«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет252/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Оңғаров Мүйімсат /1912-?/—белгілі сыбызғышы. Маң-
ғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты «Ақшымы-
рау» совхозында туған. Жеті атасынан бері қарай сыбызға 
тартқан әулеттің соңғы ұрпағы /Дәулеті—Құлбарақ—Ахмет—
Қажыр—Байнияз—оңғар—Мүйімсат/. Содан да болар, 
Мүйім сат репертуарында сыбызғы күйлерінің сирек кездесе тін 
нұсқалары бар. Сыбызғышылық өнерінің шыңдалуына ағасы 
Бауыржан көп ықпал еткен. 
Мүйімсат—еңбек адамы. Жастайынан балықшылық кә-
сібінде, Таушықтағы көмір шахтасында еңбек етті. ұлы отан 
со 
ғысына қатысты. Кейін қой шаруашылығында болып, 
1975 жы лы еңбек демалысына шықты. Қазір Маңғыстау ауда-
нына қарасты «Шетпе» ауылында дүниеден озды. 
Белгілі домбырашы, музыка маманы райымбергенов Аб-
дулхамит Мүйімсат ақсақалдың тартуында көптеген сыбызғы 
күйлерін алғаш рет нотаға түсірді. 


398
күй аңыздар
Оразалиев Класбек /1933/—домбырашы, күй аңыздары-
ның білгірі. өзбекстан, Науаи облысы, үшқұдық ауданында дү-
ниеге келген. репертуарында жүзден астам күй бар. Әсіресе Сыр 
байындағы, үстірт, Маңғыстау атырабындағы жыр-термелер 
мен толғаулардың сарынын күйге айналдырып тарту дәстүрін 
терең меңгерген. Тосын тыңдаушы тап басып тани бермейтін
тіптен құлақ қанықпаса, бір сарын болып естілетін осынау 
мейлінше қызықты күйшілік мектептің ел ішіндегі ең жарқын 
өкілдерінің бірі деп Класбекті айтуға болады. Балқы Базар
Көшкінбай жырау, Бала жырау, Дүр оңғар, Шораяқтың омары, 
Кете Жүсіп, Әкімкерей, Кетенің қос жүйрігі атанған Сүйкімбай 
мен Сүйіндік сияқты жыршы-жыраулардың сарын-саздарын
әндерін Класбек бас-аяғы бүтін күй деңгейінде тартады. 
Класбектің ұстазы белгілі домбырашы Жайықбаев Жүсіп 
болған. Ал Жүсіп өз тұсында республикамызға танымал күйші 
ретінде 1936 жылы Москвада өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің 
онкүндігіне қатысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет