І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет31/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

П.П.Блонский (1884-1941) – 200-ден астам педагогикалық, психологиялық, педологиялық, философиялық еңбектерінің авторы.
П.П.Блонскийдің педагогикалық идеялары қалыптасты:

  • Бала дамуының заңдылықтарын білу негізінде оқыту мен тәрбиелеу;

  • Бала тұлғасына, оның қажеттіліктері мен қызығушылығына деген құрмет;

  • Жан-жақты, ақыл-есті, адамгершіліктік, эстетикалық және еңбек тәрбиесі;

  • Еңбектік оқыту мен политехникалық білім беру.

Петр Федорович Каптерев (1849-1922) – көрнекті педагог және психолог. Пе­тер­бургтік кезеңде (1872-1918):

  • мектеп жасына дейінгі педагогика және отбасы тәрбиесі, дидактика, та­рих, орыс педагогикасы, педагогикалық психология мәселелерін әзір­леді;

  • қоғамдық мектеп жасына дейінгі мекемелерді жақтады және азамат тұл­ға­сының қалыптасуына олардың рөлін теоретикалық түрде негіздеді;

  • балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағи­да­ла­рын жасады;

  • отбасы тәрбиесі негізін әзірледі: П.Ф. Каптерев редакциясымен «Отбасы тәрбиесі мен оқыту энциклопедиясы» шығарылды (1898-1910);

  • жалпы білім беру теориясы аясында жұмыс істеді, білім беру үрдісінің мә­ні мен мазмұны, жалпы білім берудің әдістері мен тәсілдерін анық­та­ды;

«Педагогикалық ойлары» (1918-1922) журналында жарық көрген «мектептегі өз-өзін басқару және мектеп тәртібі», «Педагогика және саясат», «Педагогикалық білім беру» секілді көптеген мақалаларында өзінің Ресей­дегі жалпы білім беруді жаңарту бағдарламасын ұсынды.
Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы
Ұлы Отан соғысынан кейін жалпыға бірдей міндетті жетіжылдықты іске асыру, ал одан кейін сегізжылдық білімді және орта мектептердің жүйесін дамыту шараларымен қатар жалпы білім берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстары жүргізіді.
Жалпы орта білім берудің мазмұнын және оның теориялық негіздерін жетілдірудің, жалпы, политехникалық және кәсіби білім берудің арақатынасының мәселелерін шешуде "Мектептің өмірімен тығыз байланыс және КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан өрі дамыту туралы заң" (1958) көптеген жаңалықтар енгізді. Орта мектептің барлық сыныптары үшін жаңа бағдарламалар жасау 50-60 ж. барлық Одақтас республикаларда жүргізілген психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және жеке әдістемелік зерттеулер арқылы дайындалған болатын.
Жаңартылған бағдарламалар эксперимент түрінде байқап көру іске асырылды.
70-жылдардың аяғында математикадан мектеп бағдарламасы қатты сынға алынды. Ондай сын тек мүғалімдердің, педагог-әдіскерлердің тарапынан көп айтылып қойған жоқ, сонымен қатар белгілі ғалымдардың да тарапынан сынға ұшырады. Оқушылардың таным қызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудын әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі дамыта оқытудың тұжырымдамасы болып табылады. Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудың аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық кызметінің белсенділігін арттырады. 60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген білімді кезеңмен қалыптастыру теориясы ерекше ықпал етті (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және басқалар).
60-жылдардың бас кезінен бастап, оқушылардың оқытудағы белсенділігі мен дербестігін дамытуда проблемалық оқытудың рөлі туралы мәселе ерекше қызығушылық туғызды. Проблемалық оқыту мәселелері көптеген дидактикалық және психологиялық зерттеулерде (И.ЯЛернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және т.б) оқушылардың таным қызметі мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуі жан-жақты қарастырылды. 60-жылдардың бас кезінде сабақты одан әрі жетілдіруде алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысы кең өріс алды. Бұл кезеңде педагог-практиктер мен ғалымдардың оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру саласында шығармашылық ізденістері біршама белсенділік танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет