К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет132/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық 
өзгерістері. 
Көрінген 
кілегей 
қабықтары бозарған және сарғыш тартқан. Тері астындағы шелі сарғайған
нүкте тәрізді қан құйылған. Бауыры ұлғайған, түсі сары балшық тәрізді
ұлпасы тығыз. Өт қалтасы қою, түйіршікті, қоңыр-жасыл өтке толы. 
Жалбыршақ қарын құрғақ. Ұлтабары жартылай бос. Ұлтабар, ащы және жуан 
ішектерінің кілегей қабықтары қалыңдаған, қызарған және қан құйылған. 
Талағы екі және одан да көп есе үлкейген, кесіп көргенде шырышты
ұлпасы жұмсақ, қабық асты қанталаған. Ол жарылған жағдайда құрсақ іші 
ұйыған қанға толы. Сондай-ақ бүйректері де үлкейген, ұлпасы босаңсыған
оның қабаттарының шекарасы жойылған. Қуығы қызыл несепке толы, кілігей 
қабықтары қызарған және қанталаған. 
Жүрегі үлкейген, бұлшық еттері босаңсыған, сұр немесе сұр-қызғылт 
түсті. Эпикард нүкте немесе дақ тәрізденіп қанталаған. 
Балау қою үшін Эпизоотологиялық, клиникалық зерттеулер жүргізіліп, 
сондай-ақ патанатомиялық (өлекседегі) өзгерістер еске алынады. B.bovіs-ті 
табу үшін қан жағындыларын міндетті түрде зерттеу шарт. Бабезиозға балау 
қойғанда оған клиникалық белгілері ұқсас: қараталақ, лептоспироз және 
гематурия сияқты аурулардан ажырата білу керек. 
Емі.Ауру малды жайылымға шығармай, қолда күткең жөн. Жеңіл 
қорытылатын балауса шөп, тартылған жем-шөп көжесін, жаңа сауылған сүт, 
көк сүт және су беру қажет. Себебі мал жиі шөліркейді. Жүрек қызметін 
бақылауға алып, кофеин, камфора дәрілерін қолдану қажет. Ішек-қарын 
жолдарының қызметі бұзылғанда, іш айдайтын глаубер тұзын (240-300 г) 
береді, 10 %-ті хлорлы натрийді 0,5 мл/кг дозада күре тамырға жібереді. 
Арнайы химиялық препараттардан батризин, неоазидин, азидин, 
беренил дәрілерінің біреуі 0,0035 г/кг есебімен 7 % ерітінді түрінде етке 
немесе тері астына жіберіледі. Осы препараттардың барлығын стерилді 
дистилденген суда ерітеді. Препараттарды қайталап 24-48 сағ. соң егеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет