Мүгедектер үшін кресло-арбаларды бір көзден алу тәсілімен сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама



Дата27.06.2016
өлшемі30.02 Kb.
#161624
Мүгедектер үшін кресло-арбаларды бір көзден алу тәсілімен

сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудың қорытындысы

туралы хаттама
Қостанай қаласы 2014 жыл 16 сәуір сағат 11.00

         

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі 34, мүгедектер үшін кресло-арбаларды сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүргізді.

2. Сатып алуға бөлінген сома: 7625993 (жеті миллион алты жүз жиырма бес мың тоғыз жүз тоқсан үш) теңге (ҚҚС есебінсіз), оның ішінде:

1) электр қозғалтқышпен жүретін кресло-арба, ересектер үшін – 2400000 (екі миллион төрт жүз мың) теңге;

2) серуендеуге арналған кресло-арба, балалар үшін – 1186416 (бір миллион бір жүз сексен алты мың төрт жүз он алты) теңге;

3) көп функционалды кресло-арба ересектер үшін – 1214577 (бір миллион екі жүз он төрт мың бес жүз жетпіс жеті) теңге;

4) санитарлық жағынан жабдықталған кресло-арба, артқы доңғалағы алмалы-салмалы, ересектер үшін – 700000 (жеті жүз мың) теңге;

5) биге арналған кресло-арба, ересектер үшін – 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге;

6) белсенді кресло-арба ересектер үшін – 625000 (алты жүз жиырма бес мың) теңге.

3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме :

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 28-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына, 32-бабы 2) - тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 124 –тармағының 1)- тармақшасына сәйкес (2014 жылғы 08.04. № 106 бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі).

4. «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу - өндірістік кәсіпорны» ЖШС Заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы: «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу - өндірістік кәсіпорны» ЖШС, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 29. Шарттың бағасы: 7625993 (жеті миллион алты жүз жиырма бес мың тоғыз жүз тоқсан үш) теңге (ҚҚС есебінсіз), оның ішінде:

1) электр қозғалтқышпен жүретін кресло-арба, ересектер үшін – 2400000 (екі миллион төрт жүз мың) теңге;

2) серуендеуге арналған кресло-арба, балалар үшін – 1186416 (бір миллион бір жүз сексен алты мың төрт жүз он алты) теңге;

3) көп функционалды кресло-арба ересектер үшін – 1214577 (бір миллион екі жүз он төрт мың бес жүз жетпіс жеті) теңге;

4) санитарлық жағынан жабдықталған кресло-арба, артқы доңғалағы алмалы-салмалы, ересектер үшін – 700000 (жеті жүз мың) теңге;

5) биге арналған кресло-арба, ересектер үшін – 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге;

6) белсенді кресло-арба ересектер үшін – 625000 (алты жүз жиырма бес мың) теңге.

6. Сарапшылар тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден алудың осы тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) мүгедектер үшін кресло-арбаларды «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу - өндірістік кәсіпорны» ЖШС, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 29 өнім берушіден сатып алынсын;

      2) тапсырыс берушіге «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі 34, 2014 жылдың 25 сәуірге дейінгі мерзімде «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу - өндірістік кәсіпорны» ЖШС -мен сатып алу туралы шарт жасалсын;

3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырсын.


     


Мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастырушы

«Қостанай облысы әкімдігінің

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар» ММ

басшысы (қолы қойылған) Е. Жаулыбаев

Бұрыштамалар:


Орынд. Баянова Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет