Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Туыстық немесе достық қатынастар



бет62/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Жұбаева монография

Туыстық немесе достық қатынастар: Өйткені ағасының алып отырған қатыны да партия тақырыпты атастырған бір жетесіздеу адамның шажа байтал бейнелес кілбиген маймақ кәрі қызы (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Мұнда ілік септік тұлғалы зат есім жалқы есім не адам мәніндегі зат есім болады да анықталатын сөз туыстық не достық қатынасты білдіреді. Ілік септік жалғану арқылы актуалданған «посессивтілік» морфологиялық мәні семантикалық және мәнмәтін факторларының көмегімен нақтылана түседі. Сол арқылы қатынас негізгі концептінің мазмұнында «туыстық қатынас» сипаты пайда болады. Ол «посессивтілік» сипатымен тоғыса отырып, концептуалды мазмұн құрап, осы мәннің қалыптасуына негіз болады.
Қоғамдық, әкімшілік қатынастар: Уақ-түйекті айтса, байдың нөкерлері айтады; олар да байдың сөзі қып айтпайды. «Елдің қамы үшін...» пәлен-түген деп жақауратып, майдалап келтіреді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Губерниялық комитеттің бастығы қазақ болыпты. Қазақ қызметшілері көбейіпті. Оқу бөлімінің бастығы Қасен екен (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Қоғамдық, әкімшілік қатынас мәні де ілік септігі арқылы пайда болады. Ол морфологиялық жолмен берілетін септік концептін актив қолданысқа түсіріп, оның мазмұнында посессивтілік сипатын актуалдандырады. Сол арқылы посессивтілік морфологиялық мәні түзіліп, ол әрі қарай нақтылауды қажет етеді. Ол сөйлем-сөйлесімде семантикалық және мәнмәтін факторының көмегімен көрінеді. Морфологиялық репрезентацияда қатынас негізгі концептінің мазмұнында қосымша «байланыс, тәуелділік» мәні пайда болып, концептуалды мазмұн құрайды.
Сандық қатынас, шама, көлем: Аттың құйрығын көтеріп көру де сондай бөстекті жұмыстың бірі ме, көптеп ескермеген аты бас-аяғын түгендеп, амандығын білгенге разы болсын дегені ме, кім білсін? (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Дөң басына шықсақ, Шақшаң адырының бір төбесінде екі жігітті көреміз. Екеуі де жас жігіт. Оның бірі – пақырың Қартқожа (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Бұ келген төрт жігіттің бірі: қошқар туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді; енді бірі келбетті де, киімі де қоңырлау, жүріс тұрысы да солапаттау Балташ деген жігіт еді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Бұрын бір байдың, осы күнгі орта шарқы үйдің ортаншы баласымын, бұрын қой бес жүзге, жылқы екі жүзге, сиыр алпысқа, түйе жиырмаға жеткен еді, осы күні сол малдың төрттен бірі де жоқ (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты. Оның бірі – манағы айтқан, өзінің көрген ала атты (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Сандық қатынас бөлшектің бүтінге қатысын да білдіруі мүмкін: Өлеңнің ішіне балық жеушілер - Құдайдың сүйген құлы, олардан алапатты адамды Құдай жаратқан жоқ - деп қыстырды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Уақытының көбін ол аушылыққа жұмсайтын (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). – Қалабек келсе бұ кісілерді еріктірмес еді, – дейді біреуі. – Сол ма? Ол жындының жүрген жері думан ғой, - дейді тағы біреуі (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Мұнда ілік септік көрсеткіші морфологиялық жолмен берілетін септік концептінің мазмұнындағы «посессивтілік» сипатын актуалдандырып, морфологиялық мән тудырады. Ол морфологиялық репрезентацияда семантикалық және мәнмәтін факторларының көмегімен нақтыланады.
Ілік септік көрсеткіштерін қабылдайтын зат есімдер негізінен мынадай семантикалық топқа қатысты болып келеді: уақыт мерзімін білдіретін сөздер (түннің бір уағы, Құдайдың құтты күні т.с.с.); кеңістік, жылдамдық, салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: Жаздыгүні Гүлсімнің ауылына 30 шақты үлкендерді оқытып, хат танытып, Гүлсім мен екеуі бірін-бірі сүйіп, күзге таман қалаға алып қашып келген ер жігіт кім? (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Сандық қатынас мәні морфологиялық жолмен берілетін септік концептінің «посессивтілік» сипаты мен қатынас негізгі концептінің «сандық қатынас» сипатынан құралады. Олар концептуалды мазмұн құрап, осы мәннің түзілуіне негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет