Дипломдық жобаның тақырыбы: «Алматы қаласы Гоголь көшесі бойындағы жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шаралар жасау»



бет2/14
Дата15.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#137265
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


КІРІСПЕ
Жол қозғалысының қауіпсіздігі – бұл көпжақты кешенді мәселе. Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі қазір бүкіл адамзатты толғандырады. Қазір онымен бүкіл әлемнің барлық мемлекеттері мен көптеген халықаралық ұйымдар айналысады. Бірақ, бұған қарамастан жол-көлік оқиғалары (ЖКО) әлі де өсіп бара жатыр. Ал сонымен қатар адам құрбандарының саны да өсуде. Одан басқа зақымданған көліктердің, жойылған жүктердің және қиратылған ғимараттардың саны да өсіп жатыр.

ЖКО санына көптеген себептер әсер етіп жатыр, бірақ олардың ең негізгі себептерінің бірі қала көшелері мен жолдарындағы қозғалыс қарқындылығы болып табылады.

Автомобиль жоғарғы қауіпті құрал болып табылады. Бүкіл әлемде ЖКО-ларда жыл сайын жүздеген мың адамдар өлімі және милиондаған адамдардың жарақаттануы болып жатыр. Экономикаға да орасан зор зиян тиіп жатыр.

Автомобиль біздің өмірге тығыз кіріп кеткен, сондықтан оларды басқарудың шеберлігі, жол қозғалысының жағдайын да бейімделу шеберлігі әр түрлі мамандықтағы адамдардың көбінің қажеттілігі болып табылады. Қазіргі жол қозғалысының қиын жағдайларында барлық жүргізушілердің квалификациясына еш жеңілдіктерсіз бірдей талаптар қойылады.

Жүргізуші жол қозғалысының барысында ең басты келбеті, және қиын- қыстау жағдайларды тек соның біліміне, ептілігіне жол оқығасының болу-болмады тәуелді. Статистика бойынша жүргізушілердің қателегінен және олардың жол қозғалысының ережесін бұзыларынан жыл сайын 70-75% ЖКО болып жатады.

Сондықтан, бүгін реттеу техникалынық жетілуіке, автомобильдер мен жолдардық жақсартылуына қарамастын қозғалыс қауіпсідігі жүргізушелердің қолында, және тек қана қауіпсіздік қана емес, автомобиль көлігінің өндірісі, сонымен қатар, жолдардағы жалпы жағдай.

Қазір жүргізушілерге өте жоғары талаптар қойылады. Ол күрделі қозғалыс жағдайларында кең епті, көлік жағдайларының жетілуін алдын- алу қабілеттілікке не, қозғалыстың басқа қатсушыларына, әсіресе жүргіншілерге, өте ықыласты болу керек. Өсіп келе жатқан қозғалыс қарқындылығы қазіргі жүргізушіден тығыз көлік ағындарында белгелі бір дағдыларды талап етеді. Бұл көлік ағындарында ол қозғалыстық жалпы тәртібіне бағануын қажеттілігісіз орын ауыстырмауға және басып озбауға тырысуы тиіс және қауіпсіз аралықтарды сақтау тиіс.

ЖКО-ларын алдын- алу үшін жүргізушілерде және көлікте пайдалануға лауызымды және жауапты тұлғаларды жол қозғалысының қауіпсіздіғі бойынша жан жақты білімнің болуы өте маңызды. Бірақ мұндай білімдерді алу оңай емес. Әрдайым жеке көліктерге ие жүргізушілердің саны өсіп отыр. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша қәзіргі нормативті база бытырап кеткен. Елімсізде жалпы мемлекеттік нормативтер, халықаралық, респубдикалық құжаттар (ережелер, қаулылар, мемлекеттік сиандартар және т.б.) әрекет жасауда. Салалық ұйымдар, ғылыми мекемелер автомобиль көлігінің апатсыз жұмысының мәселелерімен айланысуда.



1. ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Аймақтың табиғи-климаттық жағдайларының сипаттамасы
Алматы республикалық маңыздағы қала. Республиканың экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы, басты көлік торабы. Бұрын Алматы облысының орталығы Қазақ ССР-нің және Қазақстан Республикасының бас қаласы болған. Қала халқының саны – 1 млн 300 мың адам. Қала ауданы 0,2 мың км2 жерді алып жатыр. 6 қалалық ауданға (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб) бөлінеді.

Алматы қаласы Іле Алатауының жотасының солтүстік беткейінің 900 метрге дейінгі биіктіктегі етегін ала, үлкен және кіші Алматы өзендерінің, ысырынды конусында орналасқан. Төңірегінің табиғаты өте көркем. Алматы дүние жүзіндегі ең көгал қалалардың бірі. Климаты континенттік. Ауаның жылдық орташа температурасы 7,8С, қаңтарда - 8С, шілдеде 22,3С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 мм, көбінесе көктем айларында жауады. Қар жамылғысы жұқа, әрі ұзақ сақталмайды. Қала сейсмикалық ауданда орналасқан.

Алматы еліміздегі аса ірі теміржол және тас жолдар торабының бірі. Алматы теміржол арқылы Қазақстанның барлық облыс орталықтарымен және еліміздің ірі қалаларымен қатынасады. Көршілес Орта Азия республикаларымен тас жол арқылы да байланысады. Алматыдан әуе жолдары да өтеді. Қалалық көлік түрлері: автобус, троллейбус және трамвай. Трамвай жолының ұзындығы 65 км, троллейбус желісі 196 км.
1.2. Гоголь көшесінің сипаттамасы
Дипломдық жобада есептеулер жүргізілетін көше – Гоголь көшесі. Гоголь көшесі Алматы қаласының орталық бөлігінде, Алмалы ауданының территориясында орналасқан. Менің дипломдық жобада Гоголь көшесінің Байзаков көшесі мен Сейфуллин даңғылы арасындағы қиылыстар учаскесі алынған. Ол Гоголь көшесі келесі көшелерімен қиылысады: Байзақов көшесі, Мұқанов көшесі, Мұратбаев көшесі, Шарипов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Масанчи көшесі және Сейфуллин даңғылымен.

Барлық қиылыста бағдаршамдық реттеу бар. Қарастырылған көше учаскесіңде келесідей жол белгілері бар: 2.4 «Жол бер» белгісі, 2.1 «Бас жол» белгісі, 5.12 «Автобус аялдамасы» белгісі, 5.16 «Жүргіншілер өтімі» белгісі, көлік ағынын бөлу жолағы, «Тоқта» сызығы жолақ белгісі және 1.20 «Жүргіншілер өтімі» жол жолақ белгісі.


1.3. Гоголь көшесіндегі 2003-2005 жылдардағы болған жол-көлік оқиғаларын талдау
Жол-көлік оқиғасы – бұл механикалық көліктердің қозғалысы барысында пайда болатын және одан адамдардың өлімі немесе дене жарақатына, не көліктердің, жүктердің, жолдардың, жол және басқа құрылыстардың немесе басқа мүліктің зақымдануына алып келетін оқиға. Әр ЖКО кездейсоқ оқиға болып табылады. Бірақ соған қарамастан ЖКО туралы жиналған мәліметтерді статистикалық талдау нәтижесінде олардың пайда болу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қозғалысты ұйымдастыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мақсатымен жасалған ЖКО талдау негізгі 3 бағытта жүреді:

  1. берілген ауданда немесе көлік жүйесінде апаттылық күйін бағалау және қозғалысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралармен байланысты тенденциясын анықтау;

  2. ЖКО пайда болу себептері мен себепкерлерін анықтау және оларды жою бойынша іс-шараларды жасау;

  3. ЖКО ең көп жиналған ол орындары мен учаскелерін көрсету («апаттылық ошақтары»).

Осы бағыттарға сәйкесінше талдаудың 3 әдісі болады:

  1. сандық;

  2. сапалық;

  3. топографиялық.

ЖКО материалдарын талдау ЖКО-ларды есепке алу Ережелерімен келісімді жасалады.

ЖКО жиналған орындар мен учаскелерді анықтау үшін апаттылық түрлері мен ауыртпалығы, тәулік уақыты, апта күндері, жыл мерзімдері және қозғалыс жағдайлары бойынша жүргізеді. Соның нәтижесінде ЖКО себебің тауып, жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша немесе қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша немесе ЖКО санын төмендету бойынша іс-шараларды жүргізеді.

Алматы қаласындағы Гоголь көшесіндегі 2003-2005 жылдары болған ЖКО-лар мен олардың ауыртпалығы туралы мәліметтер 1.1-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 1.1

2003-2005 жылдардағы ЖКО талдамасы

Көрсеткіштердің аталуы

Жыл


Өсуі, %

Төмендеуі, %

Жыл


Өсуі, %

Төмендеуі, %

2003

2004

2004

2005

ЖКО-лар саны

12

15

25

-

15

18

20

-

Қаза болғандардың саны

2

2

-

-

2

3

50

-

Жарақат алғандардың саны

15

19

26,6

-

19

24

26,3

-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет