Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Этика мәселелері бойынша комиссиялар



Pdf көрінісі
бет89/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

174-бап. Этика мәселелері бойынша комиссиялар
1. Этика мәселелері бойынша комиссиялар зерттелетін және зерттеуші адамдардың 
құқықтарын қорғауды, қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын жасауды, сондай-ақ клиникалық 
зерттеулерге этикалық әрі имандылық-құқықтық баға беруді жүзеге асыратын тәуелсіз 
сарапшы органдар болып табылады.
2. Этика мәселелері бойынша комиссиялардың мақсаты биология мен медицинаның 
жетістіктері пайдаланылуына байланысты адамның құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғау 
болып табылады.
3. Этика мәселелері бойынша комиссиялардың міндеттері:
1) зерттеулердің құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
2) зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезеңдерінде адамның қауіпсіздігі мен 
құқықтарының сақталуын тәуелсіз бағалау;
3) клиникалық зерттеулер бағдарламаларының тиісті клиникалық және ғылыми практика 
стандарттарына сәйкестігін, сондай-ак. зерттеушілердің біліктілігінің осы зерттеуді 
жүргізетін денсаулық сақтау ұйымының техникалық жарақталуына сәйкестігін бағалау;
4) клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық нормалардың 
сақталуын бағалау;
5) биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттар әзірлеуге қатысу 
болып табылады.
4. Этика мәселелері бойынша комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау, ғылым, өнер, 
құқық салаларындағы мамандар, діни конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері 
кіруі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасында Этика жөніндегі орталық және жергілікті комиссиялар 
жұмыс істейді.
6. Халықаралық және республикалық деңгейде жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз 
бағалау үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанында Этика мәселелері 
жөніндегі орталық комиссия құрылады.
Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
7. Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялар осы ұйымдардың базасында 
жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін денсаулық сақтау ұйымдары жанында 
құрылады.
Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялардың құрамы мен олар туралы 
ережелер осы комиссия жанында құрылатын денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен 
бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет