Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


қауіпті салдарының түсінігін, қылмыс құрамының объективтік жағының



Pdf көрінісі
бет24/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
қауіпті салдарының түсінігін, қылмыс құрамының объективтік жағының 
факультативтік белгілерін түсіндіру 
 
Жоспар: 
1.Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігі. 
2.Қылмыстың объективтiк жағының белгілері. 
3.Қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк. 
4.Қоғамдық қауiптi салдардың/зардаптың/ түсiнiгi. 
5.Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi. 
6.Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк белгiлерi. 
1.Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігi. Қылмыс құрамының 
объективтік жағы қылмыстық-құқықтық нормалардың диспозицияларында 
көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында 
тұжырымдалады. 
Қылмыстың нақты құрамының объективтік жағы — оны қоғамға қауіпті 
және қылмыстық құқыққа қарсы деп тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас 
құрамдарынан ажыратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды. 
Қылмыстың объективтік жағының маңыздылығы біріншіден, оның 
белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті 
дұрыс саралаудың негізі болып табылады. Екіншіден, объективтік жақтың 
белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажырытуға 
мүмкіндік туады (мысалы, қарақшылықты тонаудан, адам өлтіруді 
абайсызда кісі өлтіруден).
 
2.Қылмыстың объективтiк жағының белгілерi. Қылмыс құрамының 
объективтік жағы мыналарды қамтиды: 
— әрекет немесе әрекетсіздік
— қоғамға қауіпті салдар (зардап); 
— әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті байланыс; 
— қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, құралы және қаруы. 
Сонымен қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің 
дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда обьективтік жақтың осы 
белгілерінің маңызы зор.
Осы белгілердің ішіндегі ең негізгісі қылмыстық заң құрайтын және 
заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған 
қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе 
әрекетсіздік). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет