Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың кіші жүйесі-



Pdf көрінісі
бет119/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   132
oku kural personald baskar

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың кіші жүйесі-
басқарудың қалыптасқан ұйымдастырушылық құрылымын талдау, басқарудың жаңа 
құрылымын жобалау, штаттық кестені жасау, басқарудың жаңа ұйымдастырушылық 
құрылымын қалыптастыру, жетекшілік етудің әдістері мен стилін дамыту бойынша 
ұсыныстарды жасау және жүзеге асыру. 
«Баспалдақ»мансабының үлгісі-әрбір саты жұмысты белгілі бір уақыт бойынша, 
мысалы 5жыл атқаратын, қызметтен тұрады.Әрбір жаңа лауазымға қызметкер өз 
біліктілігін жоғарылатқаннан кейін ғана орналасуына болады.Еңбек тәжірибесі және 
жоғары біліктілікке иемденгенде, ой-өрісі кеңеюде, кәсіптік білім мен икемділікті игеруде 
мол тәжірибеге ие болған сәтте ғана жетекші немесе маман қызмет мансабының жоғары 
сатысына жетеді. 
Бәсекелесу қабілеттілігі -бұл өндірушінің бәсекелестердің ұқсас тауарына 
қарағанда бағасы және сипаттамасы тартымды тауарлар мен қызмет көрсетулерді 
жоспарлау, өндіру және сату қабілеттілігі ғана емес, сонымен бірге тапсырыс 
берушілердің қажеттігіне тез бейімделу мүмкіндігі. 
Бейнелеуші әдіс-жұмыскер жетістіктері мен кемшіліктері тізбекті шартты 
сипаттамасынан тұрады және алдыңғымен бірігуі де мүмкін. 
Бейімделудің екі түрі-алғашқы, яғни кәсіби іс-әрекет тәжірибесі жоқ жас 
кадрлардың үйренуі, туынды, яғни кәсіби іс-әрекет тәжірибесі бар жұмыскердің үйренуі. 
Біліктілік-адамның жеке басының сипаттамасы, оның белгілі бір функцияны 
орындау қабілеттілігі, мінез-құлқының және әлеуметтік рөлінің түрі. 
Біліктілік картасы-жеке басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуетін 
анықтау үшін керек құжат. 
Біріншілікке деген қажеттілік-адам мансапқа әрқашан және барлық жерде 
бірінші болуға, өз әріптестерін «озып шығу»үшін ұмтылу. 
Бірінші іріктеу-сауалнамалық мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.Оның 
шешетін мәселесі ұйымның жек дара жұмыс істей алатын үміткерлердің шектеулі санын 
анықтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет