Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет67/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Пайдаланылған әдебиеттер. 
1. 
Егемен Қазақстан газетінде жарияланған мәлімет .Елбасы 25 Қараша , 2021ж 
2. 
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ 
3. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйе 
4. 
https://qarmaqshy-tany.kz/kogam/20267-eldkt-zhet-tyry.html
 
5. 
https://bilimdiler.kz/okushi/29196-el-bolashagy-zhalyndy-zhastar.html
 
ӘОЖ 677:391 (574) 
 
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ СТИЛЬДЕГІӘЙЕЛДЕР КӨЙЛЕГІН 
ӘЗІРЛЕЙТІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТІ ЖОБАЛАУ 
 
Орынтай С.Б. – Жт – 18 – 1к2 студенті 
Сүлейменова Т.Н. – т.ғ.к., доцент 
Әйелдер арасында заман талабына сай тігілген ұлттық киімдер мен орамалдар сұранысқа ие бола бастады. 
Алайда ұлттық стильде киіну қолжетімсіз. 
Қазақ әйелдерінің киімге деген талғамы соңғы бес жылда күрт өзгеріске ұшырады десе де болады. Батыстың сән 
үлгісінен шаршағандықтан болар, ерекше үлгідегі қолдан тігілген киімдерге деген сұраныс артқан. Тіпті әлемге әйгілі 
бренд киімдерден де шығыстың үлгісін байқауға болады. 
Кейбір шет мемлекеттерден әкелінетін киімдердің бағасы қолжетімді болғанмен, көңілге қонымсыз. Ал сәнді 
киім тіктіру қалтаны қағады.Амалдың жоқтығынан қыз-келіншектер күнделікті киюге қолайлы, заманауи үлгідегі 
ұлттық киімдерді тиімді бағаға іздеп, дүкен-базар аралап, аяғынан таусылады. Ұнаған ұлттық үлгідегі киімді алайын 
десе қымбат. Сатушының уәжімен айтсақ, "қолдан жасалған бұйымның бағасы соған лайық". Талғамы мен 
қалтасындағы теңгесі үйлесім таппаған соң, барымен базарлайды.[1] 
Әлеуметтік желіде де ұлттық нақышта безендірілген, заманауи үлгідегі киімдердің жоқтығы қызу талқыға түсіп 
жүр. Желі қолданушылар арасында әйелдердің жасына лайық киім киюі – өзгелерге үлгі, өзіне деген құрметті білдіреді 
дейді.Қазір этнодизайн сәннің бағытын өзгертті. Бұрын қазақы ою-өрнек салынған киімдер тек қазақтың той-
томалағында пакетке салынып, қолдан қолға өтіп жүретін. 
Баяғы заманның қазақтары киген желбегей бешпет пен қапсырма шапанды, қабадай қалпақты, сүйретілген 
қосетек көйлекті мына заман адамдарына мылтық кезеп тұрып кигізе алмайсың. Өйткені тұрмысқа қолайсыз. 
Кестеленген шапандар мен қалпақтар, бешпет, көкірекше-жилеткалар көбінесе қолдан-қолға өтіп, той аралап жүріп 
кірлейтін сый-сияпат бұйымдарының немесе сахна киімдері түрінде ғана қалған. Кейбір аймақтарда жекелеген кемпір-
шалдарды болмаса, күнделікті тұрмыста ұлттық киім киген адамдарды сирек кездестіресіз.[2,3]
Бұрынғы кезде қазақтың қызы 12-13 жасынан бастап бойжеткен деп есептелетін. Бұл жасында бойжеткен қыздар 
әсіресе өзгеше және көркем киінетін. Олар сұлулығын көзге түсетіндей аса әдемі киімдерді киген, таққан қымбат 
әшекейлерімен таң қалдырып етіп жүрген. Басындағы тақиялары неше түрлі моншақ-тастармен, түрлі-түсті жіптермен 
безендірілген, ал тақияның үкісі молырақ болған еді. Кей кезде тақияның орнына бөрік киетін. Бөрік те баршаның көзіне 
ілінетіндей әрлендірілетін. Оның төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, жібек жіппен кестелеп, меруерт, маржан не алтын – 
күміс түймелер қадайтын. Үстіндегі көйлектеріне көшсек, олар аса бос емес, керісінше өзіңе шақ, тіпті кеудесінен 
тарлау, ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұратын болған, ал етегі ұзын және қос етекті болған. Қос етек көйлек 
әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай көйлектің етегі кең, жеңінің 
ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті көйлектің жағасы тік шығарылып түрлі 
кестелермен әрлендірілген, ол артынан не бір жақ иық үстінен түймеленеді. Үстіндегі желетке не камзол барқыт, пүліш, 
мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын 
пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп 
тігіледі. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасалған, алтын, күміс жалатып, асыл 
тастан көз орнатқан қаусырма қадайды.[4] Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа 
басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Дәл осы желеткені қатты тартып тастап жас 
қыздар өз төсін жасырған. Желеткені не камзолды белден буып тұратын белбеу атты бұйым алтыннан, күмістен және 
былғарыдан жасалған . Осы жастағы қыздар тек қана ашық түсті киімдер киген, себебі бұл жастықтың белгісі болған. 


76 
Сурет 1. Көйлек 
Менің ұсынғалы отырған көйлек руханилықты бойына сіңіре отырып ұлттық дәстүрімізді дәріптейтіндігіне 
толықтай сенім білдірсеңіздер болады деп ойлаймын.Себебі, ұлттық үлгідегі қыздар көйлегі қазңргң қоғамдағы 
сұранысқа ие бұйым деп айтсақ болады. Бұл ұлттық үлгідегі көйлекті қыз ұзатуда, беташардай салтанатты рәсімде, 
сырға салуда ұлттық үлгідегі жилет камзолмен бірге кию ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет