Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Тақырыбы: Індетке қарсы дауалау шаралардын жоспарлау. Сабақтың мақсаты



бет31/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Тақырыбы: Індетке қарсы дауалау шаралардын жоспарлау.
Сабақтың мақсаты: Ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық санитариялық және арнайы шараларды меңгеру.
Сұрақтар: 1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар.
2 . Ветеринариялық-санитариялық шаралар.
3. Арнайы шаралар.
Құралдар және материалдар: Схемалар, індеттік карталар, кестелер, Ветеринариялық заңдылық, бруцеллезбен күрес шаралардың нұсқауы.
Сабақтың мазмұны:1. Ұйымдастыру–шаруашылық шаралары:
- мал шаруашылықтарына қажетті объектілерді салуға жер іздестіру;
- табынды жынысына, жасына қарай топтастыру;
- мал жайылымының, суатының жағдайы және дайындалған азықтың сапасы;
- ветеринариялық насихат;
2. Ветеринариялық және санитариялық дауалау шаралары.
2.1. Сыртқы қорғаныс:
-шекараны сақтау;
- ферма-аралық алшақтылықты сақтау;
- ферманың сыртқы қоршауы;
- ферманың ішіндегі бөгеттер;
- фермаға тиесілі жерлер (жайылымдар, мал өрістері,суаттары)
дезинфекциялық тосқауыл, санитариялық өткел (жібергіш);
- малды дауалау мақсатымен карантиндеу;
2.2. Ішкі қорғаныс:
- ферма аумағын А және Б аймақтарға бөлу;
- дезинфекция, дератизация, дезинсекция (жүргізу тәсілдері, дезинфектанттардың, дәрі-дәрмектердің түрі, қолдану концентрациясы т.б.);
- санитариялық тәртіп (режим);
- бос немесе бос емес қағидасын сақтау;
- малды тұқымына, жасына, жынысына қарап оқшаулап ұстау;
3. Арнайы шаралар:
- балау мақсатымен арнайы зерттеулер (түрі, реттілігі).
- иммунды жолмен дауалау және дәрі-дәрмектерді қолдану(түрі, әдісі).
Студенттердің өзіндік жұмысы: Індеттік жағдай. Инфекциядан сау шаруашылықтың фермасында 400 сауын сиыр, 150 құнажын, 100 тайынша 14-18 айлық, 2 бұқа, 280 бұзау (5-6 айлық) бар. Бұл ферма бруцеллезден сау емес. Жол торабымен қатар орналаскан. Онда 10 іш тастаған, 17 бруцеллезге оң реакция берген мал анықгалған.
Тапсырма: Бруцеллезден сау фермада індеттің алдын алу үшін жүргізілетін ұйымдастыру- шаруашылық, ветеринариялық-санитариялык, және арнайы шаралардың жоспарын құру.

11- сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет