Ii конгресс политологов казахстана


IV. СЕКЦИОННОЕ ЗАСЕДАНИЕ 3



бет12/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.39 Mb.
#141692
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

IV. СЕКЦИОННОЕ ЗАСЕДАНИЕ 3

«Необходимость и пути развития казахскоязычной политологии»
Сапанов С.Ж., тарих ғылымдарының докторы, әл–Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы, Алматы қаласы
Қазақстандық саясаттану ғылымының

кейбір өзекті мәселелері һақында
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1993 жылы «Қазақстанның болашағы –қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде - «Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесіндегі бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік кұрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын. Біз құрып жатқан қоғамның жоғары құндылығы — адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр.Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының, кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеяларына негізделген» - деп атап көрсеткен болатын[1].

Осының бәрі — сайып келгенде реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда, саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты коғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деп айта алмаймыз. Бұл кұбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестері, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістері мен психологиялық таптаурындарымен сонымен бірге қоғам өмірі мен әрбір адам тұрмысының салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос ауыртпалык түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашактың ортасында сияқты, артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылык жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын мойындауға тиіспіз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның саясаттану ғылымында қалыптасып жатқан жағдайды түсіну үшін баспасөздің беттерінде, партиялардың пікірталастарында, экономикалық топтарда, сондай-ақ қоғамның қалың қатпарларында талқыланып жататын идеялардың мазмұнына мұқият талдау жасау кажет.

Отандық саясаттану ғылымының өзекті мәселелерін талдауда қазір «халықаралық саясаттануды» бөліп қарастыру керек. Өкінішке орай Қазақстанда саясаттанудың бұл саласы кенже қалып отыр. Біздің ойымызша бұл бағытта бірнеше тараптарды бөліп қарастыруға болар еді. Олардың ішінде:



«Жаңа әлемдік тәртіп» мәселесі ерекше орын алады
Жаңа - XXI ғасыр әлемдегі ретті түбегейлі өзгеріске ұшыратты. «Қырғи-қабақ соғысы» аяқталып, Социалистік және Капиталистік «лагерлердің» өзара қарсыласуы өткен күнге бет бұрды. Біртіндеп, жаңа әлемдік тәртіп қалыптасып, осыған орай Қазақстанның сол жаңа әлемде өзінің саяси рөлін арттыруға мүмкіндігі туды.

Әрине, өткен ғасырдың 90-шы жылдары халақаралық қатынастардағы алпауыт өзгерістер уақытына сай келді, әлем келбеті де өзгерді. Оған қоса жаһандық экономикалық және саяси жүйелер де трансформацияға ұшырады. Бұл кезеңді «өзгерістер» негізін қалаушы - деп атауға болады. Яғни дәл осы XX ғасырдың 90-шы жылдарында бүгінгі күннің халықаралық қатынастар жүйесі қалыптасты. Соған байланысты, Қазақстанның сыртқы саясаты бір саяси жүйеден, екіншіге ауысып, саяси мақсат-міндеттері де өзгерді, ал ол өз алдына саяси әдістердің өзгеруіне де әсерін тигізді.

XX ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы тарихи оқиғалар, яғни жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы тек әлем елдерінің сыртқы саясат бағыттарын өзгертіп қана қоймай, әлемдік қауымдастықтың жаңа субъектілерін дүниеге әкелді.

«Жаңа әлемдік тәртіп» мәселелеріне байланысты ҚазҰУ –нің халықаралық қатынастар факультетінің, Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының профессорлық құрамы бірнеше көлемді еңбектерді дүниеге әкелді, отандық ғалымдардың ішінде т.ғ.д., профессор Ибрашев Ж.О., т.ғ.д., профессор Байзакова К.Е., т.ғ.д., профессор Кукеева Ф.Т. т.б атап өтуге болады. Дегенменде бұл бағытта әліде көптеген жұмыстар атқару керек. Әсіресе қазақ тіліндегі еңбектер жоқтың қасында



Екінші мәселесі - аймақтық қақтығыстар
Біз бүгінгі халықаралық саясаттануда қақтығыстар теориясы және оның негізгі еркешеліктері туралы батыстық көлемді еңбектердің жарық көргендігін айтуымыз керек. Мәселен, американдық зерттеушілер Патрик Морган және Дэвид Лейк өз зертттеулерінде қақтығыстардың 8 түрлі анықтамасын беріп, оның 12 варианттарын анықтаған болатын. Біздің ойымызша, бұл еңбектер аймақтық қақтығыстардың ерекшеліктерін, аймақ мемлекеттерінің аймақтағы саясатын, ұстанымын түсінуге көмектеседі.

«Қырғи қабақ» соғыс аяқталғанғаннан кейін АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің теке тіресі аяқталған болатын. Бірақ бұл жалпы қақтығыстардың аяқталуы деген сөзді білдірмеді. Енді аймақтық қақтығыстар кезеңі басталды. Бұл аймақтарға КСРО аймағы, Ауғаныстан, Таяу Шығыс, Африканы жатқызуға болады.

Бүгінгі таңда көптеген зерттеушілер ішкі және халықаралық қақтығыстардың айырмашылығы біртіндеп жойла бастады деген пікірді көбірек қолдануда. Оның үстіне сарапшылар халықаралық қақтығыстар мен халықаралық қатынастардың қайшылықтарын анықтауға көбірек көңіл бөлуде. Бір сөзбен айтқанда қақтығыстардың интернацианализациялануы жүріп жатыр деген пікерге келіп отыр. Сондықтан да қақтығыстардың ішкі факторлары деген ұғым бірте – бірте жойылуда.

Ал, «Аймақ» деген түсінік халықаралық қатынастардың негізгі шарты және бір белгілі кеңістікке сәйкес келетін категоря емес.

Аймақ терминлогиясының мәні Копенгаген мектебінің қалыптасуына байланысты өз мағнасын кеңейтуде. Копенгаген мектебінің өкілдерінің қатарында Б. Буза, О. Вэвер т.б. бар. Бұл мектеп өкілдері 1980-1990 жж аймақты қауіпсіздік концепциясын жасаған болатын.

Сонымен аймақтық қақтығыстар термині, жаңа ғаламдық қарама –қарсылық жоқ екендігін және қайшылыықтардың жаңа факторларының пайда болуымен ерекшеленеді, бұл өз тарапынан «Қақтығыс» деген терминді кең көлемде қолдануға мүмкіндік береді.

Ал аймақ деген ұғымды анықтауда Д. Лейк және П. Морганның анықтамасына сүйенсек: - «Аймақ дегеніміз - өз ара байланысы бар кеңістікті атауға болады. Бұл кеңістік өз ара территориямен байланысқан және бір немесе бірнеше мемлекеттерді құрайды.» Сонымен бірге аймақтық қатынастарға тек қана мемлекетер ғана емес сондай-ақ халықаралық қатынастардың басқа акторлар қосыла алады.

Бұл орайда қақтығыстарды тек «жағымсыз» фактор ретінде қабылдамау керек. Кей жағдайда қақтығыстар өркениеттің дамуына пайдалы әсер тигізеді деп есептейтін авторлар да бар. Сондықтанда қақтығысты белгілі дәрежеде социум ретін қабылдау қажет, себебі қақтығыстар әлеуметтік өмірдің жаңа жақтарын тануға әсер етеді. Ал қақтығыстар өз тарапынан әлеументтік өмірдің көптеген жақтарына тарауда.

Қақтығыстардың неғұрлым көп тараған жақтарын көрсететін кестеге көңіл аударайық.


Тарихи кезеңдер

Қайшылықтар

Қақтығыстар түрлері

15-16 ғғ

Діни

Діни соғыстар

17-18ғғ

әулеттік

Мұрагерлік үшін күрес

19ғ

Ұлттық

Ұлттық мүдделер үшін күрес

20ғ

Идеологиялық

Әлеуметтік – саяси жүйелер күресі

21ғ

Біртекітлік

Жаңа қақтығыстар және терроризм

Мамандардың пікірінше, бүгінде қақтығыстардың пайда болу себебі де өзгеруде. Осы орайда Ресей ғалымы К.С. Гаджиев саясатты - қақтығыстарды шешу, оның трансформациялануы және пайда болуы деп атап көрсетеді.Ал ресейлік зерттеуші А. Здравомыслова адамзат өмірінің барлық жағы – экономика, сауда, интеграция экология т.б қақтығыстарды тудыра алады деп атап көрсетеді.

«Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі қақтығыстардың өзгеру тенденциясына келетін болсақ, Ф. Фукуяма мен С Хантигтонның концепцияларының орындалмай қалғанын алға тарту керек. Бұл екі автор өте батыл гипотеза ұсынған болатын. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін діни, этникалық қақтығыстаррды сараптай келе авторлар аймақтық қақтығыстардың күшеюі өркениеттер дағдарысына алып келеді және тек қана либеральдық құндылықтар ғана үстем болады деген пікрді алға тартты.

Ф. Фукуяма мен С. Хантингтон концепциясы жарияланғаннан бері 17 жыл өткенен кейін, бұл концепциялардың толық жүзеге аспағандығын өмірдің өзі дәлелдеп берді.

Батыстық саясаттану ғылымында бүгінгі күні қақтығыстар бойынша көптеген жаңа жұмыстар пайда болуда. Олардың ішінде Дж. Нейдің, Б. Барбердің, Т. Барнеттаның және т.б. авторларды атап өтуге болады.

Соңғы жылдары ресейлік және отандық тарихнамада да аймақтық қақтығстарға байланысты жаңа тың еңбектер жарық көруде. Бұл еңбектердің басым көпшілігінде аймақтық қақтығыстардың классификациясы және қолданбалы маңызы айтылады.

Отандық зерттеушілер қақтығыстарды зертттеудің өзектілігін арттыратын факторлардың қатарына төменгілерді атап өтеді:


  • КСРО –ның ыдырауы жаңа дағдарыстарды тудырды;

  • Ескі қақтығыстар жаңа сыйпатқа ие бола бастады;

  • Қақтығыстардың ішкі және сыртқы факторлары өзерді;

  • Қақтығыстардың пайда болу себептері өзгерді;

  • Жаһандану үрдісінің салдары;

  • Аймақтық қақтығыстарға сыртқы күштедің араласуы күшеюде;

  • Аймақтық қақтығыстарда қаза табатын адамдардың саны күрт өсуде;

  • Қақтығыстардың асссимитриялық сыйпаты

Осы ерекшеліктерді ескере отырып жетекші мемлекеттердің сыртқы саясатын анықтауға болады.

Бүгінгі таңда жаңа халықаралық қатынастардағы қақатығыстарға ортақ даму ерекшеліктері тән. Жалпы қақтығыстардың классиикциясына келетін болсақ, оны Фкудид Ф, де Коммин, Н. Макиавеллии, К. Клаузевиц т.б. еңбектерінен бастаған жөн.

Біздің ойымызша қақтығыстарды белгілі дәрежеде бөліп қарастырған жөн.

Аймақтық қақтығыстарды біз өз кезегінде бірнеше топқа бөлеміз:



  • әлеуметтік;

  • халықаралық;

  • тұрмыстық;

  • экономикалық;

  • діни.

Белгілі классификация жүргізгеннен кейін қақтығыстады кезеңдерге бөлуге болады

  • 1950-1970жж.

  • 1970-1990 жж.

  • 1990-2000 жж.

  • 2000 – 2009 жж.

Бұл жылдарда жарық көрген еңбектер де қақтығыстарды шешудің жолдары әр түрлі деңгейде сыйпатталады. Мысалы П. Сорокин мен К. Бузанның еңбектеріндегі әдістемелік талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Дегенменде, барлық зерттеушілерге ортақ классификцияның қалыптасуы да заңдылық.

1950-1970 жж. Батыс Европда қақтығыстарды зерттейтін орталықтардың қалыптасуы қақтығыстарды зерттеуге үлкен үлес қосты. Ондай мектептер қатарында:



  • Франция

  • Англия

  • АҚШ

  • Швеция т.б

Қақтығыстарды зертттеу орталығының негізгі бір бөлігі КСРО болды. КСРО мамандары қақтығыстарды объективті үрдіс деп атап көрсете келе, оларды тек таптық методология негізінде зерделеді.

КСРО – дағы жетекші орындардың қатарында Мәскеудегі ғылыми орталықтарды атауға болады / МГУ, МГИМО, Шығыстану Институты т.б/. Біздің ойымызша Қазақстанда да қазіргі кезде отандық «қақтығыстарды зерттеу» орталығының пайда болуының уақыты жетті.

Үшінші мәселе сыртқы саясатта шешім қабылдау және саяси социология. Өкінішке орай Қазақстанда бұл бағытта жүйелі еңбектер жарық көрмей отыр.

Сыртқы саясатта шешім қабылдауда ең бастысы саяси сенім болып табылатыны белгілі.

Мемлекет өмір сүру үшін не керек деген сұраққа көне қытай ойшылы Кан Фуци былай деп жауап қатқан екен: «Әскер де, тамақ та керек, бірақ оларсыз да мемлекет өмір сүре алады, тек сенімнен айрылған мемлекет тез арада құлайды».

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы –қоғамның идеялық бірлігінде.- Алматы: ПО «Кітап», 1993. -5 б.

2. Полис № 1994 №1. С 33-48.

3. Барнет Т. Новая карта Пентагона /Россия в глобальной политике.- 2004.- №3.
Аяған Б.Ғ., Мемлекет тарихы институтының директоры, Ұлттық Кеңестің мүшесі, т.ғ.д., профессор
Тәуелсіз қазақстандағы саяси ғылымның

бүгiнi мен болашағы
Қазіргі заманда жаһандану үдерісі егеменді Қазақстан тарихын жан-жақты және кешенді зерттеуді талап етеді. Қазіргі әлем күрделі де қарама-қайшылыққа толы әрі өзара тығыз байланыстағы күрделі мәселелерден құралған жүйе. Ал Қазақстан болса, тек 1991 жылдан бері ғана осы жүйенің құрамдас жеке саяси бірлігіне айналды. Осы уақыт аралығында саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени салаларда кешенді зерттеу мен талдауды талап ететін көптеген өзгерістер болғаны мәлім.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын зерттеу барысында мемлекеттік басқарудағы, саяси жүйедегі трансформация, партиялық және сайлау жүйелеріндегі өзгерістерді қамтымай зерттеу мүмкін емес. Сонымен бірге, саяси жаңару ала келген президент институты, парламент, көппартиялық, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар сияқты түсініктерді анықтауда, оларды жаңа құрылымдар ретінде бағалауда да саяси ғылымның алар орны зор.

Бүгінгі күні Қазақстанда да осы мәселелерді ескере отырып, саяси ғылым өзіндік ұлттық дәстүр шеңберінде дамуға талпынып отыр. Бір қарағанда біраз жетістіктерге жеткендейміз де. Әсіресе, осы мамандық бойынша қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар саны тұрғысынан бағалар болсақ.

Үстіміздегі жылдың 5-қыркүйегінде ғылым мен ғылыми саясат бойынша өткізілген кеңесте Елбасы гуманитарлық ғылымдарға баса көңіл бөліп, бұл саланың алдында атқарылуы тиіс күрделі істердің бар екендігін тілге тиек етті. Елбасы елімізде орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жіті зерттеу, талдау қажеттігін баса айтты. Тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі жетістіктерін, жүрген жолдарын саралайтын қазіргі заман тарихын жазу ісіндегі гуманитарлық институттардың рөліне зор мән берді. Бұл идеяны жүзеге асыру жолында тек тарих ғылымының ғана емес, саясаттану, жалпы қоғамдық ғылымдардың жүгі ауыр.Осы жолда біріксек, «жұмыла көтерген жүк – жеңіл» болмақ!

Бірақ қазіргі қазақстандық саяси ғылымның дамуында көптеген шешілмеген мәселелер бар. Отандық саяси ғылым әлі күнге дейін келелі ой айтып, тұжырымды идеяларды ұсына алмай отыр. «Не кедергі? Не себеп?» деген ойлар үнемі мазалайды. Ол осы күні қазақ қоғамын ілгерілетуге ауадай қажет болып отырған патриотизмнің әлсіреуінен.

Біздегі саяси ғылым орыстілді. Олар өз кезегінде батысқа қарап, батыстың «үздік ойларын» ғана уағыздауға бейім. Сонда біздің отандық саяси ғылымның өзіндік бет-бейнесі қалай қалыптаспақшы? Ол тек көшірме күйінде қала ма? Қазақ тілді саяси ғылым кенже қалуда деп байбалам саламыз. Алайда, түсінбегеннен оқымайтын, сөйтіп оны жоққа шығаратын ғалымдарымыз қаншама. Қазақстандық саяси ғылымды қазақ саяси ойынан хабарсыз, қазақ мемлекетіне жаны ашымайтын, қазақтың түп-тамырын жете білмейтін, зерттеуге талпынбайтын ғалымдар қалай дамытпақ?

Бәрімізге белгілі, отандық саяси ғылымда біржақты бағалау орын алып отыр. Бір ғана мысал, орыс тілінде жазылған еңбектерден қазақ тілді саясаттанушылардың немесе қазақ тілінде жазылған еңбектерге сілтемені сирек кездестіресіз. Тіптен жоқтың қасы деуімізге болады. Ал батыстық, ресейлік зерттеушілер еңбектеріне жасалған сілтемелерден көз сүрінеді. Тіпті көне замандағы Аристотель, Платон т.б. еңбектеріне сілтеме жасалады.

Бұл ненің белгісі, нені көрсетеді? Мемлекеттік тілге қатысты өктемдік пе әлде білместік пе? Өкінішке орай, бір сөзбен айтқанда, қазақ тілінде жазылған еңбектердің ғылыми айналымға енуі ақсап отыр.

Жалпы демократия, демократиялық институттар туралы ойлар қазақ қоғамдық-саяси ойы үшін жат идеялар емес. Қазақ саяси ойы тамырын тереңнен, сонау Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, М.Мөңкеұлы, Ш.Уалиханов және т.б. замандарынан бастау алады. Тарихтан белгілі, көне көшпелі қоғамда демократиялық дәстүр жүйелі түрде дамып отырған.

Мысалы, сайлау жүйесі, сотпен әкімдер қызметін бақылау, жариялылық т.б. қазақ қоғамына тән болған. Кезінде «Алаш» партиясының 1917 жылы жарияланған бағдарламасының жобасында демократиялық мемлекет, президенттік республика туралы айтылуы да бекер емес.

Ал «біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, құқына тартысу», «жылау салты артта қалды. Ендігі рәсім құқы үшін жылау емес, құқын талас-тартыспен қорғау» - деп қазақ халқының жаңа тарихи кезеңдегі міндетін анықтаған Ә. Бөкейхановты неге айтпасқа?!

Біз өз тарихымызды, тіліміз бен ділімізді құрметтей білуіміз керек. Ол бір өткенді аңсау, жоқтан бар жасау емес. Біздің терең тамырлы ел екенімізді келер ұрпақ білуі үшін қажет. Мұратымыз демократияға жету жолында батыстық құндылықтар емес, мемлекет құраушы ұлт тілі ретінде қазақ тілі мен ділі басты құндылықтарға айналуы тиіс.

Сондықтан саяси ғылымды мемлекеттік тіл - қазақ тілінде дамытуға көп көңіл бөлуіміз қажет. Менің ойымша, бүгінгі конгресстің күн тәртібіне «Қазақ тілді саясаттануды дамыту қажеттілігі және жолдары» деп мәселенің қойылуы да бекер емес.

Кеңес дәуірінің сыңаржақ саясатының салдарынан қазақы саяси тіл дамымай қалды. Ендігі жерде қазақ тіліндегі саяси лексиканы қалыптастыру бүгінгі заман талабы. Саяси ғылым саласында әлем мойындаған халықаралық терминдер көп. Осы терминдер қазақ саяси ғылымында да үйлесімді қолданылады. Алайда, кейде келсін-келмесін терминдерді қазақшалауға бейім тұратынымыз да бар. Меніңше, қазақша баламасы бар терминдерді ғана қазақшалап, ал жалпы саяси ғылым саласында қолданылатын сөздерді сол күйінде қалдырғанымыз абзал. Шет елдік терминдерді «сіңіру» қазақ тілінің сөздік қорын тек байыта түспесе, зияны болмайтыны сөзсіз. Қазақ тілі бай, шұрайлы тілдердің бірі екені даусыз. Алайда, тіл үздіксіз даму үстінде болуы керек. Осы орайда, Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің қызметкерлері «Саяси технологиялар. Терминдер мен ұғымдар сөздігін» дайындады. Сөздікте саяси ғылымдар саласында қолданылып жүрген, шетелдік әдебиеттерден енген жаңа сөздерге түсініктеме беріледі.

Сөздікті дайындаудағы негізгі мақсат сайлау науқанында қолданылып жүрген сан-алуан технология түрлерімен көпшілік қауымды таныстыру. Әрі оны қазақ тілінде халықтың санасына сіңіру.

Осы көптеген мәселелер оқулықтар мен оқу құралдарына да қатысты. Кезінде Д. Жамбылов, Т.Мұстафин жетекшілігімен «Саясаттану негіздері», 2007 жылы Р.Әбсаттаровпен дайындалған «Саясаттану және оның проблемалары» атты бірлі-жарым оқу құралдары жарық көрді. Студенттердің оқу барысында қолданатын оқулықтары мен оқу құралдарының басым көпшілігі Ресейде жарық көрген басылымдар. Ал өзіміздің елімізде жарық көрген еңбектерді қолдануда әлі де болса жүйелілік жоқ. Тіптен бір білім ордасында немесе ғылыми зерттеу орталықтарында жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдары екінші ортада таныс емес.

Не себепті қазіргі заманның саяси үрдістері мен саяси өзгерістеріне баға беретін, болашаққа болжау жасайтын ғылым саласы біздің елімізде мұндай жағдайға душар болып отыр деген орынды сұрақ туады. Бұл жағдайдан қалай арылуымызға болады, оның қандай жолдары бар? Саяси ғылым, саясаттану шынайы бәсекеге қабілетті ғылым саласына қалай айналады?

Біздің ойымызша, саяси ғылымды дамытудың бірнеше қырлары бар. Бірі саяси ғылымның өзекті мәселелерін зерттеу мен оның ішіндегі бағыттарды дамыту. Бұл үшін ірі бір-бірімен бәсекелесе алатындай саяси зерттеу орталықтары қажет. Әрі осы орталықтар мен институттарды біріктіретін тарихшылар, саясаттанушылар, жалпы қоғамтанушыларды біріктіретін қоғам болғаны орынды. Біз тек сонда ғана Чикаго экономистерінің мектебі, Рим клубы сияқты саясаттану мектептерін қалыптастыра аламыз.

Осы орайда, Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің қызметкерлерімен «Қазақстандық саясаттанушылардың электронды мәліметтер жинағы» жасалды. Сонымен қатар, саяси зерттеу орталықтарының мәліметтер жинағын жасау керек. Ал, ол өз кезегінде бізге бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Екіншісі сапалы оқулықтар дайындау. Біздің ойымызша, осы оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау мен жариялауды орталықтандыру өте қажет. Әрине, бұл жаппай бақылау орнату мақсатында емес, оқулықтар мен оқу құралдарының сапалық деңгейін көтеру және оны пайдалануды тиімдендіру мақсатында болуы тиіс. Осы орайда, оқу стандарттарына сәйкес «Саясаттану» пәнінің басқа мамандықтар үшін міндетті курс ретінде оқытылатын пән екенін де ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бұл салада да оқулықтар мен оқу құралдары мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр.

Құрметті әріптестер! Кезіндегі ақын Абайдың «бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» қағидасын басшылыққа ала отырып, тарихшылар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар бөлініп-жарыла бермей, біріге отырып жұмыс жасауымыз керек. Тек сонда ғана, ғылым дамып, жүйелі де іргелі еңбектер өмірге келеді. Назарларыңызға рахмет!

Исмагамбетов Т.Т., доцент КазНТУ им. К.И. Сатпаева, кандидат политических наук
Мнение против знания в отечественной политологии
Наука имеет классические основания и логичность, доказательность выводов. Мнение не обосновывается ничем, кроме внутреннего посыла и убеждения. Иногда облекает себя в научные одежды. Некоторые вопросы приобрели роль форпостов мнений против знания. Именно их разбору посвящено настоящее выступление.

Столетиями не появлялось новое, способное объединить на обширной территории без имперских принципов. На землях прежней Золотой орды доминирование перешло к одному из её владений – Московскому царству. Затем это царство после завоевания Казани приобретало черты империи, а при Петре Первом превратилось в Российскую империю, одну из держав Европы. После гражданской войны произошла новая трансформация - в Советский Союз. К сожалению ученые молчат, словно известные факты не требуют осмысления.


Прошлое живет в настоящем
Вне внимания не должны оставаться важные для формирования нации обстоятельства, связанные с прошлым:

1) переход земли в государственную собственность был опробован на периферии империи. С конца 1860 г. согласно «Временному положению…» имперская власть предприняла переворот в земельных отношениях: отныне земли казахских кочевых общин считались государственной собственностью. Эта коренная ломка предшествовала 1917-1918 гг. с революцией во всей империи и ликвидацией частной собственности на землю;

2) этим же «Временным Положением…» было продолжено начатое с середины XVIII в. и утвержденное «Уставом о сибирских киргизах» формирование местной властной и управленческой верхушки по воле государственной власти. Если кратко выразить этот растянувшийся на два века процесс, то можно сказать: власть на местах была передана султанам-чингисидам вместо ликвидируемых ханств и института ханской власти; с падением авторитета чингисидов и в силу стремления подчинить кочевой социум государственной администрации имперская власть нашла новую опору в выходцах из «черной кости». Власть формировала правящую элиту в степном крае. Произошло переворачивание известной формулы «элита формирует власть». В Казахстане, Средней Азии, некоторых других национальных окраинах произошло обратное: власть формировала элиту. Впоследствии, уже при Сталине это ограниченное национальными окраинами перевертывание распространилось на всю Советскую страну. Как заметил российский ученый А.Н. Медушевский: «…новая элита создана самой властью в буквальном смысле слова, т.е. она тщательно просеяна и сформирована аппаратом… Обратной стороной оторванности от общества становится зависимость элиты от власти» [1].

В 1925-1930-х гг. этому странному соотношению власти и элиты предшествовало еще одно переворачивание: государство взялось за формирование национальностей в Казахстане и Средней Азии (вместо «национальность формируется самостоятельно и затем создает национальное государство»). Из нескольких народностей была создана узбекская национальность. Процесс укрупнения также затронул таджиков, в меньшей мере туркмен. Между прочим, староверов и донских казаков также затронуло «укрупнение» путем включения в состав русского народа.

Эти три обстоятельства в отношениях центра и периферии примечательны: 1) переход земли в государственную собственность на территориях национальной окраины предшествовал всероссийскому огосударствлению земельных отношений; 2) «власть формирует элиту» на национальных окраинах предшествовало всесоюзному сталинскому перевороту и замене известной формулы «элита формирует власть»; 3) Советское государство вмешалось в создание национальностей, изменив процесс спонтанного формирования национальностей, в том числе русской.

Роль сырьевого придатка и рынка для сбыта продукции российских промышленников единственно, что сближает с положением заморских колоний эпохи капитализма. Российская империя была государством, в котором явления прошлого, например, крепостное право, самодержавие, поразительно долго сосуществовали с новыми, современными. Сырьевой характер экономики пережил царизм, оказался живучим и его преодоление актуально по сей день.

Прошлое держит нас. Первый вывод очевиден – Судьбы народов обнаруживают признаки удивительного взаимного влияния и переплетения. Второе и третье обстоятельства (см. о власти и элите, государстве и национальностях) до сих пор имеют место при формировании правящей элиты и в межэтнических отношениях некоторых постсоветских стран.
Территория Казахстана не есть одна-единственная этническая территория казахов
Сторонники мнения не ведают (или забывают? Не хотят знать?) многие аспекты исторического освоения казахами земель. Отчасти это понятно. Не написана не стала позитивным мифом романтическая страница (а еще лучше сказания, фильмы) об этом прошлом. Чем не поле деятельности для поэтов, писателей, кинематографистов? Пока что в этом продвинулись отдельные историки. Клара Хафизова, например, в одной из монографий описала периоды отношений казахов с цинским Китаем и в рамках этого исследования освоение казахами земель, оставшихся ненаселенными после почти поголовного истребления джунгар Цинами в конце 1750-х гг.

На самом деле этническая территория казахов много больше территории республики Казахстан. И она отражает противоречивость нашей прошлой истории. Две части этого вопроса: 1) неоднократные изменения территории КазАССР и КазССР и возникшее отсюда несовпадение территории этнического расселения казахов и территории государственности в пределах Советского Союза; 2) появление в прошлые века земель, компактно заселенных казахами, вне пределов Российской империи и СССР.

В 1930-х гг. передача земель была недискутируемым актом, а в последующем были прецеденты обмена участками территории. Иначе было в первой половине 1920-х г. Малоизвестно, что в 1924 г. часть ответработников-казахов на сентябрьском (1924г.) пленуме Киргизского обкома партии выступила с требованием провести «размежевание внутри КАССР». Предлагалось выделение из Киргизской АССР (т.е. КазАССР) ряда районов, населенных преимущественно русскими [2]. Негласно руководствовались принципом «власть этническая в обмен на территории». Сторонниками этого подхода были некоторые руководители, связанные в прошлом с «Алаш-ордой» и поддерживавшие дружеские отношения с её бывшими лидерами. В 1925 г. была инициатива о присоединении Ташкента к КазАССР, окончившаяся безрезультатно. Практически без дискуссий воспринималось выделение Оренбурга из автономной республики.

Особняком стоит тема эмиграции части казахов из Российской империи в 1916 г. и из СССР в период коллективизации. В общественном мнении сложился стереотип, что расселение казахов за пределами Казахстана связано с этими вынужденными миграциями. На деле же это расселение казахов на обезлюдевших просторах (расширение просторов этнической Родины) вне пределов Российской империи предшествовало этим вынужденным миграциям и шло в одну эпоху с расширением этнической территории казахов на территории современного Казахстана.

Для любителей истории: освоение казахами земель нынешней казахской автономии в Синьцзяне и Баян-Ульгийского аймака в Монголии происходило почти в одну эпоху, что освоение пастбищ между Уралом и Волгой и началом перехода казахов на земли за Иртышом. В 1801 г. Павел Первый позволил казахам поселиться на почти обезлюдевших после ухода калмыков в начале 1770-х г. степях между Уралом и Волгой. Началась история Букеевской орды. История, впрочем, знала также запреты на перемещения кочевых общин.

Надо понимать, что после массового выезда казахов их прежние территории будут рассматриваться властями КНР как земли, ставшие исконно китайскими. Примем во внимание, что картографическая экспансия со стороны КНР не прекращается и земли до Балхаша и далее считаются входившими в состав данников Поднебесной.

Вопрос об этнической территории как не всегда совпадающей с территорией национального государства – это оптимальная постановка вопроса в отношениях с казахами, проживающими на своей этнической территории, но в других государствах. Наиболее показателен пример Венгрии в отношении венгров румынской Трансильвании и автономного края Воеводина в Сербии. Эти «потерянные территории» возникли после 1918 г. как следствие краха Австро-Венгерской империи и т.н. Венгерского королевства в её составе. Наиболее острые проблемы недавнего прошлого - это положение венгров в социалистической Румынии времен Николае Чаушеску.

Неверное понимание слова «диаспора» ведет к неверным выводам. Казах из Москвы принадлежит к диаспоре, но казах из Кувандыкского района Оренбургской области проживает на этнической территории казахов, т.е. находясь вне национального государства, проживает в ирреденте.

Исторические судьбы казахского народа были многовариантны. Слово «диаспора» в полной мере применимо к казахам Турции или Ирана, но не к казахам Узбекистана или КНР. Казахи этих стран в большинстве своём компактно живут на землях, которые есть часть этнической территории казахов. Правда, эти земли в силу исторических обстоятельств оказались вне Республики Казахстан. При этом, Казахстан и соседние страны не имеют территориальных претензий.

Как суверенное государство, Казахстан может сказать свое слово в сохранении хороших отношений зарубежных казахов со странами проживания и поддерживать усилия по защите их культуры и языка. Пора взять за основу, что миром правят интересы. И эти интересы, а не эмоции доброты и поддержки лицам своей этничности надо формулировать, чтобы не быть пешкой в чужих руках.

Мнение сторонников «власть в обмен на территории» в 1924 г. способствовало утрате части земель республикой. Мудрости у предков было побольше, чем у их потомков. Предки расширяли земли Родины, даже находясь под присмотром империй. А кое-кто из их потомков не ведает, что его мнение ошибочно и способствует сокращению этнической территории.
Мнение гласит: 80% казахов и все будет хорошо
Цифра 80% обманчива. Это всего лишь применяемый показатель моноэтничности государства. С точки зрения практики все обстоит более приземленно. В КНР 94% населения ханьцы, а проблемы создают этносы, составляющие вместе 1,25% населения этой державы – уйгуры и тибетцы. В соседней России с 80% русского населения – чеченские боевики создали головную боль последовательно для Ельцина, Путина, Медведева.

Когда-то, в начале 1980-х гг. были в интеллигентской среде разговоры о моменте, когда казахи вместе с тюркскими этносами республики перевалят планку в 50% населения. Но с конца 1980-х гг. стало очевидно, что тюркскость не подразумевает общность интересов в республике. В 1997 г. удельный вес казахов достиг и перевалил планку в 50%. Но уменьшились ли проблемы с идентичностью населения республики? Нет. И вряд ли они решатся даже при 99% казахского населения, если не произойдет переоценка ценностей. Причина – неизжитая и идущая из прошлых веков внутриэтническая дисперсия: все более возрастает значимость региональной принадлежности, происхождения и прочее внутри казахов. Проявляется и разница в понимании ислама внутри мусульман (и это в условиях религиозной неактивности большинства населения). Так что главное не столько численность, сколько способность к консолидации. А в этом смысле «ускорители» уповают на «авось» и упорствуют в погоне за статистической величиной. Но факты – упрямая вещь. Расхождения между вышеуказанными идентичностями препятствуют и будут препятствовать сторонникам идеи казахской политической нации воплотить свою мечту.

Вместо советской формулы «социалистическая, советская по содержанию, национальная по форме» пора формулировать появление «по форме казахских, по содержанию – регионалистских» памятников. Монументы Адай-ата, Байдибеку и прочим, заслоняют имена подлинных общенациональных героев, воспетых казахско-ногайским героическим эпосом.

Обыватель и деятель культуры забывают, что они дети советской эпохи. Их наследие сформулировано по сталинским лекалам, когда казахская культура была серьезно подчищена в части исторической памяти.

Некогда гуманисты открыли европейцам античность и античное знание и культуру. Без Возрождения античности не было бы современной Европы. Но наши «культуртрегеры» ограничены локальным, а не общечеловеческим и национальным.

Нация при таком продвижении локальных, региональных ценностей оказывается перед лицом фрагментации исторической памяти и культуры. Актуально замечание российских ученых Фарукшина М.Х. и Юртаева А.Н. о периоде доминирования т.н. фрагментарной политической культуры как слепке состояния раскола общества: «… В условиях как плюралистической, так и фрагментарной культуры социальные конфликты легализуются. Но если первая предполагает достижение консенсуса, т.е. в целом стабильного равновесия интересов сторон и наличие механизмов решения проблем (обычно на ранних стадиях их проявления), то во втором случае речь идет лишь о «мирном сосуществовании» различных интересов на основе силового баланса сторон» [3].

Казахстанская реальность показывает ряд фактов, вселяющих оптимизм в отношении перспектив патриотизм и гражданственности: дружба народов в советские времена, принцип межэтнического согласия, закрепленный в Конституции. И наиболее очевидные силы противодействия на этом пути – коррупция, замыкание в узких интересах одной социальной или этнической группы.

Интересным для перспектив нациестроительства представляется ответ на вопрос: «Что для Вас является Родиной?» в соотношении с этнической и гражданскими самоидентификациями [4].

Респонденты-казахи почти единодушно показали предпочтение этнической идентификации (96,7%) перед казахстанской гражданской (2%) и крайне низким уровнем идентификации с Советским Союзом (1%).

Понятие «титульный этнос» скрывает сложную реальность восприятий и идентификаций. Примечательно, что 73% респондентов-казахов, считающих родиной – Казахстан вполне сопоставимы с уровнем респондентов русской этничности (70%) и малых этносов (61% от числа респондентов этих этничностей), считающих иные страны этническими Родинами. Иными словами, ни одна этническая группа Казахстана не дошла до 90%-ного осознания страны как общенационального Отечества. Консолидирующей роли казахов препятствует непомерно высокая роль локальных и регионалистских идентификаций Родины с областью, районом и аулом -26%!

Следует принять во внимание, что в разряд «других этносов» включаются как этносы европейского происхождения (украинцы. немцы, белорусы, поляки), так и восточные этносы – уйгуры, дунгане, чеченцы. Позиции первых, скорее всего, будут близки к данным по русским респондентам, мнения вторых - в чем-то ближе к казахским респондентам. Промежуточные показатели у малых этносов объяснимы, что в их группу включены столь культурно-цивилизационно различающиеся этносы. При этом предположении, учитывая различия в идентификациях можно рекомендовать в дальнейших исследованиях разделять категорию «другие этносы» на европейские и восточные.

Опора на знание, а не декларативность и мнения – магистральный путь решения проблем национальной идентичности в стране. Мнение, как видно, зачастую просто отмахивается от назревающих вызовов до тех пор, пока они не станут угрозами.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет