлік белсенділік коэффициенті.

3) Рентабелділік коэффициенті.

4) Төлемқабілеттілік коэффициенті.

Енді әр топтың көрсеткіштерін жеке қарастырайық.



I. Өтімділік коэффициенті. Кәсіпорынның өтімтілігі түсінігі ретінде – оның өз міңдеттемелерін активпен жабу мүмкіншілігі түсіндіріледі. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлемқабілеттілігін білдіреді және оның ағымдағы активтерінің ағымдағы пассивтермен теңдігін білдіреді. Кәсіпорынның өтімділігі жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Өйткені ағымдағы активтердің құрамына әр түрлі айналым құралдары кіреді. Олардың құрамында сыртқы қарыздарды жабу үшін тез өткізілетін активтермен қатар баяу өткізілетін активтер болады.8

Іс–тәжірибеде өтімділік коэффициентінің келесі көрсеткіштері қолданады.



  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті.

  • Жедел өтімділік коэффициенті.

  • Абсолютті өтімділік коэффициенті.

  • Таза айналым капиталы.

Осы корсеткіштердің көмегімен, кәсіпорын өзінң қысқа мерзімді міңдеттемелерін уақытында төлей алама деген сұраққа жауап табуға болады.

1.Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым капиталын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы табылады, және де кәсіпорынның белгілі бір кезеңде, қысқа мерзімді міңдеттемелерін төлеу үшін қаржыларының жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міңдеттеменің бір данасына, ағымдағы активтердің қанша данасы келетінін көрсетеді. Яғни компания қысқа мерзімді міңдеттемелерін қанша рет жаба алатындығын көре аламыз. Жалпы қабылданған халық аралық стандартар бойынша бұл коэффициент бір мен екінің арасында болуы керек деп саналады Төменгі шек айналым капиталының, қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті болу керек екенін көрсетеді. Әйтпесе компанияның банкрот болу қаупі бар. Айналым капиталының қысқа мерзімді мендеттемелерден екі үш есе асып түсуі де нашар көрсеткіш болып саналады. Өйткені ол капитал құрылымының тиімсіз екенін көрсетуі мүмкін. Коэффициентті талдау кезінде негізгі көңіл оның динамикасына аударылуы керек.

2.Жедел өтімділік коэффициенті. Айналым капиталының өтімдірек бөлігімен қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасын ашатын, ағымдағы өтімділік коэффициентінің жеке көрсеткіші жедел өтімділік коэффициенті болып табылады. Халықаралық стандарттар бойынша бұл коэффициент бірден жоғары болуы тиіс. Жедел өтімділік коэффициенті есептеудің қажеттілігі айналым капиталының кейбіреулерінің өтімділігі бірдей еместігінен туындайды. Мысалы: ақша қаражаты ағымдағы міндеттемелерді жабудың негізгі көзі бола алса, ал запастар оларды өткізгеннен кейін ғана бола алады. Ал бұл мақсатта оны сатып алушы және оның қолма-қол ақшасы болуы керек. Өтімділік коэфициентін қолдану кезінде тағы бір шектеуді ескеру қажет. Жоғарыда келтірілген есептеу әдісінен көріп тұрғанымыздай ең өтімді активке ақша қаражаты ғана емес сонымен қоса қысқа мерзімді бағалы қағаздармен таза дебиторлық борышта кіре алады. Жақсы дамыған нарықтық экономика жағдайында бұндай әдіс өзін-өзі толығымен ақтай алады. Өйткені қысқа мерзімді бағалы қағаздар жоғары өтімді актив болып саналады, ал дебиторлық борыш (күмәнділігі жоғары болсада) дамыған нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын, бірқатар ұсынылған заңдар бойынша өз дебиторлық қарыздарын қайтарып ала алады. Талдау үшін жедел өтімділік көэффициентімен ағымдағы өтімділік коэффициентін өзара салыстырып қарастыру пайдалы. Жедел өтімділік көэффициентінің өте төмен болуы компания ағымдағы активтер құрамында ТМЗ – дың үлкен үлес алатындығын көрсетеді. 9

3.Абсолютті өтімділк коэффициент. Ағымдағы активтердің ең өтімді баптары, компанияның банктегі және кассадағы ақша қаражаттары болып саналады. Көптеген жағдайларда ақша қаражаты бойынша өтімділікті бағалау ең тиімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділк коэффициенті деп аталады және де ақша қаражатын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы анықталады. Ол ақша қаражаттары қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігін жаба алатындығын көрсетеді. Бұл өтімділікті бағалаудын ең қатал шегі болып саналады.

4.Таза айналым капиталы. Кәсіпорынның өтімділігін талдаған кезде үлкен мән таза айналым капиталына беріледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның айналым капиталы мен оның қысқа мерзімді міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады. Таза айналым капиталы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін қажет. Өйткені айналым капиталының қысқа мерзімді міндеттемелерден көп болуы, оның өз міндеттемелерін жауып қана қоймай, сонымен қатар өз ісін болашақта кеңейту үшін қаржы көздерінің бар екенін көрсетеді. Айналым капиталын жоғалту немесе құнсыздануы кезіңде (дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебиторлардың банкрот болуы нәтижесінде) таза айналым капиталы кәсіпорынға үлкен қаржылық тәуелсіздік береді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына, таза айналым капиталының аз немесе көп болуы да кері әсерін тигізеді. Айналым капиталының аз болуы кәсіпорынды банкроттыққа әкелуі мүмкін, себебі ол өз қысқа мерзімді міңдеттемелерін төлей алмайтындығын көрсетеді. Жетіспеушілік шаруашылық қызметтің шығындалуы, күмәнді дебиторлық қарыздың көбеюі нәтижесінде болуы мүмкін. Ал таза айналым капиталының қысқа мерзімді міңдеттемелерден өте көп болуы, ресурстарды тиімсіз қолдануын көрсетеді. Мысалға: шаруашылық қызметке қажетті нақты көлемінен акциялардың артық шығарылуы немесе несиені алу, табысты тиімсіз пайдалану және тағы басқалардың нәтижесінде пайда болады.

Кестеде есептелген кәсіпорынның өтімділігіне келетін болсақ, 2004-2005жж. кәсіпорынның ағымдағы және тез өтімділік деңгейі көнілге қонымды болып тұрған. Бірақ 2006 ж. компанияның өтімділік деңгейі күрт төмендеп кеткенің байқауға болады. Компанияның жалпы өтімділігі 0,7 дейін төмендеді. Яғни компанияның ағымдағы активтері ағымдағы міңдеттемелердің 70 - ақ пайызын жаба алады.

Кесте 3

Өтімділікті бағалау*

%


ККоэффициенттер

аты


Формула

2004

2005

2006

Ағамдағы өтімділік коэффициенті

Ағым.Активтер /

Ағым.Міндет-ме

1,6

1,3

0,7


Тез өтімділік коэффициенті

(АА - ТМЗ) /

Ағым.Міндет-ме

0,85

0,69

0,54


Абсолютті өтімділік коэффициенті

Ақша қаражаты /

Ағым.Міндет-ме

0,17

0,14

0,09


Таза айналым капитал

ТАК= Ағым.Активтер - Ағым.Міндет-ме

9,329,040


6277101


-15048230
* «Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметі бойынша автордың есептеуі.
Осыған ұқсас компанияның тез және абсолютті өтімділік коэффициенттері де

нашар көрсеткіш беріп тұр. Абсолютті өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні 0,2 – 0,5 болуы керек. Ал компанияның үш жылына қатар бұл коэффициент 0,2- де жетпей тұр.

2004ж компанияның таза айналым капиталы 9 млр. теңге құраса 2005ж. ол біраз төмендеп 6 млр. теңге құрады. Ал 2006 ж. компанияның таза айналым капиталы тері сан көрсетіп тұр. Егер де кредиторлар өз қарыздарын қайтарып беруді талап ететін болса, онда компанияға қосымша 15 млр. теңге қажет болады. Компанияның 2006 ж. өтімділік деңгейінің нашар болуы, компанияның ағымдағы міңдеттемелердің ішінде қаржылық міңдеттемелердің көбеюі салдарынан болып отыр. Ол ағымдағы міңдеттемелердің 72 % құрайды. Егерде ол 2005 ж. 9 млр. теңге болса 2006 ж. ол 32 млр. теңге құрап отыр. Ал компанияның ағымдағы активтерінің құрамында 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы елеулі өзгерістер болған жоқ.

Егер компания қысқа мерзімді міңдеттемелерін азайтпайтын болса, онда компанияның қиналып қалу мүмкіндігінің болжамы бар. Жалпы айтқанда компанияның өтімділік деңгейі есепті жылы нашар деп айтуға болады.



II.Іскерлік белсенділік коэффициенті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Іскерлік белсенділік талдаудың мақсаты Т –А – Т қағидаты бойынша , ақшаның айналуы арқылы, кәсіпорынның табыс табу мүмкіншілігін бағалау. Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет ерісін салалығын, ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықгай жоғары келеді бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. 10

Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1.Негізгі ңұралдардың айналымдылығы. (немесе қор қайтарымдылығы). Кез – келген кәсіпорының қызметінде, көп жыл бойы қолданып келетін негізгі құралдары болады. Кәсіпорынның сәтті жұмысы үшін негізгі құралдардың бар болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оларды тиімді қолдану қажет.

Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді.



2. Активтердің айналымдылық коэффициентері. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Өнімді өткізуден алынған табысты баланс активінің барлығына бөлу арқылы анықталады және кәсіпорынның барлық ресурстарының тартылу көзіне байланыссыз оның тиімді қолдануын сипаттайды. Яғни табыс түрінде нәтиже

беретін, айналымның және өңдірістің толық цикілінің жыл ішінде қанша рет айналуын көрсетеді.

Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.

3. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады. Есепті жыл ішінде орташа алғанда дебиторлық қарыз қанша рет ақшаға айналғандығынкөрсетеді. Берілген коэффициентке талдау жасау үшін басқа салыстырулардың жоқ болуына қарамастан бұл көрсеткішті кредиторлық қарыздын айналымдылық коэффициентімен салыстыру пайдалы болып келеді. Бұндай тәсілдеме кәсіпорынға басқа компаниялардың ұсынып жүрген коммерциялық несие шарттарын, өзінің басқа компанияға ұсынып жүрген коммерциялық несие шарттарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтауға болады.

Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі оң, ал артуы теріс бағаланады.



4. Кредиторлық борыштың айиалымдылық коэффициеиті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштьщ орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдьшық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.11 Кредиторлық және дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициентін күндерменде есептеуге болады. Ол үшін жыл ішіндегі 360 күнді берілген коэффициентке бөлу қажет. Сонда біз сәйкесінше дебиторлық немесе кредиторлық қарызды төлеу үшін қанша күн керек екенін біле аламыз.



5.Тауарлық материалдық запастардын айналымдылық коэффициенті.

Материалдың айналым қаражатының айналымдыльқ коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде кезеңдегі шығындар мен материалдық - өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.

ТМЗ – ның айналымдылығының тез болуы оның тиімді қолдануын сипаттайды. Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмағай өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.12

Өндіріс пен өнімді өткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің күрт азайғанын куәландырады.

Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет.

Төменгі кестедегі есептелген мәліметтерге келетін болсақ, компанияның қор қайтарымдылығы 2004 ж. 0,97 ,2005ж 0,99 – ды құраса, 2006 ж ол 0,95 – ті құрап отыр. Компанияның өткізуден түскен түсімі жыл сайын өсіп тұруда. Егер 2005 ж. өткізуден түскен түсім 2004 жылмен салыстырған 24% өссе, 2006 ж. ол 42% өсті. Ал негізгі құралдар 2005 ж. 21% көбейсе, 2006 ж. 2004 жылмен салыстырғанда ол 44% өсті. Бірақ компанияның қор қайтарымдылығының өткен жылдармен салыстырғанда төмендеу компанияның 2006 ж. негізгі құралдардың көп болу есебіне болып отыр. Активтердің жалпы айналымдылығы да өткен, жылдармен салыстырғанда азайып отыр. Егер өткен жылы активтердің айналымдылығы 0,61 рет болса 2006 ж. ол 0,48 рет болып отыр. Яғни активтер 2 жылда бір айналым жасайды. Бұл дегеніміз компания активтерін пайдалану тиімділігінің төмендегенің көрсетеді. Оған активтердің



Кесте 4

Іскерлік белсенділікті бағалау*


Коэффициенттер

аты


Формула

2004

2005

2006

Қор қайтарымдылығы

Өнімді өткізуден табыс /Нег. Құралдар

0,97

0,99

0,95


Капиталдың айналымдығы

Өнімді өткізуден табыс /Капитал

0,63


3,7

0,48


Дебиторлық қарыздың айналымдылығы

360

Өнімді өткізуден табыс /Дебиторлық қарыз



8,2

немесе


43

күн


7,3

немесе


49

күн


7,3

немесе


49

күн


Кредиторлық борыштың айналымдылығы

360

өткізілген өнімнің өзіндік құны / кредиторлық қарыз



10

немесе


36

күн


6

немесе


60

күн


5,8

немесе


62

күн


ТМЗ – ның айналымдылығы

360

Өзіндік құн / ТМЗ


9,8

немесе


36

күн


10

немесе


36

күн


10

немесе


36

күн


Операциялық циклдің ұзфқтығы

Дебиторлық қарыз (күн) + ТМЗ (күн)

79

85

85


* «Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметі бойынша автордың есептеуі.

көп болуы,ал өткізуден түскен түсімнің аз болуы өз әсерін тигізіп отыр. Дебитолық қарыздың айналымдылығы орта есеппен (2005-2006 жж.) 7 рет айналым жасайды, яғни 50 күнде айналып келеді. Ал кредиторлық қарыздың айналымдылығы 6 рет, яғни 60 күнді құрайды. Компанияға ұсынылып отырған несие шартын жақсы деуге болады. Себебі компания берген қарызды 50 күнде қайтарып алса, өз қарызын ол 60 күнде қайтарады



III.Табыстылық коэффициенті.

Рентабелділік коэффициенті кәсіпорынның қаншалықты табысты екенін көрсетеді. Бұл коэффициент алынған пайданы немесе алынған табысты өткізілген өнімнің көлеміне бөлу арқылы есептелінеді.

Кәсіпорынның барлық активтерінің рентабелділігі коэффициенті, өткізу рентабелділігі, меншікті капитал рентабелділігі көрсеткіштері Қаржы менеджмент контекстінде жиі қолданылатын көрсеткіштер болып табылады.

1.Кәсіпорынның барлық активтерінің табыстылық көэффициенті. Осы коэффициент таза табысты кәсіпорын активтеріне бөлу арқылы анықталады. Ол 1теңге табыс алу үшін фирма қанша теңге жұмсағанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі көрсеткіштерінің ішінде ең маңыздысы болып келеді.

2. Өткізудең табыстылық коэффициенті. Алынған пайданы өткізілген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өткізу рентабелділігінің негізгі 2 көрсеткіші бар: Өткізуден жалпы табыс бойынша есептеу

Таза табыс бойынша есептеу.

Бірінші көрсеткіш, баға қалыптастыру саясатындағы өзгерістермен, кәсіпорынның өткізген өнімінің өзіңдік құнын бақылауға мүмкіндік береді.

Коэффициенттің динамикасы, бағаны қайта қарау немесе ТМЗ-ны пайдалануды күшейту қажеттігін көрсетуі мүмкін. Берілген көрсеткішті талдау барысында оның деңгейіне ТМЗ-ды есепке алу әдісі елеулі ықпал ететіндігін ескеру қажет. Осы бөлімді талдау кезінде ең маңызды қаржылық мәлімет, таза табысты өткізілген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталатын өткізу рентабелділігі көрсеткіші береді. Нәтижесінде өткізілген өнімнін әрбір 1 теңгесі қанша таза табыс әкелгенін көреміз.



3.Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті. Меншік иелері инвестициялаған капиталды тиімді қолдануын және де бұл көрсеткішті, басқа бағалы қағаздарға салымдар салу нәтижесінде алынатын табыспен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл көрсекткіш таза табысты меншікті капитал құнына бөлу арқылы есептелінеді. Нәтижесінде, меншік иелері салған капиталының 1 теңгесі қанша теңге таза табыс әкелгенін көрсетеді.

Айналымдылық және рентабелділік коэффициенттердің деңгейін бағалау үшін бұл көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру пайдалы болып келеді. Мысалға; таза табыс бойынша есептелінген, барлық активтердің рентабелділігі мен меншікті капитал рентабелділігін салыстыру. Осы көрсеткіштердің арасындағы айырым, компанияның қаржыландырудың сыртқы көздерін тартумен шарттасылған.



4.Ағымдағы активтердің табыстылығы. Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кенінең қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алғанын көрсетеді.

Кесте 5

Табыстылықты бағалау*

(%)

Коэффициенттер

атауы


Формула

2004


2005

2006


Активтер табыстылығы.

Таза табыс /

Баланс


20

20

13

Өткізілген өнім табыстылығы

Таза табыс /

Өнімді өткізуден табыс



30

33

28

Меншікті капитал табыстылығы

Таза табыс /

Меншікті капитал


29

29

23


Ағымдағы активтер табыстылығы

Таза табыс /

Ағым. Активтер


106

123

100



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет