Мектеп жасына дейінгі бала дегеніміздің өзі қандай бала?


§ 2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТЭРБИЕ ДАМУЫНЫН ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ



бет2/4
Дата31.10.2022
өлшемі0.59 Mb.
#463716
1   2   3   4
Мектеп жасына дейінгі бала дегенімізді зі андай бала


§ 2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТЭРБИЕ ДАМУЫНЫН ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ
Алғашқы кауымдык курылыс түсындағы адамзат тарихының өте ерте кезендерінде балаларды өмірге даярлаудын негізгі тәсілі аң аулау мен ецбек кұралдарын бейнелейтін қарапайым ойыншыктармен ойнау, ересек-тердіц іс-әрекеттеріне еліктеу болды. Моральдык тәрбие берудін кұралы өмірдің түрлі жай-жағдайларында жана үрпактарға мінез-күлык ережеле-рі мен нормаларын беріп отырған фольклор (ертегі, ацыз, мақалдар мен мәтелдер) болды.
Антикалык Грецияда мектепке дейінгі жастағы балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі идеяларды камтыған педагогикалык теориянын ны-шандары пайда брлды. Тәрбие берудін өзінің максаттары мен кұралдары жағынан елеулі түрде ерекшеленген спарталык және афинылык жүйесі көбірек белгілі болды. Спартада, әскери кұл иеленуші мемлекетте, олар болащақ әскери азаматтар тәрбиелеу міндеттерімен белгіленіп отырды. Коғамдық мораль балаларды жас шағынан ер жүрек, шыныккан, ішер та-мак, киер киім тандамайтын, жылап-сыктау, жасу дегенді білмейтін етіп тәрбиелеуді үсынды. Балалардын болашақта дені сау болуына тырысушы-лык, қыз балалар мен бой жеткен кыздардыц дене тәрбиесіне көніл бөлу-мен байланысты болды.
Афиныда қул иеленушілердін балалары уақытты негізінен үйдің әйел-дер тұратын бөлігінде еткізіп отырды. Олар спартандарға қарағанда не-ғұрлым биязы тәрбие алды. Асыраушынын қолынан бала педагогтын (бұл екі сөз —«пайдос»— бала жэне «аго»— колынан жетектеймін дегеннен шықкан) қолына беріледі, олар көбіне дене еңбегіне жарамсыз қүлдар бо­лып келетін.
Спартандык жэне афинылык жүйелер үшін олардыц арасында айыр-машылыктар болса да, күлдар мен дене ецбегіне жи!ркене карауды тәрбие леу, білім алуга азат адамдардын монополиясы ретінде қарау ортак болды.
Педагогикалык теория негіздерінін калыптасуында Ежелгі Грециянык аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзкарастарынын ерек­ше манызы болды. ,
Платон (б. э. дейінгі 427—347 жылдар) тэрбие мен окыту мәні, ко-ғамдык курылым мен тәрбиенін катынасы сиякты аса манызды педагоги­калык ұғымдардыц аныктамасын берген кісі. Ол азат азамат балаларын ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны усынды. Платон ойынды тэрбие берудін манызды куралы деп карады, балаларды тәрбиелеумен шуғылданатын адамдарға койылатын негізгі талаптарды айкындап берді.
Аристотель (б. э. дейінгі 384—322 жылдар) жеке адамнын дене, акыл-ой жэне адамгершілік тәрбиесін камтитын үйлесімді даму ндеясын түжырымдады. Ол тәрбиенін табиіи дарындылығына үлкен мән берді. Аристотель мектепке дейінгі кезенді жеке адамнын қалыптасуындағы ерекше жэне манызды шақ деп бөліп карады. Бұл кезенде, онын пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен катар акыл-ойды дамытатын әнгімелер пайдаланылуға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап максатты түрде мектепке даярлау керек.
Мектепке дейінгі тэрбие тсориясы негіздерінін калыптасуында рим педагоги Марк Фвбий Квинтилиан (42—118) жазған «Шешенді тэрбиелеу туралы» арнаулы педагогтык трактат — педагогика тарихында түнғыш манызды роль атқарды. Квинтилиан балалардын бойында ен эуел-гі — бастапкы тұсініктердің калыптасуына коршаған ортанын эсер ету манызын атап көрсетті жэне сол заман когамынын азғындыратын зиянды эсері болатынын көрсетті.
Балаларды мектепке дейін тэрбиелеу туралы айта отырып, Квинтилиан ата-аналарға, асыраушыға жэне педагогка сөз тастайды. Асыраушыдан. дені cay болудан басқа, биік адамгершілік, жаксы да дурыс тіл білу талап стілсді. Педагогты тандау — өте күрделі іс, өйткені бала одан элем тура­лы бі.іім жэне мораль нормалары жөніндс түсініктер алады.
Квинтилиан мектепке дейін балалармен жүйелі сабак жүргізу мүмкін-дігі бар деп есептеді. Алайда сонын өзінде берілетін білім аукымы кен болмауға тиіс, оны беру методикасы «бала сүйіп үлгермеген окуды жек көріп кетпеуі үшін» балалардын куанышты көніл күйін, ынтызарын #уғы-зуы керек.
Феодализм кезенінде балалар тэрбиесіне католик діні орасан зор ык­пал стті, ол эр адамнын бойында күнэһарлік нышан болады дсп пайымда-ды. Шіркеу іліміне сәйкес, бул күнэһарлыкты жер бетіндегі емірді ана дү-ние өміріне көшудін даярлық кезеніне айналдыру аркылы ғана женуге болады. Болашақ жумак игілігіне не болу үшін адам шіркеу парыздарына толык багынып, кұдайдан үнемі коркып, құлдық етіп, емір сүруі тиіс. Кішкеитайынан бастап балалардын тентектік жасауға, жер бетінде ойын-сауыкка бөленуге, көніл кетеруге әуестенуге деген ынтасын басып тастап отыру керек жэне катан шаралар, онын ішінде ұрып-соғу жазасын, колда-ну аркылы мундай кылықтарды тыю керек. Католик шіркеуі путка табы-нушылар жасаған антикалық мәденнетке қарсы болды.
XIV—XVI ғасырларда, Қайта өрлеу дэуірінде когамдык ой-пікір-адам-ға жанадан үн катып, гуманистікке (humanus — адамшылдык), антика цивилизациясын— мэдениетін, өнерін, ғылымын—кайта өркендетуге ша-кырды. Балаға деген көзқарас та өзгерді, гуманистер оны шадыман өмір сүруге, денесін өсіп жетілдіруге, Ойын ойнауға, ақыл-ой іс-әрекеттерін жа-сауға правосы бар жан иесі ретінде карайды. Бірак Қайта өрлеу дәуірі, гуманизмінін аристократиялык сипаты болды, коғамнын тек артықшы- лыктағы бөлігі балаларынын мудделерін корғады, ал халык балалары шіркеудің канауында тэрбиелене берді.
Бірінші социалист-утопистер Томас Мордын (1478—1535) «Утопия» және Томмазо Кампанелланын (1568—1639) «Күн каласы» деген енбегінде жокшылықтан, таптык тенсіздіктен, канаудан азат коғамдағы жетілген адам туралы армандар өз бейнесін тапты, Т. Мор мен Т. Қампа-нелла сипаттаған керемет мемлекеттерде мектеп жасына дейінгі барлық Оалаларға коғамдык тэрбие беру енгізілген. Олардын дене дамуына үлкен көніл белінеДі, окыту көрнекілікті кен колданатын ойындар аркылы жүр-гізіледі.
Ян Амос Ғылыми педагогиканы дамытуды бастаған улы славян
Коменскийдін педагогы Ян Амос Қоменский (1592—1670) мек-ана мекгебі теп жасына дейінгі балаларға тэрбие беруге үлкен кө-туралы Ілімі щл бөлді. Коменский католик дініне жэне феодалдык езгіге карсы шықкан, Чехиянын халык буқарасын біріктірген Чех ағайын-дыларынык діни қауымында болды. Ол дінге сенетій адам еді, бірак онык дүниеге көзкарасында стихиялык материализм элементтері де болды. Ол шіркеудін адам күнәһарлығы туралы ойларын жокка шығарды. Табиғи жан иесі ретінде адам үнемі дамуда болады деп есептеді. Коменский тэр­бие аркасында «кай баланы болса да адам етіп шығаруға болады» деп атап корсетті.
Табиғи дарындылык принциптерін негізге ала отырып, оны табиғат пен адам даму зандарынын жан-жактылығы, жалпыға бірдей ортактығы деп түсінген Коменский жас кезеңдерін талдады. Адам дамуы кезендерін (балалык, есейгендік, жігіттік, сакалык) сипаттай отырып, ол солардын ішіндегі 6 жылға созылатыи біріншісіне ерекше көніл бөлді. Коменскийдін ойынша дене шапшан өсіп, сезім органдары жедел дамыған бул кезенде кішкентай балалар педагогикалык кабілеті бар, өз тәрбиеленушілерін сү-йетін дана аналар баскаратын ана мектептерінде, семьяда тәрбиеленуге тиіс. Коменскийдін мектеп жасына дейінгі балаларға тэрбие беру туралы «Ана мектебі» деген арнаулы енбегі мектепке дейінгі тэрбие жөнінен дү-ние жүзінде бірінші программа жэне курал болды. Коменский балалар­дын денсаулығына жэне дене дамуына муқият камкорлык жасауға ша-кырды. Ол эйелдердін жүкті кезіндегі өмір салты туралы біркатар маныз­ды да бағалы нускаулар берді, жана туған сәбиді күтіп-бағу жөнінде, онын тамағы мен киім-кешегі, режим жэне т. б. туралы халык тәжірнбесі мен өз заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Балалар­дын, деп жазды Коменский, денесі өсіп дамуы үшін жагдай жасалуға тиіс. Балалардын жүгіруіне орынсыз шек коймау керек, кайта керісінше, олардын басын тік ұстау, отыру, бір нәрсені устау, алу, майыстыру, ию, жинау, жинастыру жэне т. б. дагдыларын дамытып отыру кажет. Осы жэ­не баска дағдыларды, іскерлікті игеру тек кана ойын турінде жүзеге асы-рылуға тніс, ал ойын — балаларды дамытудын негізгі күралы.
Коменский адамгершілік нормаларын игеру діни тәрбиемен тығыз бай­ланысты, бірак оның максаты күдайға күлшылык етуге даярлык болмауға тиіс, ал адамнын адамгершілік бейнесі коғамныц накты жағдайлары мен кажеттеріне сәйкес болуға тиіс деп есептеді. Коменскийдін іс-әрекет етуге талаптанушылық, енбек сүйгіштік, шыншылдық, мунтаздай таза жүруші-лік, сыпанылык жэне сол сиякты баска касиеттерді тэрбиелеу жөніндегі усыныстары да бағалы болды.
Коменский орынды да акылға конымды тәртіп принципін жариялады, балаларға жеке бастын үлгісімен, байыпты ұстаздык етумен, акыл-кенес берумен, ұялтумен, сөгумен ыкпал етуді усынды. Ұрып-соғу жазасын тек шектен шыккан жағдайда ғана колдану мүмкін деп есептеді ол.
Коменский адамгершілік тәрбиесін енбек тәрбиесімен тығыз байланыс-
тырды, енбек торбиесі белгілі бір жаска лайыкты енбек дагдыларыньщ қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге енбекті сүюгс және ецбекке әдетте-нуге тәрбиелеуді көздейді.
Коменский мектепке дейінгі балалык шакты мектепте онан әрі жүйелі окытудын даярлык кезені ретінде қарады. Ол апа мектебі балалардын нақты түсініктерді жинақтауына себепкер болуға тиіс деп есептеді және қоршаған дүние жөнінде мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті кара-пайым білімдердін неғұрлым кен шеңберін скжсй-текжейлі белгілеп берді. Мәселен, жеті жаска карай бала жаратылыстану саласында от, ауа, су жэне жер, жанбыр, муз, қорғасын, темір жэне т. б. дегендердін не екенін білуге тиіс, күнді, айды, жүлдыздарды айырып, күннін кашан ұзак және кашан кыска болатынын білуге тиіс. Математика саласында бала 20-ға дейін санауды үйренуге, так жэне жүп сандарды білуге, 7-нін 5-тен, ал 15-тін 13-тен көп екенін білуге, «ұзын», <кыска» «кен», «тар» деген үғымдар-ды игеруге, негізгі шенбер, шаршы, крест фнгураларын, узындық пен кө-лемнін негізгі адым, қарыс, сүйем, түтас, жарты, ширек өлшемдерін білу-гс тиіс. Географиялык танулар кала, деревня, eric, бау • деген не екенін түсінуге, өз селосынын немесе каласынын атын білуді камтуға тиіс. Соны­мен бірге жыл мерзімдерін білуге, «сағат», «күн», «апта», «ай», «жыл» деген терминдерді түсінуге тиісті.
Аналарға балалардын есі мен ойын дамытуға кеңес бере отырып, Ко­менский оларды тарих, экономика, саясат бастауларымен, коғамдык ка-тынастармен түсінікті формада таныстыруды үсынды. Ол баланын есіне ыкпал етіп кана коймай, сонымен бірге ен бастысы коршаған дүниенін кү-былыстарын ақыл-ойға сала қабылдап, үғыну сезімін дамыту керек деп кенес берді.
Коменскийдіц көптеген кағидалары — дене тэрбиесі туралы, тіл мен
ойлау қабілетін дамыту туралы, адамгершілік касисттерін тэрбиелеу ту-
ралы дүние жүзілік педагогиканы дамыту ісіне косылған манызды үлес
болды. Я. А. Коменскийдін бұдан үш жарым ғасыр бұрын дерлік жазыл-
ған «Ана мектебі» атты көрнекті енбегі мектепке дейінгі тәрбиё теориясын
жасаудағы бірінші жэне тамаша талаптанушылык болды, ол кішкентай
балалардын жас ерекшеліктеріне карай олармен ойластырылған және
ұйымдастырылған жүмыс жүргізуге негіз қалады.
Г. Песталоццидіц Мектепке дейінгі тэрбие теориясын дамытуға Швейца-
кішкентай рияның аса көрнекті педагог-демократы Генрих П е с-

балаларға арналған талоцци (1746—1827) үлкен үлес косты. Ол фео-
мектебі далдык коғамдық катынастардыц кирау және капита-

лизмге көшу дәуірінде өмір сүрді, халыктын катты кайыршылануын жэне бурынғы моральдык нормалардың ыдырауын көзімен көрді. Халыктын жағдайы жаксаруын армандай отырып, Песталоцци бүған дұрыс тэрбие­леу жэне жалпыға бірдей білім беру нәтижесінде кол жетуі мүмкін деп есептеді. Оныц көзкарасынын утопиялылығы: білім берудіц өзі халык букарасынын жаксы өмір сүруіне кепілдік береді деген бүлдыр сснімінде болды.
Әрбір балаға әуел бастан онын бойына дамуға бейім келетін касисттер-діц нышаны тән деп есептеді Песталоцци. Табиғи дарындылык принципін басшылыкка ала отырып, ол педагогтан балалардын жас мумкіндіктері-меи жэне ерекшеліктерімеи санасуды талап етті. Песталоцци окыту про-цесін балалардын лсихологиялык даму зандылыктарын есепке ала отырып куруға тырьісушылардыц бірі болды. Баланын кабылдау ерекшеліктерін есепке ала отырып, ол оқыту процесінде бөлшсктерден бүтінге, жакыннан алыска, карапайымнан күрделіге бірте-бірте көшуді, соныц өзінде үздік-сіздік пен дэйектілікті сактауды үсынды.
Песталоцци тэрбие жүйесініц алдына барлык балалардын дене, енбек адамгершілік, акыл-ой жағынан үйлесімді даму міндетін койды. Ол бала үшін неғүрлым тән* табиги козғалыстарға негізделген «элементарлык гимнастика» жүйесін усынды, «іскерлік әліппесі» деген кызыкты идеяны алга тартты, одан әрі ол, «индустриялык гимнастика» болып дамуы тиіс еді. Бұл гимнастика, онын пікірі бойынша, балаларды енбек іс-әрекетіне, онын ішінде өндірісте енбек етуге даярлайды.
Песталоцци жүйесінде адамгершілік тәрбиесі, айналадағы адамдарра сүйіспеншілікпен карау сезімін дамыту жетекші орын алады. Адамгерші-лік тәрбиесінін кұралдары, біріншіден, айналадағы ен жакын ортадан балалардын алған мейірбандык, сүйіспеншілік көзқарасын адамдардык, кубылыстардын, заттардын неғурлым кен шёнберіне және, екіншіден, пе-дагогтардыц көмегімен жинакталған балалардын жеке өздерінін тәжіри-бесін (бір кылықтан баланын өз бетінше безінуі және баскалардыц мүдде-сі үшін бірденені күрбан етуі, кандай да болсын күш жүмсауы т. б.) тарату болып табылады. Адамгершілік сипатындағы қыльгктарында жаттығудын осы тәрізді тәжірибе жасау негізінде бала жеке басынын мүддесінан өз еркімен бас тартуға үйренеді, баскаларға көмектестім деген сана-сезімнен ләззат алады.
Акыл-ой тәрбиесі саласында Песталоццидын педагогика тарихындағы мэнін аныктап берген онын манызды екі кағидасы бар. Біріншісі, окыту процесінде көрнекілікті барынша кен колдану кажеттігін дәлелдеу және насихаттау болды. Песталоцци танымныц басталар сәті сезімдік кабылдау деп есептеді жэне балалардын бойында Вакылау мэдениетін калыптасты-ру кажеттігін талап етті. Сан, форма, сөз (аты) барлык заттар үшін тэн жэне ен карапайым элементтер болып табылады, сондыктан баланы ен оуелі санауға, елшеуге жэне сөйлеуге үйрету керек болады. Песталоцци балаларға ана тілін, есепті жэне өлшемді ен алғаш окыту методикасын талдап жасады, кез келген шаруа эйел оны өз балаларымен сабак өткізу-де пайдалана алатындай етіп окайлатты. Оныц ұсынған дидактикалык материалдары кейіннен кен таралды.
Песталоццидін өзге бір қағидасы дамыта отырып окыту туралы идея болды, яғни оку процесінін курылымы мынадай болуға тиіс: тек мәлімет-тердін жинакталуына апарып кана коймай, сонымен бірге балалар кабі-летінін дамуына да апарады, оларды болашакта өздігінен кызмет етуге даярлайды. Бул идея орасан жемісті болып шыкты жэне көптеген педагог -тардыц енбегінде онан эрі дамытыла түсті.
Песталоцци басты да тандаулы тәрбиеші ана деп есептеді. Семьялык бастапкы тэрбиеге орасан зор маңыз бере келіп, онын дүрыс бағыт алуына камкорлык ете отырып, ол «Аналар кітабі, немесе Балаларды бакылауга жэне'сөйлеуге калай үйрету жөнінде аналарға арналған басшылык» атты арнаулы куралды күрастыруға белсенді катысты. Кітап материалдары ба­ланын коршаған орта жөніидегі түсінігін кекейту жэне тәртіпке келтіру жағынан анаға көмек көрсетуге тиіс болды.
Песталоццидіц коғамдык-саяси көзкарастарынын бүкіл тар шенберлігі және утопиялығы бола турса да оныц халыкка деген аскан сүйіспеншілігі, ағартушылык кызметі жэне оныц ұсынған идеялары дүние жүзілік педа­гогикалык ой-пікірдін дамуына үлкен эсер етті.
Роберт Оуэн (1771—1858) аса көрнекті социал-уто- Оу»ннік пистердін катарында болды. Ол капиталисте күры-аоналған мектеб" лысты катал сынға алды жэне өндіріс күрал-жабдык-тарына коғамдык меншік орнатылу кажеттілігін жа-
риялады.
Оуэн жумысшы балаларын мектепке дейінгі когамдык тэрбиелеуде туцрыш талпынысты ойдағыдай жүзеге асырды. Баскарушы, ал содан сон Нью-Ланарктегі (Шотландия) макта жіп фабрикасыныц иесі болған Оуэн жұмысшылардын тіршілігін женілдету үшін бірқатар шаралар жүргізді: жүмыс күнич 10,5 сағатка дейін (14—16 орнына) қыскартты, 10 жаска дейінгі балаларды жумыска кабылдауға тыйым салды, жалакыны көбейт-ті, жана үйлер салды. Ол капиталист қүрылыстын кеселдерінен азат, та­за жака адамдардын калыптасуына үлкен көніл бөлді. Ол Нью-Ланаркте ұйымдастырған «Мінсз-күлыққа арналған жана институт» осы мақсатка кызмет етуге тиіс болды, бұл институтка 1-ден 3 жаска дейінгі балалар үшін ясли 3-тен 5 жасқа дейінгі «кішкентай балалар үшін мсктеп», 5-тен 10 жаска дейінгі балалар үшін бастауыш мектеп кірді, «Жана институтта» жумыс істейтін жастар үшін сабактар жүргізілді, жумысшылар мен олар­дын семьялары үшін лекциялар және мәдени ойын-сауыктар өткізілді.
Мектепке дейінгі мекемелер 300-ге тарта балаларға қызмет етті. Сабақ арнайы бөлініп, әсем безендірілген үйлерде және ойынға арналған алан-дарда өткізіліп ртырды. Бүл мекемелерді үйымдастыру екі максатты көз-деді: біріншіден, жумысшы әйел-аналар жүмыс уакытыида балаларына камкорлық етуден босатылды, екіншіден, Р. Оуэн балаларды қоршаған ортанын жаман ыкпалынан мұмкіндігінше ертерек сактауға тырысты. Ба­лалардын бойына адалдык, шыншылдық, синайылық сезімін, коллекти­визм рухын тәрбислеуге.үлкен көніл бөлінді. Балалардын бойында жаксы манера мен талгамды дамыту мақсатымен оларды шотландык эсем улт-тық костюмдсрмен немесе ежелгі римдік туника сиякты кең тігілген көй-лектермен киіндірді, би билеуге жэне ән салуға. өлен айтуға үйретті.
Балалар күндізгі уакыттын көбін далада, ашык ауада ойнаумен өткі-зіп отырды. Ойын кезінде тәрбиешілер балалардын назарын қоршаған табиғатка аударумен болды, үй ішінде олармен еркін әнгіме өткізіп түрды, жиһаз буйымдарымен, олардын пайдалану жайымен таныстырылды. Әнгі-ме мен сабак өткізу кезінде көрнекілік кец колданылды. Бастауыш мек­тепке барғанша балаларға кітап оқу үйретілмеді, өйткені Оуэн балалар­дын кітапты ерте окуына карсы болды. Еркін әнгіме өткізу, табиғатты бакылау, накты өмірдіц күбылыстарымен жэне заттарымен танысу оларды дамытудын неғүрлым тиімді күралдары болып табылады деп есептеді ол. Сонымен бірге сол кездегі оку кітаптары негізінен діни мэнерде жазылды, ал Оуэннін мексмелерінде тәрбиенін бүкіл бағыты дінсіз сипатта болды.
Оуэн тәрбиешілерді іріктеп алуға ерекше көніл бөлді, ал олардын не-гізгі касиеті білімділігі смес, балаларға деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі мен тәртіптілігі деп санады ол.
Оуэннін мектепке дейінгі тәрбие саласындағы кызметі алдыцғы қатар-лы журтшылыктан жоғары баға алды. Ф. Энгельс былай деп жазды: «Нью-Ланаркте соби жастағы балаларға арналған Оуэн ойластырған мек­тептер бірінші рет енгізілген болатын. Бұл^рға балалар екі жастан бастап кабылданды жэне онда балалар уакытты жаксы өткізіп отырды, оларды үйлеріН£ кайтарып алып кету киын болды»1.
Жан-жакты кызметі Оуэннін керемет атағын шығарды. Нью-Ланаркке кәсіпкерлер, мемлекеттік жэне коғамдык кайраткерлер барып жүрді. Оуэн Европада атакты кісі болды. Бірак бүтіндей алғанда жүмысшылардын жагдайы ешбір жаксармады. Онын кызметі буржуазиянын әлеуметтік қу-рылысты өзгертуге мәжбүр ете алмайтындығына көзі жеткен Оуэн капита-лизмді батыл сынау жолына түсті.
Оуэн әзірге өзінін филантропикалык тәжірибесімен шуғылданғанша ол, Ф. Энгельстіц сөзімен айтканда, «тек байлык, күптау, күрмет және данк игіліктерін көрді... Бірак ол тек өзінін коммунистік теорияларымен бой көрсстсе-ақ болганы іс баскаша бағыт алды»2.
К. Маркс пен Ф. Энгельс Оуэннін педагогикалык идеялары мен коғам-дык-педагогикалық кызметін жоғары бағалады. Онын ілімі мен педагоги­калык тәжірибесінің прогрестік жағын К- Маркс «болашак дэуір тәрбие-сінің урығы» ретінде сипаттаған болатын..
Ф. Фребельдің XIX ғасырдын екінші жартысында — XX ғасырдын ба-
балалар бақша- сында Европада иеміс педагогы Фридрих Фребельдіц
аары (1782—1852) мектепке дейінгі торбие теориясы кец

таралды.
Фребельдін педагогикалык жүйесінін карама-кайшылығы болды. Ол рухты бастапкы, бүл материядан басым тұрады деп пайымдайтын идеалис-тік философияға негізделді. Фребель тәрбиені адам бойында тумысынан болатын терт: іс-әрекеттін, танымнын, көркем және діни инстинктердін дамуы деп түсінді. Тэрбие максаты — баланыц бойында әуел баста кұдай берген, барлык адамға тән касиетті анықтап білу. Табиғи дарындылык принципіне Фребель нак осындай түсінік берді. Ол тәрбие табиғаттын бер-геніне ештене қоспайды, тек өзінін бойына біткен касиеттерді дамытады деп есептеді.
Сонымен бірге Фребель табиғаттағы үздіксіз даму туралы жэне адам­нын өмір бойы дамуы туралы багалы да манызды ой-пікірді насихаттады. Мектепке дейінгі тэрбиеге орасан мацыз бере отырып, оны ойынды дамы­тудын нсгізгі куралы деп санады, баланын дене мен психика жағынан ка­лыптасуында онын улкен роль атқаратындығын көрсетті. Балалардын табиғи ерекшеліктеріне сүйеніп Фребель баланын іс-әрекетіндегі жэне бас­ка балалармен араласуындағы кажетсінулергн канағаттандыру үшін оны курдастарынын коғамында тэрбиелеу керек деп санады. Ол бул идеяны педагогикалык жағынан терен негіздеді жэне оны көпшілікке эйгілеу, ке-ңінен тарату жөнінде көп іс тындырды.
Фребель «балалар бақшасы» деген термннді енгізді, мунын өзі бүкіл дүние жүзінде жаппай кабылданды. Мектепке дейінгі мекеменін бү.тай аталуынан, сондай-ак тәрбнеші әйелді Фребель «баулаушы» деп атаганды-ғынан онын балаларға деген сұйіспеншілігі, педагогтарды баланын есеюі-не жэне дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалык ық-палдын манызына жоғары баға бергені айкын көрінді.
Фребель дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабактардын жүйесін кұруды бастады, оларды жүргізу жөніндегі методикалык нүскауларға талдау жасады. Ол балалармен олардын жасына сэйкес жумыс жүргізу-дін алуан тэсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тэрбие прак-тикасын едоуір байытты. Фребель сэби жэне мектепке дейінгі жастағы ба­лалардын тілі калыптасу кезендерін егжей-тегжейлі көрсетті және затпен таныстырудан бурын онын атын білу кажеттігін талап етті. Балалардын түрлі материалдармен (таяқшалар, мозаика, моншак, сабан, кағаз) істей-тін жумысы жөнінде Фребсльдін үсыныстарында көп күндылык болды.
Фребельдін идеялары кен таралды, әйтсе де балалардын іс-әрекеттері-не тым көп шек койғаны, жаттығулармен сабактардын күрделілігі, бала­нын табиғатын мистикалык турғыдан түсіндіргені үшін бул идеяларды прогресшіл педагогтар сынға алды. Фребельдік манызы педагогика тари-хында мынамен аныкталады: ол мектепке дейінгі мекемелер жумысынын теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалык ғылым-нын дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды. Ол мектепке дейінгі тэрбие идеясын насихаттау жэне балалар бакшаларын кен тарату үшін көп іс тындырды.
XIX ғасырдын аяғында — XX ғасырдын басында шет-М. Монтессорндіч ел мектепке дейінгі педагогикасында елеулі өзгеріс-Оалалар үйлері тер бвлды Жаратылыстану гылымдарынын — биоло-гиянын, физиологиянын және солардың негізінде психологиянын табыска
жетуіне байланысты педагогика жэне онын жекелеген салалары, онын ішінде мектепке дейінгі педагогика онан әрі дами түседі. Капитализм дамудыц жана империалистік кезеніне енді. Буржуазияның коғамдық өмірді толық өз ыкпалына бағындыруға тырысуы педагогиканы буржуа­зия идеологтарынын ерекше зер салған объектісіре айналды. Педагогика­ны партиясыз және таптан жоғары турады деп бар дауыспен жариялай отырып, капитализм идеологтары адамдардын табиғи айырмашылықтары аркылы, қоғамда таптық айырмашылыктар болады дегенді негіздеуге тырысты. Дәулеттілер өкіметі экономикалык себептердін күшімен осылай болып отырған жоқ, тек олардын басқалардан табиғи артыкшылығы ар-касында болып отыр деп дәлелдей келіп, буржуазиянын көптеген педагог-тары өзін-өзі еркін тәрбиелеу және өз бетімен оку процесінде ішкі себеп-термен пайда болған баланын жеке басының даму идеясын таратты, тәр-бисшінін басшылык рольден бас тартуы керектігін уағыздады, онын ролін балалардын өз бетінше өсуі үшін тиіс-fi жағдайлар мен мүмкіндіктер жа-саумен ғана шектеді.
Бул кезенде балалар бакшалары біршама кен таралады, булар капи­талисток өндіріс процесіне барған сайын көбірек тартылған әйел-аналарды балаларды күтіп, бағудан босатты жэне балаларды буржуазия моралы-* нын нормалары рухында жоспарлы түрде тәрбиелеп отырды.
Империализм дәуірінде мектепке дейінгі коғамдық тэрбие саласында көрнекті итальян психиатор-дәрігері жэне педагог Мария Монтессори (1870—1952) ерекше дараланып көзге тұсті. Мектепке дейінгі балаларды камтыған, ол негізін күрған .балалар үйлерінде өз^ндік ерекшелігі бар тэрбие жүйесі жүзеге асырылып отырды. Тәрбиешіден баланын өсу проце-сіне кол сұкпастан тек оның өзін-өзі тәрбиелеуіне себепкер ролатын жағдайды үйымдастыру талап етілді. Бірак соның өзінде тәрбиешінін ык­палы сөзсіз де күмәнсыз сакталдьі; Ен алдымен балалар айкын бейнелен-ген діни рухта тэрбиеленді, адамгершілік жағынан калыптасудын бәрі со-ған негізделіп қүрылды. Тіл алғыштык дағдыға үйрету үшін арнайы жат-тығулар пайдаланылды. Бала іс-әрекеттерінін коллективтік формаларын жокка шығару, жеке баламен жумыс жүргізу балалардын бойында окыс жеке-дара сипаттардын пайда болуына апарып соктырды. .
Монтессори акыл-ой тәрбиесін іііын мэнінде сезім органдарын тәрбие-леумен ауыстырды, бүл үшін тиісті дидактикалык материалды талдады. Акыл-ойы кеміс балалармен жұмыс істеу практикасынан алынған мате-риалдар мен жаттығулар оку негізін калады. Жаттығулар жүйесі бала­лардын бойында белгілі бір іскерлік пен дағды калыптастыруға: заттарды формасы, салмағы және түсі бойынша айыра білуге, алуан түрлі дыбыс-тар мен иістерді ажырата білуге бағытталды. Кызык және бағалы деген жекелеген бул жаттығулар өте гіеданттық турғыда тым егжей-тегжейлі колданылды. Мүнын өзі жеке адамнын кен ауқымды дамуы орнына эр түрлі сезімдердін үйреніп кетуіне әкеліп соктырды. Ойын мен фантазия элементінен жұрдай бұл жаттығулар зеріктіргіш механикалық енбекке айналды, балалардын акыл-ойы жағынан дамуына теріс әсерін тйгізді.
Осындай рухсыз, дінмен араласқан практикалык тэрбие буржуазиянын кажеттеріне толык сай болып отырды. Буржуазиялык мектепке дейінгі тэрбиені талдай келіп, Н. К. Крупская былай деп атап көрсетті: «Фребель-дік жэне монтессорилік балалар бакшалары да буржуазиялык патрио-тизмге белшесінен бата сінген, өсіп келе жаткан урпакты помещиктер мен капиталистер елінін өкіметі мэжбүр етіп отырған бағытта тәрбиелеуге то­лык жағдай жасайды»1.
Монтессоридін өмірден кол үзген жеке педагогикасын терен де мыктап
і
катты сынга ала отырып, прогресшіл педагогика онын кейбір қүнды тап-кырлыктарын кәдеге жаратуға алды. Бұл әсіресе алуан түрлі дидактика­лык материалдарға жэне оларды сенсорлық тәрбиеге пайдалану әдістеріне жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет