«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №125-vi кодексі


-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде туындайтын қатынастар



бет39/45
Дата26.01.2022
өлшемі325.71 Kb.
#454843
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
zher koinaui zhane zher koinauin paidalanu turali kr kodeksi

231-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде туындайтын қатынастар

1. Осы тараудың ережелері тек кең таралған пайдалы қазбаларды ғана өндіру жағдайларына қолданылады.

2. Тек кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарға осы тараудың ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде осы Кодекстің 204-бабының 3-тармағының 9) тармақшасын, 212 және 213-баптарын қоспағанда, 28-тарауының ережелері қолданылады. Бұл ретте тек кең таралған пайдалы қазбаларды ғана өндіру жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын сақтауға бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

Егер кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы Қазақстан Республикасының екі және одан да көп облыстарында орналасса, онда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын сақтауына бақылауды өндіру учаскесінің көп бөлігі орналасқан облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

 

232-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсаттарында өндіру



1. Тек кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсатында өндіру кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жүзеге асырылады.

2. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша оның иесінің мынадай операцияларды жүргізу:

1) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру;

2) тау-кен жұмыстарын жүргізу, тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен қайта өңдеу өндірістерін, техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалану;

3) өндіру учаскесін барлау (пайдалану үшін барлау) мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға ерекше құқығы бар.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру деп кең таралған пайдалы қазбаларды жатқан жерінен алуға бағытталған және тікелей айыруға байланысты жұмыстар кешені түсініледі.

3. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға арналған өтініш облыстың жергілікті атқарушы органына беріледі. Өтінішті қарауды және лицензияны беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтау мақсатында қосымша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізетін, өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін немесе рсеурстары перспективасының жоқ екендігін растайтын, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптамасының қорытындысы өтінішке қоса берілетінін ескере отырып, осы Кодекстің 28-тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.



Егер өтініш иесі пайдалануға сұрап отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында орналасса, онда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініш осындай аумақтардың шегінде мәлімделген жер қойнауы учаскесінің көп бөлігі орналасқан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына беріледі.

4. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын, пайдалы қатты қазбалар ресурстары немесе ресурстарының перспективасы бар аумақтарға, осы Кодекстің 203-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа кезде беруге тыйым салынады.

 

233-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мазмұны



1. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияда, осы Кодекстің 31-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа, жер қойнауын пайдаланудың мынадай шарттары қамтылуға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен қол қою бонусын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жалдау төлемін) төлеу туралы міндеттеме;

2) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға жұмсалатын жыл сайынғы ең төмен шығыстардың мөлшері;

3) лицензияның шарттарын бұзғаны үшін оны қайтарып алудың негізі.

2. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі қатарынан он жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

 

234-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесі



1. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы барлау нәтижелері бойынша айқындалады.

2. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің төменгі шекарасы жер қойнауы учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метрден төмен емес тереңдікте орналасады.

 

235-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінде жұмсалатын жыл сайынғы ең төмен шығыстар



1. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген өндіруге жұмсалатын жыл сайынғы ең төмен шығыстар туралы талаптарды сақтауға міндетті.

2. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жұмсалатын жыл сайынғы ең төмен шығыстар жеке лицензия бойынша мынадай:



ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде 1160 еселенген айлық есептік көрсеткіш;

ауданы бестен сегізге дейінгі гектарды қоса алғандағы аумақта өндіру кезінде 2300 еселенген айлық есептік көрсеткіш;

ауданы сегіз гектардан асатын аумақта өндіру кезінде әрбір келесі гектар үшін қосымша 120 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерлерінде белгіленеді.

3. Осы баптың мақсаттары үшін жеке лицензия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жұмсалған шығыстарға жер қойнауын пайдаланушының жұмыстардың мынадай түрлеріне арналған шығыстары жатады:

1) кең таралған пайдалы қазбаларды алу жөніндегі аршу, бұрғылау-жару жұмыстары және басқа да жұмыстар;

2) өндірілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жыныстарды, тау массаларын, топырақты және топырақтың беткі қабатын өндіру учаскесінің шегінде ауыстыру;

3) өндірілген кең таралған пайдалы қазбаларды үйінді жасау және (немесе) қоймаға жинап қою;

4) өндіру учаскесінде кеніш салу және инфрақұрылым құру жөніндегі барлық жұмыстар.

 

236-бап. Жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі есептілігі



1. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша мынадай мерзімдік есептер:

1) лицензиялық міндеттемелерді орындау туралы есеп;

2) геологиялық есептер;

3) өндірілген кең таралған пайдалы қатты қазбалар туралы есеп ұсынуға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.

Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.

 

237-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттар үшін өндірудің ерекшеліктері



1. Жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке, тұрмыстық және өзге де шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін өздеріне тиесілі жер учаскелерінің шекараларында кең таралған пайдалы қазбаларды алуға құқылы.

2. Осы бапқа сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жарғыш заттарды, химиялық реагенттер мен улы заттарды қолданбай жүзеге асырылады.

3. Жер учаскесінің шекарасында орналасқан және жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке, тұрмыстық және өзге де шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін пайдаланатын кең таралған пайдалы қазбалар басқа тұлғаға иеліктен шығарылмайды.

4. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдалануы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды және тегін болып табылады.

5. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы тиісінше жер учаскесіне меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен бір мезгілде туындайды және тоқтатылады.

6. Осы бапқа сәйкес туындаған жер қойнауын пайдалану құқығы жер учаскесіне құқықтан бөлінбейді.

7. Осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдалану лицензиясы немесе келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланатын тұлғалар үшін міндетті болып табылатын рұқсат алуды, есептілік пен өзге де құжаттар ұсынуды талап етпейді.

 

 



31-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін түрлендіру

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет