Дипломдық жоба ауыз әдебиетінің ҰСАҚ Үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани қҰндылықтарын қалыптастыру


Бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиеті ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері



бет13/17
Дата04.06.2023
өлшемі152 Kb.
#474672
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
усак улгилер сонгы

2.2 Бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиеті ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа даярлау проблемасын оқып-үйрету тәжірибелік-эксепрменттік жүйе құруға мүмкіндік берді.


Қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы оқушыларды рухани құндылыққа тәрбиелеуге даярлықтың төмендігі және осы бағыт бойынша бірізді әдістемелік жүйенің жоқтығы оқушыларды қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеуге оқушыларды даярлау процесі бойынша бастауыш сынып мектептерінде оқытудың барлық кезеңін қамтитын болғандықтан, экспериментке барлық сынып оқушылары қатыстырылды.
Қалыптастыру экспериментінің мақсаты- қазақ халық ауыз әдебиеті ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеуге Рухани-психологиялық, практикалық, әдістемелік даярлықтарын қаматамсыз ету. Қалыптастыру экспериментінің оқытылуының маңызы үлкен екені белгілі. Өйткені ауыз әдебиеті үлгілері шәкірттердің сөз өнеріне деген қызығушылығын оятуда, Рухани құндылық, имандылық т.б. қасиеттерін қалыптастыруда ерекше рөлге ие. Сол себепті де ауыз әдебиеті үлгілерінің бастауыш сынып оқулықтарында берілу жайы мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтаудың мәні зор болмақ.
Сондықтан да бастауыш білім мазмұнына талдау жасау барысында негізделген тұжырымдарға сүйене отырып, бастауыш сатыда оқытылатын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық тұрғыдан сарапталынып, олар жанрлық және ішкі жанрлық түрлерге төмендегіше жіктелінді.

1 кесте - Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық және іштей мазмұндық жағынан жіктелінуі





р/с

Қазақ ауыз әдебиеті жанры

мазмұны

1.

Жаңылтпаштар.

тұрмыстық заттар, оқу-білім, табиғат құбылыстары, тұрмыстық заттар, көлік, техника,

2.

Жұмбақтар.

аспан, жер-су, адам, оның мүшелері, табиғат құбылыстары, тұрмыстық заттар, көлік, техника, оқу-білім, музыкалық аспаптар, уақыт, мерзім.

3.

Мақал-мәтелдер.

Отан туралы, еңбек пен кәсіп, батырлық-ерлік, ынтымақ-бірлік, адам қасиеттері, өнер-білім, тәлім-тәрбие, тіл өнері, сөз құндылықі, отбасы, туыстық, жақсылық, жамандық, тазалық, денсаулық, табиғат құбылыстары, жан-жануарлар.

4.

Ертегілер.

хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, қиял-ғажайып ертегілері.

5.

Аңыз-әңгімелер.

Қорқыт ата, Асан қайғы, Жиренше шешен, Қожанасыр, Алдар көсе.

6.

Батырлық ертегілер:

Қамбар батыр, Ер Тарғын.

7.

Шығармашылығын жыры (үзінділер):

Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Ер Тарғын туралы.

8.

Төрт түлік жырлары.

Зеңгі баба, Қамбар ата, шопан ата,

9

Өтірік өлеңдер

«Қырық өтірік»

Педагогика ғылымында дидакт-ғалымдардың оқыту әдістеріне қатысты ұстанымдары ескерілді. Атап айтқанда, Н.В.Савиннің[64] сөз әдісі, көрнекілік әдісі, И.Т.Огородниковтің[65] кітаппен жұмыс, әңгіме деп атаған әдістері, сондай-ақ белгілі дидакт-ғалымдар И.Я.Лернер[66], М.Н.Скаткиндердің [67] түсіндірмелі-иллюстративтік, проблемалық, ізденушілік немесе эвристикалық әдістері негізге алынды.


Мектепте оқыту сапасын арттырудың басты шарты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру болса, ол өзінен-өзі оқу үрдісін жетілдіруді қажет ететіні сөзсіз. Оның маңызды компонентінің бірі – оқыту әдістері болмақ. Оқыту әдісі мұғалімнің алға қойған мақсаты мен іс-әрекетінен көрінеді. Мұғалімнің іс-әрекеттері арқылы білім мазмұнын игертуі мен қойған мақсаттарына жетуі қандай оқыту әдісін таңдап алуына байланысты болады. Оқытудың кез-келген әдісі мұғалімнің оқушы іс-әрекетін ұйымдастырудағы мақсатты бағытталған іс-әрекетінің жүйесін көрсетеді. Әрбір оқу пәнінің білім мазмұны мен білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына, оқушының танымдық және оқу іс-әрекеттерінің ерекшелігіне сәйкес оқыту әдістерінің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Белгілі ғалымдар мен әдіскерлердің зерттеуінше, оқыту әдіс-тәсілдерін таңдау оқу пәні материалының сипаты мен оқушылардың даму деңгейіне, олардың осы материалды игеру қабілеттерінің дәрежесіне қатысты болады.
Мектептің бастауыш сатысында ана тілін оқытуда әсіресе, эвристикалық әдісті, шығармашылықпен оқу әдісін қолданудың тиімділігі мол екені дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет