I –нұсқа І. Тыңдалым Мәтінде айтылған 1 дұрыс мәліметті анықтаңыз


Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, 8-10 сөйлемді монолог дайындаңыз. Монолог бараысында ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріңіз



бет3/7
Дата13.10.2023
өлшемі42.43 Kb.
#480710
1   2   3   4   5   6   7
!!!!! СОЧ 8 кл 2 токсан

ІҮ. Айтылым
Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, 8-10 сөйлемді монолог дайындаңыз. Монолог бараысында ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріңіз.

  1. Нағыз достық туыстыққа айналады

  2. Болашақта кәсібіңді дұрыс таңдай аласың ба?

  3. Елімізде ауызсу мәселесі қалай шешілуге тиіс

  4. Болашақта қандай жаңа мамандықтар болады?

[10]
8 « » сынып -----------------------------------------------------------------------------------
IІ –нұсқа
І. Тыңдалым
1. Мәтінде айтылған 1 дұрыс мәліметті анықтаңыз.
А) Жақсы жолдас табу қиын, ол кездейсоқ жолда жатпайды.
В) Дос сенің сыныптасың болуы мүмкін
С) Жолдас өзі сені таңдап алады
Д) Жолдасты ата-анаңның өздері тауып береді [1]
2. Төле би неге жігіттің досын шақырған?
А) Жай көру үшін бе, әлде танимын деп ойлады ма?
В) Досының мінезін білу үшін бе?
С) Жігітті досы арқылы білу үшін
Д) Досын да қасына көмекшісі етіп алу үшін [1]
3. Сөйлемдегі бос орынға қажетті сөзді қойып жазыңыз.2 сөзден артық жазбаңыз.
Досың _________ адам екен, сені ___________ аламын. [1]
4. Мәтіндегі мақалдың мағынасын ашып, жазыңыз.

Мақал

Мағынасы





[1]
5. Мәтін бойынша дос туралы негізгі ойды жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]
ІІ. Оқылым
Теңіз жағасында екі адам жүр. Бірі – Курнос, бірі – Андрей. Кенет ышқынып, жел гулеп кетті. Қамыстар құлап, топырақ борап, дүние алай - дүлей борап кетті. Андрей бұл сұмдықты көрді: қатты соққан қара дауыл мұзды қақ жарып, ашып жіберді. Сіресіп жатқан мұз алға қарай жылжыды. Теңіз үсті түтігіп кетті. Андрей Курносты жаға қайыққа қарай сүйрей жөнелді. Иван:

  • Есің дұрыс па? – деп айқайлады.

  • Әне, балықшылар ығып барады.

  • Подумаешь! Ықса, барсын!

Андрей не істерін білмей, сергелеңге түсті. Жанына Жалмұрат жүгіріп келді. Екеуі қайықты суға түсіріп мінді. Жел қайықты ұшырып ала жөнелді. Олар жағадан ұзап кетті. Теңіз үстінің дауылы өте қатты, үйдей толқындар. Жалмұраттың зәресі ұшты. Басы айналды. «Құдай-ай сақтай көр!» - деп жалбарынды. Андрей қайықты есті. Мұзда ыққан қайықшыларға жете алмай, өздері адасты. Қараңғы түнде қайықты үлкен сең соқты. Қайық быт-шыт болды. Екеуі мұздың үстінде қалды.
Ал балықшылар теңізге шыққан соң, жұқа мұз быт-шыт болып жарылды. Олар жан-жаққа ығып кетті. Балықшылардың біреуі суға құлап, үшеуі үсіп өлді. Біреуі шалажансар. Еламан, Кәлен, Мөңке, Дос, Рай ғана қалды.
Таң атты. Дауыл басылды. Бұлар ыққан үлкен мұз шыңға тірелді. Балықшылар: «Қаратүпті қара! Біз Қаратүптен шығыппыз», - деп шулады. Сақал- мұрты – қырау, беттерін үсік шалған. Осы жерде балықшылар Жалмұрат пен Андрейдің денесін көрді. Өздерін іздеп шыққандарын түсінді. Андрейдің тырнақтары жұлынған. Мұз үсті – қан. Өмір үшін жан аласқан. Жерді тырнағымен тырнаған. Андрей ақкөңіл еді. Промсолда балықшыларға жаны ашитын жалғыз адам еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет