Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері



бет2/2
Дата13.03.2024
өлшемі21.86 Kb.
#495209
1   2
Даулеталиева Д.М. ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқ бойы алда жүру - озу, алысқа кету. Мысалы: - Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған 6.
Қара бет – ұятсыз, залым. Мысалы: - Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?! – деп қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жібергендей қарады 6.
Құлақ естіп, көз көрмеген - ешқашан ешкім естімеген жайт. Мысалы: Жиын болып, кісі өлтіріп, ел ортасында құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықты өз қолдарымен істеп шыққан топ, атқа міне сала, жан-жаққа шашырай тарады 6.
2. Етістік фразеологизмдер құрамында фразеологиялық байлаулы мағыналы сөздер мен архаизм сөздер ұшырасады: а/ фразеологизм құрамындағы кейбір сөздер тек фразеологиялық тіркес құрамында танылады. Мысалы, аза бойым қаза болу /қатты шошу/.
Көрсе қаза болды аза бойы,
Болмады бұған айла ойламасқа 2.
Жүрегі су ету – қорқып, шошып кету. Мысалы: Үйдегі екеуінің де жүрегі су ете түсті. Кәрі шеше бұл дауысты естіген жоқ 6.
Ел айығып - ел тарқап, жалғыз қалғанда. Мысалы: Ал, ел айығып оңаша қалғанда, Барлас өз жырларына қоса өзі құрбы - өзге ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді 6.
Екі ұдай ету - екі ойлы болу. Мысалы: - Мен бүгін теңдерді шешкізіп, ертең үйлерді тіккізбек едім. Осы тағы да бір көші-қон бар ма? Мынау елді де, өзімізді де екі ұдай еттіңіздер ғой! – деп Майбасарға қарады 6.
Сонымен бірге фразеологизм құрамында ғана кездесетін немесе түсінігі кем сөздердің барлығын архаизм деуге болмайды. Фразеологиялық мағынаның төркіні лексикалық мағынада, тарихи тұрғыдан алғанда тіркес құрамында компоненттерге апарары даусыз.
Етістікті фразеологизмдер етістікке тән грамматикалық категоияларды қабылдайды, бірақ түрлену дәрежелері бірдей емес. Осыған орай оларды екі топқа бөлеміз: 1. Парадигмалық жартылай түрленетін етістікті фразеологизмдер. 2. Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер.
Фразеологизмдердің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаратынын зерттеуші ғалымдар С. Аманжолов, Х. Қожахметов т.б. атап көрсетті.
С. Аманжолов есім мен етістік сөзден болған құрама “баяндауыштарды сөздің құрылысына қарай екіге бөледі: 1. бернелі, идиомалық құрама сөздер; 2. бернесіз сөздер” - деп көрсетіп, идиомалық және фразалық тіркестердің баяндауыш қызметінде жұмсалатынын атап өтеді.
Қорыта айтқанда, біз бұл мақаламызда І. Кеңесбаев, А. Қайдаров, Р. Жайсақова, Ә. Болғанбаев, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, С. Аманжолов сынды т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, етістікті фразеологизмнің грамматикалық ерекшеліктеріне көңіл бөлдік.
Қазақ тіліндегі фразеологизмді танудағы пікірлерді саралай келе, фразеологизмдерді “тар” және “кең” көлемде қарастыру бағыттары бар екендігі байқалады.
Сондай-ақ фразеологизмді морфологиялық тұрғыдан қарастыруда сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар екендігі анықталды. Оларды сөз таптарына жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отыып, етістікті фразеологизмдер, есімді фразеологизмдер, үстеу мәнді фразеологизмдер, әр түрлі сөз таптарынан жасалған фразеологизмдер деп топтастырылды.
Сонымен қатар етістікті фразеологизмдер етістікке тән грамматикалық категориялар қабылдайтындығы, бірақ түрлену дәрежесі бірдей екендігі, осыған орай олар екі топқа: 1. Парадигмалық жартылай түрленетін етістікті фразеологизмдер; 2. Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер деп топтастырылады.
Синтаксистік тұрғыдан қарастыруда тіліміздегі етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан сөйлем тектес /шартты түрде/ болып келетіндігі анықталды.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті деп үш топқа топтастырылды. Сондай-ақ фразеологизмнің сөйлемде тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүше қызметінде жұмсалатындығы байқалады.
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б.
2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998. – 196 б.
3. Сайфуллин Ч. Фразеологические единицы и их классификация. Вопросы фразеологии. – Самарқанд, 1961. – 223 б.
4. Қайдаров Ә., Жайсақова Р. Принципы классификации фразеологизмов. Известия АН ҚазССР. Серия филологическая, 1979. – №3.
5. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тлінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: «Сөздік- Словарь», 2006. - 264 б.
6. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Раушан, 1991. – 122 – б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет