Лекция: 45 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 60сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180



бет2/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.32 Mb.
#13310
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Лекцияның қысқаша курсы

Жетісай – 2007 ж



9. Лекция сабақтары

I-лекция. Кіріспе

Жоспар:

1Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы пәні мен міндеттері.

2Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы.

3Әлеуметтік –экоономикалық дамуы, өндіргіш күштер дәрежесі және мәдениеті.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Алаев Л.Б. Формационные черты феодалимзма и Восток. – Народы Азии иАфрики.

М.,1987, №3

Бролиев Ф. Материальная цивилизация: экономика и капитализм, XV-XVIII вв. Т. 1-3. – М.,1992

Васиельев Л.С. История Востока. Т.1,2. М.,1994

Васиельев Л.С. История религии Востока. М.,1988

Қосымша әдебиеттер:

Васиельев Л.С. Что такое «азиатский» способ производства? Народы Азии и Африки. – М.,1988, №3

Всоток в новое время: экономика , государственный строй. – М.,1991

Восток-Запад. Исследования. Переводы. Публикации. Вып.1. М.,1982; Вып.2. М.,1985; Вып.3. М.,1988; Вып.4. М.,1989;

Конрад Н.И. Запад-Восток. М.,1966

Мельянцев В.А. Восток и Запад во втором тысячелетии: экономика история и современность. М.,1997

Московское востоковедение: очерки, исследования, разработки. М.,1997

Никифоров В.Н. Восток и всемирная история. М.,1975; 2-ое изд. М.,1977


Лекцияның мәтіні:

Жаңа заман қарсаңында Шығыс дүние жүзінің халық ең тығыз орналасқан, бай бөлігі болды. 1500 жылы Шығыс елдерінде (Азия мен Солтүстік елдерінде) 288 млн. адам өмір сүрді, ол жер шарының тұрғындарының 68% құрады. Еуропадағы өндірістік революцияға дейін дүние жүзінің өнеркәсіптік өндірісінің 77% Шығыс елдерінде болды. Ең құнарлы жерлер шығыста болды. (өнімі көп) Ұлы Моғолдар империясында, Акбар тұсында (1556-1605) бидай өнімі орта есеппен 12,6 ц. – 1 га., ячмень -13,1ц., ал Еуропа Батыс елдерінде 7-8 ц. Болған. 1500 жылы дүние жүзінде 31 ірі қала болған болса, оның әр қайсында – 100 мың хылқы, оның 25 Шығыста, тек қана 4 Еуропада (2 Африкада). XVII ғ. дейін Шығысқа келген Еуропалықтарды тауар көптігі және оның жоғары сапасы таң қалдырды. әсіресе мата, үлкен, халқы тығыз қалалары, қолөнершілерінің шеберлігі, билеушілерінің байлығы мен билігі. Өнеркәсіптік революцияға дейін, ХІХ ғ. басына дейін Шығыс елдері Еуропаға дайын тауарлар экспортқа шығарды. Олар медикаменттер, кофе, қант, шай, жұқа мақта маталарын, кашемир, жібек, т.б. тауарлар әкелді.

Батыс пен салыстырғанда Шығыс елдері азық-түлікпен, әсіресе нанмен жақсы қамтамасыз етілген еді. Мысалы: Сулейманның (1520-1566) Ибрахим паша, Вена елшісіне мақтанышпен былай деген – жалғыз Осман империясының жоғарғы Месопатамия жерлерінің барлығымен салыстырғанда жоғары сапалы және көп бидай өндірді.

Алжирде нанның бағасы 4-5 есе Испаниямен (Филип ІІ) салыстырғанда арзан болды.

XVI ғ. Шығыстың көптеген елдерінде экономикалық өрлеу байқалды, ол демографиялық өсумен бірқатар жүрді. Халық өсуі Азияда – 35% жету жағдайы бірқалыпты болды. Осман империясының балқан провинцияның шаруашылық жағдайы XVI ғ. жақсы, ал XVII ғ. Батыс елдеріне қарағанда едәуір жақсы болған.

Шығыс пен салыстырғанда Еуропа кедей және артта қалған болып көрінді. Әсіресе материалдық өндіріс дәрежесі төмен болды. 1500 ж. Батыс елдерінде (Еуропаның католиктік елдері) 68 млн. халқы болса, ол 16% (дүние жүзі халқының) құрады. Еуропа (Ресейсіз) дүние жүзілік өнеркәсіптің 18% құрады, ал әр бір тұрғынға шаққанда Шығыс елдеріне аз келген.

Еуропаның халқының өсуі XVI ғ. – 25% жетсе де, ол Азия көрсеткішінен төмен еді.

Тек қана Оңтүстік Еуропа елдері, әсіресе Испания мен Италия Шығыс елдерімен тең болды. Осы елдерге Фландрия, Франция, Англия Еуропаның солтүстік-батысындағы басқа елдері кейіннен көтерілді. Оған және де дамуының әлсіздігіне, бірқалыпты болмауына қарамастан, Батыс дүние жүзілік оқиғаларға ықпалы зор болды. Ол ықпалының динамизмі, дүние жүзілік тарихтағы ролі Еуропа халықтарының санына, байлығына, т.б. материалдық өмірдің дәрежесіне сәйкес келмеді және байланысты болмады. Батыстың ролі адам факторына, «адам мәдениетіне» -батыс өркениетінің ерекшеліктеріне байланысты болды.

Ол жаңа өркениет Батыста Х-ХІ ғғ. Антикалық дәстүрлер мен батыс христиан (католиктік) шіркеу ілімінің негізінде қалыптасты. Оның негізінде еркін адам, өзіндік тәуелсіз индивид, жеке құқы және артықшылықтары бар. Батыс пен салыстырғанда Шығыста – тұлғалық бастама, жеке мүдделер қоғамдық мүдделерден жоғары тұрды. Көптеген техникалық жаңалықтар Шығыстан шыққан мен Батыста ол әрі қарай дамып жаңа ашылымдарға импульс болды.

Барлығы өзгеріске ұшырады – саясат, философия, финансы, өнер, технология. Ол өзгерістер Батыстың өзіндік рухани атмосферасының көрстекіші болды.

Батыс пен Шығыстың өзіне тән өркениет болды. Жаңа заман қарсаңында – Қытай-конфуциалдық, провославиелік, жапондық, ламаистік өркениеттер шамамен дамудың бар сатысында болды.

Бұл мәдени – тарихи қоғамдардан бірқатар өркениеттер артта қалды, олардың дамуы тоқтап қалды. Тойнби А. анықтамасы бойынша ремелтік, өркениеттер, полинезиялық, эскимостық т.б. Сібір өркениеттері, ыдырау дәрежесінде еді.

Жаңа заманға дейін олар неометтік мәдениет дәрежесінде тоқтап қалып, әлеуметтік инелетут, дамыған діні де болмады. Халқының санының аздығынан (1500 жылы Сібірде 200 мың еді) олардың территориясы бос кеңістік, басқа халықтардың ойынша, ешқандай өркениеттік өмір болмады.

XVI ғ. басында дүние жүзінің әсіресе халқы көп, әрі бай бөлігі Қытай т.б. қытай-конфуциналдік өркениет елдері болды. (Корея, Вьетнам). 1500 жылы мұнда 106 млн. адам өмір сүрді – ол жер шарының халқыынң – 22,3%. Бұл Қиыр Шығыстың өркениет І мың жылдықта көне Қытайдың әлеуметтік-мәдени мұрасы мен Конфуций (б.з.д. 551-479) ілімі негізінде қалыптасқан.

Конфуциалдықтың ең жоғары әлеуметтік құндылығы мемлекет болып саналады. Мемлекет қоғам мен адам өмірін реттеу қажет еді. Қытай конфуциалдік өркениет халқаралық өмірдің негізі (шешуші) оқиғаларынан шетте қалды.

Жапон өркениеті мүлдем басқаша сипатқа ие болды. Ол көп нәрсені Қытайдан алды –жазу жүйесін, материалдық мәдениетінің көп бөлігін. Жапон өркениеті ІХ-ХІ ғғ. Пайда болды.

1500 ж. халқының саны 17 млн. адам -4% (жер шары). Синтоизм негізінде қалыптасты. (малаяна буддизмз өте зор ықпал етті).

Буддизм VI ғ.ортасында ЖЫапонияға кіріп, ал ІХ ғ. мемлекеттік дінге айналды. Қытай конфуциялдік қоғаммен салыстырғанда ол басқа елдердің жаңалығын өз еленде енгізіп отырды.

Жапония Шығыстың жалғыз мемлекеті – самурай мен княздер (даймё) сословиелері бар. Ол Еуропа дворяндығының жақын аналігі Даймё мен самурайлардың ақсүйектер секілді артықшылықтары болды. Олардың моральді кодекстері болды – бусидо («жауынгер долы»).

Дворяндардың, сословиелік құқық пен артықшылықтың болуы, және еркін қалалардың болуы, сауда-қолөнершілік цехтардың, өзіндік шарушылығының болуы Жапонияның әлеуметтік құрылысының Батыс Еуропаға ұқсайтындығын көрсетіп, амидаизм- дзэн-буддизм ХІІІғ. Нитирэн ілімінің (1212-1282), ал XVI ғ. соңында католиктік діннің жеңіске жетуіне жағдай жасады. Олра болса жапон қоғамына өте зор ықпал етті. XIV-XVI ғғ. экономика мен мәдениеттің өрлеуінің нитирэн мен дзэн-буддизм (ерекше синто-буддистік ) кең тарағнымен байланыстырады. Елдің халқының сны 9,7 млн. – 1300, 1600 жж. – 22 млн. өсті. Мұндай көрсеткіш ХІХ ғ. басына дейін еш бір мемлекетте болмады. Тек ғана христиандарды қуғындау, «елдің шабылуы», Токугава режимінің орнауы (1603-1868) қытай тәртібіне бағытталған, жапон қоғамының дамуын уақытша тоқтатып, халықарылқ өмірден шығарып тастады.

Қиыр Шығыс өркениетінің толық қарама-қарсы ұлы үндіс өркениеті. Ол бүкіл Үнді субконтинентін, Оңтүстік-Шығы Азия елдерінен қамтыды. 1500 ж. онда 116 млн. адам өмір сүрді де ол 24,1% құрады. Ол өркениет І мыңжылдықтың ортасында көне үнді-ариилік өркениет негізінде қалыптасты.

Ол оның қалыптасуындағы шешуші рөлді тарихшылардың ойы бойынша Шанкара (788-820) ілімі атқарды. Ол ұлы ойшыл ведантаның діни-философиялық жүйесін қайта қарап, оған әмбебаптық сипат берді. Оның негізінде Үндістанның әр түрлі халықтарының діні мен дәстүрлерінің синтезі жасалды. Көне культтер негізінде үнді құдайларының пантеоны қалыптасты – Шива, Вишну, оның авторлары Рама және Кришна, Дурга, Кали т.б.

Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің өркениеттің байланысы өте зор. І мыңжылдықтың басында бұл регионның мемлекеттері индианизацияға ұшырады. Олар діни култтардан басқа үнді әдет-ғұрыптарын, материалды мәдениеттің элементтерін, ал ең бастысы – жазу мен мемлекеттік жүйесін алған болатын. Буддизмнің өзі оңтүстік, үнді формасында қабылданды (хинаяна немесе тхеравада – «ақсақалдар билігі»), махаяна Үндістанның солтүчтігінде кең тарады.

Жаңа заман қарсаңында тхераваданың діни-мәдени орталығы Ланха (Цейлон) боды. Үндістанда будизм жоғалып кеткеннен кейін ол ерте буддизмнің тазалығын сақтаушы ретінде қалды. ХІІІ ғ. бастап хинаяналық буддизм Бирма, шан, тай халықтары, Камбоджа, Малайя, Зонд архипелагының батысында халқытық дінге айналды. Соңғы ортағасырлық мемлекеттер укотаи (1238-1438), ютил (1350-1569), Маджапахит (1293-1528) – мемлекеттік дінге айналды.

Махаяна – солтүстік Үндістанда қалыптасты бірінші ғасырларды Орта Азияға тарап, онан Қытай, Корея, Жапонияға енді. Ол кейінрек буддизм Непалмен Тибетте пайда болды да, VIII ғ. ваджраяна түрінде бекітілді – ал осы діндегі үшінші бағыт, І мыңжылдықтың ортасында пайда болған.

Махаяна мен ваджараяна біртұтас діни ілім болмаған, онда көптеген мекетептермен, бағыттар болды. Олардың әр қайсысы Қытай, Жапония т.б. Қиыр Шығыс елдерінің рухани дамуына өз үлесін қосты.

Ламаизм – буддизмнің ерекше түрі, орта ғасырлыұ Тибетте пайда болған. Оның негізін салушы Цзонкхапа деген буддалық монах (1357-1419), ол гэлукпа ілімінің негізін салды. Этикалық нормалармен ритуалдарды ұстануға бағытталған. Ол әр адамнан өз ұстазына бағынуды талап етті. Ол жаңа дін болды Сары бас киімдеріне байланысты «сары қалпақты» - буддизмнің ескі Тибеттік мектебі.

Ламаизмнің діни орталығы Яхаса – тибет астанасы, далай-лана резиденциясы да болды. Тибет тілі лама шіркеуінің қасиетті тілі статусына ие болды. Оны Монголияда да т.б. «сары дін» иелері де зерттеді, оқыды. Бұл өзі ерекше мәдени, тарихи ригион болды. Оның өркениетіне индо-буддалық, көне ирандық ықпал байқалды.

1500 ж. ламаистік мемлекеттер халқының саны 3,6 млн. адам болды – 0,8%, аздығына қарамастан тез арада дін кең тарай бастады – буряттар, ойраттар, қалмақ, урянхайлықтар мен манчжурлар қабылдады.

Ламаизм экспансиясы Қытай мен Ресей шекарасында тоқтады. 1581 жылы Ермак Сібір хандығын жаулап алып, орыстарға шығысқа қарай жол ашып, 1637 жылы олар Тынық мұхит жағалауына шықты. Сонымен ламаизм Орта Азия мен шектесіп, жергілікті сипатқа ие болды.

Дүние жүзілік оқиғалар ортасында – ислам мен батыс христиан дінінің қарама-қайшылығы болды. Пайда болған күннен бастап кең тарады.

Ислам ілімі қоғам мен мемлекет сипатына ықпал етті. Ерекше мәдени тарихи тип ретінде ислам өркениеті ХІ-ХІІІ ғғ. қалыптасты. Ол иран-түркі мен араб елдерінің дәстүрлер негізінде қалыптасты. Діни орталығы Мекка, жаңа заман қарсаңында мәдени-саяси орталығы Каир қаласы болды да, мамлюктер султанаты құлағаннан кейін 1517 жылы Стамбул, Осман империясының астанасы.

XVI ғ. басында тағы да екі үлкен мұсылман империясы пайда болды: Сефевидтер державасы, Ұлы Моғолдар империясы, үш үлкен державаға көптеген мұсылман мемлекеттері қосылды Азия, Африка, Шығыс Еуропада орналасқан.

Ислам өркениетінің ареалында 1500 жылы – 47,5 млн. адам (11,2%), ал Поволжье, Үндістан, оңтүстік-шығыс Азия мұсылмандарын қоссақ оданда көп. Ислам қоғамы теократиялық, авторитарлық сипатқа ие болды.

Жаңа заман қарсаңында мұсылман ойы оның діни философиялық жүйе ретінде жоғары тұрғандығын үнемі айтып келді.

Жаңа заман қарсаңында ислам өз позицияларын кеңейтті, екі жолмен:

1) миссионерлік қызмет – сауда;

2) қасиетті соғыс (газават, джихад).

Бұл процесс жаңа заман қарсаңында Таяу Шығыс, Солтүстік Африканың араб елдерінде, Иран, Орта Азияда аяқталды. Бұд жерде ХІ-ХІІІ ғ. бастап мұсылмандар басым еді, XV ғ. осындай жағдай Кіші Аъия, Африканың кейбір елдерінде байқалды.

Мұсылман дүниесінің кеңеюі табысты болды. Әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияда: Малакка султанатының құрылуы (1414), мұсылман қауымының Үндіқытайда өсуі, Суматрада – ачех султандарының билігінің күшеюі, Маджапахит державасының құлауы (1528) – Явада, Малука аралында (1486) мұсылман мемлекеттерінің құрылуы, Ней аралында (Жаңа Гвинея маңында), Калимантанда, Сулу архипелагында, оңтүстік Филипинде (Минданао аралында), Сулавеси (1605), Ұлы Моғолдар империясының құрылуы (1526) – Дели султанантының мұрагері, Ваджанаягара (1565) талқандалуы – Үндістандағы ең ірі үндіс мемлекеті – ислам позициясын нығайтты. XVIІ ғ. соңында Үндістан (оңтүстігінен басқа) бүкіл ислам қол астында болды

(Евразия мен Қытай).

(Юньнань, Ганьсу) мин әулетінің билікке келуі (1368), Алтын Орданың құлауы (1502) ислам позициясының әлсіреуі. Оған қоса ламаизм мен Мәскеулік православия экспансиясы.

Ислам алдында одан да кең перспектива Еуропа мен Африкада ашылды. 1453 жылы Осман түріктері Канстантинополь қаласын алып, оны жаңа халифат, өз империясының астанасы етті. Оның құрамына бұрынғы Византия жерлері: Кіші Азия, балқан түбегі кірді. XVI ғ. оған араб әлемі елдері, Марокко дан басқасы кірді. Ол империяның оңтүстік шекарасында африкандық султанаттар өсіп, нығайды: Марокко, Сонгай, Кауина, Кано, Борну, Дорфур, Фунг, Адал. Экватордан оңтүстікке қарай – Шығыс Африка ірі орталықтары Момбас, Занзибар, Клва, Мозамбик, Софал. Бүкіл қара континеті (Конго мен Гвинея бас. оңт. басқа) исам биледі. Оған қоса транссахара саудасы, Ұлы Жібек Жолы, Үнді мұхит бас. сауда коммуникациялары Мадагаскардан Қытайға дейін мұсылмандар қолында болды.

Жаңа заман қарсаңында ислам дүние жүзілік үстемдікке талапкер болды. 1526 жылы Панипат маңындағы шайқаспен бірге (Үндістанды Бабыр жаулап алды) қатар Махач (Виегрия) шайқасы боды – түріктерге батысқа қарай жол ашты.

1529 жылы Вена түбіндегі жеңіліске қарамастан мұсылман жаулап алу қауіпі сақталды. әскери-техникалық жағында ислам Еуропадан қалған жоқ. Түріктерде дүние жүзіндегі ең күшті артиллерия, әскер, флот, ол 1571 жылы Жерорта теңізімен Шығыс Атлантика суларында үстемдік етті.

Өркениет жанжалын көпшілік крест пен ай жанжалы деп түсінді.

Батыс - елдер блогі басында – Италия, Испания, Бургундия, Нидерланды, Австрия, Чехия т.б. мемлекеттер, жалпы халқының саны – 33,5 млн. адам (1500 ж.) Шығыста біртұтас мұсылман елдері Жерорта теңізінің – 32 млн. XVI ғ. ортасында әр бір жақ 150 мың жауынгер бірнеше жүз әскери кемелер шығарылатын еді. Бұл екі лагердің күресі ішкі қарама-қайшылықтарды шиеленістірді.

Батыста реформация – және адам кейінгі ұзаққа созылған діни соғыстар. 1534 -1648 жж., еуропалық өркениетті қиын жағдайға ұшыратты (тіпті жоқ болуына дейін).

Мұсылмандар лагерінің бөлінуі құтқарды. Сефевидтер шииттік державасының құрылуы – олар өздерін суниттік исламға қарсы қойды, одан кейінгі иран-түрік соғыстары, үзіліспен 1514-1639 жж. дейін созылды, Шелал бірлігі 1596-1658 жж. түріктердің басқыншылығын тоқтатты. Түріктер еуропаны жаулап алуды уақытша тоқтатып, ал кейіннен мүлдем бас тартты. XVI ғ. (1581 ж.) бастап стратегиялық теңдік орнады, бір ғасырдан кейін Батыс пайдасына өзгерді, ол күрестің аяқталуы Колумб экспедициясының 1492 жылы Американы ашуы. Батыс өз үстемдігін теңіздерде, Атлант пен Үнді мұхит бассейінде орнатты. Ал осы жермен мұсылмандардың көп ең жолдары өткен еді. 1498 жылы португалдықтар Үндістан жағалауына келді де, 1509 жылы Диз шайқасында египет флотын талқандап Үнді мұхит акваториясында өз бақылауын орнатты, 1514 жылы – Қытайға, 1542 жылы Жапонияға келді.

Еуропалықтардың Шығыстағы жағдайды өзгертті. Оның тарихында жаңа кезең басталды. Бүкіл дәстүрлі құндылықтар мен саяси приориттер өзгерді.



ЛЕКЦИЯ 2 Цин династиясы билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы.

Жоспары:

XVIIғ. Орт. Қытайдың саяси жағдайы.

Әлеуметтік – экономикалық жағдайы.

Цин әулетінің сыртқы саясаты.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Новая история Китая . Под ред. Тиквинского С. Л. М. 1972.

Кабанов П. М. Амурский вопрос . М. 1959.

Александров Б. А. Россия на дальневосточных рубежах (вт. Посе. XVIIв) М. 1969.



Қосымша әдебиеттер:

Непомнин О.Е. Генезис капитализма в сельском хозяйстве Китая М. 1966.


Лекцияның мәтіні:

(1559-1626) маньчжурлар көсемі Нурхаци бірнеше тайпалардың басын біріктіріп, саяси құрылымның негізін қалады. Шыңғыс хан (Темучин) секілді ол басты назарды әскерге аударды. 1609 ж Нурхаци Мин Қытайға алтын төлеуді тоқтатты. Одан кейін ол өзінің Цинь династиясын жариялады.) Чжурчжэньдерден алынған) , ал 1618 ж Қытаймен қарулы соғысты бастады. Нурхауидаң ісін жалғастырушы Абахай (1626-1643) одан император этап жариялады, династияның атын Цин деп өзгертті, бүкіл оңтүстік Манчжурия және жаулап алған Оңтүстік Манғолия территориясында орталықтанған әкімшілік жүйесін орнатты (Қытай үлгісімен)

Осы уақыттан Маньчжур атты әскері жүйелі шабуылдар болмайды, Қытайлықтарды тұтқындап оларды құлға айналдырды. Бұл жағдай мен императорларын Шаньхайгуань маңына ең ірі, жанқсы жасақталған әскерлерді У Сань-Гуй басқарған шоғырландыруға әкелді. 1644 ж Ли Цзы-Чэн Пекин қаласына болып көрген уақытта барлық Мин әскерлері жеңіліп тек қана У, Сань-Гуй әскері ғана қарсылық көрсете келді. Қарсылық көрсетуге олардың күшіде болды. Сондықтан жаңа император осы жағдайды түсіне отырып, келіссөз жүргізуді ойластырды.

У Сань-Гуй келіссөзге дайын еді. Бірақ бір кездейсоқ жағдай барлық картаны араластырып жіберді.

У Сань-Гуй жеңіліске ұшырағаннан мойындады да жаулап алушыларға қызметке өтті.

Маньчжурлар ( сегіз жалаулы әскер үшін, маньжур арикротасиясы) гриан сақталған ерекшеліктерге қарамастан, ресми түрде аралас некеге тиым салынуына қарамастан тез арада қытайласып кетті. 1645 ж маньчжурлар Янчжоу және Нанкин қалаларын басып алып оңтүстік және оңтүстік – батыс правинцияларына кірді. Жергілікті халық оларға қарсы шығып Хунань, Сычуань, Гуанси, Чжецзян, Фуцзянь, Шэньси, Ганьсу провенцияларының аудандарын басып алды. Фуцзиянь және Тайвань аралының Чжен Чэнгун басқарған халқы дербес мемлекет құрып 1683 ж дейін қарсылық көрсетті. Сонымен Цин әулетінің билігі бүкіл Қытайға тарады.

Кансиден бастап (1662-1723) маньчжур императорлары конфуций дінін қабылдады . Әдеттегі Қытай әкімшілік жүиесі сақталды аграрлық іс-шаралар жүргізілді.Жер екі категорияға бөлінді: Мемлекеттік және жекеменшік. Мемлекеттік жерлер: император үиінің иелігіндегі жерлер, манжур ақсүиектерінің, әскер басылардың жерлері, әскери тұрақ, храм, монастыр, мектеп жерлері. Жекеменшік жерлер: феодалдар, помещиктер, шенеуниктер, копестер, өсімқорлар, жартылай шаруалар.

Шаруаларды қанаудың негізгі түрі феодалдық рента болды. Жерді помециктен жалға алғаны үшін шаруа ақысыз жүмыс істеуге міндетті болды.

Сословиелік құрлымы.

Жоғарғы сословие – манжурлар. Олардың барлық артықшылықтары мұралықа қалдырылды.

Шэньши – „ ғалымдар”. Мұралыққа қалдырылған жоқ олардың арасынан қала басшылары сот, т. б. Жоғары шенеуниктер тағайындалды.

Төменгі сословие – помещиктер және шаруалар.

Қолөнершілер сословиесі – ірі шеберхана және мануфактура иелері, қол өнершілер.

Ең төменгі сословик – актерлер, шаштараздар қару жасайтын шеберлер, кеңсенің ең төменгі қызметкерлері, құлдар. Оларға басқа сословие өкілдеріне некелесуге тиым салынған.

Мемлекеттік құрлымы:

Богдыхан ( мемлекет басшысы)


әскери кеңес ( жоғарғы билік иесі)
Любу ( министірлер кабинетінің функциясын атқарды)
Шендер, салықтар, салтанат, әскери, қылмыстық, қоғамдық жұмыстар.
Әкімшілік жүиесі.
Қытай
Правинция
Облыс ( фу)
Округ ( чжоу)
Уез ( сянь)

Халық санының тез өсуі (XVIII-XIX ғғ) Қытайда 300 млн адам нашар сүрді. Бұдан бұрынғы 2 мыңжылдықта халықтың саны орта есеппен 60 млн шамасында сақталды. Династиялық циклдың дамуын өз үлесін қосты.

Демографиялық қысымның деректемелер бойынша бай жериеленушінің негізгі көптеген иеленушілері болып есептелді және байыған қала тұрғындары, қолөнершілері мен саудагерлер олармен (өз ара категориялар ішінде) және байыған деревния жер иеленушілері арасында да өз ара тығыз байланысты болған. Салықтың бар ауырлығын орта және ұсақ жер иеленушілер көтерген, өйткені Шэньши чиновниктерге ел басқару ісінде, қоғамдық жұмыстарда (жолдар, хром, платина, канал салу, салық жинау ) бұқара қозғалыстарды ұйымдастыру көмек көрсетіп қызмет еткен, сондықтан оларға көп салық салмаған.

Қазына мәселесі. Цин қаласындағы Қытайда әдеттегі династиялық цикл үлкен демографиялық даму нәтижесінде өзгерді. Әр бір циклдің ірге тасы жер қатынастары болатын, ал қоғамдағы болып жатқан өзгерістер саны өскен халық, жер субегінің әдіске көшуі, өндірістің өсуі, мемлекетті салықты қазына түсіруіменг айналысуын тоқтатты.

Маньчжур династиясы Қытай үшін уникалды болып табылды . Бұған дейін Қытайды жаулап алушылардың ешқайысысы империяның классикалық құрылымына шын мәнінде сіңіп кетуін аямаған . Ол өзіндегі бар рекорд болды.

Оның себебі;

Манчжурлар активті түрде кофуцишілдік мәдени дәстүрлерді игерді. Канси 16- заповедь- қарапайым бұқара халық үшін катекизис. Олардың шын жүрегіндегі мен қабылдай отырып , оны әкімшілік жүйесіне толық енгізді. Өздеріне қолайлы демографиялық экономикалық процесстерді жақсы пайдаланды.

ХІХ ғ басында апинды әкелу өсе бастады. Ол оқиға ХІХ ғ ортасында апин соғыстарына әкелді. Осы соғыстардың сәтсіз аяқталуы ( Қытай үшін ) оның жартылай отарға айналуына әкелді. Осы оған дейін Цин үкіметі мемлекеттің сыртқы қатынастарды минимумға дейін шектеп , XVII-XVIII ғғ, ХІХ ғ басында Қытай тәуелсіз держава болып өз патенциалын сақтап келді.

XVII ғ бас. Цин өкіметі Ішкі Монғолияны жаулап алды, Қытай Цин империясына айналғаннан кейін оның бір бөлігі болып есептелді. XYII ғ соңында Қытайға Солтүстік Манғолия қосылды XYIII ғ ортасында император Цяньлун (1736 – 1795 жж) император Цяньлун әскері жоғғар хандығын, Қашқарияны, Үйғыр мемлекетін басып алды. XYIII ғ қытай императорлары бір неше рет Вьетнам мен Бирмаға жорық жасаған бірнеше рет. Алғашқы уақытта цин үкіметі батыс европалық миссанерлерге жақсы көзқараста болды. Пекин қаласына Голандия, Португалия, Франция, Англия копестерімен католиктік миссанерлері көптеп келіп отырды. 1724 ж жаңа богдыхан Юнчжэн хрестиян шіркеулерін жабу және миссионерлерді қуу туралы бүйрық берді. 1757 ж император Цяньлун Гуанчжоудан басқа барлық қытай портарында европалықтармен саудаға тиым салу туралы жарлыққа қол қойды осы уақыттан бастап Цин үкіметі батыстан оқшаулану саясатын жүргізеді. Европалықтармен сауда тек ғана « Гунхан» копестік компаниясы арқылы жүргізілген.

Қытай халқының ерекшеллігі туралы дәстүрлі ұлыхань тұжырымдамасы кең таратылды. Қытай « варварлық» елдер қоршаған « аспан астындағы » империя деп аталды. Цин империясының вассалы Корея болды, және Қытайға Тибет қосылды.

Оқшаулану саясаты қысқа мерзімге Қытайға отаршылдардың енуіне кедергі болды. Ал оның басты нәтижесі – феодалдық тәртіптің консервациясы болды. Сонымен қатар сыртқы сауданы шектек арқылы қолөнер өндірісіне, мануфактураларға ұлкен соққы берді.

ЛЕКЦИЯ 3 XIX ғ. орт. «Апиын» соғыстары.

Жоспары:

Махартней миссиясы.

Ағылшын Ост-Инд компаниясының апиын саудасы.

Апиынға тиым салу қозғалысы. Минь Цзэ-Сую қызметі.

І-ші апиын соғысы.

Қытайдың жартылай отарға айналуы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Бесхроный, Михвинский С. Хвостов В. История формирование русско-китайско и граници. Международная жизнь 1972 №6

2. Нарочницкий А. Л. Губер А. А. Сладковский М. И. Бурменгас И. Я. Международные отношения на Дальнем Вастоке Кн. 1 конца XVI в до 1917 г М. 1973 .

Қосымша әдебиеттер:

3. История Китая под. Ред. Тихвинского. С. Л. М. 1972.


Лекцияның мәтіні:

Үндістанды жаулауды аяқта келе, Англияның үстем табы өз лдына Қытайды отарлау мақсатын қойды.

Ағылшын капиталистері Қытайдың оқшалану саясатынан бас тартқызып, оны мен дипломатиялық қатынастар, сауда қатынастарын орнатуды көздеді. Британ отаршылдарына Қытайды «ашу» қажет болды.

Қытай үкіметіне қысым жасау мақсатында Ұлыбритания Қытайға арнайы миссия жіберді, олар 1793 жылы бірнеше қаруланған кемелерде Қытайға келді. Қытай богды ханына Англияның әскери, өнеркәсіптік күшін көрсету үшін жаңа қарудың түрлерін қытайлар көрмеген көптеген механизмдер алып келді. Бұл миссияны британияның дипломаты, лорд Махартней басқарды, оған дейін Үндістандағы мадрас президенттігінің генерал-губернаторы, Петербургтегі елші қызметтерін атқарған.

Махартней мақсаты: 1) ағылшындардың Қытай порттарында еркін сауда жүргізуіне; 2) Пекин қаласында сауда қоймаларын ашу; 3) ағылшындарға база құру үшін Қытайдың бір аралын алу; 4) ағылшын тауарларына баж салығын төмендету; 5) Қытай-ағылшын үкіметтері арасында тікелей дипломатиялық қатынастар орнату т.б.

Бірақ бұл бағдарлама іске аспады. Қытай үкіметі салтанатты түрде британ миссиясын күтіп алды.

Бірақ олардың айтуынша британ елшілігі – қытай вассалдарына тең болды және Махартнейге, вассалдық елдің елшілері Пекин қаласында тек ғана уақытша болуына мүмкіндігі бар деп ескертілді.

Қытай билеушілері Англиямен байланысты кеңейтуден, шетелдіктерді елге жақындатудан бас тартты.

Ағылшын капиталистері франциямен күрес жүргізіп отырғандықтан (Үндістан халқына қарсы) Қытайға күш қолдануды дұрыс көрмеді. Бірақ олар Қытайдың «ашылуын» талап етті. ХІХ ғасырдың басында Англия үш рет португалдықтар басып алған Аомынь (Макоо) қытай портын алғысы келді. 1816 жылы Қытайға ағылшын үкіметінің жаңа өкілі Амкерст, Махартней секілді мақсат қойды, бірақ олда сәтсіздікке ұшырады.

2. Ағылшындар апиын өсіретін Үндістандағы Бенгалияны аудандарымен жаулап алғаннан кейін, Ост-Инд компаниясы ағылшын үкіметі Қытайға апиын алып кіруге, апиын садусына монополиялық құқықа ие болды. Апиын саудасы өте көп пайда түсіретін іс болды. Қфытайға апиын сату Үндістандағы ағылшын үкіметіне олардың кірісінің 1/7 құрады. Ағылшындар қытай тауарларын күміс ақшамен есептескен. Апиын алып кірудің өсуі, қытай тауарларымен есептесуге, қытайдан күмісті алып шығуға мүмкіндік берді.

1800 ж. -1838 ж. дейін қытайға әкелінетін апиын 20 есе өсті. 2 мыңнан – 40 мың жүздікке дейін. Опиумды шегу үлкен аймақта кең тарады.

Апиын өте қауіпті нәрсе, ол жайлап адамның есінен, күшінен айрылуға алып келеді.

Үстем таптың кейбір өкілдері апиын саудасына қарсы шықты Цин үкіметі бірнеше рет апиынды әкелуге тиым салатын жарлықтар шығарды.

Ағылшын көпестері осы жағдайға наразылық білдіріп, өз үкіметінен күш қолданып, апиын саудасын ашық жариялап, шетел саудасына қытай порттарын ашуды талап етті.

1834 жылы ағылшын үкіметі қытай үкіметіне ескермей, Гуанчжоға ағылшын-қытай саудасын бақылауға адам жіберді. Ол Гуанчжоуға екі ағылшын әскери кемесін шақыртып алды.

3. 30-шы жж. екінші жартысында күмістің шетелге көптеп шығарылуына байланысты Цин үкіметінің қаражаттық жағдайы нашарланды. Апиын саудасы ағылшын агресссиясының бір түрі екендігі белгілі болды.

1836 ж. император Даонуан апиын контрабандасынмен күресті күшейту туралы дикт шығарды. Бірақ үстем тап онда мүдделі болмады. Сарай маңында апиын саудасын толық ашық етіп жариялауды талап ететін бір топ адамдар болды.

Мин Цзэ-Сюй басқарған бір топ жоғарғы чиновниктер апиынды шегуге, апиын саудасына қарсы шықты.

1838 жылы Мин Цзэ-Сюй Хунань, Хубэй провинцияларының наместнигі болып тағайындалды. Жергілікті тұрғындардың қолдауымен апиынды тиым салуға байланысты іс-шаралар жүргізді.

1839 жылы Гуаньдун провинциясының наместнигі болып Гуаньжоуға келіп, шетел көпестерінен барлық апиынды тапсыруды талап етті, олар бас тартқаннан кейін, шетел саудагерлерінің сауда факториясы қоршауға алынды. Осыдан кейін ағылшын көпестері қытай үкіметіне 20 жәшік контрабандалы апиынды тапсырды.

Мин Цзэ-Сюйді Гуандун халқы қолдап 1839 жылы ағылшын әскери кемелері қытай джанкарларына басып алды.

4. Ағылшын газеттері қытй үкіметінің заңды іс-шараларын британ қоластындыларға қарсылық көрсету деп жариялады. Қытайларды жазалуаға шақырды. Ағылшын үкіметі қытайға бірнеше талаптар қойды: 1) апиынның жойылған құнын төлеу; 2) оңтүстік Қытай жағалауында мәнгі қолднуға бір аралын алу.

Ағылшын үкіметі соғыссыз бұл талаптарды жете алмайтындығына көзі жетті.

1840 жылы маусым айында Қытайға бьританның әскери эскадрасы келді.

Ресми түрде соғыс жарияламай ағылшындар бірінші ағылшын-қытай (І апиын) соғысын бастады. Англияға, соғысқа қатыспаған франция мен АҚШ қолдау көрсетті.

Үнсиме провинциясының наместнигі Ци Шань капитуляция жөнінде келіссөз жүргізуге шақырды. 1840 жылы император апиынға тиым салуды жою туралы эдикт шығарды.

1842 жылы шілде айында ағылшындар Шанхай қаласын алды да Янцзы өзенімен жоғарлай жылжып бастады. Чжэньцзэн маңында үлкне шайқас болды. Бұл қаланы 21 шылде күні басып алды. Қытай жеңілді.

Негізгі себебі: Англиямен салыстырғанда әскери және экономикалық әлсіздігі. Қытай Әскері 20 мың адам қаза тапты, ағылшындар 520 адам.

Қытайдың феодалдық билеушілері елде біртұтас қорғаныс ұйымдастыра алмады.

1842 жылы Нанкин түбінде ағылшын әскери келісмде «бейбітшілік, достық, сауда, шығындарды қалпына келтіру» туралы келісімге қол қойды. Нанкин келісімі бойынша ағылшын саудасына 5 порт ашты: Сяминь (Амой), Фучжоу, Нинбе, Шанхай, Гуанчжоу, бұл қалаларды ағылшындар консулдық орнатуға құқылы болды.

«Кохонг» монополиялық компониясы тарқатылды, британ көпестері еркін сауда құқығын алды. Сянган аралынан британ корпарациясына берді. Ағылшын тауарларына 5 % салық салынды. Қытай Англияға 21 млн. иен контрибуция төлеуге тиісті болды. Оның 6 млн. – апиынды жойғаны үшін, ал 3 млн. ағылшын фирмаларының шығындарын жоюға, ал 12 млн. иен англияның қытайға қарсы соғысты жүргізу үшін кеткен шығындардың орнын толтыру мақсатында.

1843 жылы Англия Қытаймен экстерриториялық құқық берген келісімге қол қойды.

Осыдан кейін Қытайға т.б. капиталистік державалар ұмтылды. 1844 жылы теңсіз американ-қытай келісіміне қол қойылды. 1844 жылы осындай келісім Франция мен Қытай арасында жасалды. Сонымен қатар Францияға ашық порттарды котоликтік шіркеу салуға, онда миссионерлердің қызметіне рұқсат берілді.

Капиталистік державалар христиан шіркеуі мен миссионерлерді жаулап алу мақсатында кең пайдалану мүмкіндігі туды.

Ал ірі капиталистік елдер соңынан теңсіз келісімдер Бельгия, Швеция, Норвегия мен жасалды.

Бірінші апиын соғысы Қытай дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Қару күшімен Қытай шетел капиталы үшін ашылды. АҚШ, Англия, Франция отаршылдары маңызды саяси, экономикалық позицияларға ие болды.

Қытай территориясының бір бөлігі Сянган аралы – (Гонконг) ағылшын отарына айналды.

Нанкин келісімі Қытайдың мемлекеттік, ұлттық тәуелсіздігін таптауға жол ашты.

Порттардың ашылуы Еуропа, АҚШ-нан көптеп келуі себеп болды да Қытай дүниежүзілік капиталисттік рынокқа тартылды.

Сонымен Қытай жартылай отарға айналуы басталып, ол процесс ХІХ ғасырдың соңында аяқталды.

Сонымен қатар Қытай халқының шетел отаршылдарына қарсы азаттық күрес басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет