398
күй аңыздар
Оразалиев Класбек /1933/—домбырашы, күй аңыздары-
ның білгірі. өзбекстан, Науаи облысы, үшқұдық ауданында дү-
ниеге келген.
репертуарында жүзден астам күй бар.
Әсіресе Сыр
байындағы, үстірт, Маңғыстау атырабындағы жыр-термелер
мен толғаулардың сарынын күйге айналдырып тарту дәстүрін
терең меңгерген. Тосын тыңдаушы
тап басып тани бермейтін,
тіптен құлақ қанықпаса, бір сарын
болып естілетін осынау
мейлінше қызықты күйшілік мектептің ел ішіндегі ең жарқын
өкілдерінің бірі деп Класбекті айтуға болады.
Балқы Базар,
Көшкінбай жырау, Бала жырау, Дүр оңғар, Шораяқтың омары,
Кете Жүсіп, Әкімкерей, Кетенің қос жүйрігі атанған Сүйкімбай
мен Сүйіндік сияқты жыршы-жыраулардың
сарын-саздарын,
әндерін Класбек бас-аяғы бүтін күй деңгейінде тартады.
Класбектің ұстазы белгілі домбырашы Жайықбаев Жүсіп
болған. Ал Жүсіп өз тұсында республикамызға танымал күйші
ретінде 1936 жылы Москвада өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің
онкүндігіне қатысқан.
Достарыңызбен бөлісу: