Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет63/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Жұбаева монография

Сапалық қатынас Ілік септік тұлғасындағы сөз адамның не заттың қандай да бір белгісін көрсетеді: Дәрігердің қарауы күшті болғаны ғой: он бес күн дегенде қолы икемге келіп, жарасы бүріліп біте бастады (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Шарықтаған сайын үдеткен бозторғайдың шырылы, боталардың қоңыраудау сыңғырлаған жіңішке, сұлу, қаяусыз зары, енелерінің ауық-ауық қоңырлата бастап, қоюлата көтеріп, бір жоғары, бір төмен толқынтып, жіңішкерте, сүмірейте созып: «У-ү-ү-h» деп барып басылған ырғалаң боздасы сайын даланы жаңғырықтырып, өз алдына бір гөй-гөй тартып, біріне-бірі ұласып, қызғыштай қытқылдап, қырғидай шықырлап бара жатқан арбалардың шиқылы (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Сапалық қатынас морфологиялық жолмен берілетін септік концептінің құрамындағы «посессивтілік» сипаты мен қатынас концептіндегі «сапалық қатынас» сипатының негізінде түзіледі. Посессивтілік сипаты морфологиялық жолмен берілетін септік концептінің ілік септік тұлғасы арқылы актуалданып, жалпы мәндегі «посессивтілік» морфологиялық мәні пайда болады. Семантикалық және мәнмәтін факторларының көмегімен нақтылану арқылы қатынас негізгі концептінің мазмұнында «сапалық қатынас» сипаты түзіледі. Мұнда мәнмәтін факторы ерекше орын алады: сөйлем-сөйлесімдегі ілік септік тұлғасындағы зат есім адамның түрлі сипатын, белгісін білдіретін зат есімдермен тіркеседі. Мысалы: Лазеретте қолын, аяғын кестірген, көзінен айырылған, мұрнын жұлдырғандар да бар екен. Оларға қарағанда, Қартқожаның жарасы ойыншық тәрізді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Сөз бұлбұлдың күйіндей денені балқытты, Қартқожа – «Адам емес, жебірейіл ме?»– деп ойланады. Жүйесі босап көзіне жас келді. Сөзін бітіргенде, шапалақ шартылдап кетті. Кейінгі шешендердің сөзін Қартқожа ұққан жоқ, тек жақсы сөз айтпақшы екенін қолдарының сермесінен сезді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет