ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, кіріспеде қойылған сұраққа жауап бере отырып: жасөспірімдердің ағылшын тіліндегі жазудың мағыналық жүктемесін есепке ала ма, сұралған оқушылардың тек 60% ғана затты сатып алу кезінде ағылшын сөздерінің аударылуына назар аударғаны анықталды. Оқушылар аудармадағы қиындықтар оларды ұнаған киімдерді сатып алуын тоқтатпайды деп атап өтті. Жиналған материалды талдау кезінде мектеп оқушыларының ағылшын тілін меңгеру деңгейі жазуларда бағдарлауға және жазылған ақпаратты дұрыс пайдалануға мүмкіндік беретінін көрсетті. Қорытынды зерттеу сондай-ақ тілдік деңгейдің адамның мәдениетімен тығыз байланысын көрсетті.
Зерттеу барысында оқушылардың жазуларға деген қызығушылықтары артып, дәліздегі бір-бірін тоқтатып, киімдегі жазылған жазуларды оқып, аударуға тырысты. Осылайша, оқушылардың көпшілігі өздерінің киімдеріндегі жазбаларға ерекше мән бермейді, дегенмен, өз кезегінде әдепсіздікті білдіретін мағынаны, грамматикалық және орфографиялық қателерді біледі немесе болжайды. Алайда біздің зерттеуіміз осы мәселені жер бетіне шығаруға және жасөспірімдерге түсініксіз мәтінмен кезекті сәнді затты сатып алмастан бұрын ойлануды, сондай-ақ өзінің өзекті ағылшын тілін білу туралы ойлануды ұсынды.
Киімдердегі жазулар жай ғана мағынасыз сөздер мен фразалар жиынтығы, кейде реніш және әдепсіз лексика, кейде шын мәнінде мағынасы мен жақсы юмор, фраза толы болуы мүмкін. Киімдегі жазулардың жасөспірімдердің мәдениетіне әсері бар екені сөзсіз. Біріншіден, ағылшын тілінен енген кірме сөздер жастар арасында слэнгтың пайда болуы, ана тілін қадірлемеуге әкеліп соғады. Екіншіден, ұлтымыздың құндылығы жойылып, тіліміз лстанып, шет елге деген қызығушылық артып, еліктегіш сезімдер пайда болады. Сол себептерді болдырмау үшін, қазіргі таңда қазақ елінің өзінің әдемі, сәнді, брэндке айналған киім үлгілері шығып жатыр, әлбетте сол киімдерді өзіміз сатып алып, кисек, еліміздің экономикасы, мәдениетіміздің құндылығы арта түсер еді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері / Окулық. — 3-бас. — Алматы: Санат, 1993. — 496 б.
Крысин Л.П. Социолингвистические аспекты изучения современного русского языка. М., 1989
Крысин Л.П. Иноязычные слова в современной жизни // Русский язык конца ХХ столетия. - М., 1996.
Журавлева ТА. Особенности терминологической номинации. — М.: Институт языкознания РАН, 1995.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.
Блохина В. Всемирная история костюма, моды и стиля.- Минск, 2009 г.
Борисова Л.М. Из истории английских слов (Книга для учащихся старших классов.- М. (Просвещение, 1994.)
Медведев Я.А. История английского языка. 1999 г. (Интернет)
Ағылшын тілін оқыту заман талабы, жастардың арасында кең тарағанымен, өз туған тілімізді ұмытпау абзал. Соған орай мен зерттеу жұмысымның соңында келесі ұсыныстарды ұсынғым келеді:
Ағылшын тілінде ауыз екі сөйлеуге арналған клубтар ашылуына ықпал жасалса ;
Ағылшын тіліндегі танымал фразаларды қарапайым халыққа түсіндіріп іс- шаралар ұйымдастыратын еріктілер тобы құрылса;
Елімізде қазақ тілінде жазылған киімдер үлгісі көбірек шығарылса және жазулардың мағынасы бар, мәнін ашатындай, әдемі жазулар жазылса екен.
Достарыңызбен бөлісу: |