Мектеп: Аманкелді негізгі мектебі



бет2/2
Дата13.04.2024
өлшемі189.2 Kb.
#498572
1   2
Кмжж 12.04 (копия)

Мұғалімнің басшылығымен
2-тапсырма
Метаграмманы оқып, шешуін табу.
Тарақта бар, Өңірде бар,
Шашта жоқ. Өмірде жоқ.
Тамақта бар, Жеңілде бар,
Аста жоқ. Ауырда жоқ.
Жауабы: қ және ң дыбыстары
Оқушының өздік жұмысы
Оқушыларға осыған ұқсас жұмбақ құрастыртуға болады.

Оқушының өздік жұмысы
2 – тапсырма
Жұмыс дәптерінде берілген мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу. Қатар келген дауыссыз дыбыстардың үндесуін тауып, астын сызу.
Мұғалімнің басшылығымен
3-тапсырма
Құрамында қатар келген қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздер жазып, оларға дыбыстық талдау жасаңдар
Үлгі: концерт

4- ауыл. Немере ауылының тапсырмалары.

3 сынып

  1. сынып

Оқушының өздік жұмысы
3-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мақала-мәтелдерді толықтырып жазыңдар.
Үлгі: Ақылдың сабыр серігі.
Мұғалім – мекте..тің жүре…і.
Кітап – білім бұла…ы.
Тала…ы жоқ жас – қанаты жоқ құс.

Мұғалімнің басшылығымен
4-тапсырма
Мәтінді оқындар. Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыз дыбыстарды қойып, сөйлемді толықтырыңдар.
Қазақтың ұлт..ық спорты – күрес. Е…ропада грек-рим күресі,ал Азия мен Шығы…та еркін күрес.

ІІІ Кіріктірілген бөлім.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
5-ауыл. Шөбере ауылы.
Бүгінгі сабақта алған білімдерімізді тексеру мақсатында тест тапсырмаларын орындайық.Тест тапсырмалары:

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңдер.

  1. Л,м,н,р

  2. В,г,д,ж

  3. Қ,т,ф,ш

  4. В,м,ш,к

  1. Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

1/ Дені саудың -…. сау

  1. Өмірі

  2. Жаны

  3. Кәсібі

  4. Оқуы

2/ Әр адамның денсаулығы өз …….

  1. Жолында

  2. Қасында

  3. Қолыңда

  4. үйінде

  1. Сөйлемнің жалғасын тауып, сәйкестендіріңдер.

  1. Күш -….

  2. Ерлік білекте емес, ….

  3. Бірлік болмай, …………

  4. Шынықсаң, ……………..

  5. Шын ер жеңсе тасымас, ……..

  1. Жүректе

  2. Білімде

  3. Шымыр боларсың

  4. Жеңілсе жасымас

  5. Тірлік болмас

  1. Мына сөздердің ортақ мағынасын беретін сөзді табыңдар.

  2. Күрес, гольф, футбол, бокс.

  1. Мамандық түрлері

  2. Жұмыс түрлері

  3. Спорт үрлері

  4. Қызмет түрлері

6-ауыл.Шөпшек ауылына да келіп жеттік.
Біз бұл ауылға қонақ болып демалып, жол бойы жасаған жұмыстарымызға өзіндік талдау жасаймыз. Жолда кездескен тапсырмаларды орындадыңдар. Бәріңнің де дендерің сау болсын, мықты да білімді, шымыр болып өсе беріңдер! Енді бүгінгі жұмыстарынды бағалаймыз.

Үйге тапсырма: Ата жұртым тақырыбында өз жеті атасын туралы әңгіме жазып келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет