Ең соңғысы болмасын. Ей, адамдар абайлашы, «Көркем көңіл-көл»



бет3/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#178548
1   2   3   4

Сеземін сені.
Сеземін сенің күйіңді,

Сағыныш оты жандырған.

Көркіңе көңіл сүйінді,

Мәңгілік жас боп қалдырған.


Сеземін сенің жайыңды,

Қимастық жанды уатқан.

Күндерің көп-ау уайымды,

Ойладың мені таңда атқан.

Сеземін сенің лебіңді,

Самалмен соғар жан жақтан.

Аңсаумен жүрек егілді,

Ойларға түпсіз сан батқам.


Сеземін сенің жаныңның,

Жылуын күннен шуақтан.

Жыр гүлі едің бағымның,

Тұнықсың кәусар бұлақтан.


Сеземін сенің сырыңды,

Қорған боп жанды жұбатқан.

Қуантса тілек ұғымды,

Сағынтып жүрек жылатқан.

12.03.2009жыл.
Ана махаббаты.

Алғашқы сәбиін «кесерово»әдісімен дүниеге әкелген Кентаулық ана Мәрзия апай аяғы ауыр бола тұрып,сол қауіпті әдіспен өмірге келесі сәбиін әкелер алдында өзі қиналса да үйіндегі баласының өмірін тілеп, ойлап,сағынып,көзіне жас алғаны қатты толғандырып, осы өлеңнің жазылуына себепкер болды. Ана махаббатының ұлылығы қайран қалдырып, барлық аналардың қасиетіне бас идім!

Сәбиі ыстық анаға,

Сағынар күндіз түнде де.

Мейірім шіркін дара да,

Сезілер күннен,гүлде де.


Шуағын төккен бұл әлем,

Анамен жылып тұр ма екен?

Жақсылық жанға тілеген,

Ананың жаны-гүл мекен!


Өмірді жалғап,өріліп,

Бәйгеге тігер әз басын.

Ешқашан ана егіліп,

Ешқашан ана азбасын!


Қоғамның жүгін көтеріп,

Еңбекқор,сағы сынбаған.

Перзенті қалса жөтеліп,

Ананың жаны тынбаған.


Әлемді тербер ұлы күш,

Тіршілік ана атынан.

Жердегі барлық құрылыс,

Ананың махаббатынан...

13.03.2009жыл.
Өмірдің ыстық шағы-мән.
Сен білесің бе?

Сағыныш неден маздайды?

Аңсау мен ару үлесінде,

Өртене жүрек жаздайды.


Қиялдап қызық қыр бақты,

Күтумен күндер көмескі.

Жанымда жылу жыр жатты,

Көрсетіп көркем елесті.


Көктеммен бірге көгеріп,

Сағынышыммен тербелгем,

Уайымды әркез шегеріп,

Өзіңсің еркем дем берген.


Өзіңмен өткен күн алыс,

Жүректе тұр ғой жарқырап.

Жаныма деген сұраныс,

Шешілер өзің арқылы-ақ.


Сағындым,тағы сағынам,

Жырларым мені жұбантар.

Өмірдің ыстық шағы-мән,

Жүректе қалып қуантар.


Гүлдеді өрік гүл ашып,

Жүрегім кетті дүрсілдеп.

Мен жайлы ойлап,сұрасып,

Ойладым: «Аңсап, жүрсің»-деп.

16.03.2009жыл.
Таң...

Қараңдаршы,міне атып,таң келеді!

Таза ауасы жаныңа сән береді.

Сұлулыққа талпынсаң ертерек тұр,

Сезімтал жан көп іске мән береді.
Байқаңдаршы,күлімдеп таң келеді!

Жұмбақ дүние бүгін де дөңгеледі.

Әрбір сәттің қадірін біле алмаймыз,

Өкініш боп,түбінде өң береді.


Көріңдерші,алаулап таң келеді!

Көңілдерді сәнді етті ең керегі.

Кешегі күн келмеске кетті тағы,

Әрбір таң өмір-құстың бәйтерегі.


Зер салыңдар,ағарып,таң келеді!

Үміт,сенім,армандар дем береді.

Таңғажайып самалы сананы орап,

Өн бойың сұлулықтан емделеді!


Сезіңдерші,сергітер таң келеді!

Күн сәулесі ерекше рең береді.

Ырыс бақты аңсасаң ертерек тұр,

Несібеңді құдірет тең бөледі!


Қараңдаршы,мөлдіреп,таң келеді,

Сезініңдер елжіреп,ән бөледі.

Қайғы мен қатыгездік ұмыт қалып,

Жақсылық пен жылылық ентеледі!


Қарсы алыңдар,қия алмас таң келеді!!!

17.03.2009жыл.



Сезім гүлі.

Өтінемін,кешірім сұрамашы,

Өзіңсің ғой өмірдің гүл ағашы.

Сезімсің ғой өмірді көркем еткен,

Қуаныштың құпия ғұламасы!
Адамның көңілі қашан тына алады?

Қай кезде өзін танып,ұға алады?

Қатар жүрсе бір-бірін түсіне алмай,

Алыс кетсе сағыныш құралады.


Адамдардың табиғаты тартылар,

Жүректердің түп болмысы-жартылар.

Бүтін болып,өмір сүру үшін де,

Жұбын іздер,ертеңге үміт артылар.


Адамдардың шын сезімі-гүл дастан,

Сезінгендер мөлдіреген түнгі аспан.

Сағынғанды ақ жүректе сақтадық,

Аңсағанды ардақ тұттық қимастан.


Көрікті өмір өрнегіңді өрумен,

Жылы сөз бен ыстық тілек-дәрумен.

Өмір неткен таңғажайып тылсымсың,

Тым қымбатсың сүйіп,жақсы көрумен!

18.03.2009жыл.
Сенсің...

Өмірімнің өрнегі,

Аққуымсың көлдегі,

Тұнығымсың шөлдегі,

Сенсің гүлім!
Көңілімнің көркемі,

Жақсылықтың желкені,

Елжіретер ертегі,

Сенсің күнім!


Шаттығымның шырағы,

Бақытымның тұрағы,

Қорғанымсың қырағы,

Сенсің нұрым!


Шабытымсың шөлдеткен,

Сағынышым селдеткен,

Табиғатым тербеткен,

Сенсің сырым!


Жүрекке гүл еккен,

Тұратын тіректен,

Өмірім бір өткен,

Сенсің жырым!

24.03.2009жыл.

Тұнық судай мөлдіреп...

Тұнық судай мөлдіреп,

Емірене елжіреп.

Көктемдей болып сен тұрсың,

Өзіңмен көңіл сергімек...
Жүрекке сөзің гүл еккен,

Үніңді есітіп дір еткем.

Қия алмай,қимай өзіңді,

Көкжиектен күн өткен...


Биікте өскен шынарсың,

Көңілім қашан тынарсың.

Сағынған жанның қадірін,

Аңсаумен ғана ұғарсың...


Толассыз төкті жаңбыр да,

Жан бітірді сан қырға.

Көңілім неге алаңдар?

Сағынышта мәңгі мән тұр ма?


Қонақпыз тәнде,біле біл,

Қайталап келмес гүл-өмір.

Өмірді жалғар қыз болса,

Қозғаушы күші,жүрегі-ұл!

25.03.2009жыл.

Сезерсің...

Сағыныш мені кетті орап,

Жалында тағы жандырды.

Сырласым болды ақ парақ,

Жүректің ізін қалдырды.
Көктемім жайып нұр құшақ,

Сәулесін төкті аялай.

Жазатын жанды жырға ұқсап,

Сол бір бақ қайда айнам-ай?


Шыршасы тартып,мөлдіреп,

Емені бейне баладай.

Ақ қайың ару елжіреп,

Құлпыра түскен қарағай.


Үйеңкі біткен үйлесіп,

Теректер тұр ма таранып?

Керемет мұнда күй-бесік,

Жиналған сұлу бәрі анық.


Аңсары ауып аршаның,

Келіншек талға «Келші»-дер.

Сұлулық сүйер баршаның,

Сағынар жері осы жер!


Көркемді көріп көзбенен,

Еркелеп естен айырыла.

Жеткізе алмай сөзбенен,

Келерсің қайта қайырыла.


Табиғат тартып тартуын,

Сұлулық сыйлар сымбатын.

Сезерсің бойдың балқуын,

Сезерсің өмір қымбатын!

Сезерсің өмір қымбатын!

31.03.2009жыл.


Тыңдай біл әрбір сәтте ішкі үніңді!!!

Бақыттымын!!!

Бөліскім келер тағы бақытымды,

Шабыттың арғымағы ағытылды.

Өмірдің бар қызығын иелендім,

Жырымнан тапқандаймын жақұтымды!


Қуанамын!!!

Бөліскім келер тағы қуанышты,

Көңілден тапқандаймын сұранысты.

Еліме елжіреген иілемін,

Құрметім қарсы алдымнан құрақ ұшты!
Сүйінемін!!!

Бөліскім келер тағы сүйінішті,

Ақынның кім түсінер күйін ішкі?

Көктемнің келбетіндей көңіл бөлек,

Сезімім сеніміммен іліністі!
Шаттанамын!!!

Бөліскім келер тағы шаттығымды,

Қуаныш болмас мұндай тап бүгінгі.

Арман не ақтай алсаң аманатты,

Адам боп сақтай алсаң пәк гүліңді!
Тыңдай біл әрбір сәтте ішкі үніңді!!!

02.04.2009жыл.


Қоштасу.
Қоштасу қиын екен, жанға батты,

Қу жалған аз-ақ екен алдамапты.

Жүректе найзағайым күркіресе,

Табиғат ақ жауынмен жылап жатты.


Құдірет бар пендені сынамақ-ты,

Жаратып әсем әлем,гүл алапты.

Қуантып келгенімен саз тіршілік,

Ешқашан мәңгілікке тұра алмапты.

Өмір-ай,жаралғансың сұлулықтан,

Тұратын суықтықтан,жылылықтан.

Мәңгілік тартылыстай көрінесің,

Күн батса атуға асық,құнығып таң.


Бәрі алда неге сонша жасыдыңыз?

Тек өмір болсын сіздің ғашығыңыз.

Берілген өткінші өмір құдіреттен,

Парызды орындауға асығыңыз.


Қоштасу қиын екен, қалар елес,

Жақсыдан мәңгі азық алған кеңес.

Қоштасу сағындырып, кездестірер,

Өкінбе, бұл өмірдің соңы емес...

03.04.2009жыл.
Тілегім-тірегің!

Сұлусың неліктен?

Аумайсың еліктен!

Келбеттен көркейіп,

Уайымды кеміткем!
Бейнебір гүл ме едің?

Тылсым бір үнде едің.

Жүрекпен,тілекпен,

Мәңгілік біргемін!


Ерекше күн едің!

Ең нәзік гүл едің!

Жаныңды жылытар,

Тілегім-тірегің!

03.04.2009жыл,
Жүрекке жақын осы шақ!

Есіттің бе бұлбұл құстың сайрауын?

Таң келеді,қарашы өмір жайнауын.

Біраздан соң бүкіл әлем оянып,

Қауыштырар қуаныштың қойнауын.
Таң нұрымен жақын маған осы шақ,

Түннен күн боп айырылады қос құшақ.

Көк шалғынға шық түскені байқалар,

Ару қыздың көзіндегі жасқа ұқсап.


Тылсым дүние,таң келеді ағарып,

Жердің беті нұр шашады жаңарып.

Әрбір күнің күреспенен көркейсе,

Әрбір таңда үміт,сенім,жаңалық.


Қарап тұрсақ бір күн қызық бір күннен,

Жастық шақтан кете алмаймыз шіркіннен.

Уайым бітер,бәрі орнына келеді,

Күн боп күлші, мен танимын күлкіңнен!


Сәуле төгіп,күн көрінді тау жақтан,

Сағынышым саған қарай самғатқан.

Осы ма екен бұл өмірде мағына?

Өз өмірін өзге үшін арнатқан...

04.04.2009жыл.
Рух күші. (поэма)

Қыз әкесі төрт жыл бойы,

Орынынан қозғала алмай,

Байыпты нақ сөзге оралмай,

Тар төсекте ішқұса боп жатқаны.

Болған үш қыз,екі ұл тойы,

Бүгінгі күн тас қамалдай,

Жаутаң жанар жасқанардай,

Мың ойлармен қаншама атты ақ таңы.
Бар әлемге жайып құшақ,

Күн-түн еңбек еткені.

Қолға ілінген көктегі.

Кішкентай қыз жақын еді әкеге.

Ауыр науқас,байлап,тұсап,

Жұмбақ болып жеткені.

Кешегі күн ұмыт тарих беттері,

Қажылық та,барып қайтқан Меккеге.


Денсаулық-ай, асқан байлық,

Ешнәрсе де тең келмейді екен-ді.

Қалай қиып, кетер ғажап мекенді,

Кіші қыздың тойын жасап,көре алмай,

Өзін түйіп,тас қамал қып,

Намыс езіп,қинала бір жөтелді.

Денсаулықсыз бақыт,байлық бекер-ді.

Ешнәрсе де керек болмас о Алла-ай.


Қыз бой жетіп тал шыбықтай,

Көзге түсті көркімен.

Шарпылғанда махаббаттың өртімен,

Жігіт жақтан құда түскен қарбалас.

Өн бойына шаң жуытпай,

Ерді сүйіп,еркімен,

Айнымастай болды жастар сертінен,

Жүрек жанып, жандарында жанталас.


Қайран әке алысты аңсап,

Қай жерлерде қате қадым басқанын,

Есеп берген,өмір екен қас қағым.

Тұнжыраған,бұл жалғаннан не ұтты?

Жете алмаған ой түбіне мың шаршап,

Көтерердей намыс,жігер-асқақ үн.

Көзбен шолып ауылының жастарын,

Іштен тынып,булықты.


Кенже қызы орны бөлек,

Жүрегінің жұлынғандай жартысы.

Бұл қорлыққа шыдайды ма нар кісі?

Ақ батасын бере алмады-ау қол жайып.

Туған туыс келген елеп,

Ерге елдің алғысы.

Іштен күйіп,жанды іші,

Бала деген бауыр етің қандай,ұқ!


Сыйластық-ай қандай ғажап!

Жанға жақын-тым қым батты.

Сүйген өмір-шын ырғақты.

Адамға тән құрметімен құралар.

Ұмытылмас сәт өмірде аз-ақ.

Қайран ғұмыр тез зырлапты.

Атса таңың,тез күн батты.

Мәңгі кімдер тұра алар?


Сағыныш –ай,сағынды қарт кемпірін,

Жастық шақтың өткізгендей елесін.

Бір тартыпты ауыр «Өмір кемесін»

Іздеп жатты тілге келмей ардағын.

Аялауға, жылы сөзге кем бұрын,

Қаталдықтың пайымдаған өресін,

Нені ексең соны жинап, тересің.

Ертеңіңді тез бүгіннен қамдағын.


Бір беткейлік қанмен келген қасиет,

Жетістікке жеткені де сондықтан.

Бітпей іске көңілі болмас орныққан,

Бір сөзді боп,сөзді сыйлап келгені.

Айтылмай тұр жүректе мың өсиет,

Дауысы шықпай үн келеді қарлыққан.

Көрінгенмен алтын шықпай сандықтан,

Көңілсіздік жаулап алды бөлмені.


Қыран қартты сыйлап ауыл аймақ та,

Қабағына қатуланған қарады.

Тілеулес қой өніп,өссе дарағы,

Шығарып та сала алмай тұр не шара?

Ауру жанда ауыртпалық салмақ та,

Өзін тежер, жыламаса жарады.

Кенже қызды иеленіп барады.

Кеше сәби, бүгін боп тұр жас ана.


Сұлу жеңгей жанарына жас алып,

Сыйлық жасап,орамалын ұсынды.

«Тауыпсың-деп,бүгін қыран құсыңды»,

Ақ тілегін жайып салды ортаға:

«Жұбыңмен жүр жасарып,

Қия алмаймыз сендей әппақ мүсінді!

Ұрпағыңмен сезінерсің күшіңді!

Өсіп өнгін, сіңгін жаңа ортаңа!»


«Ұрпақтарды тәрбиеле келешек!

Малға толсын қораң да,

Ынтымақ боп араңда,

Атамыздың әруағы қолдасын!

Ал есімін елесек,

Басыңа қонсын табанда!

Ата-анаң қымбат саған да,

Қыдыр болсын жолдасың!»


Ал қиналған қарт есімі Бақ еді,

Имандылық жан жүрегін жандырған!

Үлкен кіші мәңгі есінде қалдырған!

Тектілікпен қамқор болған әр ісі,

Рух кернеген өн бойында шақ еді,

Көзі жайнап,жігер оты жаңғырған,

Қуат келіп, құйылғандай таң нұрдан,

Алға сүйрер ішкі күші,намысы!


Келінінің сөзі рухты қамшылап,

Мөлдіреген қызын тіпті қия алмай,

Ішкі дауыл көкірекке сия алмай,

Ғаламат күш тас төсектен көтерді!

Төрт жыл күткен,елдің жасы тамшылап,

Қуаныштан жылай берді ұялмай,

Бәріне де себепкер ғой бір Алла-ай,

Перзентіне махаббаты өтелді!


Перзентінің бетін сүйіп, қауышып,

Жәутеңдетпей жанарын.

«Бақытты бол, бағалым»,

Депті қыран шаттанып.

Содан бері жылдар жылға ауысып,

Кір шалмапты ақ арын.

Рух күші жоғары үн

Елде қалған сақталып!


Тектіліктен түп тамырың қаланбақ!

Киелілік талпындырар биікке!

Қасиетің қадіріңді үйіп те,

Қаланады «Адам» деген ғажап ат!

Адам үшін өтер болсаң алаңдап,

Еліңменен еленерсің, сүйіп те!

Бақыт, байлық адамдықпен бірлікте,

Рухтың асқақ болуымен ғаламат!!!

07.04.2009 жыл.
Әке өсиеті. (поэма)

Ертеректе болған екен бұл аңыз,

Өз жерінде бақ дәулеті тасыған,

Көмектесіп, елге жаны ашыған,

Бұл өмірде өлім деген елде сын.

Даналығы дара, тұлға, жыр, абыз,

Көрсетпеген жанарын да жасыған,

Қариям-ай елде болған асыл ән,

Шақыртты ұлын, көп тұрмасын білгесін.

Ойланды әке,толғанды да, торықты,

Жалғастырып кетер ме екен ұл ісін?

Өссең,өнсең ұрпағыңмен ұлысың!

Қаншама арман қалып барады артында...

Парықсыздау перзентінен қорықты,

Жүргендей ме өзге жерде күні үшін?

Тәтті тамақ,таңдар аттың мінісін,

Басын шайқар тар төсекте нар тұлға!
Өмірі ағып,өзендей боп,бұралып,

Осы күнге қалай ғана жеткізді?

Мұз жастанып,қар кешумен өткізді.

«Қалдырам»-деп перзентіне дәулетті.

Ұлы болса той думанға сұранып,

Әрбір күнін баянсыз қып өткізді.

Ойлауменен жүйрік атты, тек қызды,

Әкесі бар,барлық іске немкетті...


Ұлы келді әкесіне жүгініп,

Бейжай көңіл,әке көзі аспанда.

Бірер сәтте айналардай дастанға,

Өсиетін бастап кетті,күш жинап.

«Әкең барда көрген жоқсың бүгіліп,

Ажал мені құтқармайды қашқанда.

Түсінерсің менсіз қадым басқанда,

Сонда мені жүрерсің-ау шын сыйлап»!


«Өсиетім төрт бөлімнен тұрады,

Әр күн сайын тәтті жегін,

Сонда нұрға бөлебегің,

Денсаулығың мықты болар күн санап.

Ынтымақ қой бақыт,байлық тұрағы,

Жетелейді алға сенім.

Намыс түзер артық кемін,

Нақ осыдан бүкіл әлем-гүл алап!»


«Әр аптада бір сұлу құш,

Көркем болып көрінеді өзгеден.

Басқаларды көңіл сірә сезбеген.

Жарқыраумен жайнай берер жаның да.

Көңіл шалқып, құлпырар іс,

Мақсатыңа тез жетерсің көздеген.

Сұлулық-ай жеткізе алмас сөзбенен.

Дәулет тасып, таси берер бағың да!».


«Әр қалада үйің болсын ең жақын,

Бара қалсаң күтіп алар әнменен.

Ықыласы теңелетін көлменен,

Сезінетін өмір мәнін аңғарып.

Сол үйіңде құрмет, терме, жыр, ақыл.

Қауышарсың алтын қазына кенменен.

Тауысарсың күй төгілсе көмбеден.

Ғаламатты сезінерсің таңқалып!»


«Осыларды орындауға күйзелсең

Ендігі шарт қиын–ды,

Тек ақылға сыйымды.

Үзілмейтін жіп аларсың қолыңа,

Тек осыдан түзелсең...

Тауып,жетіп ескі қыстау үйіңді,

Асыларсың, істете алсаң миыңды,

Бұл-мүмкіндік, бақ тілеген жолыңа!»


Үлгерді айтып,үзілді де соңғы дем,

Сонда ғана ұлы тұрды аһ ұрып.

Жан әкесін жүрегімен шақырып,

Тез сезінген қамқоршысы жоқтығын.

Өкінді де күнде көңіл бөлмеген.

Сезімсіздеу болған қандай мақұлық.

Әке-асқар тау,әке-мәңгі тақырып!

Жылағанмен,жалынғанмен жоқ бүгін.


Жанарда жас, енді неден бастамақ?

Әке барда сауықпенен күн кешкен.

Өткен күндер шығады ма мәңгі естен?

Өсиетке түк түсінбей адасты.

Әке бағы мүлдем сірә басқа бақ,

Араласпай бұл өмірге білместен,

Жанашырмен бірге өмір сүрместен,

Қателесіп жалғандықпен жарасты...


«Өсиеттен бар байлығың тасиды»

Деген әке,еске алып сөздерін.

Әр күн сайын тәтті нан жеп өзгенің,

Шашып жатты әкесінің байлығын.

Әкесіне риза болып,бас иді.

Сұлу сүйді, жәудіретіп көздерін,

Жеткізе алмай пәк сезімін, сөздерін,

Бәрі жетер,ұмытылды қайғы мұң!


Әр қаладан бір үй алып,жар салып,

Мал азайды,сауық сайран көбейді.

Деген әке: «Көңіл шіркін жебейді»

Бұрылып та қарамады артына.

Жалған-өмір,күй кешкенмен тамсанып,

Өзге байлық перзентке де өгей-ді,

Жан қинамас түбі бір күн кедей-ді,

Бұл өмірдің заңдылығы,шарты да!


Күндер кетті, айлар асып,жыл жылжып,

Мол байлықтан түк қалмады таусылып.

Бақ,дәулет те өте шығар маусым, ұқ,

Қадіріне жете алмасаң кезінде.

Күйзелгені-ай,жігіт тұрды күмілжіп,

Түпсіз ойдан жаны жылап,жаншылып,

Қара көзден жас емес-ау қан шығып,

Өкінішті,мүлдем құру тезінде...


Дана қарттан білу үшін жұмбақты,

Арнайы кеп сәлем берді алдына.

«Өсиеттің жете алмадым парқына,

Әке малы балаға мал болмай ма?

Сағындырған сағым әке қымбатты,

Жұмбаққа ену ғұламаның салты ма?

Шеше алмадым бұл түйінді алқына,

Өсиетте мың сыр жатыр қандай да».


Қарт ойланып,өсиетке үн қатты:

-«Ең тәтті нан еңбекпенен келмей ме?

Бұл өсиет мәңгі азық сендейге,

Еңбекпенен ердің бағы жанбай ма?

Әкең ұлы болған екен қанатты,

Ер азамат қиындықты жеңбей ме?

Бола ма екен сонша төмен деңгейде?

Еңбек етпей, нанға жетпей, ән қайда?»


-«Әр аптада бір сұлу құш дегені,

Жан жарың ғой аңсап жеткен алыстан.

Қандай ғажап сағынысып, табысқан!

Еңбектеніп, мол сыйлықпен жеткенде,

Өз отбасың ғашықтардың мекені!

Апта көрмей жаңа жұп боп танысқан,

Келін аққу, сен боларсың арыстан!

Бал бақытын бағалай ма көп пенде?!»


-«Әр қалада үйің болсын дегені,

Достар үйі сенің де бір баспанаң!

Ардақтымен ашылады астанаң,

Аяулы дос өмірдегі өрнегің!

Басқа жаққа бұрыпсың-ау кемені,

Қиын менен қызықта дос қашпаған!

Адамдықтың ақ жолынан аспаған!

Доспен өсіп өрлегін!»


Әкесінің досы еді бұл қария,

Өсиетін жеткізген-ді сыр етіп,

Доссыз міне өтіп жатыр күн өтіп,

Амалы жоқ, ұлды жалғыз қалдырды.

Сабыр сақтап, елге етпей жария,

Бақылаған ұлды сырттай гүл етіп.

Жастық, байлық кетеді екен шын өтіп,

Өмір ғой бұл-шексіз, терең, сан қырлы!


Жерге басын ұрып, жігіт қамықты,

Бәрінен де айырылғанын қарашы.

Бақыт пенен бейшаралық арасы,

Көз ілеспес тым жақын-ақ екен-ау.

Ізденеді жан-жүрекке жарықты,

Бәлкім осы аяулы әке наласы,

Жазылмайды-ау жүректегі жарасы,

Бәрі жалған, бәрі алдамшы бекер-ау...


Қыл арқанды қолына алып, дірілдеп,

Әрең жетті ескі қыстау үйіне.

Қоштасатын келді өмірмен күйі де,

Орындалмақ әке үкімі өсиеті.

Өмір-ғажап, күн аспанда күлімдеп,

Мөлдіреп тұр табиғат та сүйіне,

Ғанибет қой үндес әлем иіле,

Сұлулыққа бүкіл ғалам бас иеді!!!


«Тым болмаса осы келер қолымнан,

Өсиетке адал болам қалайда.

Қу нәпсіден айналыппын малайға,

Әрбір адам тағдырына себепші,

Ешкім мені тоқтата алмас жолымнан»

Кіріп барды бөренелі сарайға,

Осы болар бәрінен де оңай да,

Қыл арқанын қолына алды көмекші...


Ортадағы бөренеден асырып,

Қыл арқанды дәл ортадан лақтырды.

Қалш-қалш етіп, өкіруге шақ тұрды.

Мойында жіп, үстел кетті домалап,

Ақылды әке мол алтынды жасырып,

Бөрененің ортасында бақ тұрды,

Сынып ағаш, мол қазына таптырды.

Өлім,өмір арасы да шамалы-ақ.


Мол қазына бөренеден төгіліп,

Сынған бойда үстін жапты жігіттің.

Белгісіндей қайта оралған үміттің

Жігіт сенбей естен танып мол жатты.

Кеш түсініп, боз-боран боп егіліп,

Қанталаған көздің жасын сығып мың,

Аш жалаңаш, әлі кетті құрып тым,

Әкені аңсап аласұрып таң атты.


Ұл түсінді, қайта өмірге оралды,

Әкесінің жалғастырды ұлы ісін.

Өзгертті де жан дүниесін, болмысын,

Байлығынан бөліп берді еліне!

Жақсы ісі елге лезде таралды!

Сезе білді халық жайын, тынысын,

Үлгі етіп, алар елім мұны шын!

Бар тіршілік тартпай қоймас тегіне!


Тіршілігің өрілетін үміттен,

Талпынтады таңғажайып табысқа.

Қозғаушы күш-ар, ұятың, намыста,

Жақсылықпен адам құшақ жая алды!

Сенімімен адал шығар түнектен,

Тек мақсатпен өміріңді қарышта!

Арман сені апарады алысқа!

Адамдықпен бақытың да баянды!

Жазылу уақыты 05сағат 48минут-17сағат25минут08.04.2009жыл.
Шатасу шыңы.

Көп нәрсеге мән бермейміз, өзгерген,

Күйбің тірлік, кінә артамыз өмірге.

Көп уақытың босқа өтеді кейбірде,

Өзімізді жұбатамыз арманмен.

Ешнәрсе де қолдан келмес, сезгенмен,

Айтылмайды, қарап ылғи көңілге,

Жалған дүние кіріп алған сенімге,

Жасалғандай ерекше бір талғаммен...
Жер анада құдіреттің барлығы,

Бір Ұлы Күш жаратқаны саналса,

Адам ата Хауа анадан таралса,

Өскен ұрпақ бәрі бауыр емес пе?

Жерді бөлген пейілінің тарлығы,

Бір-біріне қиянатқа бара алса,

Бай мен кедей бөлінумен қаралса,

Қайда барады бұл адамзат елесте?


Көк талпынып, көркейеді келбеті,

Жер ананың шын баласы ұмытылған.

Барлық жайлау аяусыздан жыртылған.

Өзге жерден бидай келген нық басып.

Содан бері ажырық боп жендеті

Өз баласы өгей болып, құртылған,

Жантақ, тікен жау көрінген сыртынан.

Өгей-егін өз баласы жұптасып...


Бар мағына өзгеруде біртіндеп,

Ұят, ар, намыс азайғандай секілді.

Бала әкеге баласындай жекірді,

Мейірімділік қалып барады алыстап.

«Интернетте барлық өмір, кілтің»-деп,

Жапондықтар бүгін қатты өкінді.

Роботқа айналғанда не түрлі,

Адамдықпен қашан бала таныспақ?


Адамдықтан алға қойдық ақшаны,

Көзді ашқаннан бала соған ұмтылар.

Машинаға тым ерекше құлқы бар,

Қайда қалар ата салтың, дәстүрің?

«Бесік жырын» білер ана тап, кәні?

Қауіп те бар, асқақтаған бір құлар.

Үш тіл білген аузы көкіп, жұлқынар,

Ана тілмен сөйлей ме екен, естігін...

Жақсылығың жақсылықпен қайтады!

Қатыгездік жаралайды жаныңды.

Неге ынтықсаң соны жүрек сағынды,

Өміріңе өзің ғана иесің...

Рух күші адамзатты байытады!

Еңбегіңмен сезінерсің бағыңды!

Жұрт білетін жақсылығың жағымды!

Өзіңді өзің танып, елді сүйесің!


Әрбір жанның формуласы бөлек-ті,

Келуі де бұл өмірге мақсатпен.

Ғанибет қой өте алса жақсы атпен,

Жауаптылық-ұмытылмас заңдылық!!!

Имандылық тамырында қоректі,

Сіңірсе ғой бар адамзат бір сәттен!

Бір-біріне қараса ғой құрметпен!

Күн қия алмай, атар еді-ау таң күліп!

09.04.2009жыл. 06сағат11минут-11сағат07минут.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет