І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет28/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Дәріс №8. Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылым

Жоспары:


  1. 1917 – 1941 ж.ж. Кеңес мектептің пайда болуы және дамуы мен педагогика ғылымы

  2. 1941 – 1970 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945жж.) кеңестік мектеп. Білім берудің жетекші тұжырымдамалары

  3. 1980 – 1990 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогика теориясының дамуы

  4. Жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін мектептер реформасының негізгі бағыттары(1984ж). Үздіксіз білім беру жүйесі(1986). Жаңашыл мұғалімдер-В.Ф.Шаталов,Ш.А.Амонашвили,С.Н.Лысенкова,И.П.Иванов, Т.И.Гончарова,Е.Н.Ильин

1917 жылдың соңында қарай, алдынғы оқу-ағарту министрлігінің функ­ция­ла­рын жүзеге асыратын ағартушылық бойынша мемлекеттік комиссия құрыл­ды. Ол болған мектеп жүйесінің құлдырауы мен жаңаны ұйымдастырумен айна­лысты.


1917-1918 жылдары 30-ға жуық үкіметтік декреттер қабылданды, оның негізінде:
- сол кезде болған барлық оқу-тәрбие мекемелері қысқартылды, мектеп жүйелері өзгертілді;
- мектеп шіркеуден бөлінді, шіркеу мектептері қысқартылып, діни сабақ беруге тыйым салынды;
- білім алудағы сословиелік, діни, ұлттық және басқа да шектеулер алынып тасталды және білім алуға барлық азаматтардың құқықтары жарияланды;
- Ресейдің барлық халықтарына туған тілінде сабақ беретін ұлттық мектеп құруға құқық берілід;
- ұлдар мен қыздарды бірігіп оқыту енгізілді;
- мектеп жасына дейінгі білім берудің мемлекеттік жүйесі құрылды;
- мектеп ісіне жалпы басшылық ағартушылық бойынша мемлекеттік комиссияға берілді.
А.В.Луначарский (1875-1933) 1929 жылға дейін Наркомпросты (Халық Ағар­ту комиссариаты) басқарды.1918 жылы халықтық ағарту бойынша өткізілген 1-ші Бүкілресейлік съезде жаңа мектеп үлгісін анықтаған құжаттар жобасы қабылданды: «Біріңғай еңбек мектебінің ережелері» және «Біріңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері».
Бұл құжаттарға сәйкес ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен мектептегі оқытудың жаңаша мазмұны енгізілді:мектеп істеріне жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің кең түрде араласуына жол берілді;педагогтар, оқушылардың өкілдері мен тұрғындар құрамына кірген мектептегі өзін-өзі басқару органының құрылуы көзделді;әр түрлі әдебиеттерді жазу мен қолдану ұсынылды;бағалар, экзамендер алынып тасталды және міндетті үй тапсырмалары мен жазалаудың әр түрлілігі. Мұғалімдермен қоса, оқушыларға да шығармашылыққа және кең көлемде тәжірибе жасауға мүмкіндік берілді. Мұғалім «мектеп артелінің тең деңгейде мүшесі» болып танылды, оқушылардың белсенділігі мен өзіндік даралығына қа­рай оқытудың үлгілері мен әдістері құрылуы тиіс еді. Мектептегі оқытудың не­гізі ретінде еңбек танылды.Дене шынықтыру мен эстетикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінді, бала ең­бе­гінің үлкен тәрбиелік рөлі анықталды, политехникалық білім берудің қа­же­т­ті­гі жарияланды.Балаларға деген гуманды қарым-қатынас, оларға деген құрмет педагогтар мен тәрбиеленушілер қарым-қатынасының үлгісін анықтауы қажет еді.Бірлескен мектеп – бұл бір жақтылық емес, ол ортақ идеяларды басшы­лық­қа алады, бірақ ортақ өлкенің жергілікті ерекшеліктеріне қарай қарастырылады.Алғашқы жылдары оқыту мен тәрбиенің жаңа үлгілері ұйымдастырылды:сауатсыздықты жою мектебі («ликбездер»);балабақшалар мен яслилер (мемлекеттік);еңбек факультеттері (1919 жылдан бастап);жетімдерге арналған балалар үйі.Алғашында болған жоғары оқу орындары мемлекеттік болып, әйелдер де оқытылды, онда білім алу тегін болды. Жоғары оқу орындардың саны артты, 1922 жылы олардың саны 244-ке жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет