Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет61/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85
Жұбаева монография

Жекенің жалпыға қатысы: Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды. Домалаңдаған қара торы жігіттер саптамасының қоныштары салпылдап, тымақтары шолтиып, айғай-ұйғай итермелесіп, боқшаларын, төсек орнын сүйрелеп поездан түсіп жатыр (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Мекемелердің маңдайындағы жазуы қазақша болып қалыпты (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Мұнда ілік септік тұлғасы морфологиялық жолмен берілетін септік концептін актив қолданысқа түсіріп, оның мазмұнында посессивтілік сипатын актуалдандырады. Сол арқылы посессивтілік морфологиялық мәні түзіліп, ол әрі қарай нақтылауды қажет етеді. Ол сөйлем-сөйлесімде семантикалық және мәнмәтін факторының көмегімен көрінеді. Қосымша лингвистикалық факторлардың ықпалымен қатынас негізгі концептінің мазмұнында «партитивтілік» сипаты пайда болады.
Осылайша, жекенің жалпыға қатысы морфологиялық жолмен берілетін септік концептінің «посессивтілік» сипаты мен қатынас негізгі концептінің «партитивтілік» сипатының өзара тоғысынан түзіліп, концептуалды мазмұн құрайды.
Жекенің жалпыға қатысын білдіруде дене мүшелерінің адамға не жануарға қатысы лексика-грамматикалық мәні ерекше топ құрайды: Мойнына қолы баруы мұң екен, шәлкес аттай адуын дуана: «Яу, пірім!» деп көтеріп түрегелді. Ақбілектің салбырап тұрған екі аяғын екі қолымен икемдеп, қысып алып, асасын Ақбілекке ұстатып, бір лықытып қалды да әлуетті дуана адымдай жөнелді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Мұқаш қаттырақ аяңдап, қораның далдасына түсуге асықса да, шекпенін жамылып, аяғының басына кебіс іліп, дәретке шыққан молданың бір көзін жұмып, сығырая қарауынан құтыла алмады. (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Құлтуманың аузы-мұрны маймылдың тұмсығындай қомпайтып, сорайып, аңырайып, ақымақ болды да қалды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Мұнда семантикалық фактор ерекше маңызды болады. Жалқы есім немесе адамзат мәнді зат есімдер ілік септік тұлғасына ие болады. Ал анықталатын сөз адамның не жануардың дене мүшесін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет